Энергетикалық шауашылық цехы өндірістік қызметіндегі еңбекті қорғау

734
Энергетикалық шаруашылық цехының басымдыққа ие міндеті тіршілік қарекеті жүйелерінің авариясыз жұмысы, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету

Энергетикалық шаруашылық цехы (бұдан әрі – ЭШЦ) «Қостанай минералдары» АҚ  кәсіпорын құрылымдық бірліктерінің тіршілік қарекеті жүйесін ұстап тұруға арналған, мамандандырылған бөлімшесі болып табылады.

Қауіпсіз жағдайларын жасау өндірісінде

Энергетикалық  шауашылық  цехы ұжымының еңбекті қорғау саласындағы негізгі мақсаты – өндірісте салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жөніндегі, оның ішінде өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру жөніндегі жұмыс  АҚ  КСТ 280730006-53-2012 «Еңбекті қорғауды басқаруға» (бұдан әрі  – Жүйе) сәйкес жүргізіледі.

Жыл сайын, ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптарға» сәйкес ЭШЦ-нда тәуекелдерді айқындау және олардың персоналға әсерін жою немесе азайту жөнінде іс-шаралар әзірлеу жұмысы жүргізіледі.  Бұл іс-шаралардың орындалуын еңбекті қорғау қызметі мен «Қостанай  минералдары» АҚ-ның басшылығы бақылайды.

Еңбекті қорғау қызметі

Жүйенің жұмыс істеуінің барлық бағыттары бойынша қызметін үйлестіруші жұмысшы орган «Қостанай минералдары» АҚ-ның  еңбекті қорғау қызметі болып табылады. Тікелей ЭШЦ-нда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік (бұдан әрі – ЕҚжӨҚ) қызметінің инженері бар.

Жүйенің негізіне кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін  бақылаудың үшсатылық әдісі алынған. Бақылау жүйесі қызмет етуінің басты қағидаты – еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті тұлғалардың, денсаулық сақтау пункттері медициналық қызметкерлерінің және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторлардың қатысуымен басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі инженерлік-техникалық қызметкерлер өткізетін тұрақты тексерістер (зерттеулер).

ЭШЦ бастығының басшылығымен комиссия апта сайын, бейсенбі күні (графикке сәйкес) жұмыс орындарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйін тексереді.

Сондай-ақ бақылауды кешенді және мақсатты тексерістердің бекітілген графигіне сәйкес, техникалық директордың және «Қостанай минералдары» АҚ ЕҚжӨҚ қызметі бастығының басшылығымен кәсіпорын басқармасының бас мамандары  да жүзеге асырады.

Еңбекті қорғауды басқару

Ұжымдық шартқа сәйкес ЭШЦ-нда еңбекті қорғау жөніндегі екі қоғамдық инспектор сайланған. Олар «Қостанай минералдары» АҚ оқу орталығында еңбекті қорғау талаптарына оқытудан және білімдерін тексеруден өткізілді.

Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқарудың негізгі элементтерінің бірі – жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, ол  2012  жылы аяқталды. Еңбек жағдайларын өлшеу мен бағалауды Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті жүзеге асырды. Энергетикалық шауашылық цехындағы барлық жұмыс орындары  жарақат қауіпсіздігі бойынша  № 2 сыныпқа және зияндылық дәрежесі  бойынша № 2 сыныпқа жататын болып танылды. Аттестаттау нәтижелері бойынша зиянды факторлардың әсерін азайту және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Кәсіптік аурулардың алдын алу мен айқындау мақсатымен Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Жітіқара орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында мерзімдік медициналық қарап-тексерулер  ұйымдастырылды. 2014 жылы 157 адам медициналық қарап-тексеруден өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (Қарағанды қ.)  көшпелі комиссиясы  20 адамды медициналық қарап-тексеруден өткізді.  Медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша 15 қызметкерге санаторий-профилакторийде емделу ұсынылды. ЭШЦ  қызметкерлері өз денсаулықтарын  «Денсаулық–2008» ЖШС санаторий-профилакторийінде тұрақты қалпына келтіреді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы  «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» (23.07.2013 ж. берілген өзгерістермен)  № 1458 қаулысына сәйкес персоналға арнаулы киім беру жүргізіледі. Еңбектің зиянды жағдайлары бар жұмысты орындайтын қызметкерлерге сүт беріледі.

Жақсарта отырып, еңбек

ЭШЦ-нда еңбекті қорғау жөніндегі шараларға мақсатты қаражат қарастырылған.

Еңбек жағдайларын жақсарту және өндіріс құралдарының сенімділігін арттыру мақсаттарында жыл сайын қолда бар жабдықтарды жаңғырту жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мынадай шаралар өткізілді:

объектінің өрт қауіптілігін төмендету, қызмет көрсету жағдайларын жеңілдету мақсатымен  6 кВ майлы ажыратқыштар - релелік қорғанысы жаңғыртылумен вакуумды ажыратқыштармен алмастырылды;

ВАБ-42 автоматты жылдам әрекетті ажыратқыштар іске қосылу уақытын жылдамдату үшін  – ВАБ-49  ажыратқыштарымен алмастырылды, бұл авариялық режімдердің салдарларын төмендетуге әкеледі;

 № 1 қазандық сорғылары мен желдеткіштерінің электржетектерін жиіліктік реттеу жүйесі енгізілді, бұл электр қуаты шығындарын төмендетуге және қазандықтағы шуды азайтуға  мүмкіндік береді;

санитарлық талаптарға сәйкес келу және ауызсу сапасын жақсарту үшін суық судың болат құбыржолдарын пластикалық құбырлармен алмастыру жүзеге асырылуда;

байыту кешеніндегі технологиялық үдерістерді автоматтандыру жүргізілуде, ол жабдықтарды кеннің басып қалуларын, металдың өнімге түсуін болдырмауға, дайын өнімді дәл мөлшерлеу мен қаптарға қаптауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Энергетикалық шаруашылық цехында қауіпті өндірістік объект – газдандырылған қазандықтың орналасуына байланысты  авариялар дамуынан сақтандыру мақсатында аварияларды жою жоспары әзірленді. Жоспар бес позициядан құралады,  олар авариялардың мүмкін болатын нұсқаларын қарастырады және жауапты тұлғалар мен қызметтердің әрекеттері бойынша нақты нұсқаулар береді. Оның негізінде графикке сәйкес:

оқу дабылдары;
аварияға қарсы жаттығулар;
өртке қарсы қызметпен бірге өртке қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.

 2014 жылы еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік үдерістің қауіпсіздігін қамтамасыз

ету үшін жүргізілген іс-шаралар:

суқұбырлық және кәріздік құдықтардағы металл баспалдақтар алмастырылды;
газ құбырының жерүстілік бөлігіндегі коррозияға қарсы жабындар қалпына келтірілді;
 СТП-6  қосалқы тарту стансасымен бірге орнатылған РП-1  қосалқы тарату стансасының, ТП-14 және 8 трансформаторлық пункттерінің шатырларына күрделі жөндеу жүргізілді;
табиғи газдарды бөлу және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізінде теміршеберлік шеберхананың қосалқы үй-жайына қарай тамбуры бар жергілікті кірер жер салынды, ол оны газ тарату құрылғысынан бөліп тұрады;
№ 1 қазандық операторларының  жұмыс орындарындағы микроклиматты жақсарту үшін операторлар бөлмесіне кірер жерге тамбур тұрғызылды;
1-күштік  трансформаторлық қосалқы стансадағы жазатайым оқиғадан кейін әзірленген шараларды орындау мақсатында 1650 В тұрақты ток электр қондырғыларындағы жұмыс үшін заманауи жеке қорғану құралдары – каскаға «КБТ ВИЗИОН®ENERGO» бекітілуімен беттік қорғаныс қалқаншалары,  «Поиск-3,3» кернеу көрсеткіштері сатып алынды.

 Энергетикалық шаруашылық цехында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі жүргізілген шаралардың арқасында бұл бөлімшеде соңғы бес жылдың ішінде өндірістік жарақаттанушылық көрсеткіштері төмендеді.

Есептік кезең

Тізімдік орташа саны

Жазатайым оқиғалар саны

жеңіл

ауыр

2014 ж.

203

-

-

2013 ж.

208

-

1

2012 ж.

203

-

-

2011 ж.

199

-

-

2010 ж.

218

1

-

«Қостанай минералдары» АҚ  басшылығы проблемаларды үнемі анықтап отырады, оларды шешу өндірістік жарақаттану  мен кәсіптік аурулардың төмендеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ заманауи техника мен технологияларды  енгізу, еңбекті қорғауды басқару жүйесін тұрақты жетілдіру негізінде кәсіпорындағы барлық бөлімшелер қызметкерлерінің еңбек жағдайларын айтарлықтай жақсартуға да мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль