Справочник кадровика

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

  • 9 января 2019
  • 2008
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Негізгі функциялары бақылау, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жүзеге асырады, мемлекеттік еңбек инспекциясы

Мемлекеттік бақылау – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Бизнесті қорғау

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілеріне тексерулер өткізуге мораторий енгізілді, бизнестің мүдделерін заңнамалық жағынан қорғау қажеттігі туындады "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексі қабылданды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерулерінің нәтижесінде алынған мәліметтер шағын және орта кәсіпорындарда еңбек жағдайлары мен қорғаудың қолданыстағы нормалар мен ережелерге жауап бермейтініне дәлел болады. Оларда өндірістік жарақаттанушылық деңгейі орта және ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің үлесі мол. Ауыр дене еңбегімен қамтылған қызметкерлердің меншікті үлесі ірі кәсіпорындар деңгейінен асып кетеді.
Еңбекті қорғау нормаларының сақталуына қадағалау жасауды толып жатқан мемлекетттік органдар қандай да бір дәрежеде жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бақылау жасаудың негізгі функцияларын мемлекетік еңбек инспекциясы жүзеге асырады. Онымен қатар еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды: төтенше жағдайлардан сақтандыру мен жою саласындағы уәкілетті орган, өртке қарсы мемлекеттік қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, энергетикалық қадағалау органдары жүзеге асырады.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Ұйымда бөлімшелердің, лауазымдардың атаулары, сонымен бірге еңбекақының мөлшері де өзгерді (көбею жағына да, азаю жағына да). Жұмыс берушінің алдағы уақыттағы іс-әрекеттері, және қандай құжаттар ресімдеуі қажет?
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Виктория Кулинкова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы

ҚР Прокуратурасы еңбек пен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, тексерулерді жүргізуге дербес те, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың басқа мемлекеттік органдарының мамандарын олардың құзіреттілігі шектерінде тартумен де қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады (ҚР Еңбек кодексінің 21 мемлекет). ҚР Еңбек кодексінің 192 бабына сәйкес ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.



Мемлекеттік еңбек инспекторларына

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Негізгі принциптері:

Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

– ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:

Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау өткізілген кезде:

1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Басшы бір қызметкердің жұмыс көлемін азайтып, екінші қызметкердің жұмыс көлемін көбейтеді, сонымен бірге кадр қызметінің маманынан олардың еңбекақыларын да тура солай есептеуді талап етеді. Бұл заңды ма?

Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:

1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үйжайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасы на сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қолжеткізуіне мүмкіндік жасауға;
3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға;
4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау жөнінде ақпарат беруге міндетті.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Міндеттері әдіснамасы


Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:
1) Нұсқама:

  • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
  • жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
  • жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.

Құқықтық шаралары

Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды. Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Мемлекеттік инспектор беретін нұсқама, нақты жағдай бойынша жеке және бірнеше бұзушылықтар бойынша беріледі.

Белгілі қаржылық, материалдық және уақытша қорды талап ететін бұзушылықтарды жою үшін берілетін мерзімдерді, субъектімен келісе отырып белгілеу қажет.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары беретін актілердің нысаны (нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» № 904 бұйрығымен бекітілген.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться