Справочник кадровика

Еңбек саласындағы заңнаманы бұзу үшін жауаптылық

  • 26 декабря 2018
  • 466
Еңбек саласындағы заңнаманы бұзу үшін жауаптылық

Жұмыс берушінің еңбек саласындағы заңнаманы бұзу үшін жауаптылығы қандай? Тиісінше ресімделмеген еңбек шарты, үстеме жұмыстарға тарту, еңбек саласындағы кемсітушілік, халықты жұмыспен қамту заңнамасында бұзушылық, ұжымдық шарттарды бұзғаны неге әкеліп соқтырады?

Бұл мақалада еңбек саласындағы заңнаманы бұзу үшін жауаптылық мәселесін қарастырамыз. Әкімшілік айыппұл төленетін кадрлық сурақтардағы негізгі бұзушылықтар, сонымен қатар еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс қолданылмаған салдарынан туындайтын зардаптарын қарастырамыз. 

Еңбек шартының болмауы және (немесе) тиісінше ресімделмеуі

Кадрлық іс жүргізуде тиісінше ресімделмеген еңбек шарты немесе оны жасаспау теріс салдарларға алып келуі мүмкін, өйткені, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (2018.21.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 33-бабының 3-тармағына сәйкес, адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді. Бұл жағдайда жұмыскер жұмысқа кіріскен күні еңбек қатынастары туындады деп саналады.

Еңбек шартының болмауы деп оны жасаспау немесе еңбек шартында тараптардың бірінің қолдарының ресімделмеуі саналады, тиісінше ресімдемеу – жасасқан шарттың ҚР ЕК 28-бабының талаптарына сәйкес келмеуі.

Мұндай сәйкессіздіктерге тиісінше ресімделмеген еңбек шарты жатады, атап айтқанда:

  • шартта тараптардың деректемелері көрсетілетін жолдардың толтырылмағаны;
  • жұмысты орындау орны көрсетілмеген;
  • еңбек жағдайларының сипаттамасы жоқ және т. с. с.

Егер осы бұзушылықтар бір жыл ішінде қайталанса не бұзушылық кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты болса, онда, тиісінше, неғұрлым жоғары айыппұлдар қарастырылған, кейбір жағдайларда неғұрлым қатаң жаза көзделген, лицензияның қолданылуын тоқтатуға дейін.

Сонымен қатар, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік сондай-ақ ең төмен әлеуметтік стандарттарды орындамауынан және (немесе) қамтамасыз етпеуінен көрінген ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнаманы бұзғаны үшінкөзделген.

ҚР ЕК 9-бабына сәйкес, ең төмен әлеуметтік стандарттарға мыналар жатады:

  • айлық жалақының ең төмен мөлшері;
  • күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы;
  • жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы.

Осылайша, кадр жұмысындағы бұзушылықтардан құтылу үшін осы ең төмен стандарттар ескерілуге тиіс.

★ Еңбек шартындағы қателіктер және олардың құқықтық салдары ★

Еңбек саласындағы заңнаманы бұзу үшін жауаптылық

Виктория Кулинкова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Еңбек шартындағы қателіктердің қауіптілігі Еңбек кодексі бүгінгі уақытта қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын орнататын негізгі акті болып табылады, сондықтан, кез келген ресми құжат сияқты, ол дұрыс ресімделген болу керек.

Үстеме уақыттағы жұмысқа тарту 

ҚР ЕК 77-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол берілетіні белгілі. Сондай-ақ ҚР ЕК үстеме уақыттағы жұмысты реттейтін өзге де талаптар баяндалған.

Егер ұйымда жұмыскер үстеме жұмысқа тиісті бұйрықты ресімдеусіз, жұмыскердің келісімінсіз және т. с. с. тартылса, онда бұл жағдайда сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік көзделген.



Трудовой кодекс Республики Казахстан. Постатейный практический комментарий

Подготовлен с учетом изменений и дополнений в Трудовой кодекс Республики Казахстан и одобрен Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

 Руководитель авторского коллектива генеральный директор РГКП «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан», академик, доктор технических наук, профессор С. Г. Бисакаев

Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру

Егер еңбек шарттарында бірдей еңбегі үшін әртүрлі еңбекақы көрсетілсе, онда сөз жұмыскердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығының айқын бұзылғанын көрсететін еңбек саласындағы кемсітушілік туралы болуы мүмкін. Бұл бұзушылық әкімшілік сипатқа ие және оған жұмыс берушінің жол беруі: лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК мөлшерiнде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕКмөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК 90-бабының 1-тармағы).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы заңнаманы бұзу 

Халықты жұмыспен қамту заңнамасында көзделген тиісті есептілікті уақытылы жасау және ұсыну кадр жұмысында маңызды фактор болып табылады. Осылайша ҚР ӘҚБтК 98-бабының 1-тармағында мына бұзушылықтар үшін он АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген:

1) уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат бермеу;

2) уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу;

3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;

4) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;

5) уәкілетті органға кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік оқытудан өткен адамдарға саны туралы алынған мамандық пен біліктіліктерді көрсете отырып мәліметтер ұсынбау.

ҚР ӘҚБтК 98-бабының 5-тармағына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы - ескерту жасауға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 98-бабының 5-тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ұжымдық шарттардың талаптарын бұзу немесе орындамау 

Ұжымдық шарттардың мазмұнын анықтауға байланысты мәселелер жеке назар аударуға лайық, өйткені олар жеке еңбек қатынастарын ғана емес, сонымен бірге тараптары жұмыс беруші мен ұжым қызметкерлері немесе ұжымның өкілдері болып табылатын ұжымдық еңбек қатынастарын да реттейді. Ұжымдық шарттарды бұзғаны үшін немесе орындамағаны үшін жоғары айыппұлдар көзделген.

ҚР ӘҚБтК 97-бабына сәйкес ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу, келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға 400 АЕК мөлшерiндеайыппұл салуға әкеп соғады.

Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға 400 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу, ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға 400 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға 80 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Мақала қысқартылған түрде берілген, толығырақ 2017 №8 "Қазақстандағы мамандар анықтамалығы" журналынан оқыңыз. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться