Құрылыс индустриясындағы еңбекті қорғау менеджменті

831
Еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту құрылыс индустриясы кәсіпорындарында да жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулар тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз етуді көздейді

Құрылыс – Қазақстан Республикасындағы аса ірі және неғұрлым белсенді дамушы салалардың бірі. Уақыттың шағын кезеңі ішінде елдегі құрылыс көлемі бірнеше есе өсті, ішкі жалпы өнімде елеулі үлес қалыптастырды.  Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, елдің құрылыс саласын меншіктің мемлекеттік, жеке және шетелдік формалары бар ұйымдар құрайды, олардың ішінде негізгі мердігерлердің ірі құрылыс объектілеріндегі жұмыстарын орындайтын шағын компаниялар басым.

Қайдан жарақаттану?

Мемлекет саланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Республикада құрылыс саласын жетілдіру, құрылыстың жоғары мәдениетін қалыптастыру, жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза құрылыс материалдарын қолдану және т.б. міндеттерді кешенді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. 

Республиканың құрылыс индустриясы өндірістік объектілердің, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің технологиялық және ұйымдастырушылық тәсілдерінің саналуандығымен сипатталады. Алайда, механикаландыруға қарамастан, сала қол еңбегінің көп шығынын талап етеді, қызметкерлердің  денсаулығы үшін елеулі кәсіптік тәуекелдері бар.

Еңбекті қорғау менеджментінің халықаралық тәжірибесі технологиялардың дамуындағы заманауи деңгейде қызметкерлер өмірі мен денсаулығын сақтаудың анықтаушы факторы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиісті сапасы болып табылатындығын көрсетеді.  

Еңбекті қорғау саласында мемлекет жұмсаған күш-жігерге қарамастан, қазіргі уақытта құрылыс саласы республикада өндірістік жарақаттанушылық бойынша республикада көш бастап тұр. Сала кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ағымдағы жай-күйін зерттеулердің қорытындылары өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары көрсеткіштерінің артында жер-жерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарын бұзушылық тұрғандығын дәлелдейді. Көптеген кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құжат айналысы заңнама қоятын талаптарға сәйкес келмейді. Жекелеген ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы Ереже жоқ, оны дайындау және енгізу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК)  338-бабының негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау қызметінің функцияларына кіреді. 

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы Ереже

  • жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді жоғары дәрежеде ұйымдастыруды;
  • құрылымдық бөлімшелердің арасында айқын өзара байланыстар құруды;
  • қызметкерлерді еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға бағдарлауды;
  • еңбекті қорғауды басқару жүйесі қызмет етуінің тиімділігін арттыруға және жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін тетіктерді қолдануды қамтамасыз етуге арналған.

Жекелеген құрылыс ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жай-күйі ұйымның еңбек жағдайларының еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына сәйкестігін мәлімдеуіне сай келмейді, яғни  бұл кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін қолданудың іс-тәжірибелік мағынасы тендерлер кезінде бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатында жүйе мен мысалы, BSI-OHSAS 18001 талаптарына сәйкестікке сертификаттауды формальды түрде енгізуге әкеп соғады. 

Құрылыс саласы кәсіпорындарындағы еңбекті қорғауды басқарудың қолданыстағы жүйелерінде еңбекті қорғау проблемаларын шешуге деген кешенді тәсіл, сондай-ақ, өз уақытында тиімді шаралар қабылдау үшін қажетті ақпараттық ағындарды құрылымдау жоқ. Нәтижесінде еңбекті қорғауды басқару саласындағы басымдыққа ие іс-шараларды белгілеу мен оларды іске асыруға ресурстарды жинақтау мүмкіндігі жоқ болады. Осыған сәйкес еңбекті қорғауды басқарудың тиімділігі төмендейді.  

Бірқатар құрылыс кәсіпорындарында жұмыс орындарын аттестаттау жүргізілмейді, демек, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының шынайы бейнесі бұрмаланады. Нәтижесінде, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларымен қамтылған қызметкерлерге өтемақылар беру, оларды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ өндірісте кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардан сақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау, және қызметкерлерді жұмыс орнында зиянды өндірістік факторлардың бар екендігі туралы хабардар ету  үшін негіздемелер жоқ болып шығады.  

Құрылыс саласының жекелеген кәсіпорындарында басшылар мен мамандарды еңбекті қорғау саласында кәсіптік дайындау мен қайта дайындау – жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болғызбау бағдарламасының маңызды бөлігі екендігін түсінбеуден, басшылар мен мамандарды еңбекті қорғау саласында дайындау мен біліктілігін арттыру (ҚР ЕК 313-бабы) мәселелері жоққа шығарылады. Мұндай ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету деңгейі төмен болады; қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен шараларына оқыту үдерісі нұсқамалар өткізу мен бұл фактіні журналға тіркеумен ғана шектеледі.

Тәжірибе

Тәжірибе басшылар мен мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды қаржыландыруды арттыру, қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы білімдерін жетілдіру өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетуге септігін тигізетіндігін көрсетеді. Оқыту – маңызды алдын алушы шара. Әсіресе, іс-тәжірибелік сабақтар шынайы өндірістік жағдайларға барынша жақындатылған, қауіпсіздік техникасы ережелері, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістері мен тәсілдері көрсетілген жағдайда. Оқытуға мұндай көзқарас өмірлік қажетті дағдыларды тиімді меңгеруге жағдай жасайды.

Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау да жетілдіруді талап етеді. Кейбір жұмыс берушілер сақтандыру компанияларымен ұжым мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан әлеуметтік сақтандыру туралы шарттар жасаспайды. Нәтижесінде қызметкер қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақаттанудан қорғалмаған болып шығады.

Тәжірибеде қызметкерлерді жұмысқа кірісердің алдында алдын ала медициналық тексеріп-қараулардан өткізу қолданылады. Алайда, көптеген ұйымдарда еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларымен қамтылған қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардан өткізу жүргізілмейді, бұл ҚР ЕК 312-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады.

Кейбір құрылыс компанияларында бас мердігер мен қосалқы мердігердің қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтау саласындағы өзара әрекеттестік мәселелері реттелмеген. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттардың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұл еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесін, қызметкерлер мен қызметшілерге бірыңғай кәсіптік талаптарын жасауға септігін тигізеді.

Құрылыс саласының бірқатар кәсіпорындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг нәтижелері мен бақылаушы органдардың ұйғарымдарын толықтай іске асырмайды. 

Жүргізілген зерттеулер еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі басым бағыттарды анықтау, Қазақстан Республикасында 2014-2020 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету Тұжырымдамасын жер-жерде енгізу мақсатымен, еңбек қауіпсіздігі жағдайларын бағалауға негізделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында идеология әзірлеу қажеттігін растады.

Жүйесін реформалау еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін реформалау оның тиімділігін арттыруға; еңбек қатынастарының барлық тараптарын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету проблемаларын шешуге; еңбекті қорғауды басқарудың жаңа тетіктерін жасауға бағытталған.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде өту де сөзсіз болмай қоймайды. Мұндай жүйені табысты ендіру республиканың еңбек заңнамасын жетілдірусіз мүмкін емес. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық негіздерді жетілдіру еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әртүрлі әдістері мен қағидаттарын неғұрлым кеңірек пайдалану мүмкіндіктерін ашады, өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында алдын алу жүйесін дамытуға септігін тигізетін болады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпараттық жүйені дамыту қызметкерлер мен жұмыс берушілерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша хабардар ету мен кеңестер беру тиімділігін айтарлықтай арттыруға және өндірістің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігі көбінде еңбек жағдайларын дұрыс бағалауды, тәртібі мен рәсімдері жетілдіруді талап ететін, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге байланысты болады.

Қызметтің еңбек заңнамасына сәйкестігі белгілі бір дәрежеде еңбек инспекцияларының жұмысына байланысты болмақ. Осыған байланысты тексеруші шаралар, тәуекелдерді бағалау жүйесі  рәсімін жетілдіру, өнеркәсіптік өңірлердегі мемлекеттік еңбек инспекторларының санын арттыру және мемлекеттік еңбек инспекциясына қатысты басқа да проблемаларды шешуді ғылыми жағынан негіздеу қажет.

Қолданыстағы өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алу мен статистикалық есептіліктің мемлекеттік және ведомстволық жүйесі жетілдіруді талап етеді.

Еңбекті қорғау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды дамыған елдер заңнамасымен үйлестіру қажет.

Жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға міндеттейтін міндетті және ерікті ынталандырушы жүйені жетілдіру маңызды.

Персоналды жазатайым оқиғалардан сақтандырудың жұмыс берушілердің қызметкерлер еңбегі жағдайларын тұрақты жақсартуға экономикалық мүдделілігіне негізделген неғұрлым тиімді жүйесін қалыптастыру қажет.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу дамытуды талап етеді. Кәсіптік ауруға шалдығушылық деңгейін төмендету мақсатында қызметкерлерге медициналық-профилактикалық қызмет көрсетудің неғұрлым жетілдірілген жүйесін құру маңызды.

 Еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында іс-шаралар кешенін өткізумен байланысты, оларды іске асыру өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулар тәуекелдерін, оның ішінде құрылыс индустриясы кәсіпорындарында да төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях