Интерактивті сабақ: отпен ойнауға болмайды

872
Куанышев Е.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела по чрезвычайным ситуациям Кызылжарского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области, г. Петропавловск
Және де жер-жерде ережелерді түсіндіру, қауіпсіздікті сақтау мен төтенше жағдайлар кезінде шұғыл іс-шаралар қабылдауға жағдай жасайтын құжаттама әзірлеу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында, жыл басынан бастап, қаңтар айының үш аптасында 50 өрт болып өтті, олардан келген залал 6 млн-нана астам теңгені құрады. Отта екі адам қаза тапты, өртке ұшыраған үшеуі ауырлығы әр түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Себебі ережелерін бұзу

Жылулық жинағышта 24 және 45 жастағы, белгілі тұрағы жоқ екі ер адам жарақаттанды. Бұл масаң күйінде отты абайсыздықпен пайдаланудың салдарынан болды. Зардап шегушілер беттері, қолдары, аяқтарындағы  күйіктерімен және ыс газымен уланумен емделуге жатқызылды.    

Өз үйінің ауласында жеке автомобиліне жанар май құю кезінде қырық үш жасар петропавлдық абайсыздықтан өзіне канистрадағы бензинді төгіп алды. Сырт киімін шешуге әрекеттену кезінде киімдегі статикалық электр тогының ұшқынынан бензин буының өздігінен тұтануы нәтижесінде денесін күйік шалды. Ер адам ауыр жағдайымен ауруханаға жеткізілді.

М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласындағы тұрғын үйдегі өрттің себебі жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болды. От еденді жоқ қылды, пешке зақым келтірді. Осыған  ұқсас себептен екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, жалыннан төбе жабыны зардап шекті.

Булаевода қозғалтқыштағы қысқа тұйықталудан «Mitsubishi Space Runner» автомобилі  өртенді, от апаты қозғалтқыш бөлігін және аспаптар панелін жоқ қылды.

Петропавлда металл гаражда шетелдік көліктен өрт шықты. Кейін анықталғандай, көлік құралының қожайыны қозғалтқышты қыздыру үшін газ жанарғысын өз автомобилінің астына қойып, қараусыз қалдырған. Қорытындыда автомобиль от құшағына оранды.

Статистика жылына мұндай 500-ден астам оқиғаның болып өтетіндігін көрсетеді. Түсіндіру жұмысы жүргізіледі, іс-шаралар қабылданады, алайда осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны азаймай отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі өрт қауіпсіздігі саласында қоғамдық сана деңгейін арттыру және азаматтық позицияны қалыптастыру мақсатында жеткіншек ұрпаққа ерекше назар аударады, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының арасында белсенді жұмыс өрістетеді.  Өртке қарсы тақырыптамадағы фильмдер мен слайдтарды көрсетумен «Отпен ойнама» интерактивті сабақтарын өткізу қауіпсіздік қағидалары мен саналы мінез-құлық ережелерін танымал ету формаларының біріне айналды. Сабақтар Қызылжар ауданы білім беру бөлімінің тікелей қолдауымен онлайн режімінде өткізіледі.

Сабақ кезінде өрт шыққан кезде өрт сөндірудің бастапқы құралдарын (атап айтқанда өртсөндіргішті) пайдаланумен жасалатын әрекеттер пысықталды, өрт, зақымдаушы факторлары туралы негізгі түсініктер қалыптастырылды, өрт шыққан кездегі мінез-құлық ережелері зерделенді.

Өрт және ол туындаған кездегі іс-әрекеттер

Өрттің анықтамасы

Адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін, арнаулы ошақтан тыс жанудың бақыланбайтын процесі өрт деп аталады.

Оқу ғимаратында өрт шығуының негізгі себептері

Газ жабдықтарымен және электр аспаптарымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзу.

Ақаулы электрлік қыздыру аспабын пайдалану. Аспапты ақаулы сұққышқа қосу.

Электрмен, газбен пісіру және отпен істелетін жұмыстарды жүргізу ережелерін бұзушылық.

Кездейсоқ немесе қасақана өрт салу.

Қауіпсіздікке немқұрайды қарау, өрттің мүмкін болатын салдарларын білмеу және жете бағаламау.

Арнайы белгіленбеген жерде темекі тарту.

Басталып келе жатқан өрттің белгілері

Түтіннің пайда болуы.

Жанған резеңке немесе пластмассаның сипатты иісінің болуы, электр желісіндегі кернеудің төмендеуі, электр тогы берілуінің бұзылуы – электр сымы тартылымы жануының белгілері.

              Ашық от пен бықсудың пайда болуы.

Өрттің негізгі зақымдаушы  факторлары

Оттың тікелей әсер етуі (жану).

Ұшқындар.

Жоғары температура мен жылулық сәулелену. Адамдар үшін жоғарғы тыныс алу жолдарының күюіне, тұншығуға және өлімге әкелетін ыстық ауамен тыныс алу ең үлкен қауіптілік болып табылады. Мысалы, Так, при температура выше 100° С-тан жоғары болған кезде адам есінен танады және бірнеше минуттан кейін өледі. Сондай-ақ терінің күюлері де қауіпті. Түтінденген ортаның жоғары температурасы адамдардың қаза табуының себебі болуы мүмкін. 60° С-қа дейін қызған, тіпті көміртек тотығының құрамы 0,1 % кезінде де жану өнімдерімен тыныс алу өліммен аяқталуға әкеледі.

Түтін. Көрінерлік жер 10 метрден аспайтын кездегі түтіндену қауіпті болып есептеледі. Ауадағы көміртек тотығының мөлшері 0,2 %-ға дейін  жетуі ол аймақта адамдар  30-60 минут болған кезде, ал мөлшері 0,5-0,7 % болғанда – бірнеше минуттың ішінде өлімге жеткізетін уланулар болады.

Оттектің төмен мөлшері. Оттек мөлшерінің  3 %-ға төмендеуі ағзаның қозғалыстық функцияларының нашарлауын туындатады. 14 %-дан аз мөлшері қауіпті болып есептеледі; ол кезде ми қызметі мен қозғалыстарды үйлестіру бұзылады.

Жанудың уытты өнімдері (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил).

Құлайтын заттар, құрылымдар, әйнектердің сынықтары.

Жарылыс мүмкіндігі.

Торығу, үрей.

Өрттер кезіндегі адамдардың жарақаттанулары 

мен өлімінің себептері

Тұншығу.
Жанудың уытты өнімдерімен улану.
Жылудан зақымдану.
Өрт аймағын өздігінен тастап кету кезінде жерге құлау.
Заттардың жарылуы мен құлауы кезіндегі зақымданулар.
Үрей кезіндегі кептелістен зақымдану.

  Өрт шыққан кездегі мінез-құлық ережелері

Қалалық 01 немесе мобильдік 112 ( «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі – төтенше жағдаят, өрт, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер мен залал келтірілуінің алғышарттары немесе туындауы және төтенше қызметтердің өз құзіреттілігі шектерінде жауап әрекеттерін бұдан әрі үйлестірумен шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге де оқиғалар туралы хабарларды қабылдау қызметі) нөмірі бойынша  өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақыру, Т.А.Ә., мекенжайын  және ненің жанып жатқандығын хабарлау.
Үрейленбеу. Барлық терезелер мен есіктерді жабу. Зардап шегушілерді табу және алып шығу. Қосалқы шығатын жерлерді, өрт сөндіру басқыштарын пайдалана отырып, алдын ала зерделенген қауіпсіз бағдарғысы бойынша өрттің қауіпті аймағын жылдам, кептелусіз тастап шығу. Лифтіні (бар болған кезде) пайдаланбау.
Өрт дамуының бастапқы сатысында оны өрт сөндірудің қолда бар құралдарын (өртсөндіргіштің көмегімен, су құю, құм немесе топырақ себу, тығыз матамен жабу) пайдалана отырып, өшіруге әрекет жасау.
Өрт сөндіргіштер әрекетінің тиімділігіне барынша қол жеткізу үшін оларды өт сөндіру заттарын жоғалтпау үшін оларды жұмысшы жай-күйіне жану орнынан қашық емес жерде келтіру қажет, жылдам қимылдау қажет, өйткені олар аз ғана уақыт жұмыс істейді (көбіктілері – 20-45 сек., көмір қышқылдылары – 15-25 сек., ұнтақтықтары – 10-25 сек.). Қатты заттар мен бұйымдарды көбікті өрт сөндіргіштермен өшіру кезінде ағынды неғұрлым қарқынды жану орындарына бағыттап, отты жоғарыдан төмен қарай біртіндеп баяулату қажет. Төгілген сұйықтықты жанған бетті көбікпен біртіндеп жаба отырып, шетінен бастап өшіре бастау.
Жанып жатқан перделерді жұлып алу, отты аяқтармен таптау, су құю немесе су құйылған сыйымдылыққа лақтыру. Терезелерді ашуға болмайды, өйткені от оттектің келіп түсуімен өрши түседі.
Электрлік және газ аспаптарын ажырату. Теледидар жанған жағдайда оны дереу электр қоректендіру көзінен ажырату, тығыз шүберекпен жабу немесе желдету тесіктері арқылы су құю керек.
Электрмен жабдықтау элементтеріндегі отты сумен сөндіруге болмайды. Алдын ала кернеуден ажырату немесе тартылымды құрғақ ағаш сабы бар балтамен шабу қажет.
Егерде барлық күш-жігер бекер болып шығып, от тарала беретін болса, онда ғимаратты дереу тастап шығу (эвакуациялау) керек.

Өрт кезінде адамдарды  эвакуациялаудың табысы олардың кедергісіз қозғалысы кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Эвакуацияланатындар эвакуациялық шығатын жерлерді немесе шығатын жерлердің көрсеткіштерін міндетті түрде айқын көрулері тиіс. Көрушілік жоғалтылған кезде адамдардың қозғалысы бей-берекет бола бастайды. Мұның нәтижесінде эвакуация процесі қиындайды, ал одан кейін басқарылмайтын үдеріске айналуы мүмкін.

Бастысы  – алдын ала сұлбаларға сәйкес эвакуацияның мүмкін жолдарын зерделеу және олардан өзінің өтіп көруі (танысу үшін) қажет.

Баспалдақтық алаңшалардағы түтіндену кезінде:

Оларға шығатын есіктерді нығыздап жабу, үй-жайда (бөлмеде) түтіннің қауіпті мөлшері түзілген және температура көтерілген кезде еденге жату, көмек күту немесе шығатын жерге қарай еңбектей қозғалу.
Үнемі дыбыстық сигналдар беру.
Ылғал мата арқылы дем алу.
Адамдардың апат болуының негізгі себебі болып табылатын түтіннен барлық тәсілдермен қорғану қажет. Түтінмен қаныққан ауамен бірнеше рет тыныс алу естен айырылуға әкелуі мүмкін.
Түтіндену мен жоғары температураның салдарынан негізгі және қосалқы шығатын жерлерді пайдалану мүмкін болмаған кезде эвакуацияны өрт сөндіру басқышы бойынша жалғастыру немесе мықты байластырылған перделерді, арқандарды немесе өрт сөндіру жеңқұбырын пайдалану керек. Бір-бірін сақтандыра отырып, бір-бірден түсу керек. Өзін өзі құтқару өмір үшін тәуекелмен байланысты және оған өзге жол болмаған кезде ғана жол беріледі. Балконға өту. От пен жылулық сәулеленуден қорғану үшін ылғал тығыз матаны пайдалану. Өзінің соңынан есікті нығыздап жабу,  көмекке шақыру. Ғимараттардың жоғарғы қабаттарының терезелерінен (балкондарынан) секіруге болмайды, өйткені статистика мұның өліммен немесе елеулі мертігумен аяқталатындығын дәлелдейді.

Жанып жатқан ғимараттан зардап шегушілерді құтқару кезінде оған кіруден бұрын:

Басты ылғал жамылғымен (пальто, плащ, тығыз мата кесіндісі) жабу.
Таза ауаның жылдам ағынынан  жалынның жарқылын болғызбас үшін, түтінденген үй-жайдың есігін абайлап ашу.
Қатты түтінденген үй-жайда еңбектеп немесе жүрелей қозғалу, ылғалданған мата арқылы тыныс алу. Егер мүмкіндік болса, онда өкпені газтұтқымен немесе респиратормен қорғау керек.
Адамдарды іздестіруге аттана отырып, міндетті түрде жіппен жалғастырылу керек: әйтеуір біреу құтқарушыны сақтандыруы тиіс.

Егер зардап шегушінің киімі жанса, адамға жүгіруге ерік беруге болмайды. Оны жерге (еденге) жығып, оған қандай да бір жамылғы (пальто, плащ) жабу, нығыз қысымдау, ауа ағыны келуін тоқтату үшін, оған  суды көп құю керек. Киімді сөндіру кезінде ОХП-10 өрт сөндіргіштері пайдаланылмайды, өйткені химиялық күйіктің орын алуы мүмкін. Көмірқышқылдық немесе ұнтақтық өрт сөндіргіштерді қолданған жөн.

Зардап шегушілерді құтқару кезінде мүмкін болатын опырылып түсу, қираулар мен басқа да қауіптіліктерден абай болу шараларын сақтау қажет. Зардап шегушіні алып шыққаннан кейін  – оған алғашқы медициналық көмек көрсету және жедел медициналық жәрдем шақыру.

Сабақтың соңында қатысушылар өрттерден сақтандыру туралы жаднамалар алды.

Мұндай шаралар Қызылжар ауданындағы ондаған мектептегі 125 оқушы үшін өткізілді. Халықпен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөніндегі жұмыс белсенді жалғастырылуда. Сақтандырылған – демек қорғалған.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль