Бақылауды дұрыс тергеуге және есепке жазатайым оқиғалар

749
Тексеруді мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін аясында өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, тіркеуге және есепке алу

ҚР ЕК 327-бабына сай жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергептексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларына

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орын-
далуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамаға сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас
мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады (ҚР ЕК 328-бабының 2-тармағы).
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және ҚР Конституциясын, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Уәкілетті лауазымды тұлғалар

Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының ҚР еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының ҚР еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және Кодексте көзделген
өкілеттіктерді жүзеге асырады (ҚР ЕК 328-бабының 5-тармағы).
ҚР еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады (ҚР ЕК 328-бабының 6-тармағы).
Бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және
қадағалау туралы» 2011.06.01 № 377-IV ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік
бақылаудың өзге фоммалары – ҚР ЕК-не сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген тексерулер мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алулар туралы заңнамаға сәйкес тіркеуге және есепке алуға жатады. Алайда, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және олардың себептерін жою жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау шеңберінде өткізілген
тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу органдарында тіркеу мен есепке алуға жатпайды.

Мемлекеттік инспекторлардың құқықтары

Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру
мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары заңнамамен белгіленген тәртіпте, ҚР ЕК нормаларына және ҚР 2001.07.05 № 194 Заңымен ратификацияланған ХЕҰ № 81 «Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы» Конвенциясына, ҚР 2001.07.05 № 195 Заңымен ратификацияланған ХЕҰ № 129 «Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы» Конвенциясына сәйкес тиісті құқықтарға ие болады және оларды мемлекеттік еңбек инспекциясының тиісті
органында құзірет шектерінде іске асырады.
Бұл мақсаттар үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары тәуліктің кез келген
уақытында барлық ұйымдық-құқықтық формалар мен меншік формаларындағы инспекторлық жасалатын ұйымдарға бөгетсіз кіру құқығын иеленген. Оларға ол орнатылған жерде рұқсаттық режім құқығы қолданылады. Тексерілетін ұйым аумағына кіру үшін мемлекеттік инспекторға белгіленген үлгідегі қызметтік куәлікті көрсету жеткілікті.
Мемлекеттік еңбек инспекторы қажетті ақпарат алу үшін сол жерде құжаттармен және материалдармен танысуға құқылы. Бұл ретте жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің құжаттарды қандай да бір сылтаумен, оның ішінде оларда коммерциялық немесе мемлекеттік құпияның бар екендігін уәждеп, ұсынудан жалтаруына жол берілмейді.
Коммерциялық немесе мемлекеттік құпиясы бар құжаттармен жұмыс істеу заңмен белгіленген ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

Еңбек инспекторлары құқығы бар

Өздерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары бар еңбек инспекторлары:
- инспекцияның бақылауына жататын кез келген кәсiпорынға тәулiктің қай уақытында болмасын алдын ала хабарламастан кедергiсiз кіруге;
- инспекцияның бақылауына жатады деп есептеуге өздерiнiң жеткiлiктi
негiздерi бар барлық ғимараттарға күндiзгi уақытта кiруге;
- заң ережелерiнiң тиiмдi сақталатындығына көз жеткiзу үшiн олар қажет деп санай алатын кез келген тексерудi, бақылауды және зерттеулердi жүзеге асыруға, атап айтқанда:
- кәсiпкерге немесе кәсiпорынның қызметкерлерiне заң ережелерi
қолданылатын барлық салалар бойынша жеке немесе куәгерлердiң
қатысуымен сұрақтар қоюға;
- жүргiзiлуi еңбек жағдайлары мәселелерi жөніндегі заңдармен ұйғарылған
кез келген кiтаптың, тiзiлiмнiң және құжаттың заң ережелерiне сәйкестiгiн
тексеру және олардың көшiрмесiн немесе кейбір жерлерiнен үзiнділердi
түсiрiп алу мақсатында олармен танысуды талап етуге;
- заң ережелерiнде көзделгенiндей, хабарландыруларды iлудi талап етуге;
- материалдардың немесе заттардың талдау мақсатымен алынғаны және
әкетілгенi туралы кәсiпкердi немесе оның өкiлiн хабардар еткен жағдайда,
пайдаланатын немесе өңдейтiн материалдар мен заттардың үлгiлерiн тал-
дау үшiн алуға немесе өзiмен бiрге алып кетуге құқылы ( № 81 Конвенцияның 12- тармағы).
Егер мұндай хабарлау бақылаудың тиiмдiлiгiне нұқсан келтiредi деп есеп-
темесе, инспекциялық тексерiс жүргiзiлетiн жағдайда, инспектор өзiнiң қатысуы туралы кәсiпкерге немесе оның өкiлiне хабарлайды.

Құжаттармен танысу

Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат болуы мүмкін барлық құжаттармен танысуға құқылы. Олардың қатарына: ведомствоға қарасты ұйымдардың бұйрықтары мен өкімдері, статистикалық есептілігі, тексеру актілері, бақылаушы органдар ашқан заңдарды бұзушылықтар мен
олардың себептері туралы материалдар, тексерілетін органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттары, шағымдары мен ұсыныстары және басқалар кіреді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы өзі үшін жеке-
леген құжаттардың көшірмелерін дайындау туралы өтініш жасауға құқылы.
Тексеру барысында айқындалған еңбек заңнамасының нормала-
ры мен ережелерін бұзушылықтарды жою үшін мемлекеттік еңбек инспекторы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007.24.07 № 174-ө «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.21.09, № 292-ө «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен тіркеуден өтті) сәйкес белгіленген үлгіде ұйғарым жазады. Белгілі бір қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын талап ететін
бұзушылықтарды жою мерзімдері субъектінің келісуі бойынша белгіленеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының, еңбек құқығы нормалары бар нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына кінәлі басшылар мен өзге де лауазымды тұлғаларды және тікелей ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде биліктік құқықтарды иеленген. Көрсетілген тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі оларға ҚР ӘҚБК баптарымен белгіленген мөлшерлерде ақшалай айыппұл салумен білдіріледі.
ҚР ӘҚБК 89 және 550-баптарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алудың, сондай-ақ бұл оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі шараларды орындаудың дұрыстығы, уақтылығы бөлігіндегі құқық бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды және (немесе) заңды тұлғаны әкімшілік айыппұлға тартуға құқылы.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль