Актілерді орындамағаны үшін қолданылатын шаралар

563
Кедергі келтіргені үшін мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындау, орындалмаған қаулылар әкімшілік жауапкершілік

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:

Еңбек инспекторларының құқықтары

1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы
киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану
құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау
арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін мате-
риалдар мен заттарды талдау жасау үшін алуға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге; 9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі
бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Мемлекеттік еңбек инспекциясына оның құзіретіне кіретін мәселе бойынша (сот қарауға қабылдаған талап арыздарды немесе олар жөнінде соттың шешімі бар мәселелерді қоспағанда) заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде кәсіподақ органы, қызметкер немесе өзге тұлғалар жүгінген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасын немесе еңбек құқығының нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерді айқын бұзушылықты анықтау кезінде жұмыс берушіге
міндетті орындалуға жататын нұсқама беруге, сондай-ақ кінәлі тұлғаны әкімшілік жаупкершілікке тартуға құқылы. Мемлекеттік еңбек инспекторы жүгіністерді, өтініштерді мұқият зерделеуі, тексеру барысында жол берілген бұзушылықтарды талдауы, тиісті шешім қабылдауы және ол туралы өтініш білдірушіге жазбаша формада хабарлауы тиіс.

Бұзушылықтарды жою мерзімдері

Бұзушылықтарды жою мерзімдері әдетте жұмыс берушімен (тексерілетін
объектінің лауазымды тұлғасымен) келісіледі, алайда жұмыс беруші әрқашанда айқындалған бұзушылықтарды келісілген мерзімде орындай бермейді, кейде тіпті себептерін түсіндірместен, орындаудан мүлдем бас тартады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 356 бабымен өзінің
қызметтік міндеттерін орындауда мемлекеттік еңбек инспекторына кедергі
жасағаны, қаулыларды, нұсқамалар мен өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкiмшiлiк жауапкершілік көзделген.
Мысалы, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсынымдарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау - жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазым- ды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осылайша, егер жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторы нұсқамаларының талаптарын орындамаған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға және оны белгіленген тәртіппен соттың қарауына беруге немесе іс материалдарын заңды талаптарды мәжбүрлеп орындату үшін сотқа беруге құқылы.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях