Дәстүрлердің сабақтастығы: ардагерлер қатарда

555
Дәстүрлердің сабақтастығы: ардагерлер қатарда
Исмагулов А.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник отдела кадровой работы Департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан, г. Петропавловск
2015 жылдың мамыр айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы атап өтіледі.

Жер-жерде ардагерлердің әлеуметтік проблемаларын шешуді, тыл еңбеккерлеріне қамқорлық пен нақты қолдауды, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға құрмет пен қолдау көрсетуді   көздейтін іс-шаралар өріс алды. ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің шешімімен бірыңғай  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медалі туралы ереже бекітілді, онымен ҰОс ардагерлері, олармен теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ ТМД-на қатысушы мемлекеттердің шешімі бойынша басқа да тұлғалар марапатталады. Алайда, айтулы мерейтойды лайықты атап өту үшін  соғысқа қатысушының әрбіреуіне дейін жетіп, оларға жеке назар аудару маңызды.

Адамдар ерлік пен батырлықтың

Соғыс пен еңбек ардагерлерінің келуі – Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен   «Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық  бірлестігінің облыстық филиалының  қызметкерлері үшін  әдеттегі іс. Алайда, өліммен бетпе-бет кездескен, фашизммен күресте адам мүмкіндігінен тыс күш-жігер жұмсаған  және бұл шайқаста жеңімпаз болып шыққан жандармен әрбір кездесу, – бұл толқытатын және қуанышты оқиға.

Соғыс пен еңбек майданының ардагерлері – бұлар Отан алдындағы қасиетті борышын шайқастар далаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық қорғанысы мен өрттен қорғау қызметкерлері ретінде орындаған, батырлық пен ержүректік танытқан адамдар. Көбінесе олардың өмірбаяндарында ұқсас нәрселер көп. Мысалы, полковник Василий Терейковский мен капитан Мұқатай Айтбаев майданға мүлдем жас кездерінде кетті, кіші офицерлер дайындау курстарынан өтті, көршілес майдандарда соғысты және Жеңіс Күнін Германия мен Балтық бойындағы жауынгерлік позицияларда қарсы алды.

Оқиға үлкен маңызы бар

 Василия Дмитриевич, сондай-ақ Мұқатай аға үшін де Департамент өкілдері Әсет Исмағұловтың, Серік Ғайсин мен СҚО ТЖ жөніндегі департаментінің ардагерлері Кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиевтің келулері – маңызы зор оқиғалар. Олар даңқты жауынгерлерге жаңа күш береді: қамқорлық жасау мен көңіл аудару кереметтер жасайды, төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің аумақтық органында болып жатқан оқиғалар бағытынан хабардар болу, қала, облыс және ел өміріне қатысты болу  мүмкіндігін береді. Сондықтан ардагерлер Кеңесінен гүлдер мен сыйлықтарды дәстүрлі тапсырудан кейін шай іше отырып, соғыс пен халық шаруашылығын қалпына келтірудің ауыр жылдары, бүгінгі күндер, күнделікті тіршілік қарекеттері туралы еске алулар, шын көңілден шыққан әңгімелесу басталады.

Василий Дмитриевич 2015 жылы  94 жасқа толады, ал  Мұқатай аға болса 90 жастық мерейтойын атап өтті. Бір ғасырлық дерлік тәжірибе оларға кез келген мәселе бойынша кеңес беруге мүмкіндік береді: ардагерлер енді ғана болып өткен оқиғалардың мәнін көре біледі. Кетер кезде Мұқатай аға Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақалаларынан дәйексөздерді, сөздері мен Қазақстан халқына Жолдауларын  қамтыған  «Жылдар мен ойлар» кітабін тапсырды,  департамент қызметкерлерін, отпен күресушілер мен құтқарушыларды қиындықтардан қорықпай, бағдарламалық құжат – «Қазақстан–2050» Стратегиясында қойылған мақсаттарға қарай жүруге шақырды.  «Осылай ұстаңдар!» – ардагер өзінің жас әріптестеріне осындай тілек білдірді, Жеңіс Күнін департамент қызметкерлерінің арасында, «майдандық шатырда» қарсы алуға уәде берді. Бұл шатырды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртпен күрес жүргізушілері көптеген жылдар бойы, дәстүрлі түрде, осындай айтулы күнді салтанатты қарсы алу үшін № 1 өрт сөндіру бөлімінің аумағында құрып келеді.

         Ардагерлер соғыста табан тіреп қарсы тұрды – және  біз де алдымызға уақыт қоятын  кез келген сынды қабыл аламыз.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  

              



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях