Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді бақылау

771
Ұйымдарда ҚР еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзіретіне сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті өтуіне бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Бақылау және есепке алу

Ұйымдарда ҚР еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады (ҚР еңбек кодексі 328 бабының 1 тармағы). ҚР Еңбек кодексінің 327 бабына сәйкес жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзіреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру,
сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы сепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
Өндірістегі жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе
жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілінен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге әсер етуі (ҚР Еңбек кодексінің 1 бап, 1 тармағының 63 тармақшасы).
Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе
заңды тұлға (ҚР Еңбек кодексінің 1 бап, 1 тармағының 43 тармақшасы).
Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға (ҚР Еңбек кодексінің 1 бап, 1 тармағының 59 тармақшасы). Қызметкерлердің өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметтер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар (ҚР Еңбек кодексінің 1 бап, 1 тармағының 60 тармақшасы).
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі (ҚР Еңбек кодексінің 38 бабы, 3 тармақ).

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру ҚР Еңбек кодексі белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Олардың еңбек қызметіне байланысты қызметкерлер денсаулығының
зақымдануына және еңбекке қабілетсіздікке не өлімге әкеп соққан жағдайлардан басқа кәсіптік практикадан өтіп жүрген оқушылардың, әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарға тартылған әскери қызметшілердің, сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың,сондай-ақ әскерилендірілген авариялыққұтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың,
дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлкін құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің, ұйымдар мен кәсіпорындардағы әр түрлі жұмыстарды орындауға тартылғандардың денсаулығы зақымданған жағдайлары да тергеп-тексеруге жатады.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 47 тармақшасы).
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт,сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 49 тармақшасы). Сондай-ақ жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен,
құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартын-
да, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер, баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер де кіреді (ҚР Еңбек кодексінің 76 бабы, 2 тармағы, 188 баптың 3 тармағы).
Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 81 тармақшасы).
Қауіпті өндірістік фактор – қызметкерлерге әсер етуі еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 57 тармақшасы).
Қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуімен денсаулыққа келтірілген
зақымданулар өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде анықталуы мүмкін, өйткені ҚР АК 917 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз әрекеттермен (әрекеттсіздікпен) келтірілген зиянды зиян келтіруші тұлға толық көлемінде өтеуі тиіс.
Зиянды өндірістік фактор – әсері қызметкердің сырқаттануына неме-
се еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының
денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 52 тармақшасы).
Зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты зардап шегуші
денсаулығының кенеттен нашарлау фактісі медициналық мекеменің қорытындысына сәйкес анықталады.

Өндіріспен байланысты

Кәсіптердің тұтастай бір қатары үшін оқиғаның орны мен уақыты өндіріспен байланысты жазатайым оқиға туралы мәселені шешу кезінде негізгі маңызға ие болады, яғни бұл тұлғалар үшін «кәсіпорын аумағы» түсінігі қабылданбайды, өйткені бұл санаттағы қызметкерлердің жұмысы объектілер арасында жүріп-тұрумен байланысты.
ҚР АК 931 бабына сәйкес қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және басқалар) егер зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, онда жоғары қауіптілік көзімен келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
Зиянды өтеу міндеті жоғары қауіптілік көзін меншік құққығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен немесе шұғыл басқару құқығымен немесе кез келген басқа заңды негізде (мүлікті жалға алу шарты, көлік құралын басқару құқығына сенімхаттар, құзіретті органның көзді беру туралы өкімі және т.б.) иемденген заңды тұлғаға неме-
се азаматқа жүктеледі.
ҚР АК 920 бабына сәйкес аса қажеттілік жағдайында, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе басқа тұлғаларға төнген қауіпті жою үшін келтірілген зиянды, егер бұл қауіптілік мұндай мән-жайларда өзге құралдармен жойылуы мүмкін болмаса, зиян келтіруші тұлға өтеуі тиіс.
Өндірісте болып өткен барлық жазатайым оқиғалар егер өзге анықталмаса, өндіріспен байланысты болып есептеледі.
Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды (ҚР Еңбек кодексінің 93 бабының 5 тармағы). Мысалы, егер механикалық цехтың қызметкері түскі үзіліс кезінде немесе жұмыс уақытында өз бастамасымен немесе өз мақсаттарымен ағаш ұсталық цехына барып, ол жерде бөлшектерді дайындаумен айналысты және бұл ретте жарақат алды делік, онда мұндай оқиға өндіріспен байланысты деп есептелмейді.
Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі (ҚР Еңбек кодексінің 212 бабының 1 тармағы). Алайда, егер, мысалы, қызметкер ауысымаралық демалыс немесе түскі үзіліс кезінде өз бастамасымен жұмыс берушінің тапсырмасынсыз өндіріспен байланыссыз қандай да бір іс-әрекеттер жасап, жарақат алса, онда бұл оқиға өндіріспен байланысты емес деп есептеледі.

Алкогольдік масаң күйін

Алькогольдік масаңдану, уытты және есірткілік (оларға ұқсас) заттарды
тұтыну ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 
бұйрығымен бекітілген «Психоактивті заттарды тұтыну және масаңдану жайкүйі фактісін анықтауға арналған медициналық куәлендіруді өткізу жөніндегі Нұсқаулықтың» негізінде анықталады.
Бұл Нұсқаулыққа сәйкес психоактивті заттармен қатты уыттану салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлықтық вегатативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй масаңдану деп аталады. Масаңдану алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлықтық болуы мүмкін.
Куәлендіруге қабылдау ішкі істер органдары, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ куәлендірілетін тұлғаның жұмыс орны бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Барлық жағдайларда да куәлендіруді өткізетін дәрігерге куәлендіру қажеттігін туындатқан себептер, және оның мақсаттары хабарлануы тиіс.
Куәлендіруді ресми жолдамасыз азаматтардың жеке жүгінісі бойынша өткізуге жол беріледі. Бұл ретте куәлендірілуші жеке тұлғаны куәлендіретін құжат және оның медициналық куәлендіруді өткізу қажеттігі туралы өтінішінің себептері жан-жақты бандалған жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Нәтижелері медициналық куәлендірудің тиісті актісімен ресімделеді, ол азаматқа беріледі, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың ресми жазбаша сұратуы бойынша берілуі (жіберілуі) мүмкін.

Куәландыру

Медициналық куәлендіруге жататын тұлғалар ол өткізілетін жерге жол-көлік оқиғасы жасалған немесе масаңдану жай-күйінің белгілері айқындалған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірілмей жеткізілулері тиіс.
Егер куәлендіруді толық көлемінде өткізу жай-күйінің ауырлығынан неме-
се алынған жарақаттардан мүмкін болмаған болса, онда кейінге қалдыруға болмайтын медициналық көмек көрсетілетін емдеу-профилактикалық ұйымда шығарылатын ауада және биологиялық ортада (қан, несеп, сілекей) психобелсенді заттардың бар екендігіне міндетті түрде зерттеулер жүргізіледі. Мұндай зерттеу дәрігер масаңданудың клиникалық бейнесіне күдіктенген немесе куәлендірілушінің
куәлен-діру қорытындысымен келіспеген кезінде де  жүргізіледі. Биологиялық орталар үлгілерінің мәліметтері куәлендіру өткізілген медициналық ұйымда олардың сақталуына қажетті, кепілдік берілетін жағдайлар сақталған кезде 25 күн бойы сақталады.
Медициналық ұйымдарда психобелсенді заттарды тұтыну мен масаңдану
жай-күйін фактісін анықтау үшін куәлендіруді тәуліктің кез келген уақытында наркологиялық ұйымдардың кабинеттерінде психиатр-нарколог дәрігерлер, басқа мамандықтардағы арнайы дайындалған дәрігерлер өткізеді, ал ауылды жерлерде (медициналық ұйымдардан елеулі қашықта орналасқан кезде, штатында дәрігерлер жоқ фельдшерлік пунктерде) наркологиялық ұйымдарда арнаулы дайындықтан өткен фельдшерлерге медициналық куәлендіруді өткізуіне жол
беріледі. Медициналық куәлендірудің негізінде қорытынды қалыптастырылады, онда куәлендірілушінің тексеру сәтіндегі жай-күйі айқын сипатталуы тиіс.

Қорытынды жасау кезінде

Дәрігер (фелдьшер) қолда бар клиникалық және (қажет болған кезде)
зертханалық мәліметтердің негізінде мынадай жай-күйдің бірін белгілеуі тиіс:
1) салауатты;
2) (қандай да бір) психобелсенді затты тұтыну фактісі анықталды, масаңдану белгілері айқындалған жоқ;
3) дәрежелері бойынша (жеңіл, орташа, ауыр) алкогольдік масаңдану;
4) зертханалық растау кезінде басқа психобелсенді заттарды (есірткілер – опиодтер, каннабиноидтер, кокаин, седативті, ұйықтатушы заттар, психикалық ынталандырғыштар, галлюциногендер, ұшқыш еріткіштер) тұтынумен туындаған масаңдану (есірткілік, уыттылық) жай-күйі.
Медициналық куәлендірудің қорытындысы екі дана етіп жасалынады,
дәрігердің қолымен және куәлендіру өткізілген медициналық ұйымның мөрімен куәлендіріледі. Бір данасы куәлендірілушіні жеткізген лауазымды тұлғаға беріледі, ал екіші данасы медициналық ұйымда қалдырылады және медициналық ұйымның аурулар тарихтарымен және басқа медициналық құжаттарымен бірге мұрағаттық істерінде сақталады.
Алып жүруші болмаған кезде куәлендіру қорытындысының бір данасы ішкі істер органдарының, басқа да құқық қорғау органдары мен мүдделі ұйымдардың ресми жазбаша сұратуы бойынша поштамен жіберіледі.
Куәлендірілуші тұлға (немесе оны жеткізген лауазымды тұлға)
куәлендірудің нәтижелерімен келіспеген кезде басқа дәрігер немесе комиссия куәлендіруді қайтадан өткізеді. Психобелсенді затты тұтыну фактісін және масаңданудың жай-күйін анықтау үшін қайтадан медициналық куәлендіру жағдайында куәлендіру толық көлемінде, бірақ бірінші куәлендіруден кейін 2 сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсі

Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің қорытындылары бойынша арнаулы комиссия жұмыс берушінің кінәсін дәлелдейтін бірқатар басқа себептерді (алкогольдік масаңдану себептерінен бөлек) анықтаса, онда жазатайым оқиғалардың кейбіреулері белгілі бір жағдайлар кезінде өндіріспен байланысты болып танылуы мүмкін. Сондықтан әрбір нақты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелерінің осы тармаққа сәйкес «объективті анықталды» сөзінің маңызын ұмытпағандары жөн. Әрбір жағдайда комиссия жазатайым оқиғаның не-
ден болғанын анықтауы қажет және бұл ретте жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің толық объективтілігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Азаматтың іс-әрекеттері егер ол өз әрекеттерінің қауіпті салдарларын алдын ала біліп, бұл салдарлардың басталуына саналы түрде жол берсе қасақана іс-әрекеттер болып танылады. Мұндай іс-әрекеттер фактісі құқық қорғау органдарымен немесе соттың шешімімен анықталады.
Зардап шегуші денсаулығының қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік
факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлау фактілері
медициналық қорытындымен анықталады. Медициналық қорытынды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекітілген «Сотмедициналық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес беріледі.
Қызметкер өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына хабарлауға міндетті (ҚР Еңбек кодексінің 315 бабының 1 тармақшасы).

Нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы хабарламаның

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы мемлекеттік еңбек инспекциясының
аумақтық бөлімшесіне хабарлау формасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғамен байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.
Кәсіпорында кәсіпорын ішінде, сондай-ақ тиісті мемлекеттік бақылаушы
органдармен жазатайым оқиға туралы хабарларды беру және тіркеу рәсімі
әзірленуі және құжаттамамен ресімделуі тиіс. Егер қызметкермен жазатайым оқиға кәсіпорынның тұрақты орналасу орнында (іссапар, вахта) болып өтсе, онда хабар оқиға болған жер бойынша мемлекеттік бақылау органдарына, сондай-ақ кәсіпорын заңды тіркелген жерге де жіберіледі.
Жұмыс беруші хабар жіберуі тиіс мемлекеттік органдар ҚР Еңбек кодексінің 323 бабы, 2 тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген. ҚР Еңбек кодексінің 14 бабына сәйкес ҚР еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиға, тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу туралы өз уақытында хабарламағаны (жасырғаны) үшін ҚР заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР ӘҚБКо 89 бабына сәйкес кәсіпорында қызметкер ұшыраған жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға – мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне өз уақытында хабарламау ұйымның лауазымды тұлғаларына және заңды тұлғаның өзіне қатысты әкімшілік іс қозғау мен оларды әкімшілік жауапкерлікке тарту үшін негіз болуы мүмкін.

Медициналық қорытынды

Жазатайым оқиға кезінде жұмыс беруші немесе жұмыстарды ұйымдастырушы зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек беруді және оны денсаулық сақтау ұйымына (денсаулық пунктіне, медициналық-санитарлық бөлімге немесе басқа емдеу мекемесіне) жеткізуді ұйымдастыруға міндетті.
Жұмыс орнындағы мән-жайды сақтау комиссия мүшелерінің не, қандай
жағдайларда және қандай себептерден болғанын талқылау үшін қажет.
Тергеп-тексерудің материалдары неғұрлым сенімді және көрнекті болуы үшін оқиға болған жерді және зақымданған обектілерді суретке түсіруді, жоспарлар, нобайлар, сұлбалар жасауды жүргізу қажет.
Кәсіпорында еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын
ұйымдастыру еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі ережелер
мен нормалар, технологиялық карталар, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
жөніндегі нұсқаулықтар, инженер-техникалық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, кәсіптер санаттары бойынша еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, нұсқамалар бағдарламалары, жұмыстың қауіпсіз әдістері жөніндегі нұсқамалар өткізу сияқты бірқатар құжаттармен регламенттеледі.

Кәсіпорын әкімшілігі ұсынатын құжаттар осы кәсіпорында нақты әрекет ететін және қолданылатын құжаттар болуы тиіс. Зардап шегушінің денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі туралы медициналық қорытынды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен «Өндірістік жарақаттанулардың ауырлығын анықтау сұлбаларына» сәйкес белгіленген формада беріледі.

Бұл қорытындыны зардап шегушілерді емдеу жүзеге асырылатын емдеу-
профилактикалық мекемелердің дәрігерлері жұмыс берушінің сұратуы бойынша мүмкіндігінше қысқа мерзімде (сұрату түскен сәттен бастап үш тәуліктен асырмай) береді.
Зардап шегушінің өлімі туралы медициналық қорытынды ҚР Денсаулық
сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекітілген «Сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес беріледі.

Жазатайым оқиға туралы хабардар ету

Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шегуші немесе куәгер дереу жұмыс
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары екі жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушілерді және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін өндірістегі қызметкерлердің жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген өзге де зақымданулармен алғаш жүгінген оқиға туралы, сондай-ақ асқынған кәсіптік ау-
рулар (улану) оқиғалары туралы – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етулері тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді, ресімдеу мен тіркеуді
ұйымдастыру үшін жұмыс беруші жауапкершілікте болады. Жұмыс берушілер мен лауазымдық тұлғалардың тарапынан жол берілетін, неғұрлым жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі жазатайым оқиғаны жасыру және (немесе) ол туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына өз уақытында хабарламау болып табылады. Біріншіден, меншік иелері, ұйымдардың басшылары жұмыс берушілер ретінде
өз қызметкерлері үшін, жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін өздерінің жеке жауапкершілігін толық көлемінде сезінбейді. Екіншіден, алда тұрған тергеп-тексеруді, мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді түйсіну, осыған сәйкес жазалаудың болмай қоймайтын шаралары, компания беделі және т.б., салдарында кейбір жұмыс берушілердің пікірінше, жарақаттануды «тұрмыстық» жарақат қатарына жатқызу үшін зардап шегушімен және оның туысқандарымен
келісуге әрекеттену тиімдірек болмақ. Үшіншіден, бірқатар жұмыс берушілер мұндай талапты білмегендіктен ғана жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына хабарламайды. Көпшілігі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерінде тәртіп орнатқысы келеді, бірақ неден бастау керек екендігін, нені
істеу және мұны қалай істеу керек екендігін білмейді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде сондай-ақ жұмыс берушілердің әр түрлі себептермен тергеп-тексерулер жүргізу мерзімдерін өткізіп алуларына, өндірістегі жазатайым оқиға туралы актілер белгіленген формаға сәйкес келмейтіндігіне немесе мазмұны жағынан жеткіліксіздігіне, сондай-ақ Н-1 формасы бойынша актілердің екінші даналары зардап шегушілердің қолына өз уақытында берілмейтін жағдайларға көңіл бөлу қажет.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру барысында жол берілген бұзушылықтары үшін жұмыс беруші мен кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль