Ұн тарту өнеркәсібіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитария

1177
Ұн тарту өнеркәсібіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитария
Каскеева С. У.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник службы безопасности и охраны труда, г. Петропавловск
Персонал денсаулығына қамқорлық жасай отырып, Қазақстанның макарон-ұн тарту саласының жетекші кәсіпорны еңбекті қорғауға

«Сұлтан – ЭДМК» 2007 ж. тағам өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті мен сапа менджменті жүйесінің ИСО 22 000 және ИСО 9001 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне сертификатталды. 2011 ж. кәсіпорын менеджменттің үздік кіріктірілген  жүйесі үшін «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастықтың дипломына ие болды. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) қызметі «2013 жылдың қорытындылары бойынша еңбекті қорғаудың үздік қызметі» ретінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының алғыс хатымен марапатталды. «Сұлтан» кіріктірілген кешені ауылшаруашылық өндірушілерінен астық келіп түскеннен бастап одан дайын өнім: нан пісіруге арналған ұн мен макарон бұйымдарының 38 түрін жасағанға дейін бірыңғай ағза ретінде қызмет етеді.

Қауіпсіздігі тамақ өнеркәсібі

Компания ұн кондитерлік өнімдерін өндіру кезінде Тағам өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережелерін басшылыққа алады және ұн, макарондық бұйымдар өндірісі мен элеватордағы жұмыспен қатар жүретін еңбектің зиянды жағдайларының әсер етуін есепке алады.

Қуатты элеватор өз сүрлемдерінде жылына 100–120 мың тоннаға дейін астықты қабылдайды, кептіреді, өңдейді, салқындатады және сақтайды. Кәсіпорынға келіп түсетін астық ресейлік және швед фирмаларының заманауи аспаптарымен жарақталған астық өндірістік-технологиялық зертханасында тексеруден өтеді, аспаптар тиісті талдау жасауларды жылдам және сапалы өткізуге мүмкіндік береді.

Авто және темір жол таразыларында өлшеуден өткізілгеннен кейін астық автомобиль және темір жолдық қабылдау орнына жіберіледі, ол жерде астықты түсіру жүзеге асырылады.

Бұдан кейін астық таспалы тасымалдағыштар орнатылған көліктік галереялар бойынша элеватордың № 1 және 2-учаскелерінің жұмысшы мұнараларына беріледі, бұл жерде ол қажеттігіне қарай БЦС-100, БЛС-100 сепараторларында өңдеуден және ДСП-32 мен РД 25х2-70 үлгісіндегі дән кептіргіштерде кептіруден өткізіледі, бұдан кейін астық партиялары сапасына, тағайындалуына қарай іріктеледі және сүрлем тұрқыларына уақытша сақталуға салынады.

Сапасын бақылайды зертханасы

Бұдан кейін өңделген және кептірілген астық диірмен-макарондық кешен зертханасында астықтың барлық сапалық көрсеткіштері бойынша алдын ала тексерілгеннен кейін тарту партиялары бойынша жоспарлы ретпен диірменге беріледі. Сондай-ақ зертхана макарон бұйымдарының диірмені өндірісінің өнімдерін бүкіл технологиялық үдеріс пен дайын өнім шығарылғанға дейін барлық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылауға алады.

Жобалық қуаты тәулігіне 160 т астық болатын макарондық тартудың № 1 диірмені мен жоба бойынша өнімділігі тәулігіне 200 т астықты қайта өңдейтін № 2 диірмен швейцариялық, неміс және түрік заманауи жабдықтарымен жарақталған (1, 2, 3 суреттер). Диірмендердің жабдықтарын қашықтықтан басқару диірмендерде орналасқан диспетчерлік пульттерден жүзеге асырылады.

Цехтардағы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама Орталығында өткізілетін зертханалық және аспаптық зерттеулер жұмыс үй-жайларындағы шаңданушылықтың өндіріс, технологиялық үдерістің сипатына, жабдықтардың жай-күйі мен шаңмен күрестің техникалық шараларына қарай әртүрлі шектерде ауытқитынын көрсетеді.

Көрсетілген жағдайларға қарай жұмыс үй-жайларындағы ауаның құрамынан 0,6мг/м³ мөлшерінде шаң табуға болады. Алайда, қазіргі уақыттағы жұмыс үй-жайларындағы ауаның шаңдануы бұдан 10 жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым төмен екендігін атап өткен жөн. Жұмыс үй-жайлары ауасындағы шаңның жол берілетін шектік мөлшерлері ШЖБМ = 6 мг/м³.

Бұл технологиялық үдерістер мен жабдықтарды ұтымды етумен, сондай-ақ шаңмен күрес бойынша арнаулы техникалық шараларды кең қолданумен және жетілдірумен түсіндіріледі.

Машиналарды, көліктік тетіктер мен диірмендердегі ыдыссыз сақтау сүрлемдерін шаңсыздандыру аспирациялық қондырғылармен жүзеге асырылады. Шаң бөлгіштер ретінде ауалық реактивті сүзгілер, ауа үрлеу машиналары ретінде – орта қысымды желдеткіштер пайдаланылады. Сүзгілерді қысылған ауамен үрлеу компрессорлармен жүргізіледі.

Жеке қорғану құралдары

Диірменнің технологиялық үдерісін басқару мен бақылау толықтай компьютерлендірілген.

Макарондық бұйымдар өндірісіне арналған шикізат – бидайдың қатты сұрыптарының жармалары. Жарма өз қасиеттері бойынша шаң түзуші өнім болып табылмайды. Ол макарон цехына пневмоөткізгіш арқылы тікелей мөлшерлегішке беріледі, бұл жерде сумен араластырылады да, бұдан әрі қамыр илеу жүргізіледі.

Қызметкерлерге бас директор бекіткен беру нормаларына сәйкес арнаулы киім беріледі, жұмыс орындарында ылғалдап жинастырып-тазарту тұрақты жүргізіледі. Бұл жерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар мен жабдықпен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар ілінген.

Жұмыстардың қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту үшін жетілдірілген технологиялар мен қауіпсіз жабдықтар енгізіледі. Мысалы, диірмен-макарондық кешен қосалқы стансасына жиілігі 50 Гц кернеуі 380/220 В үшфазалы ауыспалы токтың тарату құрылғылары қалқандарын толықтыру үшін тағайындалған ЩО-70 сериясындағы тарату панельдері орнатылды. Тарату құрылғысы блогының шетжақтары қорғаныс шетжақтық панельдермен қоршалады. Панельге қолжетімділік есік арқылы қамтамасыз етіледі, ол кілті бар құлыппен жабылады. Аппаратура мен ЩО-70-те өткізгіштердің орналасуы оларға техникалық қызмет көрсетудің және пайдаланудың қарапайымдылығы мен персоналдың қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. АВР панелі шағын панельдік блокқа орналастырылады, ол шығарылып орындалудың автоматты ажыратқыштары бар секциялық панельдің ішіне қойылады. Ажыратқыштар әмбебаптылық пен жоғары жұмыстық сипаттамаларды бір мезгілде қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын қарапайым функцияларымен сипатталады, бұл қауіпсіздік талаптары мен техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығына сәйкес келеді.

Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде жөндеу учаскелері бар, олар жөндеу үшін қажеттілердің бәрімен жарақталған, олар кәсіпорын цехтары жабдықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жыл сайын желдету мен аспирация жүйелеріне жөндеу, цехтардағы жарықтандыру жүйелерін жаңғырту мен электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздіктің техникалық құралдарын алмастыру, қайта жарақтау мен жөндеу, өндірістік санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жөндеу жүргізіледі.

Үй-жайлар нормативтік температуралық-ылғалдылық параметрлерін ұстап тұруға арналған қажетті ауа алмасуды қамтамасыз ететін желдетумен жабдықталған. Кешендегі климатты реттеуді бақылаудың автоматты жүйесі жүзеге асырады. Кәсіпорын басшылығы еңбек жағдайларын жақсартуға әрекеттеніп бақса да зиянды факторлардың әсерін толықтай жою мүмкін емес, өйткені барлығы өнім өндірудің технологиялық режіміне байланысты болады.

Төлеу үшін қауіпті өндірісі

Еңбектің зиянды жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған қызметкерлер зияндылық үшін өтемақылар алады. Өтемақылардың әрбір жағдайының негізделуі заңнамаға және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелеріне сүйенеді.

Цехтардағы қатардағы персоналдан жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын ұйымдастыру мен жақсарту жөнінде түскен барлық өтінімдері есепке алынады және орындалады. 2013 жылы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізілді, оның мақсаты – зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды айқындау және еңбек жағдайларын еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына сәйкестікке келтіру болды. Кәсіпорын жұмыс істеген кезең ішінде кәсіптік аурудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ, 2010 ж. бастап кәсіпорында жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттану болған жоқ.

Қызметкерлердің денсаулығы жай-күйін, еңбек гигиенасы мен өндіріс мәдениетін жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлерге алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін маман дәрігерлерді тартумен және дәрі-дәрмектердің қажетті жиынымен жарақталған медициналық пункт ұйымдастырылған. Қызметкерлерді жыл сайынғы медициналық тексеруден өткізу кәсіпорын есебінен ұйымдастырылады.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Жұмыс үш ауысымда жүргізіледі. Әрбір ауысымда өндіріс технологиясының ғана емес, сондай-ақ ЕҚжЕҚ-дың сақталуын да қадағалайтын өз мастері бар.

Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі әрекет етеді, үшсатылы бақылау жүзеге асырылады, айына бір рет (айдың үшінші сәрсенбісі) еңбек ұжымының өкілдері қатысумен қауіпсіздік техникасы Күні өткізіледі. Келесі күні тексеру барысында айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді.

ЕҚжЕҚ қызметі ЕҚжЕҚ талаптары бұзылуын анықтау үшін кәсіпорын бөлімшелерін аралап қарап шығуды тұрақты жүргізеді, бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсетуімен нұсқаулар жазып береді. ЕҚжЕҚ нұсқауларды бірнеше рет жазып берген жағдайда ЕҚжЕҚ қызметі бастығының, кәсіпорынның бірінші басшысының ұсынысы бойынша бұзушыларға жазалар қөолданылуы мүмкін.

ЕҚжЕҚ бойынша оқыту, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіледі. ЕҚжЕҚ қызметінің иелігінде ҚТ бойынша кабинет және қажетті нұсқаулықтармен, плакаттармен, проектормен, экран және тақтамен жарақталған сынып бар. Бұл жерде кәсіпорынға жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге кіріспе нұсқама өткізіледі. Жұмыстардың жекелеген санттары бойынша сабақтар өткізу үшін оқу комбинаттарының, оқу орталықтарының оқытушылары шақырылады.

Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес барлық өндірістік учаскелерде тұрмыстық үй-жайлар ұйымдастырылған. Қызметкерлер үшін жеке және жұмыс киімдеріне арналған бөлімшелері бар шешініп-киіну, жуынып-шайыну орындары, сауна, жылыну бөлмелері жабдықталған.

Қызметкерлер ыңғайлы және жарық асханада түскі ыстық аспен қамтамасыз етіледі, бір кешенді түскі астың құны 50 теңге болып белгіленген және нақты құнның айырмасы кәсіпорын есебіне жатқызылған. Кәсіпорын асханасы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұған қоса, қызметкерлерді жұмысқа және жұмыстан үйлеріне автокөлікпен тегін жеткізу жүзеге асырылады.

Бас директор Ыдырыс Қартал басшылық атынан жыл өткен сайын қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтау мен еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау бойынша іс-шараларға қаражат бөлуді арттырып келеді.

Әлеуметтік қолдау

Кәсіпорынның 2013 жылғы шығындары мынаны құрады:

  • еңбекті қорғауға – 10 565 586 теңге;
  • оқытуға – 721 119 теңге;
  • жеңілдіктер мен өтемақылар – 7 740 000 теңге;
  • қосымша еңбек демалыстарына – 1 115 756 теңге;
  • сүтті тегін алуға – 294 510 теңге;
  • арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа ЖҚҚ-н сатып алуға – 870 422 теңге;
  • гигиена құралдарын (сабын, жуушы ұнтақ) сатып алуға – 318 000 теңге.

Еңбек шарттары бойынша жалақы төлеу әрбір айдың 10-на дейін көзделген және іс жүзінде 5-күнінен кешіктірілмей төленеді, ай сайын сыйлықақылар төленеді. Ұжымдық шарттарда көзделген жағдайларда қызметкерлердің өтініші бойынша оларға материалдық көмек көрсетіледі. Мерейтой иелерін құрметтеуге ақшалай қаражат бөлінеді. Мерекелерде сыйлықтар, азық-түлік топтамалары беріледі.

Жұмыс беруші ұжымдық шарт талаптарын, сондай-ақ заңнаманың қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер беру жөніндегі талаптарын толық көлемінде орындайды. Жыл қорытындылары бойынша қызметкерлер мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде конференция өткізіледі.

Кәсіпорында персоналды басқару үдерісі мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  • қызметкерлер санының өндірісті қамтамасыз етудің есептік қажеттігіне сәйкестігіне талдау жасау. Қазіргі күні кәсіпорынның негізі салынғаннан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер саны қызметкерлер жалпы санының 30%-ын құрайды;
  • кадрларды таңдау, іріктеу мен орналастыруды олардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде ұйымдастыру. Кәсіпорында кадрлар дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі, бөлімшелердің басшылары зейнетке кеткен немесе денсаулығының жай-күйіне немесе отбасы жағдайларына байланысты еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндіктері жоқ учаске басшыларына ізбасарлар дайындайды;
  • жұмысты кәсіптік бейімдеу және кәсіптік іріктеу бойынша жүргізу. Кәсіпорын бос орындар жәрмеңкесіне қатысады, оқу орындарымен байланыс жасап отырады;
  • жасалған шарттарға сәйкес жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өндірістік іс-тәжірибесін өткізуді ұйымдастыру. Іс-тәжірибеден өту кезінде аға буын оқушыларға-жеткіншек ұрпаққа қамқорлық жасайды, оларға өз тәжірибелері мен жан жылуын беруге тырысады. Жастар оқуын бітіргеннен кейін өздерінің өндірістік қызметін «Сұлтан–ЭДМК» АҚ-нда бастау үшін кәсіпорынға қайтып оралады.

Компания саясаты негізгі құралдар мен олардың техникалық жай-күйін сақтау мен жақсартуға, негізгі өндірістік қорларды кеңейту мен жаңартуға, жұмысқа біліктілігі жоғары кадрларды тартуға, өндіріс және өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемдерін арттыру үшін жоғары әлеуетті қамтамасыз етуге, өндіріс рентабельділігін арттыру мен кәсіпорын мен мемлекеттік мүдделерге сәйкес келетін жалпы кірістердің жоғары көлеміне қол жеткізуге бағытталған.

Компания туралы анықтама

Петропавлдағы «Сұлтан – элеватор – диірмен-

макарондық кешені» (бұдан әрі – «Сұлтан – ЭДМК») 

АҚ-н түрік фирмасы «Окан Холдинг Исот» салды және 1996 жылы пайдалануға берілді.

Қызметінің негізгі түрлері: астық сақтау

(қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу),

ұн өнімдері мен макарон ұйымдарының өндірісі.

Қызметкерлерінің саны – 340 адам.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль