Әлеуметтік әріптестік жүйесіне жаңа тәсілдер

876
Кусаинов А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан, г. Астана
Біздің елде жиырма жыл бойы қызметкерлер, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың арасындағы әлеуметтік әріптестік әрекет етіп келеді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі  «Кәсіптік одақтар туралы» № 2107-ХII  Заңында кәсіподақтардың мәртебесі, олардың функциялары мен міндеттері туралы айтпағанның өзінде,  тіпті «әлеуметтік әріптестік» түсінігінің өзі де жоқ еді.  Осыған байланысты 2014 жыл кәсіподақтар үшін ерекше жылға айналды: ширек ғасыр дерлік уақыт өткен соң, екі жарым жылдай кеңінен талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасының  «Кәсіптік одақтар туралы» № 211-V  Заңы (бұдан әрі – Заң) 2014 жылдың 27 маусымында қабылданды.

Жаңа перспективалары

Заң кәсіподақтардың алдынан мүлдем жаңа перспективалар, оның ішінде уақыттың заманауи талаптарын ескере отырып, үшпартиялылық саласында әлеуметтік сұхбат құру перспективасын ашты. Онда шешімдер қабылдаудың төрт деңгейі: орталық – сала – аумақ – кәсіпорын айқын белгіленді; әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының қабылданған шешімдердің іске асырылуы,  келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуына бақылау жасау үшін жауапкершілік бекітілді.

Заңның негізгі мақсаттары:

  • кәсіподақтардың рөлін күшейту;
  • кәсіподақ қозғалысында орын алған проблемаларды әлеуметтік әріптестіктегі сұхбаттың жаңа формаларын құру арқылы шешу;
  • жалдамалы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылық пен салауаттылыққа қол жеткізу.

Заңға енгізілген жаңалықтар:

  • кәсіподақтарға қызметкерлер мүдделерін білдіру мен келіссөздер жүргізуде басымдыққа ие құқықты бекіту;
  • кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін кеңейту;
  • кәсіподақтар (кәсіподақтардың әралуандылығы да көзделуде) мен қауымдастырылуы (мүшелік);
  • еңбекшілердің еңбек, әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (14.01.2015 ж. берілген өзгерістер мен өзгертулермен) сәйкес ұжымдық шартты жасасудан негізсіз бас тарту, орындамау немесе бұзушылық, сондай-ақ ол жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару үшін жауапкершілік күшейтілді.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Кәсіподақтар федерациясы мен оған мүше ұйымдардың тиімді құрылымын құру қажет. Және де мұндай мүмкіндікті жаңа Заң береді. Заңға сәйкес әлеуметтік әріптестік қағидаттары жаңаша құрылмақ.

Республикалық деңгейде:

 Кәсіподақтар федерациясы Үкіметпен және кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен өзара әрекеттестікте болады. Бүгінгі күні қабылданған нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі өңірлердің, салалар мен тұтастай алғанда елдің әлеуметтік даму мәселелерін қамтиды. Кәсіподақтардың заңнамалық актілерді талқылау мен қабылдауға қатысуы заңнамалық деңгейде бекітілген (енгізілген жаңалық). Кәсіподақтар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатыса алады.

Салалық деңгейде:

 Министрліктер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар саланың стратегиялық құжаттарын қарастырады, еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттарын белгілейді, салалық біліктілік шеңберін бекітеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес құрады.

Өңірлік деңгейде:

Жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өңірдің бағдарламалық құжаттарын қалыптастырады, жұмыссыздық деңгейін төмендету мен жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, еңбек даулары мен жанжалдарын реттеуге жәрдемдеседі.

Кәсіпорындар деңгейінде:

 Кәсіподақ пен басшылықтың арасында ұжымдық шарт жасалады, онда еңбекті нормалау мен ақы төлеу шарттары, қызметкерлерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жөніндегі шаралар, ұжымдық шарттың орындалуына бақылау жасау тәртібі белгіленеді.

Елдегі кәсіподақ ұйымдарында 17 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды (96,1%). Салалық кәсіподақтар  21 келісім, кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері  – 14 келісім жасады.

Заманауи жағдайларда кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық саясатында азаматтық қоғамның кез келген мүшесімен әріптестік өзара қатынастар орнату шеберлігіне ерекше рөл беріледі.

Кәсіподақтар федерациясында «Жанжалдарды оқыту, зерттеу және шешу орталығы» (бұдан әрі  – Орталық) құрылды, оның негізгі міндеттері являются:кәсіподақ мүшелерінің бәрін оқыту; елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізу және проблемаларды тиімді шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу қызметкерлер мүдделерін дәлелді қорғауға және дәлелсіз сын әдістерінен қашықтауға мүмкіндік береді.

Медиация мен әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеудегі келіссөз жүргізу дағдыларын енгізу мақсатымен медиацияға оқыту  жөніндегі курстар ашылды, тізілім әрекет етеді, оған еңбек жанжалдарын шешуге жәрдемдесуге және шешуге дайын тұрған 32 кәсіпқой медиатор енгізілген.

Орталық базасында кәсіподақтық қызметтің – кәсіподақ комитетін ұйымдастырудан бастап медиация (медиатордың көмегімен тараптардың арасындағы еңбек жанжалын реттеу рәсімдерін) өткізуге дейінгі барлық бағыттары бойынша оқыту жүргізіледі.

Кәсіподақтар рөлін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы  № 251-III Еңбек кодексіне (09.02.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) енгізілген аса маңызды жаңалық қызметкерлердің өкілдері болу құқығын иеленетін тұлғаларды анықтау болды.

Қызметкерлерге өкілдік ету басымдығы кәсіподақтарға берілген және кәсіподақ болмаған жағдайда ғана, қызметкерлерге өкілдік етуге басқа уәкілетті органдар құқылы болады. Бұрынырақта заңнамада қызметкерлер өкілдерін сайлау тәртібі белгіленбеген болатын. Еңбек кодексі қызметкерлер өкілі болып сайлану тәртібіне үш міндетті талап қояды:

 біріншіден, ол қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференцияда) сайлануы тиіс;

 екіншіден, жиналысқа қызметкерлердің (конференция делегаттарының) үштен екіден аз емес бөлігі қатысулары тиіс

 үшіншіден, жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың көпшілігі оны жақтап дауыс берулері тиіс.

Енгізілген барлық жаңалықтар олар жоқ кәсіпорындарда кәсіподақтар құру перспективаларын жақсартуды, кадрлар дайындау мен кәсіподақ қозғалысының басшылары мен қызметкерлер мүдделерін әлеуметтік сұхбаттың барлық деңгейлерінде лайықты қорғай алатын өкілдердің кәсіпқойлығын арттыруды, еңбек қатынастарының негізгі қатысушылары мүдделерінің теңгерілгендігін қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінгі күні кәсіподаққа мүшелікпен жалдамалы қызметкерлердің тек 30,6 %-ы ғана қамтылған.

Қазіргі уақытта ең жоғарғы деңгейдегі көптеген халықаралық кездесулер өтеді, оларға қатысушылар Кәсіподақтар федерациясын уақыттың жаңа шақыруларын қабылдайтын, өзінің ішкі проблемаларын реформалар мен жаңғыруға көнетін проблемалар ретінде ұғынған және басты мақсаты – адам еңбегін лайықты қорғау деп білетін, ең бұқаралық ұйым ретінде мойындайды. Бүгінгі күні бұл басты мақсатқа қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалған: заңнамалық база қалыптастырылған, жаңғырту тұжырымдамасы қабылданған, өткен жолды түйсіну болып өтті, болашақ ұрпақ тағдыры үшін жауапкершілік сезімі өсе түсті.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль