Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің еңбек қызметі және денсаулығын сақтау

591
Жұмыс орындарын аттестаттау – еңбекті қорғаудың басты аспектісі. Аттестаттауды жүргізетін маман өндіріс пен еңбек үдерісінің барлық факторларын зерделейді және бағалайды.

Рәсімді ауыл шаруашылығында жүргізудің маңыздылығы оның қандай да бір жұмыс орнының қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Дүниежүзілік ауыл шаруашылығында  1 млрд-тай халық жұмыс істейді.  Саланың жай-күйіне мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігі байланысты болады.

Бірінші дәрежеде – денсаулық

Еңбекшілердің денсаулығы – бұл, бәрінен бұрын, біздің әрқайсымыздағы денсаулық. Психологиядан әрбір адамның дені сау, бақытты, бай, табысты және т.б. болғысы келетіндігі белгілі. Мұның бәрі – адамдық мәннің табиғи негізгі қажеттілігі. Алайда, бұған қалай қол жеткізуге болады? Жауап қарапайым және бәріне де белгілі. Жай ғана белгілі бір ережелерді сақтау керек, мысалы: дінде –өсиеттерді; қоғамда  – моральдық іргетастар мен этникалық ерекшеліктерді; медицинада – дәрілік затты қабылдау тәсілі мен дүркінділігін және т.б. Ал өндіріс жағдайлары мен жалпы өмірде қауіпсіздіктің ең негізгі қағидаты – бұл өзіндік тәртіп пен өзіне-өзі бақылау жасау.

       Нарықтық қатынастар жағдайларында денсаулық өз қызметтерін ұсынатын қызметкер үшін де, сондай-ақ жалдамалы қызметкермен еңбектік өзара қатынастарға кіретін жұмыс беруші үшін де ерекше құндылыққа айналады. Және де денсаулықты өз құны бар, ерекше тауар ретінде қарастыруға болады. Алайда әрбір еңбекші өз денсаулығына саналы көзқараспен қарай ма екен?

Конституция баптарымен және басқа да заң актілерімен бекітілген азаматтардың денсаулығын сақтау заңнамамен қамтамасыз етіледі. Жұмыс беруші өз кезегінде, кәсіпорын деңгейінде еңбекшілер денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді: еңбектің қауіпсіз жағдайлары, олар нақты өндірістің белгілі бір технологиялық үдерісінің жағдайларын есепке алумен заңнамалық негізде әзірленетін және жұмыс берушінің деңгейінде әкімшілік, ұйымдастырушылық-өкімдік болып табылатын ережелер, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар және т.б. сияқты ішкі құжаттарда ұсынылған белгілі бір ережелерді қызметкер сақтаған кезде ғана мүмкін болады. Жұмыс беруші бұл ішкі құжаттармен өндірістік қызметті ретке келтіреді, ол соңғы есепте өндірістен түсетін пайда мен қоғам және еңбекшілер алдындағы қаржылық және басқа міндеттемелердің орындалуын көздейді. Жұмыс беруші денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы киіммен, басқа арнаулы құралдармен, тамақтандырумен, сүт, су-ауызсу режімімен қамтамасыз етуді; дене шынықтыру сауықтыру орталықтары немесе ауылдық клуб базасындағы «денсаулық тобына»тарту; міндетті медициналық қарап-тексерумен қамтамасыз етуді; еңбекшілердің денсаулығы мен өмірін сақтандыру; грипп және де басқа жұқпалар үлгісіндегі маусымдық ауруларға қарсы алдын ала егуді; тұрмыстық, қосалқы және өндірістік үй-жайлардың, жуыну бөлмелерінің жағдайларын жақсарту; кәсіптік ауруға күдік туған кезде жұмысқа ұтымды орналастыру, медициналық орталық базасындағы профилактика мен емдеуді қосқанда жұмысшылардың ауыр дене еңбегін автоматтандыруды қамтитын, персонал денсаулығын сақтау бойынша міндеттемелерін орындауда көп шығындарға ұшырайды.

Негізінен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардағы істердің мән-жайы осындай. Ал қашан да болсын, кім де  болсын, тракторшы, комбайншы немесе сауыншы еңбегін қорғау жөніндегі нұсқаулықты көрді ме екен? Ауыл шаруашылық өндірістерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша курстар (мысалы: малшылардың кәсіптік ауруы – бруцеллездің алдын алу жөнінде және т.б.) жиі ұйымдастырыла ма, жұмыс орындарын аттестаттау жүргізіле ме? Бұл сұрақтар неліктен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары үшін бірінші дәрежелі жайттарға айналмайды? Ауыл шаруашылық өндірісінің негіздеріне, мәнін түсінуге қайтып оралайық.

Ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктері

Сонымен, ауыл шаруашылық өндірісі мамандануы мен технологиялық үдерістерді қарқынды механикаландырылуы өсіп келе жатқан көптеген өндірістік үдерістерді біріктіреді. Ауыл шаруашылық өндірісіне мыналар кіреді:

  1. егін шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы, орман шаруашылығы)  – дақылдардың, өсімдіктердің (дәнді, көкөністік, техникалық және ағаштық дақылдар) әралуан түрлерін өсіру мен селекциялау;
  2. мал шаруашылығы (аң шаруашылығы) –  үй немесе кәсіптік жануарларды өсіру, ұстау және селекциялау;
  3. құс шаруашылығы – жабайы немесе үй құстарын өсіру, ұстау және селекциялау;
  4. балық шаруашылығы – балықтарды өсіру, ұстау және селекциялау.

Ауыл шаруашылық өндірісі бағыттарының әрқайсысында еңбек жағдайларын бағалау неліктен маңызды? Нарықтық қатынастарда, ауыл шаруашылық өнеркәсібі рентабельділігінің төмендігіне, жұмыстардың маусымдылығына және ҚР аумағының климаттық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты қалпына келетін және қалпына келмейтін материалдық ресурстарға ұтымды тәсіл кезінде бәсекелестік ортада ауыл шаруашылық өндірістерін автоматтандыру мен технологияларды дамытумен нығайтылған еңбек жағдайларын бағалаудың өзекті қажеттілігі туындады. Бұл ауыл шаруашылық өндірісін ҚР экономикасының кірісті салаларының бірі ретінде сақтау үшін және ауыл шаруашылығындағы еңбектің өз ерекшеліктері бар екендігіне байланысты маңызды:
1) еңбекті қолданудың кең көлемділігі, оның аумақтық шашыраңқылығы;
2) табиғи-климаттық факторларға тәуелділігі;
3) еңбектің циклді және үзілістік сипаты;
4) маусымдылық;
5) қызметкерлер біліктілігінің әмбебаптылығы;
6) дене, ақыл-ой және психологиялық-эмоциялық тұрғыдағы қауырттылық;
7) тірі ағзаларға олардың дамуындағы әртүрлі сатыларда қызмет көрсету;
8) жұмыс кезеңінің өндіріс кезеңі мен жұмыстар түрлерінің маусымдылығымен сәйкессіздігінен түпкі нәтижелердің алшақтығы;
9) қызметкерлер ауысым ішінде әр түрлі қиындықтағы жұмыстарды орындайды.

Мұның бәрі ауыл шаруашылығындағы еңбек жағдайларын бағалау тетігіне өз ізін қалдырады.

Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің еңбегін бағалау

Еңбекті бағалау кезінде қандай факторларды есепке алу маңызды?

А. Өндірістік (кез келген жұмыста қолданылатын):
1. Технологиялық:
а) еңбек құралдарын басқару мен қызмет көрсетудің күрделілігі;
б) еңбек заттарының күрделілігі;
в) технологиялық үдерістің күрделілігі.
2. Еңбекті ұйымдастыру формасы жағдай жасайтын факторлар (ұйымдық өндірістік факторлар):
а) кәсіптік бейіннің (орындалатын операциялардың, жұмыстар кешенінің) кеңдігі мен мамандандырылу дәрежесі;
б) жұмыстарды орындау үдерісіндегі дербестік.
3. Жауапкершілік:
а) материалдық;
б) моральдық (денсаулық және өмір үшін).
Б. Өндірістік ерекшелік факторлары  (жұмыстардың шектелген шеңберіне қолданылатын).

В. Екі параметр:

1)  аумақтың экономикалық-географиялық жағдайы;

2)  аумақтың табиғи-климаттық жағдайы бойынша анықталатын экономикалық-географиялық жағдайлар.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін арттыру мақсатында бүгінгі күні қызметкерлерден қосымша білім мен дағдыларды талап ететін өндірістік үдерістерді автоматтандырудың белсенді енгізіліп жатқандығын да есепке алу маңызды. Әдетте, «күрделі үдерістер мен жүйелерді басқаруды автоматтандыру адамды толықтай азат етпейді, оны жаңа жағдайларға қояды». Бірқатар авторлардың пікірінше, жаңа техника мен технология қаншама жетілдірілген болса да, оның оңтайлы еңбек жағдайларын өз-өзінен автоматты түрде қамтамасыз етпейтіні және жұмыс істеушілер денсаулығы деңгейінің төмендеуіне әкелетіндігі белгілі.

Адам өзінің бүкіл кәсіптік өмірінің ішінде өндірістік және қоршаған орта факторларының тұтастай бір кешенінің әсер етуіне ұшырайды, олардың арасынан шаң факторы бірінші орынға шығады. Бұл фактордың торықтырушылық әсер етуі оның физикалық сипаттамаларымен (мөлшерлік жүктеме), сондай-ақ ағзаның жетекші жүйелерінің қызметтік жай-күйімен, оның бұл тітіркендіргішке жеке сезімталдығымен анықталады.

Жұмыс аймағының көп шаңдануының негізгі себебі ­– технологиялық операциялар мен жабдықтардың жетілдірілмегендігі, қол жұмыстарының жоғары пайызы. БДСҰ мен ХЕҰ қабылдаған қағидат бойынша, «әркімге оған немесе оның денсаулығына және жұмыс қабілетіне зиян келтірілу тәуекелінсіз, жұмысқа белсенді қатысу мүмкіндігі берілуі тиіс».

Ауыл шаруашылығында жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың мақсаты

Ауыл шаруашылығында жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нацелена на: 
 1) еңбек жағдайлары мен еңбекшілерді жұмыста қорғау саласындағы заңнама ережелерінің, мысалы, жұмыс уақыты, жалақы, апта сайынғы демалыс пен еңбек демалыстары, еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, әйелдердің, балалар мен жасөспірімдердің еңбегін пайдалану және басқа мәселелер туралы ережелердің еңбек инспекторларына көрсетілген ережелердің орындалуына қандай бақылау жасайтыны жүктелген мөлшерде қолданылуын қамтамасыз етуді; 
 2) кәсіпкерлер мен еңбекшілерге заң ережелерін сақтаудың неғұрлым тиімді әдістері мен құралдарына қатысты нормативтік-құқықтық, техникалық және медициналық-профилактикалық ақпарат пен сабағаттар беруді; 
 3) билік органдарын заң ережелерінің қолданылуына түспейтін кемшіліктер мен асыра пайдаланушылықтар туралы хабардар етуді және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді көздейді. 

Ауыл шаруашылық объектілерінің басшылары үшін жұмыс орындарын аттестаттаудың іс-тәжірибелік мақсатқа лайықтылығы

Жұмыс орындарын аттестаттаудан алынған нәтижелер бірқатар міндеттерді шешуге көмектеседі:

• тұтастай алғанда кәсіпорын жұмысының тиімділігі мен өндірістік мәдениетін арттыру;

• еңбекті қорғау қызметі бөлімінің қызметін заңнамамен сәйкестікке келтіру;

• қызметкерге еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін материалдық өтемақылардың барлық міндетті түрлерін тағайындау.

  Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізудің арқасында кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерінің арасындағы нормативтік қатынастарды реттеу болып өтеді.

   Аттестаттаудан өткен, жұмыс орнында өз міндеттерін орындаушы адам өзінің жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекеттерінен мемлекетпен қорғалатындығын нақты білетін болады. Осыған сәйкес мұндай қызметкер беріле жұмыс істейтін болады, өйткені өз еңбегінің қорғалуы үшін басшылық қана емес, өзі де жауапкершілікте болады.

   Жұмыс орындарын аттестаттауды өткізу – бұл жұмыс берушінің жай ізгі ниеті ғана емес, бұл ел заңнамасының талабы. Ауыл шаруашылығының гүлденуі өз ісінің табысы үшін барлық күшін жұмсайтын қарапайым қызметкерлермен өзара қатынастарға тікелей байланысты болады. Егер олар өздерінің денсаулығы мен еңбегін ұйымдастыруда қамқорлықты сезінетін болса, онда еңбекшілердің беріле жұмыс істеуі анағұрлым жоғары болады. Бұған қоса, аттестаттау үдерісінде әркімнің өз орнында айналысатын ісінің маңыздылығын ұғыну деңгейі бірнеше есе өседі. Ал өзінің дербес маңыздылығын ұғыну жалпы табысқа қосылатын үлестерді  де арттырады.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль