text
Справочник кадровика

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт

  • 14 сентября 2018
  • 2188
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт

Жазатайым оқиға туралы актіні растайтын ресми құжат болып табылады байланыс, жазатайым оқиға өндіріспен және құқық беретін қызметкерге келтірілген зиянды өтеу

Жұмыскердің (жұмыскерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан және еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес тергеп–тексерілуге жатады. Ауыр зардаптарға әкеп соққан, адам өлімімен аяқталған және еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар арнайы тергеп–тексерілуге жатады.

Жазатайым оқиға туралы актіге қойылатын талаптар

Тергеп–тексеру, арнайы тергеп–тексеру актілерінің нысандарын және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы актілердің нысандарын еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Акт тергеп–тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.

Егер комиссия еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп–тексеру кезінде өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.

Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп–тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің уәжді пікірін тергеп–тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп–тексеру актісіне "Ерекше пікірге қара" деген ескертпемен қол қояды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ( Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" № 1055 бұйрығы):

  • еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;
  • қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;
  • кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;
  • жұмыскерлер өкілдеріне;
  • жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына және арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлайды.

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің үлгісі

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт 

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актіні толтыру жайлы 

Акт жалпы қабылданған (белгіленген) терминдерге және осы актіге қосымша арнайы әзірленген жіктемелерге сәйкес толтырылатын мәтін және кодтар бөліктерінен тұрады.
Кодтауды жұмыс беруші жүргізеді.
1-тармақ. Ұжымның толық атауы көрсетіледі, ал қызметінің түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуіші. Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуішіне сәйкес кодталады.
1-тармақтың 2) тармақшасы. Аумағы әкімшілік-аумақтық органдарды белгілеу жүйесі бойынша кодталады.
1-тармақтың 3) тармақшасы. Уақыты, күні мен айы олардың реттік нөмірімен, жылы соңғы екі санмен кодталады. Мысалы: 11 сағат 45 минут, 22 маусым 2000 жыл - "11" "22" "06" "00".
1-тармақтың 5) тармақшасы. Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі қоса беріліп отырған жіктеуішке сәйкес көрсетіледі және кодталады.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жазатайым оқиғаға әкелген жағдайды жіктеу жайлы

Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі:
1. Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы;
2. Қоғамдық көлікте болған жол-көлік оқиғасы;
3. Жеке меншік көлікте болған жол-көлік оқиғасы;
4. Теміржол көлік оқиғасы;
6. Сужол көлігі оқиғасы;
8. Зардап шегушінің биіктен құлауы;
9. Заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы, қирауы, опырылуы;
10. Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері;
11. Электр тоғымен зақымдану;
12. Шектен тыс температуралардың әсері (өрт);
15. Шамадан тыс жүктемелер;
16. Жануарлармен және жәндіктермен жанасу нәтижесіндегі зақымдану;
17. Суға бату;
18. Кісі өлтіру немесе денесіне зақым келтіру;
19. Сұрапыл зілзала кезінде зақымдану;
20. Кәсіптік ауру және улану;
21. Оқиғалардың басқа түрі.
3-тармақ. Жынысы кодталады: 1-еркек; 2-әйел.
4-тармақ. Жазатайым оқиғаға душар болған сәтінде зардап шегушінің толық жасының саны көрсетіледі және кодталады. Мысалы: 35 жас 3 ай - "35".
5-тармақ. Кәсібі (лауазымы) жұмысшылар кәсіптерінің, қызметшілер лауазымдарының және тарифтік разрядтардың жалпы жіктеуіші бойынша кодталады.
6-тармақ. Жазатайым оқиға болған кездегі жұмысындағы еңбек өтілінің толық саны көрсетіледі. Мысалы: 15 жыл 8 ай - "15".
Егер өтілі бір жылдан кем болса, онда мәтіндік бөлігінде айлардың (күндердің) саны көрсетіледі, ал 00 болып кодталады. Мысалы: 9 ай 2 күн - "00".
9-тармақ. Зардап шегушінің жұмысы (ауысымның) басталуынан жазатайым оқиға болған кезге дейінгі толық сағаттар саны көрсетіледі және кодталады.
11-тармақ. Қоса беріліп отырған жіктеуішке сәйкес жазатайым оқиғаның екі себебіне дейін (жазатайым оқиғаның себептері) - негізгі (бірінші болып кодталады) және жанамасы көрсетіледі және кодталады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Ұйымның қызметкері 30 минут ішінде кезекшілікті тапсырғанға дейін өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Онда оған «ауқымды инсульт» деген диагноз қойды. Бұл оқиға еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға болып саналады ма? Жұмыс беруші бұл оқиға туралы еңбек инспекциясына хабарлауға тиіс пе?
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт

Альбина Третьякова 

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы

Жазатайым оқиғаға әкелген жағдайды жіктеу жайлы

Жіктеуіштер (жазатайым оқиғаның себептері):
4. Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі;
5. Жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі);
6. Шамадан артық жүктемелердің адам организміне әсері;
7. Машиналар, механизмдер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер;
8. Ақаулы машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайдалану;
9. Технологиялық процестердің бұзылуы;
10. Көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы;
12. Теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;
13. Әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;
14. Сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;
15. Авариялар;
16. Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы;
17. Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер;
19. Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы;
20. Ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі;
21. Еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу;
22. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
23. Белгіленген еңбек режимін бұзу;
24. Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы.
12-тармақ. Жазатайым оқиғаны тікелей көргендердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
13-тармақ. Медициналық сот сараптамасының қорытындысы болған кезде зардап шегушінің дене жай-күйі, алкогольді немесе есірткілі мас күйде болуы көрсетіледі. Егер медсотсараптама өткізілмесе, "медсотсараптама өткізілмеді" деп көрсетіледі.
14-тармақ. Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі медициналық ұйымның жазатайым оқиға сәтіндегі қорытындысы негізінде толтырылады.

Зардап шегушінің жарақатының ауырлық дәрежелері

Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі
01. Жеңіл жарақат
02. Орташа жарақат
03. Ауыр жарақат
04. Қайтыс болды
15-тармақ. Кәсіптік патологиялық сарапшы комиссияның қорытындысы негізінде толтырылады.
Қатты кәсіптік ауру мен өндірістегі улану жағдайы Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен осы нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 224 бұйрығымен бекітілген Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларына сәйкес жиналған құжаттардың негізінде ресімделеді.
Бұл жағдайларда Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіге Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі қол қояды.
17-тармақ. Егер зардап шегушінің өзінің өрескел абайсыздығы оның денсаулығына келетін зиянның пайда болуына немесе артуына әсер етсе, бұл жағдайда жұмыс беруші мен зардап шеккен қызметкер кінәсінің дәрежесін осы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясы пайызбен айқындайды. Егер қызметкер тарапынан өрескел абайсыздық болмаса, онда 17-тармақ жұмыс берушінің кінәсі - 100 %, ал жұмыскердің кінәсі - 0% болып толтырылады.
17-тармақта үшінші жақтардың (зардап шеккен жұмыскер еңбек қатынастарында болмаған) кінәсі көрсетілмейді.

Актіде қолданылатын сөз тіркестері

1. Кәсіптік ауру мен улану - қауіпті және зиянды өндіріс факторлары мен заттардың әсер етуі нәтижесінде туындаған қатты және созылмалы кәсіптік ауру мен улану.
2. Қатты кәсіптік аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар бір рет (бір ауысым ішінде) әсер еткеннен кейін кенеттен шекті рұқсат етілген қоспалардан не шектерден едәуір асып кеткен кезде дамыған аурулар жатады.
3. Созылмалы кәсіптік ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) қатты, сондай-ақ созылмалы кәсіптік аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке, жүрек қан тамырлары, гепатобилиарлы жүйелерінің және басқа да жүйелердің өндірістік улармен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты организм өзгерістері) жатады. Есте сақтайтын бір жағдай, кәсіптік аурулар зиянды және қауіпті затпен, өндірістік фактормен жұмысты тоқтатқаннан кейін, ұзақ уақыт өткен соң пайда болуы мүмкін (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоз, қуықтың папилломасы, қатерлі ісіктер). Кәсіптік ауруларға, сондай-ақ дамуында кәсіптік ауру оның аясы немесе қатер факторы болған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитінің негізінде пайда болған өкпе обыры) да жатады.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты