text
Справочник кадровика

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі

  • 5 октября 2018
  • 821
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі

Көрсетіледі, бұл күнде жазатайым оқиғаға, протекал еңбек процесі, олар кімдер басқарды сипатталады қолданылу зардап шеккен

Арнайы тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайлар туралы

Арнайы тергеп–тексеруге:

1) ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар;

2) зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар;

3) қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерген кезде комиссияға кім кіретіні жайлы

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп–тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде мынадай құрамда құрған комиссия жүргізеді:

1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
2) мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.

Екі адам қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды тергеп–тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.

Үштен бес адамға дейін қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды тергеп–тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес адамнан көп қайтыс болғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді.



Арнайы тергеп-тексеру актісін қалай толтыру керектігі жайлы

Тергеп-тексеру, арнайы тексеру және еңбек қызметіне, кәсіби ауруларға байланысты актілердің нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен бекітілген.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Нысан

 

 

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы
тергеп-тексеру
АКТІСІ

 

__________________________________________________________________________тағайындаған

                (еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе Қазақстан

                                           Республикасының Үкіметі)

құрамында төрағасы____________________________________________________________________

                                         (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

және комиссия мүшелері________________________________________________________________

                                             (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

______________________________________________________________________________________

                                     (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

бар комиссия 20 __ жылғы «___»_______ сағат___минутта____________________________________

(ұйымның атауы,

__________________________________________________________________жұмыскермен (лермен)

    зардап шеккен адамның (дардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

болған жазатайым оқиғаны 20__ жылдың «___»_________ «___»____________

дейінгі кезеңде арнайы тергеп-тексеруді жүргізіп, осы актіні жасады.

1. Зардап шегуші (лер) туралы мәліметтер:

 

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Лауазымы, еңбек өтілі

Нұсқау беру күндері

Жарақат ауыртпалығының дәрежесі

Зардап шегушінің қамқорлығындағы отбасы мүшелері туралы мәліметтер

 

2. Кәсіпорынның, учаскенің, жұмыс орнының сипаттамасы:

Жазатайым оқиға болған өндірістік объектіні, орынды қысқаша сипаттап, зардап шегушіге қандай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін екендігін көрсету керек.

Егер жазатайым оқиға объектідегі аварияның салдарынан болса, актіге мыналар қосымша енгізіледі:

өндірістік объектілер мен көтерме құрылыстардың сипаттамасы - объектінің атауы мен үлгісі, оның негізгі өлшемдері, зауыттағы нөмірі, жасап шығарушы зауыт, жасалған және орнатылған жылы, соңғы куәландырылған және тексерілген күні, сондай-ақ белгіленген куәландыру мерзімі;

аварияның санаты мен сипаты туралы деректер.

3. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары:

Жазатайым оқиға алдында болған жағдайды, еңбек процесінің жүргізілу жайын, бұл процеске кім басшылық жасағанын көрсету, зардап шегушінің (лердің) және жазатайым оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардың іс-әрекетін сипаттау, оқиғаларды ретімен баяндау қажет.

Жарақаттанудың себепшісі болған қауіпті (зиянды) өндірістік факторды, машинаны, құралды немесе жабдықты атау.

4. Жазатайым оқиғаның себептері:

Жазатайым оқиғаның негізгі техникалық және ұйымдастыру себептерін атап көрсету қажет, еңбек туралы заңнаманың, лауазымдық нұсқаулықтардың, еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтардың нақты қандай талаптары бұзылғанын көрсету (тиісті баптарға, параграфтарға, тармақтарға сілтеме жасау) керек.

5. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған іс-шаралар:

Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шаралар мен осындай оқиға қайталануының алдын алудан тұрады.

Олар қоса беріліп отырған нысан бойынша кесте түрінде берілуі мүмкін:

 

р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындаушы



 

6. Жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы және еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген адамдар туралы комиссияның қорытындылары:

Бұл бөлімде комиссияның қорытындылары тіркеледі:

1) осы жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы және бекітілген нысан бойынша еңбек қызметімен байланысты өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні жасау қажеттілігі туралы;

2) жазатайым оқиға себептерін ескере отырып, зардап шегуші қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі туралы;

3) жазатайым оқиғаға әкеп соққан әрекеттер немесе әрекетсіздікке жауапты адамдар сақтамаған белгіленген тәртіппен бекітілген заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтардың баптарын, параграфтарын, тармақтарын көрсете отырып, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, кәсіптері;

4) комиссия мүшелерінің зардап шегушілермен немесе олардың отбасы мүшелерімен олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтарын түсіндіру үшін кездескендігі туралы мәліметтер.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің қорытынды бөлігінде қоса беріліп отырған материалдардың тізбесі беріледі.

 

Комиссия төрағасы_______________________________________________________________

                                            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

                                           (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

_______________________________________________________________

                                           (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться