text
Справочник кадровика

Өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін кімнен және қалай жауап алу керек?

  • 22 августа 2018
  • 688
Өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін кімнен және қалай жауап алу керек?

Кәсіпорындағы әрбір жазатайым оқиғаның мән-жайлары, себептері және салдары әдетте әр түрлі болады. Бірақ болған оқиғаны барлық қырынан бағалау үшін комиссия оларды анық әрі объективті түрде қарастырып, анықтауы керек.


Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
жөніндегі комиссияға кім кіреді?



Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыны алған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде жұмыс берушінің актісімен құрылатын комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына мына адамдар кіреді:

– төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде – жұмыс берушінің уәкілетті өкілі;
– мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және жұмыскерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам комиссия құрамына енгізілмейді (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 188-бабының 1-тармағы).
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі комиссия әрбір нақты жағдайда оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Ұйымның қызметкері 30 минут ішінде кезекшілікті тапсырғанға дейін өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Онда оған «ауқымды инсульт» деген диагноз қойды. Бұл оқиға еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға болып саналады ма? Жұмыс беруші бұл оқиға туралы еңбек инспекциясына хабарлауға тиіс пе?
Tretyakova

Лариса Степуро

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы 

Жазатайым оқиғаның себептерін анықтаймыз


Жазатайым оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін куәлардың айғақтары ерекше маңызды. Жазатайым оқиғаның себептерін дұрыс анықтау үшін оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығынан уақтылы әрі толық жауап алу керек. Комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайларын неғұрлым толығырақ әрі объективті түрде анықтаса, жарақаттанудың алдын алу іс-шаралары соғұрлым дұрыс болады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне баптар бойынша практикалық түсіндірмеде жауап алудың маңызды тұстары толық ашылып, куәлар мен куәгерлерден нені анықтау қажет екені көрсетілген. Міндетті түрде мыналарды:

– жазатайым оқиға кезінде бұл адамдардың қайда болғанын;
– зардап шеккен адамның жазатайым оқиғаға дейін және оқиға кезінде өзін қалай ұстағанын;
– қауіп туралы белгі естілді ме немесе көрінді ме және оларға орай зардап шеккен адам қалай әрекет еткенін;
– куәгерлердің пікірі бойынша, жазатайым оқиғаға не себеп болғанын анықтау керек.

Егер куә (куәгер) осы кәсіпорында жұмыс істесе, бұл учаскедегі қауіпсіздік техникасының жай-күйі туралы, атап айтқанда:

– еңбекті қорғау жұмысының ұйымдастырылуы туралы;
– қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту мен нұсқамалықтың жүргізілуі туралы;
– оның әсіресе орын алған бұзушылыққа ұқсас бұрын қандай бұзушылықтарды байқағаны туралы;
– басшылықтың бұл бұзушылықтар туралы білген-білмегені және олар бойынша қандай шаралар қолданылғаны және т. б. туралы білу қажет.

Куәгерлердің айғақтарын тергеп-тексеру барысында алынған басқа да деректермен салғастырған жөн. Егер мәліметтер қарама-қайшы болса, жағдайдың егжей-тегжейін нақты білу үшін куәлардан қайта жауап алған жөн, қажет болған кезде басқа куәгерлерді тауып, барлық алынған деректерді қайта салғастырған жөн. 
Сіздерге жауап алуды дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін әрекеттер рет-тәртібін ұсынамыз. Сонымен, әр қадам сайын неге назар аудару керек?
 

 

1-қадам. Хаттаманың нысанын дайындаңыз


Бұл үшін барлық қажетті нысандардың дайын үлгілерін алдын ала дайындап қойыңыз. Жауап алу хаттамасының дайын үлгісін пайдаланыңыз. Жауап алар алдында бос бланкілерді артығымен басып шығарып алыңыз, не болмаса жазатайым оқиға болған жерде жауап алу хаттамасының нысанын көбейтуге мүмкіндік бар-жоғын біліп алыңыз. Нысанды дайындаған кезде жазатайым оқиғаның мәні бойынша жауап алынатын адамның түсіндірмелері бірнеше парақты алуы мүмкін екенін ескеріңіз.


2-қадам. Жауап алынатын адамдар тобын анықтаңыз


Тергеп-тексерген кезде зардап шеккен адамнан (егер бұл медициналық көрсетілімдер бойынша мүмкін болса), куәгерлерден және лауазымды тұлғалардан жауап алуыңыз керек (ҚР ЕК-нің 189-бабының 3-тармағы). Ұйымның лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру - бөлу немесе әкімшілік -шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жұмыскерлер, түрлі басқару деңгейлеріндегі басшылар жатады. Мысалы, учаске шебері немесе бастығы, бас инженер. Олардың түсіндірмелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауға болады.
Жауап алынған адамдар саны жазатайым оқиғаның болған орны мен мән-жайларына байланысты. Мүмкіндігінше оқиғаның барлық куәгерлерінен жауап алыңыз. Барлығы да белгілі және қосымша мәліметтер керек емес деген негізбен ғана жауап алудан бас тарту дұрыс емес. Әрбір түсіндірме анықталған деректердің шынайылығын растауы, оларды толықтыруы немесе нақтылауы мүмкін, ал кейде жауаптың бар нұсқасын жоққа шығаруы мүмкін.


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін кімнен және қалай жауап алу керек?
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін кімнен және қалай жауап алу керек?

3-қадам. Сұрақтар ойластырыңыз


Жауап алар алдында өндіріс технологиясын, саланың ерекшелігін және белгілі мән-жайларды ескере отырып, сұрақтар жоспарын дайындап алыңыз. Сұрақтар тізбесі жауап алынатын адамның қандай лауазым атқаратынына, оның осы учаскеде жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік атқаратын-атқармайтынына байланысты болады. Қосымша жазатайым оқиғаның мән-жайларына және өндіріс ерекшелігіне байланысты нақтырақ сұрақтар қоя аласыз.
Сұрақтардың толық тізбесі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруде ғана емес, сонымен қатар жарақаттанудың алдын алу іс-шараларын әзірлеген кезде де көмектеседі. Жауап алған кезде еңбекті ұйымдастырудағы және қызметкерлерді оқытудағы олқылықтарды анықтауға болады, ал жұмыс беруші болашақта оларды жою шараларын қолдана алады.
 

4-қадам. Жауап алуға жағдай жасаңыз


Шынайы ақпарат алу үшін жауап алуды жазатайым оқиға болған жерді қарап-тексерумен қатар немесе тікелей содан кейін жүргізіңіз. Әрбір жауап алу кезінде комиссияның құрамы толық болуы міндетті емес, бірақ хатамада оған тікелей қатысқандарды көрсету қажет.
Жауап алған кезде мүдделі тұлғалар болмауы тиіс, өйткені олар сөз немесе ым-ишара арқылы жауап алу барысына немесе түсіндірме жазуға ықпал етуі мүмкін. Мүдделі тұлғалардың ықпалын болдырмау үшін жауап алуға жеке үй-жай бөлінеді.

5-қадам. Жауап алыңыз


Егер жауап алған кезде дербес компьютерді, диктофонды немесе басқа да құрылғыларды пайдалансаңыз, қатысушыларға техникалық құралдардың қолданылатыны туралы мәлімдеңіз.
Жауап алған кезде дұрыс айғақ бермегені үшін жауапты болатыны туралы ескертулер жасау, оған қоса қоқан-лоқы жасау заңға қайшы. Бұл ретте Қазақстанда ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес (Қазақстан Республикасының Конституциясының (10.03.2017 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) 77-бабы) ескеріңіз.
Сондықтан егер жауап алынатын адам жауап беруден бас тартса, мұны жай ғана хаттамада көрсетіңіз. Мысалы, мынадай тұжырымдалған сөйлемді пайдаланыңыз: «Бұл сұрақ бойынша түсіндірме беруден бас тартты».
Жауап алған кезде комиссияның қорытындысы шыққанға дейін жазатайым оқиға жауап алынған адамның кінәсінен болды деп әдейі баса айтуға болмайды.
Жазатайым оқиғаның мән-жайларын нақты анықтау үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойыңыз. Оларды хаттамада диалог түрінде ресімдеңіз. Оқиғаның егжей-тегжейін анағұрлым шынайы ашу үшін жауап алған кезде зардап шеккен адамға, куәгерлерге және басшыларға бірдей сұрақтар қойыңыз.
Лауазымды тұлғалардан жауап алу барысында жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік талаптарын сақтау міндеттерін анықтаңыз. Учаскедегі жұмыстардың орындалуын бақылау қалай ұйымдастырылғанын айқындаңыз. Жазатайым оқиға кезінде міндетті түрде зардап шеккен адамның тікелей басшысынан жауап алыңыз. Жұмыс басшылары еңбекті қорғау қағидаларының бұзылғаны үшін және қол астындағы жұмыскерлердің дұрыс әрекет етпегені үшін жауапкершілік атқарады, сондықтан олардың түсіндірмелеріне сын көзбен қараған жөн, өйткені олар оқиғаның мән-жайы туралы сыңаржақ мәліметтер беруге тырысуы мүмкін. Сондықтан олардың түсіндірмелерін оқиғаға басқа да қатысушылардан жауап алған кезде растау немесе жоққа шығару керек.
 

6-қадам. Хаттаманы ресімдеуді аяқтаңыз

Хаттама ресімдеген кезде сұрақтар мен жауаптар түсінікті әрі қысқа, жауап алынатын адамдардың қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылған болуы тиіс.
Зардап шеккен адамдардан, куәгерлерден және басқа да куәлардан жауап алу нәтижелерін жауап алуды жүргізген комиссия мүшелері ғана хаттама түрінде тіркеп, ресімдеуі керек.
Жауап алу хаттамаларының түпнұсқалары жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында сақталады.
Тергеп-тексеру, арнайы тергеп-тексеру актілерінің нысандары мен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы актілердің нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен бекітілді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар мен уақиғаның басы-қасында болған адамдардың сұрақ-жауап хаттамасы

үлгісі


Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2018  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты