text
Справочник кадровика

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары

  • 18 февраля 2015
  • 657

Тергеп-тексеру материалдары болып табылады үшін бастапқы құжат талдау жарақат алу себептері жөнінде шаралар әзірлеу, оның алдын алу және ашу көрінісін оқиға

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу ҚР ЕК 326-бабына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03. № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Материалдарды сақтау

Тергеп-тексеру материалдары жарақаттану себептеріне талдау жасау және
оның алдын алу жөніндегі шаралар әзірлеу үшін бастапқы құжат болып табылады. Алайда бұл материалдардың бәрі егер олар дұрыс, объективті, терең жүргізілген тергеп-тексерудің негізінде жасалған жағдайда ғана оқиға бейнесін аша, себептеріне және алдағы уақытта осыған ұқсас жарақаттануға жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне талдау жасауға көмектесе алады.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға жатады, ол таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде оның қызмет орнындағы мемлекеттік мұрағатқа берілуі тиіс. Тергеп-тексеру материалдарын сақтау әсіресе жазатайым оқиға фактісінен бірқатар уақыт өткенен кейін зардап шегушіде еңбекке қабілеттіліктен айырылу басталатын жағдайларда қызметкерді әлеуметтік қорғаумен байланысты.

Материалдардың мазмұны

ҚР ЕК 326-бабының 12-тармағына сай өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама
алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) ЕҚжЕҚ талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден,
бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі
салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты
лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипа-
ты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық
қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сарапта-
малардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі
лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп- тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы. Мұндай құқық беруден бас тартуға жол берілмейді. Заңды және жеке тұлғалардың заңдармен белгіленген тәртіп бойынша берген жүгіністері тіркелуге және қарауға жатады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль