Роберт Оуэн бойынша қызметкерлер құрамын басқару

728
Роберт Оуэн бойынша қызметкерлер құрамын басқару
Верещагина Анна Анатольевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий психолог, доцент Балтийского федерального университета им. И. Канта, действительный член (академик) МАПН, доктор психологических наук, г. Калининград
Біз тарихи фактілерді танып, зерделегенде, адамдар мен мемлекеттер мәселелерінің, сипаттамаларының қазіргі заманмен үйлесімдігін байқаймыз.

Адамдарды басқару мәселесі ұйыммен бір уақытта әлеуметтік феномен ретінде пайда болды. Ежелгі заманда патша әулеттерінде басқару қағидаттары ұрпақтан ұрпаққа берілген және құпия білімнің құнды құрметіне бөленген. Ежелгі Мысырда, Ежелгі Грецияда, Римде басқару ерекше магиялық сипатта болатын, қасиетті іс-әрекеттер ретінде өткізілетін. Біздің сындарлы ғасырда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, тіпті, қазіргі кезде де адамдар басқаруға көп адамның қолынан келмейтін өнер ретінде қарайды.

Кез келген басқарушы саналы иеліктің пайдасын түсінеді. Қазіргі кездегі менеджмент жұмыскерлердің уәждемесі мен олардың қызметінің тиімділігінің өзара байланысын түсінуде демек, еңбек өнімділігінде де біраз алға жылжыды. Егер ойластырса, онда қоғамның дамуында алдыңғы қатарлы технологиялардың және басқарудың жаңа қағидаттарының маңыздылығын оп-оңай дәлелдеуге болады. Мемлекетті, стратегиялық кәсіпорындарды басқару өнерінің және әскери, интеллектуалды және шаруашылық күш-қуатын шебер пайдалану тұрғысынан адамның дамуын қарайықшы.

Мысалы, б. д. IV ғасырда Рим үнемі галдар шабуыл жасайтын кіп-кішкентай қалашық болған. Басқарудың ойластырылған қағидаттарының арқасында, небәрі 100 жылдың ішінде Рим өзіне бүкіл Италияны бағындырды және Ежелгі әлемнің ең мықты мемлекеті болды. 

Тарихқа саяхат жасау өте қажет – ол біліктілік деңгейін арттырады, дамытады және, психологтардың пікірі бойынша, тамырландырады, яғни, күш, сенімділік береді, ұрпақтардың байланысын, тұрақтылығын және уақытпен тексерілген заңдардың күшін  түсінуге көмектеседі.

Одан басқа, біз тарихи фактілерді танып, зерделегенде, адамдар мен мемлекеттер мәселелерінің, сипаттамаларының қазіргі заманмен үйлесімдігін байқаймыз.

Қазіргі заманның басқару тұжырымдамасында, HR-менеджмент саласындағы Уолт Дисней, Сэм Уолтон, Ричард Брэнсон және т.б. сияқты батыстың әйгілі кәсіпкерлерінің жаңа жетістіктерінде олардың қағидаттары әйгілі ағылшын, утопияшыл социалист Роберт Оуэнның теориясынан алынғанын  байқауға болады.  

XIX ғасырдың әлеуметтік реформаторларының бірі, философ, педагог және социалист Роберт Оуэн, кедей дүкеншінің отбасынан шыққан, кейін өнеркәсіп иесінің көрнекті мансап жолын жасады.

Ол кезде фабрика өндірісінің саласында ең жақсы жұмысшы – ол аш жұмысшы деген пікір басым болған. Жұмыс күші өндірістің қағидаларын, қатаң тәртібін сақтауға, жаңа мәдениетті қолдауға қарсы болған біліктілігі төмен жұмыс күшінен тұрды.

Маңыздылығы бойынша екінші қиындық ол оқыту болды. Қызметкерлер құрамы индустриялық өмірдің жетістіктеріне: сызуларды оқуға, есептеуге, машиналармен жұмыс істеуге үйренуге тиіс болған. Жұмысшылар бір бірінен үйреніп жүрді, өйткені стандарттаған білім әдістемесі болмаған. Уәждеме ретінде  «қамшы және пірәндік» жүйесі қолданылған. Айыппұлдар жүйесі кең таралған. Көп нәрсеге қол жеткізу үшін, жұмыскер қарқынды жұмыс істейді деген «экономика адамының» тұжырымдамасы көпшілікке танымал болды. Бірақ, кәсіпкерлер үнемі жұмыс нормасын көбейтіп отырды, ал, ол жағдай жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы жанжалға апаратын.

Еңбекшілерді күніне 13 – 14 сағаттан пайдаланудың қалыптасқан дәстүріне қарсы  Роберт Оуэн бұл мерзімді өзінің кәсіпорнында 10 сағатқа дейін қысқартты. Дәл сол кісі жұмыскерлерге лайық еңбек жағдайларын жасап, Нью-Ланаркадағы өзінің тігін фабрикасында олардың еңбек өнімділігін кәдімгідей арттыруға болатынын болжады.

Роберт Оуэн кәсіпорында адамдарды басқару қағидаттарын өзінше түсінді. Ол, жалдамалы жұмысшыға қамқорлық көрсету міндеті  жұмыс берушінің мүдделерімен толық үйлесетінін көрсетуге талпынды. Бүгінгі кезде бұл өзекті емес пе?

Роберт Оуэн адам – ол айналаның және тәрбиенің сыртқы жағдайларының өнімі екенін, яғни, жасалған жағдайлар неғұрлым жақсы болса, соғұрлым адамның табиғаты игілікке жететінін және жетілетінін дәлелдеп, «патронат» жүйесін әзірледі.

Роберт Оуэнның басқару теориясына көпшілік назар аударды. Сонымен қатар оның кәсіпорындарының коммерциялық табысы мен ол жерде қамтылған жұмысшылардың әл-ауқаты барлығын таң қалдырды.

Фабрикаға тіпті Ресейдің болашақ императоры Николай І барған. Оуэнның табысына тәнті болған ол реформаторға өзімен 2 млн. Британ халқын алып,  Ресейге көшіп келуді ұсынды, бірақ, Оуэн ол ұсыныстан бас тартты.

Роберт Оуэнның философиясындағы басты нәрсе  ұйымдағы адам факторының маңыздылығын мойындау болды. Оуэн, пайда табу үшін кәсіпорын иесі құрал-жабдықты күтіп ұстағандай, адам қорына да көп көңіл бөлу керек екенін атап өткен.

Оуэн жұмысшылар үшін мектептер, ал олардың балаларына балабақшалар ашты, медициналық көмек ұйымдастырды және жұмысшылардың демалысы үшін жағдайлар жасады. Ол кезде кадрлардың тұрақтылық мәселесі ерекше сипатқа ие болды – адамдар жұмыс орындарында қайтыс болып жатты. Жұмысшылардың денсаулығына қамқорлық көрсеткен соң кадрлардың тұрақтылық мәселесі шешілді.

Жиырма жыл бойы (1800 жылдан бастап) Роберт Оуэнның және оның әріптестерінің фабрикаларында, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың арасындағы қарым-қатынастарды ізгілендіру мен еңбек жағдайларын жеңілдетуге, жұмыскерлердің жалақысын көтеруге және оларды еңбекпен қамтуға кепілдіктер беретін өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың жаңа әдістерін табу мақсатымен әлеуметтік-басқарушылық эксперимент өткізілді.

Фабрикалардағы басқару ісін реформалауды Роберт Оуэн келіс бағыттар бойынша өткізді: ...

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль