Әріптестермен қатынас: машықтанған бітім бе?

857
Біз өз өміріміздің көбісін жұмыста өткіземіз. Біз өзіміздің еңбек қызметімізде іскерлік мәселелерді шешіп, әріптестермен өзара қарым-қатынастар орнатамыз.

Сіздің әріптестермен қатынасыңыз жақсы ма? Мүмкін сіз күнде таңертең осы қатынастар үйлеспейтіндіктен өзіңізді жұмысқа баруға мәжбүрлейтін боларсыз? Барлығы бірдей қалыптаспаған ұжымда біреу сізді өзінің соқтығыстарымен мазаңызды кетіруі, екіншісі сықақ қылуы, үшіншісі қорлауға тырысуы жоққа шығарылмайды... Біздің мақала – жұмыста даулы жағдайларға тап болатындарға және оларды шешкісі келетіндерге арналған.

Біз өз өміріміздің көбісін жұмыста өткіземіз, сондықтан өзімізді сонда қолайлы сезінгің келеді. Бірақ бұл әрдайым бізге байланысты емес, дегенмен біз ұжымда сыйысуға тырысамыз, ымыраға және көнуге барамыз… Егер де даулы қызметкермен іргелес еңбек етуге тура келсе, онда бұл қосымша қиындықтар туындатады. Біз өзіміздің еңбек қызметімізде іскерлік мәселелерді шешіп, әріптестермен өзара қарым-қатынастар орнатамыз.

Біздің әріптестер, кімдер олар?

Сіздің әріптесіңіз қандай адамдар үлгісіне жататынын шешіп алайық. Мынадай үш үлгі бар:

  1. адамдар, олар үшін ең бастысы - жұмыс. Ұстамдылық, іскерлік және ұтымдылық – осы адамдарға сипатты қасиеттер. Олар жауапкершілік пен борыш сезімін артық көріп, эмоцияға сүйенбейді. Олар тіпті қызмет бабында өсуді менсінбейді, бірақ өзінің жұмысын кез келген жағдайларда да орындайды;
  2. адамдар, олар үшін еңбек процесі, жұмыстағы қатынас сияқты, маңызды емес. Олар, егер ұжымда жұмыс істеу қолайсыз болса, дискомфортты бастан өткізеді. Жақтырмай қарау немесе ауыр сөз олардың рухани тепе-теңдігінен айырады. Егер ұжымда алауыздықтар туындаса, онда бұл олар үшін жай ғана жан тебірентерлік оқиға. Бұл ретте осы типтегі адамдар тілектес әріптестермен жұмыс істей отырып, тіпті өздерінің міндеттеріне кірмейтін қызметпен айналыса алады;
  3. өзіне екі типтің қасиеттерін сыйғызатын «аралас» типтің өкілдері.

Жұмыста барлығымен байланысуға тура келеді. Бірінші типтегі адамдармен іскерлік қатынастар ұстау керек. Оларды ашылуға тырысуға болмайды: олар қызметкерлерді жұмыста тек әріптестер деп есептейді. Дегенмен, бұл адамдар кәсіптік міндеттерді шешуде, қажетті дағдыларды алуда әрдайым көмектесуі мүмкін. Жұмыста іспен айналысу керектігіне ешкім дауласпайды, бірақ бұл ретте осы істен қанағаттану алуға ешнәрсе кедергі келтірмейді!

Әрине, жұмыста кәсіптік қызмет шеңберінде формалды қатынастар сақтауға болады, бірақ бұл жағдайларда да адамдар адам болып қалатынын ұмытуға болмайды. Біз іргелес еңбек ететін әріптестердің де осы істің өзіне іс жүзінде немқұрайды қалуға мүмкін емес.

Екінші типтегі өкілдерде ең алдымен олардың адами мәнділігін көру керек, оларға өзіңнің жақын болуыңды және түсінушілігіңді көрсету керек, сонда олар тарапынан жылы шырайға кепілдік берілетін болады. Бұл ретте жұмыстағы достық қатынастардың да өзінің жағымсыз жақтары болатынын ұмытпау керек. «Жұмыстан тыс» проблемаларды талқылау жеткілікті уақыт санын талап етеді, ал басшылық кеңсенің мүдделер жөніндегі клубқа айналғанына назар аударады.

Сонымен бірге, кәсіптік те, және тұлға аралық та даулар туындауы мүмкін. Егер біз достарға қандай да бір уақытта қоңырау шала алмасақ және кездесе алмасақ, онда біз әріптес-достармен бір қатарда болуға және бұл ретте жұмыс бойынша қандай да бір жалпы проблемаларды шешуге мәжбүрміз.

Жұмыстағы достастық әзірге «креслоны аңду» басталатын сәтке дейін ғана жалғасатын да болады. Бұл уақытта сіздің тек әріптес-досыңыз ғана білетін барлық құпияларыңыз барлығына мәлім болады. Қызметтік бәсекелес туындаған кезде, достастық бір минутқа бұзылуы мүмкін, бұл ретте іс тіпті жұмыстан босатуға дейін де жетуі мүмкін екендігі рас.

Дәл сондықтан барлығымен теңдей, достық қатынаста болған жөн болады және ешкіммен де өз өміріңді, басшылықты, басқа да қызметкерлерді талқыламау орынды болады.

ВНИМАНИЕ Әріптестермен формалды немесе достық қатынастарда болу – мән-жайлар мен жағдайларға байланысты.

Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы күн

Бірінші жұмыс күні толқуды басынан өткізбеген адамды табу қиын болады. Мұны, осы күні болашақ – кәсіптік те және жеке тұлғалық та қатынастар салынатынымен түсіндіруге болады.

Бұдан әрі жұмыста болатын даулы жағдайларды болдырмас үшін, біздің кеңестерді пайдаланыңыз.

1. Жаңа қызметкер кадрлар бөлімінен басшылық бекіткен ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережесін алуға тиіс. Бұл құжатта жұмыс кестесі, мәжілістер уақыты мен басқа да ақпараттар мазмұндалады. Бұл ережелерді білу оларды бұзуды болдырмауға көмектеседі.

2. Сонымен бірге, лауазымдық нұсқаулықтармен де танысу керек, онда қызметкердің міндеттері мен жауапкершілігі туралы ақпараттар, оның жұмысын бағалау критериялары мазмұндалады.

3. Кез келген ұжымда белгілі бір ережелер, нормалар және құндылықтар жинағы бар және жаңа қызметкерге бұл ережелерді бұзуға болмайды. Бастамашылдық танытуға асықпаңыз: өзіңіздің жаңа әріптестеріңізге өндірістік процестің қалай құрылғаны сізді қанағаттандырмайтынын, сіздің үстеліңіз терезеден алыста тұрғанын, ал кабинетте өте қатты сөйлесетінін барлығы еститіндей мәлімдемеңіз. Сіз өзіңіздің болашақ алқалық қатынастарыңыздың негізін қалайсыз және ең дұрысы, ол позитивті болуы керек.

4. Тіпті егер сіз тәжірибесі көп кәсіпқой болсаңыз және бұрынғы жұмыс орныңызда сізде жеткілікті түрде жоғары мәртебеңіз болса, жаңа компанияда сіздің пікіріңіз өте беделді емес. Алғашқы жұмыс күні теріс ниеттілер мен дұшпандар болсын демесеңіз жаңа әріптестерге жұмысты қалай істеу керектігін айтуға, оларға ескерту жасауға болмайды. Осы ұйымда белгілі бір проблема қалай шешілетінін, ең әуелі анықтауға тырысыңыз.

Алғашқы жұмыс күнінен бастап өз идеяларыңыз бен іскерлік ұсыныстарыңызды (олар қаншалықты келешегі бар болса да) жылжытуға тырыспаңыз. Сізді мансапқұмар және карьерист деп қабылдауы мүмкін.

 5. Сіз үшін жаңа ұжымда мүдделер, көзқарастар, сенімдер, қарама-қайшылықтар бойынша әр түрлі топтар болуы жоқ емес. Басқасына қарсылық туындатпас үшін, олардың қандай да болмасын біреуіне бірден кіруге болмайды.

6. Сіздің жаңа әріптестеріңіз сізге сенуге болама жоқ па, әзірге білмейді, сондықтан табанды түрде өз көмегіңізді ұсынбаңыз, бірақ егер сізден бұл туралы өтінсе, одан бас тартпаңыз.

7. Басқа қызметкерлермен ортақ тіл табысуға тырысыңыз. Бұны істей алмайтын адам, әріптестерінің жек көруін туындатады, күйзеліс жасайды және тіпті басшылықтың барлық игі ниеттілігі кезінде де жаңа жұмыста ұзақ тұра алмайды.

8. Жаңа ұжымда мінез таныту керек. Сізді аңдып жүрені сезілген кезде берілмеңіз, жағымпазданбаңыз: мұнымен құрметті ала алмайсыз. Сіз әріптестеріңізге әрдайым көмек көрсететініңізді, бірақ кеңсені жинап-тазалау, тұрақты үстеме кезекшіліктер мен т.с.с. сіздің міндетіңізге кірмейтінін басым және сабырлықпен айтыңыз.

Теңдестерге диалог

Әңгімелесушіні өзіңе тең деп тануға және өзара құрметке негізделген қарым-қатынастан жақсы ештеңе де жоқ. Мұндай мінез ассертивті деп аталады. Әр түрлі өмірлік жағдайларда адамдар кейде өтінеді, кейде бұйырады. Екі жағдайда да басқасын сендіруге тырысу керек, яғни сіздің мінезіңіз оның күтіміне сәйкес келетінін. Бұл негізгі міндет, оны шешуге қол жеткізу керек.

СЛОВАРИК Ассертивтілік, бұл – сіздің өзін-өзі сыйлауыңыз әңгімелесушіге зияндық келтірмейтін кездегі мінездің осындай үлгісі. Ассертивті мінез адамдарға өзін сенімді сезіну және басқалармен барынша тиімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді.

Лауазымы бойынша бізден жоғары тұрған әріптесті біз жеткілікті түрде жоғары бағалай бермейміз. Дәл сондықтан түсінбеушіліктер басталуы мүмкін, әсіресе, егер біздің бастықта кәсіптік тәжірибесі шын мәнінде аз болған жағдайда. Кейбір адамдар  қызметкердің лауазымы жоғары болса, оған басшылық адал ниетпен қарайды деп есептейді. Бұл жағдайда мынаны есте ұстау керек, яғни: жұмыс беруші жақсы жұмыс нәтижелерін алуға және қызметкерлер арасында «әскери іс-қимылдар» болмауына мүдделі болады. Осымен, сондай-ақ билік тікелігін бақылау мен басқаруды сақтау ниетімен басшылық позициясы түсіндіріледі, ол қызметкерді лауазымы бойынша жоғары тұрған жақты қабылдаған кезде.

Басшы дауласушы қызметкерлерді жалпы жобадағы жұмысқа біріктіре отырып, табыстырғысы келетін кезде, теңдестерге диалогқа талпыну сияқты қабылдау керек. Бұл табиғи іріктеу мақсатында істелгендей көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде әріптестер арасындағы дау-дамайлар еңбек тиімділігіне жеткілікті түрде жағымсыз әсер етеді, сондықтан тығыз байланыс жағдайы, «жағу», қарсы күресетін жақтардың оңды қасиеттерін көруге көмектесуі мүмкін. Адамдар бірін-бірі нашар білетіні, әріптестерінің іс-әрекетін дұрыс айтпайтыны толық мүмкін.

Әзәзілдік желісіне түспеңіз!

Әр түрлі арамдық іске тәуекелдің тартылу мүмкіндігі әрдайым бар. Дұрыс позицияға орналасу керек, әйтпесе бастықтардың, әріптестердің қатынасын, және де жұмысты жоғалтып алуға болады.

  1. Егер сізді арандатса (қызметкерлердің біреуі, оның үстіне – басшылық ұрысса), әңгімелесушіні құптамаңыз және онымен келіспеңіз.
  2. Беруші буын болмаңыз: әріптестерге оларға қарсы басқаны ойлап шығарғаны туралы айтпаңыздар, оларға айтылған нашар сөздерді адамдарға айтпаңыздар. Сөз тасушыға – бірінші қамшы!
  3. Тіпті егер әріптес сізге ұнамаса, мұны көрсетпеңіз. Өзің мен ұжым арасында ашық қашықтықты белгілемеуге тырысыңыз. Қайырымды болыңыз: бұл жауапты қайырымдылықты туындатады.
  4. Барлығы білмес үшін өзіңіздің жеке проблемаларыңыз туралы жұмыста ешқашан айтпаңыз.

                                                        Өзгерістер үрейі

Әрине, егер ұжымда қарым-қатынастар болмаса, ал жұмыс қатты тітіркенуді туындатса, жаңа орынды іздеуге тура келеді. Бірақ өзіңе есеп беру керек: мұратты ұжымдар, өкінішке орай, болмайды, және сіз бір проблемаларды басқасына ауыстыруыңыз мүмкін емес.

Оның үстіне жаңа орында қарым-қатынастарды қайта құру, басқа жағдайларға бейімделу керек болады. Бірақ мынаны да ұмытпау керек, яғни: жылдар өте келе біз өзгерістерге өте бейімді боламыз. Біреулер өзінің бұрынғы жұмысында болған басымдықтарды жоғалтып алудан қорқады, басқасы, тексерілген орында зейнеткерлікке шыққанға дейін отыру керек дегенге сенімді, үшіншісі барлық жерде де бір сол ғана екендігіне сенімді.

Сонда да достар да, сізге қатысты бапталған позитивті әріптес-пікірлестеріңіз де жоқ ұжымда жұмыс істеу денсаулыққа зиян. Ғалымдар, атап айтқанда, Ұлттық университет (Канберра қ., Австралия) зерттеушілері күнделікті өздерін қызметке баруға мәжбүрлейтін адамдар күйзеліске ұшырайды, олар депрессияға, тұрақты психологиялық дискомфортқа, тітіркендіргіштікке әкеледі деп анықтаған.

Осыларды қорытындылай келе, жағымсыз «сыйлықтар» күтуге болатын дос емес-әріптестерге шыдауға болмайтынын айта кету керек. Сіз осы адамдарды өзгерте алмайтыныңыз сөзсіз, олай болса жағымсыз эмоцияларға жармаспай-ақ, оларға деген өзіңіздің қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль