Тергеу ерекшеліктері кәсіби аурулар мен улану

738
Кәсіптік ауру – созылмалы немесе қатты ауру, әсер етуінен туындаған зиянды өндірістік факторлардың при выполнении трудовых обязанностей

ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті.

Зиянды факторлар

 Кәсіптік ауру – қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 53) тармақшасы).
Зиянды өндірістік фактор – әсері қызметкердің сырқаттануына неме-
се еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының
денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 52) тармақшасы).
Қауіпті өндірістік фактор – қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 57) тармақшасы).
Тез өрбитін кәсіби аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік
факторлар қанықпаның шектеу шегінен немесе рұқсат етілген деңгейден көп есе жоғары болып, бір реттен кейін (бір жұмыс ауысым ішінде) кенеттен пайда болған аурулар жатады (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03 № 74-ө бұйрығына 2-қосымша).

Улану тексеруге жатады

Созылмалы кәсіби ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және
қолайсыз өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіби аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің, жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты
органикалық өзгерістер) жатады. Еске сақтайтын бір жағдай, кәсіби аурулардың пайда болуы зиянды және қауіпті заттармен жұмысты тоқтатқаннан кейін де (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы мүмкін. Кәсіби ауруларға, сондай-ақ дамуында кәсіби ауру фон немесе қатер факторы болған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитының негізінде
пайда болған өкпе обыры) да жатады (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03 № 74-ө бұйрығына 2 Қосымша).
Өндірістегі қатты ауру және улану оқиғасы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.12.11. № 705 Халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тергеп-тексеру ережелеріне сәйкес материалдардың негізінде белгіленген форма бойынша жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
Жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары жүргізеді. Мұндай жағдайларда өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіге Мемсанэпидқадағалаудың өкілі қол қояды.
Кәсіптік аурудың (уланудың) әрбір жағдайы тексеруге жатады.

Тексеріс барысында мыналар анықталынуы керек:

- кәсіптік аурудың (уланудың) пайда болу жағдайы немесе оның себептері
анықталынуы керек;
- ауру пайда болған жұмыс орнына (жұмыс аумағында, өндірістік учаске-
де, цехта) тексеріс жүргізіледі;
- керек болған жағдайда зиянды өндірістік факторларды зертханалық
жолмен, құрал-саймандарды қолдану арқылы тексеріс жүргізіледі;
- жұмыс атқарушының жұмыс істеу жағдайына санитарлық-эпиде-
миологиялық баға беріледі;
- ұйымға берілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс актілері,
зертханалық тексерістердің қорытындысы, жұмыс орнын аттестациялау
жағдайы;
- жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің
материалдары тексеріліп, еңбек ету жағдайы мен оны қорғауды
жақсартуға бағытталған санитарлық-сауықтыру шаралары тексеріледі.
«Кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі» 3- тарауында
тұрақты жұмыс орнынан (оқудан) тыс жерге жіберілген адамдарда кәсіптік аурудың және уланудың пайда болу жағдайын тексеруді кәсіптік ауру (улану) орын алған нысандарды бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді делінген.
Кәсіптік аурумен ауырған адамдарға диспансерлік бақылау жұмысын осы салада жұмыс істейтін медицина ұйымы жүргізуі керек.
Тапсырма берілген ұйым 1 ай мерзім ішінде тексеру үшін қажет сұралған
құжаттардың көшірмесін жіберулері керек.
Тез өрбіген кәсіптік ауруларды және улану диагнозын азаматтарға
амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіптік ауруларды (улануды) – кәсіптік патология орталықтары немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.
Орталықта тұрақты жұмыс істейтін бағытты, кәсіптік тұрғыдан патология
ны (бұдан әрі – кәсіптік патология) сараптау комиссиясы құрылады. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссияның құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы керек. Комиссияның төрағасы ауру бағыты бойынша маманы боп тағайындалған кәсіптік патолог дәрігер тағайындалады. Кәсіптік патологиялық комиссиясының
мүшелері кәсіптік патология жөнінде дәрігерлер немесе маман сертификаты бар дәрігерлер болу керек.

Қажетті құжаттар

Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде кәсіптік ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:
1) медицина ұйымының жолдама қағазы;
2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан
алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді
медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық,
функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;
3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;
4) еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болған жағдайда ғана қарайды.

Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы келесі шешімдерді қабылдайды:

1) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде
кейіннен болатын түрлерін;
2) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болмайтын аурулары;
3) өндірістік зиянды факторлар әсер ету салдарынан пайда болатын жеке
белгілердің болуы);
4) кәсіптік аурудың өршуі (тоқтаусыз өрбуі);
5) кәсіптік аурудың өршуінің тоқтауы немесе кері жүруі;
6) кәсіптік ауру жоқ дегізетін кәсіптік аурудың қалдық белгілері (ұзақ
уақыттан кейінгі салдары), аурудың салдары;
7) қайталай тексерістер жүргізу арқылы қосымша мағлұматтарды жинау
(көрсетілсін);
8) жоғарғы дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу және
тереңдетілген тексерістер жүргізу үшін кәсіптік патология клиникасында
тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді.
Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысында кезекті емдеу-профилактикалау шаралары көрсетіліп, диспансеризацияға алу, медициналық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері шешілуі керек. Қорытынды науқастың өз қолына немесе оның өкіліне сенімхат бойынша беріледі.
Егер аурудың пайда болуын анықтауда қиындықтар кездесетін болса және ауырған адаммен келіспеушілік болған жағдайда, қолдағы материал 10 күнтізбелік күн ішінде республикалық кәсіптік-патологиялық сараптау комиссиясында қаралуға жіберіледі
Кәсіптік аурудың диагнозын анықтауға керекті негізгі құжат (атқаратын
жұмысына немесе кәсібіне байланысты) ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің
2009.12.11 № 705 бұйрығымен бекітілген Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесіне қосымша берілген Кәсіптік аурулар мен уланулардың тізімі болып саналады.
Кәсіптік ауру және улану диагнозын қойғанда, аурудың клиникалық
формаларының ерекшеліктері, әсер ететін этиологиялық фактордың және
атқаратын жұмыстың, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жағдайы және зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмыс өтілі еске алынады. Егер өндірістік орта жағдайына тексеріс жүргізілмесе, ол кәсіптік ауру немесе улану деп диагноз қоюға кедергі бола алмайды. Мұндайда ғылыми әдебиеттің, модельдеудің және осыған ұқсас өндірістік жағдайларға ұқсату арқылы диагноз қоюға болады.
Егер аурудың себептері әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған
болса, оның ішінде кәсіптік факторлар орын алса, онда мұндай ауру кәсіптік деп саналынады.
Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіптік аурулар және улану диа-
гнозын қоюда (аурудың кәсіппен байланысын анықтауда) қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда уәкілетті орган арқылы тұрақты жұмыс істейтін сараптаудың республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы құрылады.
 

Дереккөз: http://«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль