Азаматтық қорғау саласындағы үгіт-насихаттық жұмыс

956
Отрадных А. М.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный научный сотрудник АО «Научно-исследовательский институт пожарной безопасности и гражданской обороны Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан», г. Алматы
Мемлекеттік деңгейде ҚР азаматтық қорғау мәселелері бойынша насихат жүйесі мен төтенше жағдайлар саласын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдануда

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі   «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V  Заңында (10.01.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – Заң)  азаматтық қорғау саласында халықты хабардар ету мен насихаттауға көп көңіл бөлінген. Заңның 47-бабы азаматтық қорғау саласында  білімді, тұрмыс пен өндірістегі қауіпсіздік ережелерін насихаттау, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда арнайы бағдарламалар құру, басылымдарда, интернет-ресурстарда тұрақты жарияланымдар ұйымдастыру жолымен үйрету мәселелеріне арналған.

Білімді насихаттау

          Соңғы жылдардың тәжірибесі төтенше жағдайлардың неғұрлым жиі, көлемді және қауіпті бола түскендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасында өндірістің одан әрі дамуы техногенді авариялардың, апаттардың, зілзалалардың салдарлары мен заманауи қырып-жою құралдарын қолданудың арасындағы шектердің жоғалуына әкеледі. Мұның аясында азаматтық қорғаудың рөлі елеулі өсе түседі, ал оның төтенше жағдайларға қарсы әрекеті біздің елдің қауіпсіздік жүйесінің неғұрлым маңызды құрамдасына айналады. Осыған байланысты халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімді насихаттау ерекше маңызға ие болады. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау мәселелері бойынша насихат жүйесі мен төтенше жағдайлар саласында үгіт-насихаттық қызмет тұжырымдамасын жетілдіру жөнінде мемлекеттік деңгейде іс-шаралар қабылдау қажет.

Төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, халық пен мамандарды оқыту табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларға жатады.

Міндеттері насихаттау

Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттаудың міндеттері:
1)  халық тіршілік қарекетінің мәдениетін қалыптастыру;

2) халықты табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардан қорғау тәсілдеріне оқыту;

3) бүкіл халықта азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысуға жауапты көзқарасты тәрбиелеу;

4) құтқарушы, ерікті, еріктіліктің оңды имиджін жасау, төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде жасалған батырлық қылықтарды насихаттау;

5)  азаматтық  қорғау саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жинақталған оңды тәжірибені жалпылау және тарату;

6) азаматтық қорғау іс-шараларын насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын барынша пайдалану.

Халықпен жұмыс

  Халықпен жұмыс істеуде бұл аумақ үшін қауіптіліктердің ерекшелігін міндетті түрде есепке алу маңызды. Сейсмикалық қауіпті өңірлерде, химиялық қауіпті объектілердің  жанында, сел қаупі бар аудандарда, апатты су басу аймақтарында тұратын халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет.

Халықты көбірек қамту үшін насихаттық іс-шараларды оқыту мен насихаттаудың заманауи интерактивті техникалық құралдарын пайдаланумен өткізген жөн.

Жергілікті және республикалық радио хабарларын, әсіресе FM-диапазонында таратудың мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл бөлу керек.

Өткен ғасырдың 70- 90-жылдарының бас кезінде Қазақстанда республикалық радио мен теледидарда  аудиторияны бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстауға үйретуге мүмкіндік беретін «Халыққа азаматтық қорғаныс туралы» айдары тұрақты жүргізілген еді.  Танымал радиоарналардың  бәрінде азаматтық қорғау тақырыптамасына ақпараттық қосымшаларды қайта қалпына келтіру мақсатқа лайық болмақ. Бұл ретте азаматтарды  туындайтын қатерлерге байланысты жылдың әртүрлі мезгіліндегі мүмкін болатын төтенше жағдайлардан сақтандыру маңызды. Мысалы: жазда суайдындардағы мінез-құлық ережелері;күн сәулесінің өту қауіптілігі, орманды және таулы аймақтарда от жағу және т.б. туралы; қыста – үсіп қалу, қар көшкіндерінің жүру, борандардың қауіптілігі, жылыту жүйесін қалайша дұрыс пайдалану және күтпеген жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары туралы ақпараттар беру.

Мәні ақпарат

Сондай-ақ халықты азаматтық қорғау мәселелері саласында ақпараттандыру мен оқыту үшін теледидар мүмкіндіктерін де барынша пайдалану қажет: барлық арналарда азаматтық қорғау мәселелері бойынша телехабарларды жаңғырту; жастар аудиториясы үшін конкурстар мен телевикториналар ұйымдастыру. 

«Пожарный и спасатель» («Өрт сөндіруші және құтқарушы»), «Пожарная безопасность» («Өрт қауіпсіздігі»), «Технология безопасности» («Қауіпсіздік технологиясы»), «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналдары үлкен рөл атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдары тізбесін кеңейту, балалар журналдарында азаматтық қорғау жөнінде тараулар қосу (қауіпсіздік мәселелері бойынша балаларға арналған ақпарат берудің пәрменді формаларының бірі – комикстер) қажет.  

Азаматтық қорғау мақсаттарына қол жеткізуде арнаулы бүктемелер, жаднамалар, үнқағаздар шығару үлкен көмек көрсетеді. Алматы әкімдігі мен  «Алматы қ. құтқару қызметі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, Өскемен қ. әкімдігі шығарған материалдарды үлгі тұтуға болады.

Егер 70 – 80-жылдары ел экрандарында азаматтық қорғаныс бойынша жүзден астам фильм көрсетілген болса, бүгінгі күні кинозалдардың экрандарында азаматтық қорғау мәселелері бойынша білімді насихаттау іс жүзінде жүргізілмейді. Қысқаметражды,  әуесқой, ғылыми-көпшілік, оқу, мультипликациялық және арнайы фильмдерді көбірек шығару қажет.

Азаматтық қорғау мәселелері бойынша көптеген ақпаратты Интернет желісінен де алуға болады. Жастардың компьютерлік ойындарға қызығушылығын есепке ала отырып, оларды азаматтық қорғау бойынша білімді насихаттау үшін ақпарат құралы ретінде пайдалану қажет. Интернет – халықтың әртүрлі топтарымен интерактивті қарым-қатынас үшін де жақсы құрал: ересектер аудиториясымен – азаматтық қорғаудың атқарушы органдарының өкілдерімен онлайн кездесулер;  жастармен – компьютерлік ойындар.

Халықты хабардар ету мен насихат мәселелерін тиімді шешу  үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы  ескірген  № 50  «Төтенше жағдайлар саласында ақпараттандыру, білімді насихаттау, халық пен мамандарды оқыту Ережесін» (03.09.2013 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) алмастыратын жаңа заңнамалық  акт шығару қажет.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль