Өткізу кезінде жұмыс берушінің міндеттері бақылау

627
Анықталған бұзушылықтар бойынша тексерілетін субъект үш күннен кешіктірмей шаралар туралы ақпарат беруге, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған
Тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері (ҚР «ҚР-ндағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 1 бабы).

Құқық субъектілерін тексеру

ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 27 бабына сәйкес бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер мыналарға:
– ексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары – жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
– тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не
өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
– «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабы
7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
– егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса,
«Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабы
7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру
тағайындалған;
– «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 13, 14, 15-бапта-
рында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар
болмаған;
– егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе,
жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабар-
ламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды
мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
– тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу
тапсырылған;
– «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабының
3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау
туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер
көрсетілген;
– тексеру мерзімдері «Мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы»
Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған жағдайларда тексеруге
жібермеуге;
– егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде
көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
– тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге
және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен шағым жасауға;
– мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерілетін
субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын
орындамауға;
– тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
– үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс- әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

Жұмыс берушінің құқықтары

ҚР Еңбек кодексінің 332 бабына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына
түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен
құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Сондай-ақ жұмыс беруші (ҚР Еңбек кодексінің 332 бабы) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
– мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
– тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым
қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса
тіркеу үшін қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды
(мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің
міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасы-
на (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік жасауға;
– мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға;
– тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау
жөнінде ақпарат беруге міндетті.

Тексеру субъектісі міндетті

ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау жүргізген кезде тексерілетін субъектілер:
– ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 18-бабы
1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің
аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
– коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай
отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары-
на қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не
олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу
үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес
автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне
мүмкіндік беруге;
– тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
– жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;
– егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
– объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін
белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмыс беруші міндетті

Бұған қоса, ҚР Еңбек кодексі 147 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке
тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың
қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін кызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың
босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі
өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған
күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырусыз жұмыс беруші еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне тараптар қол қойған ұжымдық шартты, жазбаша сұрату бойынша еңбек қауіпсіздігі, жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты, сондай-ақ бір ай мерзімде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелерін қағаз және электрондық жеткізушілерде ұсынуға міндетті.
Тексеру нәтижесінде айқындалған бұзушылықтар бойынша тексерілетін субъект қарсылықтар жоқ болған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мерзімдерін көрсетуімен айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті, мерзімдер тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінде келулер мен тексерулерді есепке алу кітабын жүргізу құқығы бар. Мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды тұлғалары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің келулер мен тексерулерді есепке алу кітабына аты-жөнін, лауазымдарын көрсетіп, жүргізілген іс-әректтер мен актіде баяндалған мәліметтер туралы жазбалар түсіруге міндетті.


Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль