Кәсіпорында еңбек және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

930
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның саясаты адамның лайықты өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған (ҚР Конституциясының 1,2 баптары). Адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылықтар болып табылады. Адамның
қадір-қасиетіне қол сұғылмайды (ҚР Конституциясы 17 бабының 1 тармағы).

Еңбек ету құқығы

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясы 24 бабының 1 және 2 тармақтары).
Бұл конституциялық ұстанымның ҚР Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) бекітілуі жұмыс берушіні бірінші кезекте өз қызметкерлеріне қызметкердің экономикалық қызметтің қандай түрімен қамтылғанына, ұйымның ұйымдық-құқықтық формасы мен меншік формасына қарамастан еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз
етуді міндеттейді. Құқықтық шаралар жүйесінде қолданылатын қазақстандық барлық еңбек заңнамасы қызметкерлер еңбегін қорғауға бағытталған.Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстыруларға тыйым салу, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруларды шектеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу (мысалы, мерзімінен артық жұмыстарды шектеу) – заңның осы және де басқа ережелері
қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттардың, салааралық және салалық ережелер мен нормалардың қолданыстағы жүйесі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы нақтылай түседі. Құжаттардың тұтастай бір қатары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға тікелей байланысты мәселелерді реттейді, олардың ішінде: еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау бойынша оқыту, еңбек тәртібі, қызметкерді ол еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіптік аурулар кезінде қызметкердің денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтыру, қызметкерлердің жекелеген са-
наттары еңбек қызметінің ерекшеліктері, қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен өтемақылар, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және басқалары бар.
Ұйымдағы еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлауға, еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларына деген құқықты және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік  белгілеуге тікелей бағытталған заңнаманың қолданылатын нормалары да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама ретінде қарастырылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат мынаған бағытталады:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік, салалық
(секторлық) және өңірлік бағдарламалар әзірлеу;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлерді қорғаудың жеке және ұжымдық құралдарының өндірісі жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін жасау және іске асыру;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алудың
бірыңғай тәртібін орнату;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылау жасау;
8) ұйымдағы қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін нормативтік жағынан бекіту;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
10) өндірістің заманауи техникалық деңгейі мен еңбекті ұйымдастыру кезінде жойылмайтын ауыр жұмыс және еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу шарттарын белгілеу;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибесін тарату;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындау
және біліктілігін арттыру;
13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық
жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастық.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жағдаяттың түбегейлі
жақсаруға қарай өзгеруі үшін адам өмірі – бұл қоғамның аса маңызды құндылығы екендігін қоғамдық сезіну, қызметкерлердің еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын заңдық жағынан бекіту, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қатынастарды реттейтін заң тетігін орнату қажет.
ҚР ЕК 1 бабы, 1 тармағының 35) тармақшасында «еңбекті қорғауға» мынадай анықтама берілген: «құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет прцесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі».

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль