Еңбекті қорғаудың заманауи менеджментінің ғылыми-әдістемелік негіздері

1097
Кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйелерін зерттеулер олардың жеткілікті тиімді емес екендігін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің барлық рәсімдерін толықтай қамтымайтындығын айқындады.

Дүниежүзілік нарықтық экономиканың дамуы, шетелдік нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу республика кәсіпорындарына еңбекті қорғау менеджменті жүйелерінің халықаралық стандарттарға бейімделген, заманауи модельдерін енгізуіне мәжбүр етеді. Осыған байланысты жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуды қосымша шығындар ретінде қарастыратын дәстүрлі көзқарастың орнына қызметкерлердің денсаулығын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын меншіктің барлық формаларындағы қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығы мен табысты дамуының ажырамас элементтері ретінде қарастыратын жаңа көзқарас келді.

Басты міндет

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – өндірістегі жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру мақсатымен ел кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару  жүйелерінің тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 338-бабына сәйкес  кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру ішкі бақылау функцияларының бірі болып табылады.   Басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге, іске асыру мен жетілдіруге қойылатын талаптарды еңбекті қорғау саласындағы стандарттар белгілейді, олар еңбекті қорғау менеджментінің әдістемелік негіздері болып табылады. 

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы ұлттық стандарттары

Қазақстандық кәсіпорындардың беделі мен отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік стандарттар ретінде еңбекті қорғау мен кәсіптік аурулардан сақтандыру менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары қабылданды: ҚР  OHSAS 18001:2008 СТ «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық саласындағы менеджмент жүйелері. Талаптар», ҚР СТ OHSAS 18002:2010 «Жұмыс орнындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелері. ҚР СТ  OHSAS 18001:2008 стандартын енгізу бойынша басшылық», ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 (ILO-OSH 2001) еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша басшылық, МемСТ 12.0.230-2007  «Мемлекетаралық стандарт. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» ЕҚСЖ.

ҚР СТ OHSAS 18001:2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар»  основывается на методологии «Жоспарлаңдар – Жасаңдар – Тексеріңдер – Әрекет етіңдер» (Plan – Do – Check – Act (PDCA))  әдіснамасына негізделеді және барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылуы мүмкін. Стандарт еңбекті қорғауды басқару жүйесін қауіпсіздік проблемасына ғана емес, сондай-ақ денсаулық проблемасына да ұйымдастыруға баса назар аударады.  Еңбекті қорғау мен менеджменттің тиісті жүйесін әзірлеуді қамтамасыз етудің негізгі тәсілі жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалауды өткізуге негізделеді. Тәуекелдерді бағалаудың нәтижелері қызметкерлер денсаулығы жай-күйіне зақым келтірілу қатерлерін төмендету мен жою жөніндегі шаралар жоспарын негіздеу мақсатында бақылау және талдау жасау үшін арнаулы тіркеу картасына енгізіледі.  Осыған сәйкес кәсіпорынға қауіпсіздік және денсаулық саласында кәсіптік тәуекелдерді басқару, мұндай басқарудың тиімділігін арттыру мүмкіндігі беріледі. 

Кәсіпорында немесе ұйымда ҚР СТ OHSAS 18001:2008-ді табысты енгізу алдын ала    ҚР СТ  ISO 9001:2009 «Сапа менеджментінің  жүйелері. Талаптарды» (ISO 9000 сериясының заманауи нұсқасы) енгізгеннен кейін ғана мүмкін болады: сапа менеджменті жүйесі компаниядағы өндірістің барлық үдерістерін тұрақты басқарумен қамтуына байланысты тағы да бірқатар объективті шарттардың – жоғары экономикалық бәсекенің, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, қызметкерлердің біліктілігі және басқа да факторлардың болуы қажет.

 ҚР СТ OHSAS 18001:2008 әдіснамасын енгізу ұйымды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді, менеджменттің орнықтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, басшылар мен қызметкерлер тарапынан кәсіпорын мүдделеріне жауапкершілік пен пейілділікті арттырады, кәсіпорын жұмыс істеуінің өзіне қатер төндіруге қабілетті ірі авариялар тәуекелдерін төмендетеді, ұйымның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз жасайды.

 ҚР СТ  OHSAS 18001:2008 негізінде еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу мен жетілдіру бойынша басшылық нұсқаулар   ҚР СТ OHSAS 18002:2010 «Жұмыс орнындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздікті басқару жүйелері.  ҚР СТ  OHSAS 18001:2008 стандартын енгізу бойынша басшылықта» жазылған.

ХЕҰ- ЕҚБЖ 2001 (ILO-OSH 2001) еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша    әдіснама әлеуметтік әріптестік пен қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі қызметке қатысу қағидаттарына негізделеді және еңбекті қорғауды басқарудың дәстүрлі, әлеуметтік бағдарланған жүйесін жетілдіру бойынша пайдалы әдістемелік ұсынымдардың қайнар көзі болып табылады.

Бұл басшылықтың негізінде әзірленген еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, әлеуметтік әріптестіктің жоғары деңгейін көрсетеді.

МемСТ 12.0.230-2007 «Мемлекетаралық стандарт. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» ЕҚСЖ  2013 жылы қайта жасалды. Ол ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Басшылығына сәйкес келеді, мұнда ұйымда «желілік басқарушылық функциясының»: еңбекті қорғауды басқару жүйесінің иерархиялық, әміршілік-әкімшілік құрылымын түзудің міндетті түрде болуы туралы талаптар бар, ол болған кезде әрбір басшы төмен тұрған бөлімшелерге қызметтің барлық түрлері бойынша басшылық жасауды қамтамасыз етеді. Бұл құрылымның артықшылықтары – қарапайымдылық, үнемділік, шектеулі дара басшылық.

Еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық заңнама мен нормативтік құқықтық база талаптарын есепке алумен мемлекетаралық стандарт ережелерін дамыту мақсатымен  ҚР СТ 12.0.003-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Әзірлеу, қолдану, бағалау және жетілдіру бойынша жалпы талаптар» ұлттық стандарты әзірленіп, бекітілді. Оның негізінде  – басқарудың: «Жоспарлау – енгізу – бақылау (бағалау) – іс-әрекет (үздіксіз жетілдіру)» функцияларын дәйекті орындауға негізделген әдіснама жатыр. Бұл стандарт еңбекті қорғауды басқару жүйесінің элементтерін басқарудың басқа жүйесіне қосу мүмкіндігін береді, осылайша, ұйымдарға басқарудың кіріктірілген жүйесін жасауына септігін тигізеді.

Стандарттың міндеттері: қызметкерлерді қауіптіліктер мен тәуекелдерден қорғауға жәрдемдесу, ұйымдар мен жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын есепке алумен еңбекті қорғау саясатын жасау мен қолдануда көмек көрсету.

ҚР СТ 12.0.004-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шағын кәсіпорындардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен ұсынымдар» олардың ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, еңбекті қорғау саласында саясат  тұжырымдауға, еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауды басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің стандартқа сәйкестігін бекітуге ниетті шағын кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу және қолдану жөніндегі басшылық қызметін атқарады.   

Стандарттың негізіне – басқару функцияларын дәйекті орындау: «Жоспарлау – енгізу – бақылау (бағалау) – іс-әрекет (үздіксіз жетілдіру)» қағидатына негізделген әдіснама алынған . Ол еңбекті қорғауды басқару жүйесі құжаттарының кешенін барынша азайтуды көздейді, мұның шағын бизнес ұйымдары үшін елеулі маңызы бар.

ҚР СТ 12.0.002-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйелері. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі басшылық» жұмыс орындарындағы тәуекелдерді бағалау және басқару рәсімдерін әзірлеу жөніндегі басшылық болып табылады.  

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау – еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі рәсімдерінің бірі, ол жазатайым оқиғалар  мен авариялар туындауының ықтималдылығын төмендету мақсатымен техникалық және ұйымдастыру сипатындағы шаралар әзірлеуге қызмет етеді.

ҚР СТ 12.0.005-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі.  Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Тексеруді (аудитті) ұйымдастыру» еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізетін ұйымдарға, жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен оның тиімділігіне талдау жасау мақсатында еңбекті қорғауды басқарудың өз жүйесіне ішкі және сыртқы аудит өткізілуі қажет кәсіпорындарға, сондай-ақ сертификаттауға немесе аудиторларды (сарапшыларды) оқытуға және басқа ұйымдарда аудиттер өткізуге қатысатын ұйымдарға арналған.   

Стандарт  аудит бағдарламаларын басқару жөніндегі басшылық нұсқауларды, еңбекті қорғауды басқару жүйелерінің ішкі және сыртқы аудиттерін өткізу тәртібін, сондай-ақ аудиторлардың (сарапшылардың) еңбекті қорғауды басқару жүйелерін бағалауы мен құзіреттерін  қамтиды. Республика кәсіпорындарындағы еңбекті қорғауды басқару жүйелерінің ағымдағы жай-күйін еңбекті қорғау саласындағы жоғарыда сипатталған стандарттардың талаптарына сәйкестігін зерттеулер біздің елдің өндірістік жағдайларында халықаралық стандарттар негізінде жасалған еңбекті қорғауды басқару жүйелері  жеткілікті тиімді емес екендігін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің  қажетті рәсімдерінің бәрін бірдей қамти алмайтындығын, құрылымдық элементтер арасындағы өзара байланыстарды сенімді басқара алмайтындығын айқындады.

Нәтижесінде экономиканың әр түрлі салаларындағы көптеген кәсіпорындарда еңбекті қорғау саласындағы мәселелер жекелеген, тиімділігі аз шаралар түрінде шешіледі, бұл жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға ұшыраушылыққа әкеледі.

Республиканың жекелеген кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында әр түрлі стандарттардың қағидаттарын біріктіретін (OHSAS 18001:2007, ГОСТ 12.0.230-2007 халықаралық стандарттары мен басқа да нормативтік актілер талаптарының негізінде)  еңбекті қорғауды басқару жүйелері әзірленіп, енгізілуде. Кейде еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жекелеген элементтерін кәсіпорында    ISO 9000, ISO 14000 сериялары стандарттарының талаптарына сәйкес қызмет ететін сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесінің элементтерімен біріктіреді. Менеджменттің әр түрлі жүйелері дұрыс біріктірілген кезде ұйымды басқарудың бүкіл жүйесін оңтайландыру, жауапкершілік салаларын айқын үйлестіруді, міндеттерді ұтымды бөлу мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету мүмкін болады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі  істердің қазіргі жағдайы еңбекті қорғау саласында халықаралық талаптарға сәйкес жаңа отандық мемлекеттік стандартты әзірлеу қажеттігін негіздейді. Еңбекті қорғаудың заманауи менеджментінің ғылыми-әдістемелік негіздері біздің елдің өндірістік жағдайларында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін шешудің өзегі және өзара байланысты әдістер мен құралдар кешеніндегі байланыстырушы буын болып табылады. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль