Жұмыс беруші қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жауап береді

834
Кылышбаев К. А.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», государственный инспектор Департамента Комитета индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Жамбылской области
«АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалында машинашысы ұшыраған жазатайым оқиға жұмыс орнында, қызметтік міндеттерді орындау кезінде болып өтті. Себептері қандай?

«АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалында тиеу-жеткізу машинасының машинашысы А.Б.Төреханов ұшыраған жазатайым оқиға жұмыс орнында, қызметтік міндеттерді орындау кезінде болып өтті. Себептері қандай, кім кінәлі, жұмыс орнындағы қызметкердің қауіпсіздігі үшін жауап беретін, еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген  тұлғалардың жаупкершілігіне қандай шара қолданылды?

Жазатайым оқиғаның мән-жайы

 2014 жылы 22 қаңтарда, 19.00-де екінші ауысымға  «Бескемпір» учаскесінің бастығы Ж. Ж. Мәукеев  тау-кен шебері М. Б. Кемаловқа,  ұңғылаушыларға, жарғыштар мен жерасты өздігінен жүретін машиналардың машинашыларына  № 5/1 қабатастылық қуақазды тау-кен массасынан тазартуға,  + 180 м горизонтындағы № 8 қабатастына тасуға, желдету тармақтарын өрістетуге –  + 220 м горизонтындағы НТС 3 бұрғылаушыларына көмектесуге наряд-тапсырма берді.  Нарядта «Бескемпір» учаскесінің бастығы  Ж. Ж. Мәукеев телефон арқылы бірінші ауысымның тау-кен шебері У. Молдабековтен  қабатастылық № 5/1 қауқазы  НТС-3 бортында жаңадан қашалған кенжарды жарудың коммуникациялар мен жабдықтарды қауіпсіз жерге әкетуге байланысты кідіртілетіндігі туралы ақпарат алды. Жағдаятты талдай отырып,  «Бескемпір» учаскесінің бастығы Ж. Ж. Мәукеев  кенжарды жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген графигінен ауытқи отырып жаруға әмір берді, өйткені кенжарға оқ-дәрі толтырылған болатын,  +180 м горизонттан  +120 м  горизонтқа тау-кен массасын тасымалдау кезінде механикалық әсер етуді болдырмау керек болды (өздігінен төгушілер шанақтарымен оқ-дәрі толтырылған кенжарға жанасуы мүмкін еді).

Бұл жерде «Бескемпір» учаскесінің бастығы Ж. Ж. Мәукеев өздігінен төгушілер мен тиеу-жеткізу машинасының (бұдан әрі – ТЖМ) машинашыларына жазбаша наряд-тапсырма дайындаған тау-кен шебері М. Б. Кемаловқа шахтаға түсуге асықпауға; ауысым алдында техниканы ауысым сайынғы қарап-тексеруге: дөңгелекқаптарға жел толтыру, майлау, машиналар тораптарын тартып-бекітуге әдеттегіден көбірек уақыт бөлу туралы өкім берді.

Тапсырма алғаннан кейін 2-барлау-пайдалану шахтасына (бұдан әрі – 2-БПШ), +120 м горизонтына  бірінші болып Bumer T1D  бұрғылау қондырғысының машинашысы К. С. Маринов өз жұптасымен бірге түсті, өздерімен бірге бұрғылау қарнақтарын ала түсті. Ұңғылау кенжарының алыстығынан К. С. Маринов жер үстіне телефон арқылы бұрғылау қарнақтарын төмен жатқан +180 м горизонтына жеткізу үшін көлік табу керектігін хабарлады. Қоңырау шалуға оқпаншы  Г. Ж. Меңлібаев жауап берді. К. С. Маринов одан А. Б. Төрехановты шақыруын өтінді. ТЖМ машинашысы А. Б. Төрехановпен бұрғылау қарнақтарын жеткізуге келіскен К. С. Маринов оны +120 горизонтында күтіп тұрды.  ТЖМ-ның зардап шеккен машинашысы А. Б. Төрехановтың айтуынша, ол 2-БПШ-нда тиеу-жеткізу машинасы тұрған  +60 м горизонтына түскен. ТЖМ-н оталдырып, +60 м горизонтынан  +120 м горизонтына қарай төмендей бастаған.  Түсу кезінде, бірінші бұрылыстан кейін, газ иісін сезген. Тағы да бес метр жүргеннен кейін, жарылыс өнімдерінің жақындап келе жатқан сұр түтінін көрген.  Жарылыс өнімдерінің астында қалған ол ТЖМ-н тоқтатқан. Артқа қарай жүріс беруге әрекеттенген кезде машина өшіп қалған. Машинаны тастап, +60 м горизонтына қарай жаяу,  жылдам көтеріле бастаған. Шайқалақтап келе жатқан А. Б. Төрехановты көрген өздігінен төгуші-жеткізу машинасының машинашысы М. А. Мырзабеков оған жүгіріп келді де, олар ауаның таза ағынына бірге шықты. Бұл уақытта  +60 м горизонтта наряд алған оқпаншы Г. Ж. Меңлібаев оған клетьке дейін жетуге көмектесті, учаске басшылығына қоңырау шалды және М. А. Мырзабековпен бірге зардап шегуші А. Б. Төрехановты жер бетіне шығарды. А. Б. Төрехановқа сол жерде тау-кен-құтқарушы взводымен бірге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді және    «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының медициналық пунктіне жеткізілді, бұл жерде зардап шегуші А. Б. Төрехановқа шұғыл көмек көрсетілді және сағат 11.00-де көлікпен Мойынқұм ауданының аудандық ауруханасына жөнелтілді.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру

            Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы  басқармасының 2014 жылғы 28 қаңтардағы  № 13-Ө бұрығымен тағайындалған, құрамында төрағасы Б. Н. Әбди – мемлекеттік еңбек инспекторы, және мүшелері: К. А. Қылышбаев – бас маман, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өнеркәсіптегі тау-кен-техникалық бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, К. К. Исаева – Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы, М. К. Аусабаев – «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының директоры, А. Х. Абиров – «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы қызметкерлерінің өкілі болған комиссия жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді жүргізді.

Зардап шегуші туралы мәліметтер

р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

Лауазымы,

өтілі

Нұсқама берілген күн

Жарақаттың ауырлық дәрежесі

Асырауындағылар туралы мәліметтер

1

Төреханов Айдос Болатұлы

1988

ТЖМ машинашысы

кіріспе 03.09.2012, 

бастапқы   03.07.2013, 

қайталама   03.01.2014 

ауыр

бойдақ

Жұмыс орны туралы мәліметтер

      «АК Алтыналмас»  АҚ –  ірі кәсіпкерлік субъектісі. Негізгі қызметі – қымбат металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу.         «Ақбақай» кенішінің  «Бескемпір»  тау-кен-ұңғылау учаскесі  «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының құрамына кіреді және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан,  +60 м, +120 м,  + 180 м горизонттарында жұмыстар жүргізеді. 

         Жер бетінен +180 м горизонтына дейін төмен жатқан горизонттарды ашуға арналған көлбеу көліктік жол (НТС-3) жүргізілген. «Ақбақай»   кенішінің «Бескемпір» учаскесінде қазбаларды ұңғылау кезінде өздігінен жүретін жабдықтар пайдаланылады, ұсақ тілмелік жабдықтар (қол жұмысы, техникасыз) қималық, желдетуші және бұрғылау тіреулерін дайындау кезінде ғана қолданылады.        

         «АК Алтыналмас» АҚ басқармасының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы отырысының хаттамасына сәйкес өндірісті жүзеге асыруға тиісті лицензиялар алуға байланысты және2012 жылы 1 қаңтарда бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлер қабылданды. Негізінен бұлар «АК Алтыналмас» АҚ-на тиісті кен орындарында өндіру мен қайта өңдеуді жүргізетін,  «Ақбақай ТМК» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері болатын.

         Жазатайым оқиға көлбеу көліктік жолда (бірінші көлбеулік еңісте,  +60 м және 120 м горизонттардың арасындағы бұрылыста) болып өтті.

Қауіпті өндірістік факторлар: тау-кен жұмыстарын (оның ішінде ұңғылау кешенін қолданумен жерасты жағдайларында тік және көлбеу тау-кен қазбаларындағы ұңғылау да бар), бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу, қазбаларда жарылыс өнімдерінің жинақталу мүмкіндігі, тау-кен қазбаларының опырылып түсуі, тау-кен қазбаларын су басу, биіктіктер бойынша айырмашылықтар, тік және көлбеу қазбаларды бекіту.

           Жазатайым оқиғаның себептері

            Жазатайым оқиғаның негізгі себебі – жұмыстар жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыру: жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы қамтамасыз етілмеген. Жұмыс орындарында тәуекелдерді болғызбауға арналған шаралар қабылданбаған: жарылыс жұмыстарының графигі сақталмаған, күзет посты қамтамасыз етілмеген, «Кіруге тыйым салынады: кенжар желдетіліп жатыр!» аншлагы орнатылмаған, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуына өндірістік бақылаудың төменгі деңгейі (оның ішінде жұмыстарды жерастылық тәсілмен жүргізу кезінде).

            Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексінің  (бұдан әрі – ҚР ЕК) (09.02.2015 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен)  317-бабы, 1-тармағының  1), 4) тармақшаларын; 321-бабының 4-тармағын; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен (18.02.2014 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген  «Жұмыстарды жерастылық тәсілмен жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының» 818-тармағын бұзушылыққа жол берілген.

Комиссияның қорытындылары

          «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының ТЖМ машинашысы А.Б.Төреханов 2014 жылғы 22 қаңтарда, 20 сағат 30 минутта душар болған жазатайым оқиға ҚР ЕК 322-бабы, 2-тармағының 2) тармақшасының негізінде жұмыс орнында жұмыс берушінің мүдделері үшін іс-әрекеттер орындау кезінде, жұмыс уақытының ішінде болды. Жазатайым оқиға өндіріспен байланысты, және жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт жасауы қажет (жұмыс беруші «АК Алтыналмас» АҚ есепке алады ).

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін, материалдарын, түсініктемелерді зерделей және куәгерлермен сауалдама жүргізе отырып, мынадай қорытындыға келді:

Зардап шегуші  А. Б. Төреханов кінәсінің дәрежесі – 0 пайыз;

Жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі – 100 пайыз.

Комиссия  жазатайым оқиғаға әкелген әрекеттері немесе әрекетсіздіктері үшін жауапты тұлғаларды анықтады:

Ж. Ж. Мәукеев – «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы, Ақбақай кеніші «Бескемпір» учаскесінің бастығы, жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігін  бақылаған жоқ және учаске қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, нұсқаулық ережелері талаптарын сақтауын қамтамасыз етпеді; өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының (оның ішінде жұмыстарды жерастылық тәсілмен жүргізу кезінде) орындалуын қадағалаған жоқ; «АК Алтыналмас» АҚ-ның өндіріс жөніндегі бірінші вице-президенті Б. Б. Джалолов бекіткен «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы кенішінің жерастылық тау-кен жұмыстары учаскесі бастығының лауазымдық нұсқаулығын бұзды.

М. Б. Кемалов – учаскенің тау-кен шебері өз ауысымы жұмысшыларының қазу нормаларын орындау мен шахтадан көлікпен шығуын (шығуын) қамтамасыз ету үшін тау-кен жұмыстарының жай-күйіне бақылау жасамады; ауысымдық наряд-тапсырманың қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария ережелерін қатаң сақтай отырып, орындалуын қамтамасыз етпеді; «АК Алтыналмас» АҚ-ның өндіріс жөніндегі бірінші вице-президенті Б. Б. Джалолов бекіткен «АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы кенішінің жерастылық тау-кен жұмыстары учаскесі бастығының лауазымдық нұсқаулығын сақтамады.

Екі маман да ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 3), 18) тармақшаларын;  317-бабының 1), 14) тармақшаларын; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен (18.02.2014 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген  «Жұмыстарды жерастылық тәсілмен жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының» 818-тармағын бұзған.

Комиссия мүшелері зардап шегушілермен кездесті, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғаудың заңды құқықтарын түсіндірді.

Тергеп-тексеруге арналған құжаттар

  •  23.01.2014 жылғы жазатайым оқиға туралы хабарлама.

  • Өндірістік жарақаттың ауырлығы туралы 24.01.2014 жылғы қорытынды.

  • Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының  жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру бойынша комиссия құру туралы 28.01. 2014 жылғы № 13-Ө бұйрығы.

  • «АК Алтыналмас» АҚ  Ақбақай филиалының директоры М. К. Аусабаевтың атына 22.10.2012 жылы берілген № 1235/1 сенімхат.

  • Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді жүргізу жоспары.

  • А. Б. Төрехановтың атына берілген Н-1 нысанындағы акт.

  • Еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы.

  • Жазатайым оқиға болған жерді қарап шығу актісі.

  • Жазатайым оқиға болған жердің нобайы.

  • А. Б. Төрехановтың жеке куәлігінің көшірмесі.

  • Әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі.

  • А. Б. Төрехановтың тракторшы-машинашы куәлігінің көшірмесі.

  •  А. Б. Төрехановтың жұмысқа қабылдау туралы өтінішінің  және медициналық қарап-тексеру нәтижелерінің көшірмесі.

  •  А. Б. Төрехановтың Т-2 нысанындағы 01.09.2012 ж. № ТД 1048  жеке карточкасының көшірмесі.

  •  А. Б. Төрехановтың 01.09.2012 ж. № 1048 еңбек шартының көшірмесі.

  • Копия приказа о переводе А. Б. Төрехановты еңбектің жерастылық жағдайлары бар ТЖМ машинашысы етіп ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесі.

  • 01.06.2013 ж. № 227/2 еңбек шартын өзгерту туралы келісімнің көшірмесі.

  • Еңбек кітапшасының көшірмесі.

  • «Бескемпір» учаскесінің наряд-тапсырма беру кітабінің көшірмесі.

  •  № 5-1 қабатасты куақазын  («Сюрприз» желісі бойынша  +345 м (142м) горизонты (шығыс, батыс)) ұңғылау жұмыстарын ұйымдастыру жобасының көшірмесі.

  • «Бескемпір» учаскесі бойынша  2014 ж. қаңтар айындағы жарылыс жұмыстары графигінің көшірмесі.

  • Кіріспе нұсқаманы тіркеу журналынан көшірме.

  • Жұмыс орнындағы бастапқы нұсқаманы тіркеу журналынан көшірме.

  • Жұмыс орнындағы қайталама нұсқаманы тіркеу журналынан көшірме.

  • ИТҚ мен жұмысшыларды  ПЛА қосалқы шығатын жерлермен таныстыру және тіркеу журналынан көшірме.

  • 13.04.2014 ж. он жеті сағаттық бағдарлама бойынша (жылдық) өткізілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексерудің № 10 хаттамасынан көшірме.

  • 13.04.2014 ж. қырық сағаттық бағдарлама бойынша (жылдық) өткізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі білімді тексерудің № 18 хаттамасынан көшірме.

  • А. Б. Төрехановтың; М. А. Мырзабековтің; Г. Ж. Меңлібаевтың; К. С. Мариновтың; Б. К. Балшықбаевтың; У. Ж. Молдабековтің; М. Б. Кемаловтың; Ж. Ж. Мәукеевтің түсініктемелері.

  • А. Б. Төрехановпен; М. А. Мырзабековпен; Г. Ж. Меңлібаевпен; К. С. Мариновпен; Б. К. Балшықбаевпен; У. Ж. Молдабековпен; М. Б. Кемаловпен; Ж. Ж. Маукеевпен сауалдаманың хаттамалары.

  • Фотосуреттер  –   4 парақта.

  • Жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы анықтама.

  • Материалдық көмек көрсетілгені туралы анықтама.

  • Нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілерден үзінді көшірме.

  • Жазатайым оқиға бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат.

Белгіленген іс-шаралар

«АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалында 2014 жылғы 22 қаңтарда, сағат 20.30-да ТЖМ машинашысы А.Б.Төреханов ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде мынадай іс-шаралар белгіленді:

р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындаушы

1

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жоспардан тыс нұсқама өткізу.

05.02.2014 ж-ға дейін

жұмыс беруші

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру мен білімдерін тексеру Қағидалары мен мерзімдері 30-тармағының негізінде жазатайым оқиғаға жол берілуіне байланысты басшы қызметкерлерді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін қайтадан тексеруден өткізу.

28.02.2014 ж-ға дейін

жұмыс беруші және бөлімшелердің басшылары

3

Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, топтық жазатайым оқиғаға жол берілуіне байланысты жарылыс қауіпті және жарылыс-өрт қауіпті заттар пайдаланылатын объектілер мен жабдықтарға қызмет көрсететін мамандардың, инженер-техникалық қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімдерін жоспардан тыс тексеруден өткізу.

20.03.2014 ж-ға дейін

жұмыс беруші және бөлімшелердің басшылары

4

Тергеп-тексерілетін жазатайым оқиғаға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрық шығару.

 05.02.2014 ж-ға дейін

жұмыс беруші

Барлық іс-шаралар жүргізілді. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары кәсіпорын бөлімшелерінде талқыланды. Барлық нормалар, ережелер, заңдарды сақтаудың – тіршілік қарекеті қауіпсіздігінің негізі екендігін ұғыну маңызды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   

            



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль