text
Справочник кадровика

Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру

  • 20 августа 2018
  • 388
Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру

Жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстыруға, сондай-ақ қызметкердің және (немесе) қызметкер еңбек ететін құрылымдық бөлімшенің еңбек функциясын тұрақты немесе уақытша өзгертумен байланысты ауыстыруға қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі.


Жұмыс беруші кәсіпкер ретінде өзінің заңды тұлғасының орналасқан жерін ауыстыруға құқығы бар. Заңды тұлғаның орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жұмыс берушінің орналасқан жерін өзгерту басқа жерді, яғни, әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша басқа елді мекенді көздеуі мүмкін. 

 

Жұмыскердің жұмыс берушімен бірге ауысуын қалай қарастыру керек?


Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 39-бабының тәртібімен жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жұмысқа ауыстыру ретінде қаралады. Бұл жағдайда ҚР ЕК 28-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, еңбек шартында ескерілген жұмыстың атқарылатын орны өзгереді.
Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Жұмыс беруші заңды тұлғаның өкілетті органы (мысалы, серіктестік қатысушыларының жиналысы) басқа жерге көшу туралы шешім қабылдауға және көшу күнін белгілеуге тиіс.
Жұмыс беруші басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге жазбаша хабардар етуге міндетті.
ҚР Еңбек Кодексі 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес, хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер.
Егер еңбек, ұжымдық шарттармен одан да ұзақ мерзім көзделмесе, басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарлама жіберіледі. Заң шығарушы жұмыскердің келісімін беру мерзімін, сондай-ақ ол келісімін қандай нысанда беретінін белгілемейді.
ҚР Еңбек Кодексі 33-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.
Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге көшуге келіскен жағдайда, оның еңбек шартына жұмысты орындау жерінің өзгеруі туралы өзгерістер енгізіледі, сондай-ақ оған ҚР Еңбек Кодексі 129-бабында көзделген өтемақы төлемдері жүргізіледі.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына сай болмағандықтан жұмыскермен еңбек шартын қалай заңды түрде бұзуға болады?
Tretyakova

Альбина Третьякова 

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы

Жұмыскер жазбаша бас тартқан жағдайда


Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.
Түсіндірме беріліп отырған негіздемелер бойынша:

  • жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты)
  • жұмыскердің демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді (ҚР ЕЕңбек Кодексі 58-бабының 2-тармағы).

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты