Справочник кадровика

Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

  • 16 августа 2018
  • 438
Автор:
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", технический специалист компании «3М Казахстан»
Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

Көздерді жеке қорғау туралы мәселе көздің жарақаттану қатері бар қолайсыз жағдайлар гигиеналық сипаттағы іс - шаралар жолымен жойылмайтын жағдайларда қойылады. Мақалада көздерді қорғау құралдарын жеке таңдау әдістемесі жан - жақты ашылады


Көздерге арналған қорғаныс құралдарын дұрыс таңдамау барабар қорғанысты қамтамасыз етпеуі және жарақаттану тәуекелін арттыруы мүмкін. Ресми статистиканың мәліметтері бойынша, өндірісте алынған жарақаттардың шамамен 15 % - ын көру мүшелерінің жарақаттары құрайды.
 

Неғұрлым кең тараған көз жарақаттары


Неғұрлым кең тараған көз жарақаттары – бұл:

  • көздерге жаттекті денелердің: сынықшалардың, шаңның, жоңқалардың түсуі;
  • кесіп алулар;
  • химиялық күюлер;
  • тырналулар мен соғып алулар.

Қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы ішкі және мемлекеттік салалық стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Қазақстан Республикасында МемСТ 12.4.253 - 2013 (EN 166:2002) – «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ). Көздерді жеке қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» қорғаныстық қасиеттерін иемденген көзілдіріктердің қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс екендігі баяндалған, негіз қалаушы құжат болып табылады. Қонымдылық (отыру) дәлдігін бағалаудың төменде келтірілген әдісі неғұрлым ыңғайлы модельді таңдап алу мақсатымен нақты бетте көзілдіріктердің әртүрлі модельдерін салыстыруға арналған. Бұл әдістеме 3М компаниясының көпжылдық тәжірибесі мен сараптамасына негізделген.
 

Қорғаныс көзілдіріктерінің дұрыс отыруын бағалаудың 4 өлшемшарты


Шолушылық

Көзілдіріктерді пайдаланушы көз қозғалысы қаншалықты мүмкіндік беретін көру өрісінің барлық бағыттарында көруге қабілетті болуы тиіс. Көзілдіріктердің көру өрісі жұмыстық кеңістікті толыққанды шолу жасауға бөгет жасамауы тиіс.

Қауіпсіздік

Көзілдіріктер басқа орнықтырылуы және еңкею және қозғалыс кезінде сырғып түспеуі тиіс.

Қамтушылық

Пайдаланушының беті қастардан бастап бет сүйектеріне дейін көзілдіріктермен жабылған болуы, сондай - ақ көздердің жұмсақ тіндерін қорғау үшін, бүкіл беттің енін жабуы тиіс. 

Саңылаулар

Көзілдіріктер мен пайдаланушы бетінің арасындағы саңылау барынша аз, көрінбейтін дерлік болуы, ұшқан бөлшектер олар арқылы көзге түсуі мүмкін тесіктер болмауы тиіс.



 

Көзілдіріктерді бағалау әдісі


Сіздерге керек болады:

– берілген жұмыстардың түрлеріне лайықты қорғаныс көзілдіріктерінің бірнеше нұсқасы, қамту мен саңылаудың 2 индикаторы (1 мөлшерлеме: сфера өлшемдері шамамен 6 мм және 8 мм; 2 мөлшерлеме: сфера өлшемдері шамамен 10 мм және 12 мм);
– қонымдылығын бағалау кестелері;
– қалам немесе қарындаш.


1A сурет: қамту және саңылау индикаторы, алдынан қарағандағы түрі
Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері


1Б сурет: қамту және саңылау индикаторы, артынан қарағандағы түрі

Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Ұйымда жұмыс беруші жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуға жіберіп отыр. Егер оқыту уақытының кезеңі вахтааралық демалысқа түссе жұмыс беруші ол кезеңге ақы төлеуге тиіс пе? Бұл ретте заңнаманың қандай нормаларын басшылыққа алу керек? 
Tretyakova

Альбина Третьякова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы

Әдістеме


1 қадам. Тестілеуге арналған көзілдіріктер үлгісін таңдаңыздар
Пайдаланушыдан ұсынылған көзілдіріктер моделін байқап көруді және жұмыс беруші қойылған міндеттерге және мүмкін болатын тәуекелдер үшін лайықты деп іріктеген модельдерден ұнағанын таңдап алуды өтініңіздер. Көзілдіріктерді шақтап көру, пайдаланушының қарашығы жақсы көрінуі үшін тек мөлдір немесе шамалы күңгірттеу линзаларды пайдаланған жөн. Егер таңдап алынған модельде реттелетін параметрлер бар болса, пайдаланушы алдымен көзілдірікті өзіне қолайлы етіп реттеп алуы, тек содан кейін ғана қонымдылығынн бағалауға кірісуі керек.

2 қадам. Эргономиканы тексеру
Қонымдылығын тексерудің алдында таңдап алынған көзілдіріктер киюдің эргономикасы мен жайлылығын тексеруді ұсынамыз. Мыналарды тексеріңіздер:


  • имектеріндегі құлақарты бөлігі құлақ айналасындағы аймақты қыспайды;
  • имектерінің басқа қысымы өте тығыз және өте жұмсақ болмауы тиіс;
  • кеңсірік бөлігі қатты қыспайды немесе сырғымайды;
  • егер мұрын тіреуіштері реттелетін болса – оларды неғұрлым қолайлы жағдайға қойыңыздар. Кеңсірік бөлігі мен мұрын тіреуіштері мұрынға толықтай жатуы тиіс;
  • бетте көзілдірік салмағы жайлы болып сезілуі тиіс.

Егер пайдаланушы қатты қолайсыздықты сезінсе, ал реттеудің көмегімен неғұрлым қолайлы қонымдылыққа қол жеткізілмесе, немесе көзілдіріктер реттелмейтін болса, басқа модельді таңдап алу ұсынылады.

3 қадам. Көзілдіріктің қонысдылық дәлдігін бағалаңыздар: шолушылық, орнықтыру, қамтуы және саңылаулар
Шолушылық. Пайдаланушының көздер қөозғалысы қаншалықты мүмкіндік бергенінше, көру өрісін елеулі шектеулерсіз, барлық бағыттарда көре алатындығына көз жеткізіңіздер. Егер таңдап алған жұп көру өрісін шектесе, пайдаланушы басқа модельді таңдап алуға және жаңа тексеруді бастауға тиіс.

Орнықтыру. Пайдаланушыдан бірнеше мұқият қозғалыс жасауды: басын шайқауды, оны бір жағынан екінші жағына бұруды, төмен қарай ию мен артқа қарай шалқайтуды өтініңіздер. Көзілдіріктің орнында қалатынына және бас қозғалыстары кезінде орнынан қозғалмайтынына көз жеткізіңіздер. Егер таңдап алынған жұп баста сенімсіз ұсталатын болса – пайдаланушы көзілдірікті баудың көмегімен жақсырақ орнықтыруды байқап көре алады. Егер сенімді орнықтыруға қол жеткізілмесе, басқа модельді таңдап алу және жаңа тексеруді бастау қажет.

Қамтуы. Көзілдіріктің көздердің жұмсақ тіндерін қаншалықты жақсы жапқандығына көз жеткізіңіздер. Қамту мен саңылау индикаторларының біреуіндегі сызғышты қастардан бет сүйегіне дейінгі қамтуды және беттің ені бойынша қамтуды тексеру үшін пайдаланыңыздар.
Индикаторлардың біреуін таңдап алып, оны тігінен ұстап тұрыңыздар. Пайдаланушыдан тура алдына қарауды және бетті босаңсытуды (яғни күлмеу, қабақты шытпау, қастарын қозғамау және т.б.) өтініңіздер. «0» белгісін пайдаланушы қарашығының ортасына қарсы тұсқа қойыңыздар. Индикатордағы сызғышты қарашықтан көзілдіріктің жоғарғы шеті мен төменгі шетіне дейінгі аралықты өлшеу үшін пайдаланыңыздар. Бұл арақашықтық индикаторда «V» белгісімен белгіленген сызықпен сәйкес келуі немесе сызықтан асып кетуі тиіс (2 сурет). Өлшеулер кезінде ілдірік те есепке аланады. Нәтижелерді жатуды бағалау кестесіндегі «Тік өлшеулер» бағанына жазыңыздар. Екінші көзге де осыны қайталаңыздар.


2 сурет: Тігінен қамту
Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

Индикаторды горизонталь позицияға аударыңыздар және «0» белгісін шамамен пайдаланушы қарашығының ортасына қойыңыздар. Қарашық пен ішкі шетінің (кеңсіріктің жанындағы) және сыртқы шетінің арасындағы қашықтықты тексеріңіздер. Қарашық ортасынан көзілдіріктің ішкі және сыртқы шетіне дейінгі арақашықтық индикаторда «Н» белгісімен белгіленген сызықпен сәйкес келуі немесе сызықтан асып кетуі тиіс (3 сурет). Өлшеулер кезінде ілдірік те есепке аланады. Нәтижелерді жатуды бағалау кестесіндегі «Көлденең өлшеулер» бағанына жазыңыздар. Екінші көзге де осыны қайталаңыздар.


3 сурет: Көлденең қамту
Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

Қастардан бет сүйегіне дейінгі және беттің ені бойынша дұрыс қамту көздердің жұмсақ тіндерін ұшып келе жатқан бөлшектер мен қоқыстан қорғау үшін өте маңызды. Индикатордағы тік және көлденең белгілерді қарашық ортасынан тиісінше 17 мм және 20 мм қашықтықта өлшеп алады. Әрбір бет пен бастың бірегейлігінен қамтудың бұл деңгейіне адам жете алмауы мүмкін. Егер таңдап алынған көзілдірік жұбы көрсетілген қамтуға сәйкес келмесе – басқа модельді таңдап алып, жаңа тексеруді бастау қажет.

Саңылау. Ашық көзілдіріктер үшін олар мен беттің арасындағы аралық неғұрлым аз болса – көздердің жұмсақ тініне қоқыс пен ұшып келе жатқан бөлшектердің түсу ықтималдығы соғұрлым аз болады. Көзілдіріктер мен беттің арасындағы шамадан тыс аралықтардың бар екендігін тексеру үшін индикатордағы сфераларды пайдаланыңыздар.

4 суреттегі бақылау нүктелерін қарап шығыңыздар. Көзілдіріктердің жоғарғы бөлігіндегі 1 және 6 позициялардың және төменгі бөлігіндегі 7 және 12 позициялардың орналасуына зер сала қараңыздар.

4 сурет: Саңылауларды тексеру нүктелері

Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

Индикатордағы 10  және 12 - милиметрлік сфераларды пайдаланыңыздар, өлшегішті тік ұстаңыздар. Пайдаланушыны көзілдіріктердің өз орнында нық отырғанына және беттен сырғымайтындығына көзін жеткізуді, сондай - ақ оның тура қарауын өтініңіздер.

Ілдіріктің жоғарғы және төменгі бөліктерін, сондай - ақ 4 суретте белгіленген нүктелердегі кеңсірік аймағын тексере отырып, көзілдірік периметрі бойынша саңылауды мұқият зерттеңіздер. Тиісті белгіні белгілей өтырып, жатуды бағалау Кестесінде әрбір нүкте үшін тек бір ғана мәнді белгілеңіздер. Саңылауды өлшеу – бұл тексеру нүктелерінде бет пен көзілдіріктің арасындағы аралыққа бәрінен де жақсы сәйкес келетін сфера мөлшері. 12 мм сферадан бастау ұсынылады.



Индикатор сферасы саңылаудан қаншалықты өтетінін бағалау мүмкіндігіне ие болу үшін саңылаулардың жақсы көрінетін жерлерін алу өте маңызды. Жоғары нүктелерді пайдаланушы отырған жағдайында, төменгісін – пайдаланушы түрегеп тұрған кезде өлшеген жақсы. Диаметрі 12 мм сферадан бастаңыздар. Егер сфераның орта бөлігі (ең кең) көзілдірік пен беттің арасынан өтіп кетсе – қонымдылықты бағалау Кестесінде «12 мм» терезешесіне белгі қойыңыздар. Егер 12 мм сферасы саңылаудан өтпесе – 10 - милиметрлік сфераны байқап көріңіздер. Егер ол саңылаудан өтетін болса – терезешеге «10 мм» белгісін қойыңыздар. Егер 10 мм сфера тура келмесе, тесттік сфера көзілдірік пен беттің арасына тығыз кіргенге дейін, сфера мөлшерлерін біртіндеп азайта отырып, тексеруді жалғастыра беріңіздер. Сфера мөлшерін Кестеге жазыңыздар. Бұл процесті егер қажет болса, барлық 12 нүктені тексергенше, екі индикаторды пайдаланумен жалғастырыңыздар және әрбір нүктенің өлшеулерін тіркеңіздер. 5А және 5Б суреттерінде саңылаудың әртүрлі екі мөлшері көрсетілген. 5А суретте 6 мм саңылау үлгісі, ал 5Б суретте 10 мм саңылау көрсетілген.


5А сурет: Саңылауларды тексеру
Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері

5Б сурет: Саңылауларды тексеру

Көз жарақаттары. Тәуекелдерді төмендетуге арналған қорғаныс көзілдіріктері
Саңылаудың ең жоғары шамасы ешқандай нормалармен және стандарттармен белгіленбегендіктен: «Бет пен көзілдірік бетінің арасындағы саңылау неғұрлым аз болса – ұшқан бөлшектер мен қоқыстың көздердің жұмсақ тіндеріне келіп түсу мүмкіндігі де соғұрлым аз» қағидатын басшылыққа алыңыздар. 6 - 8 мм және одан аз саңылау неғұрлым ыңғайлы. Егер 10 - 12 мм саңылаулар бар болса – көзілдіріктердің басқа моделін таңдау және бағалау ұсынылады.

4 қадам. Қызметкерлерді оқыту
Көзілдірікті пайдаланушының қорғаныс көзілдіріктерін дұрыс пайдалануға, қызмет көрсету мен қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланудағы орын алған шектеулерге, сондай - ақ оларды тазалау мен сақтау сияқты, көзілдіріктерге күтім жасау рәсімдеріне үйретілгеніне көз жеткізіңіздер.
Пайдалану бюойынша ақпарат алу үшін өндірушілер қорғаныс көзілдіріктеріне қоса беретін пайдалану Нүсқаулығына жүгініңіздер. Көзілдіріктерді пайдаланушыларға арналған ақпарат төменде келтірілген.
Ашық көзілдіріктер ұшатын бөлшектерден немесе заттардан қорғануға көмектеседі. Кейбір операциялар үшін арнаулы сүзгілер немесе күңгірттелген линзалар, жабдықтарға арналған қорғаныс экрандары, жабық қорғаныс көзілдіріктері, бетке арналған қалқаншалар немесе қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған басқа да жабдықтар талап етілуі мүмкін.
Газбен және электр доғасымен пісіру, металдар балқыту, газбен кесу немесе шыны үрлеу сияқты көзге оптикалық сәулеленудің қауіпті деңгейлері әсер етуі мүмкін операцияларды орындау кезінде қорғану үшін тек ашық көзілдіріктерді пайдалану ұсынылмайды.
Спорттық жарыстар, пейнтбол ойындары немесе еліктеуші әскери ойындар кезінде химиялық заттардың буларынан немесе шашырандыларынан, лазерлік жарықтан қорғануға арналған көзілдіріктерді пайдаланбаңыздар. Тазарту және ажарлау машиналарымен жұмыс істеу кезінде қатты соққылардан қорғануға арналған көзілдіріктерді пайдаланбаңыздар.
Көзілдіріктерді әрқашанда екі қолмен киіп, шешіңіздер.
Көзілдіріктерді тұрақты тексеріңіздер және егер сызаттарды, нүктелік коррозияны, тырналуларды, деформацияны немесе зақымдану белгілерін тапсаңыздар, оларды дереу алмастырыңыздар. Көзілдіріктерді өздеріңіз жөндемеңіздер!
Линзаны және ілдірікті сумен немесе жұмсақ сабынды ерітіндімен тазартыңыздар және жұмсақ матамен сүртіңіздер. Көзілдіріктерді MEK, ацетон немесе толуол сияқты еріткіштермен немесе химиялық заттармен сүрту ілдірікті, линзаны және/немесе жабынды зақымдауы және олардың қорғаныстық сипаттамаларын азайтуы мүмкін. Көзілдірікті ластанудан, зақымданулардан, қатты бөлшектерден, қоқыстан, күн сәулесінің тікелей түсуінен, химикаттардан, жоғары температура немесе қатты суықтан қорғалған таза жерде сақтаңыздар.

5 қадам. Эргономиканы қайта тексеру
Енді пайдаланушы лайықты көзілдірікті алған кезде, қысқа уақыт кезеңінде олардың бұрынғыша қолайлы және сырғымайтындығына, түсіп кетпейтініне, қыспайтынына және т.б. көз жеткізіңіздер. Қонымдылығын бағалау рәсімін қайталаңыздар.

6 қадам. Жазбалар жүргізу
Марканы (өндірушіні), модель нөмірін және таңдалған модель туралы басқа да қолжетімді ақпаратты Кестенің тиісті жолына жазыңыздар. Қонымдылыққа өткізілген тексерулер туралы жазбаларды компанияның ережелері мен стандарттарына сәйкес сақтаңыздар.
 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 12, 2017  

 

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться