ЕҚжЕҚҚ қызметі және жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудегі оның рөлі

733
Ішкі бақылауды қамтиды жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, еңбек жағдайларын, өткізу, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау

ҚР ЕК 339-бабына сәйкес қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін (бұдан әрі – ЕҚжЕҚҚ) құрады.

Қызметі туралы ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Кодекстің бұл нормасын дамыту үшін ҚР Үкіметінің 2011.18.10 № 1219
қаулысымен Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережесі бекітілді.
Бұл құжат жұмыс берушілердің жұмыс орындарында ЕҚжЕҚ бойынша белгіленген талаптарды орындауы және айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында әзірленді. Көрсетілген Үлгі ереженің негізінде өндіріс ерекшелігін, қызметкерлер санын, өндірістің зияндылығы мен басқа факторларды есепке ала отырып, жұмыс беруші тиісті ұйымның ЕҚжЕҚ қызметі туралы Ережені әзірлейді және бекітеді, оның құрылымын, санын, негізгі міндеттерін, функцияларын, және оның мамандарының құқықтарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін есепке ала отырып, ЕҚжЕҚ жөніндегі маман лауазымын енгізеді немесе ЕҚжЕҚ жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
Ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және ҚжЕҚ жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

Өндірістік қызметі

Жұмыс беруші жұмыс орындарында ҚжЕҚ жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады (ҚР ЕК 338-бабы).
ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау және олардың орындалуына бақылау жасауды
жүзеге асыру үшін қызметкерлерінің саны 50 адамнан асатын өндірістік қызмет жүргізуші әрбір жұмыс беруші ЕҚжЕҚ қызметін құрады немесе ЕҚжЕҚ жөніндегі маман лауазымын енгізеді. Егер қызметкерлер саны 50-ден аз болса, онда жұмыс беруші өндірістік қызмет ерекшелігін ескере отырып, осындай қызмет құру туралы шешім қабылдайды. Яғни, жұмыс беруші бұлардың ешқайсысы керек болмайды деп есептесе, онда өндірістік қызметі жоқ болған кезде ұйымдағы еңбекті қорғау
функциясын өзі дербес жүзеге асыратын болады.
Өндірістік қызмет ретінде қызметкерлердің ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдану арқылы іс-әрекеттер жасауының жиынтығы түсініледі, ол шикізаттардың алуан түрлерін өндіру мен қайта өңдеуді, құрылысты, әртүрлі қызметтер көрсетуді қамтиды. Өндірістік ұйым – бұл өндірістік қызметті жүзеге асырушы ұйым.
Мұнымен бірге ҚР ЕК 247-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Жұмыс беруші (оның ішінде жеке кәсіпкер) маманмен немесе осындай қызметтер көрсететін ұйыммен ЕҚжЕҚ саласында қызметтер көрсетуге азаматтық-құқықтық шарт жасай алады.
Сондай-ақ ҚР ЕК 196-бабына сәйкес басқа кәсіпорынның еңбекті қорғау
жөніндегі инженерімен немесе өз кәсіпорнындағы инженермен жұмыс уақытының толық емес ұзақтығына, яғни қоса атқарылатын жұмысқа қабылдауға еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Қызметті ұйымның ЕҚжЕҚҚ-нің бастығы басқарады. Қалыптасқан іс-тәжірибе бойынша, көптеген ұйымдарда ЕҚжЕҚ қызметін ұйымның еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы басқарады. ЕҚжЕҚҚ өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым қызметкерлерінің өкілдері және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектолрларымен өзара бірлесіп әрекет жасайды.
ЕҚжЕҚҚ өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, яғни дербес құрылымдық бөлімше болуы және тікелей жұмыс берушіге бағынуы тиіс.
Осыған сәйкес ЕҚжЕҚҚ дербес құрылымдық бөлімше болуы тиіс, бұл жерде еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының міндеттерін басшының өндіріс жөніндегі орынбасарына, ұйымның бас инженеріне немесе басқа да өндірісті «орындаушыға» жүктеуге жол берілмейді.

Үлгі ережеге сәйкес ЕҚжЕҚҚ-нің негізгі міндеттері:

- өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және
қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
оңалту,емдеу-алдын алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік
аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және
жүзеге асыру;
- өндірістік телімдердің ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік
құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
- ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде ЕҚжЕҚ жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру және үйлестіру, қызметкерлердің ЕҚжЕҚ жөніндегі
нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды
жүзеге асыру болып табылады.
ЕҚжЕҚҚ ай сайын ұйымдағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жасауы, олардан сақтандыру жөнінде шаралар әзірлеуі, жазатайым оқиғалар мен еңбек қызметіне байланысты денсаулықтың өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу тәртібін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.

ЕҚжЕҚҚ мыналарға:

- мемлекеттік еңбек инспекциясы мен бақылау және қадағалаудың өзге де
мемлекеттік органдарының ЕҚжЕҚ бөлігіндегі шешімдерінің орындалуы-
на;
- ЕҚжЕҚ бойынша ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуі;
ұйымның ЕҚжЕҚ мәселелері жөніндегі бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуына;
- ЕҚжЕҚ кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру мен жұмыстың озық
тәжірибесінің енгізілуіне;
- арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және басқа ЖҚҚ-н сатып алуды, сақтауды, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңсыздандыруды, залалсыздандыруды және жөндеуді ұймдастыруға; тиісті қызметтердің жабдықтар,
машина мен тетіктердің жай-күйіне қажетті сынақтар мен техникалық
куәлендірулерді өз уақытында өткізуіне, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу графиктерінің сақталуына;
- өндіріс үдерісінде, сондай-ақ жаңғыртылатын жаңа өндірістік объектілер
жобаларында ЕҚжЕҚ жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелері мен нұсқаулықтарының, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының сақталуына;
- өндірісте еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау жөніндегі
алдын алу шараларын әзірлеу мен орындауға, ұйымның құрылымдық
бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру, сондай-ақ жұмыс берушінің ұжымдық шартқа сәйкес ЕҚжЕҚ саласындағы міндеттемелерін орындауына ішкі бақылауды жүзеге асырады.
ЕҚжЕҚҚ күшімен ұйым персоналын ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқыту, білімін тексеру ұйымдастырылуы, ұйымды ЕҚжЕҚ жөніндегі нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, ЕҚжЕҚ кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен
жарақтандыру бойынша шаралар қабылдануы тиіс. ЕҚжЕҚ қызметінің өзге өкілеттіліктерінен оның өкілдерінің (ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер (маман)) ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысуға және басқа қызметтермен бірге жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуді ұйымдастыруға құқылы екендігін атап өтеміз.
ЕҚжЕҚҚ-нің мамандары ұйым бөлімшелеріне кедергісіз кіруге, өндірістік,
қызметтік және тұрмыстық бөлмелерді қарауға, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша есептермен, статистикалық және басқа құжаттармен танысуға, бұл ретте ЕҚжЕҚ бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалу үшін міндетті нұсқаулар беруге құқылы. ЕҚжЕҚҚ немесе ЕҚжЕҚ жөніндегі маманның ЕҚжЕҚ талаптарын орындау жөніндегі нұсқаулары ұйымның барлық
қызметкерлеріне орындау үшін міндетті. Нұсқау формасы қабылданған және бекітілген Ережемен бекітіледі.

ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер (маман):

1) еңбекті қорғау мәселелері бойынша ҚР заңнамалық және өзге де
нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарды;
2) ұйым өнімі өндірісінің негізгі технологиялық үдерістерін;
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістерін;
4) еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;
5) еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін;
6) жұмыстардың ауырлық санатына қарай қызметкерлерге қойылатын
психофизиологиялық талаптарды, әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл
жұмысқа ауыстырылған жұмысшылар еңбегін қолдануға қойылатын
шектеулерді;
7) ұйымда қолданылатын жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктерін;
8) жабдықтардың техникалық жай-күйінің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкестігі ережелері мен бақылау құралдарын;
9) еңбекті қорғау бойынша шетелдік және отандық озық тәжірибені;
10) еңбекті қорғау жөніндегі ақпарат пен насихат әдістері мен формаларын;
11) еңбекті қорғау бойынша шараларды орындау туралы есептілікті жасау
тәртібі мен мерзімдерін;
12) экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
13) ҚР еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.

ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер (маман):

1) ұйым бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге
де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына, қызметкерлерге еңбек
жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың
берілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттейді, қоршау
техникасының, сақтандыру және бұғаттау құрылғыларының, қауіпті
және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа да
құралдарының неғұрлым жетілдірілген құрылымдарын әзірлеу мен
енгізу туралы ұсыныс әзірлейді және енгізеді;
3) ғимараттардың, имараттардың, жабдықтар, машиналар мен тетіктердің
техникалық жай-күйіне, желдету жүйелері жұмысының тиімділігіне,
санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлардың, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарының жай-күйіне, олардың еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтауға және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе аварияға әкелуі мүмкін бүзушылықтарды айқындау кезіндегі тексерулер, зерттеп-тексерулер жүргізуге қатысады, цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында машиналарды, жабдықтарды пайдалануға және жұмыстар жүргізуге тыйым салу жөнінде шаралар қабылдайды;
4) ұйымның басқа бөлімшелерімен бірге жұмыс орындарын аттестаттау
мен сертификаттау және өндірістік жабдықтардың еңбекті қорғау талап-
тарына сәйкестігін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді;
5) ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» тарауын жасауға, еңбек
жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуге және оларды
еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілермен көзделген
талаптарға дейін жеткізуге қатысады, сондай-ақ әзірленген шараларды
орындауға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
6) тиісті қызметтердің жабдықтар, машиналар мен тетіктердің жай-күйіне
қажетті сынақтар мен техникалық куәлендірулерді өз уақытында
жүргізуін; қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін
өлшеу графиктерінің сақталуын; мемлекеттік қадағалау және бақылау
органдарының өндіріс үдерісінде, сондай-ақ жаңа және жаңғыртылған
өндірістік объектілердің жобаларында еңбекті қорғау бойынша
қолданыстағы нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды, еңбек
қауіпсіздігі стандарттарын сақтау жөніндегі ұйғарымдарының орында-
луын бақылайды; оларды пайдалануға қабылдап алуға қатысады;
7) ұйым бөлімшелеріне оларға сәйкес қызметкерлер міндетті медициналық тексерулерден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін жасауға, сондай-ақ оларға сәйкес қолданыстағы заңнаманың негізінде
қызметкерлерге еңбектің ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайлары
үшін өтемақылар мен жеңілдіктер берілетін кәсіптер мен лауазымдар
тізімдерін жасауда; еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, ұйымның
еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің стандарттарын әзірлеу мен
қайта қарау кезінде; қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша оқыту,
нұсқамадан өткізу және білімдерін тексеруді ұйымдастыру бойынша
әдістемелік көмек көрсетеді;
8) жұмысқа жаңадан қабылданғандарға, іссапарда жүргендерге, өндірістік
оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге еңбекті
қорғау жөнінде кіріспе нұсқамалар өткізеді;
9) арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен басқа да ЖҚҚ-н сақтауды,
беруді, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңсыздандыруды,
майсыздандыруды және жөндеуді ұйымдастыруға, сақтандырушы
айлабұйымдар мен қорғаныс құрылғыларының жай-күйіне, сондай-ақ
ұйым бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың орындалу-
ына бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге
асырады;
10) белгіленген формалар бойынша және тиісті мерзімдерде еңбекті қорғау
бойынша есептілік жасайды.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру

Мұнымен бірге, ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер (маман) өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар оқиғаларын тергеп-тексеруге тікелей қатысады, олардың себептерін зерттейді, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады, олардың алдын алу бойынша жүргізілген шаралардың тиімділігіне талдау жасайды, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер
еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған мертігумен, кәсіптік аурумен немесе денсаулықтың басқа да зақымдануымен келтірілген зиянды өтеуі туралы мәселені қарауға қатысады.
ҚР ЕК 324-бабына сәйкес ҚР ЕК арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен 24 сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, мүшелері – ұйымның ЕҚжЕҚ қызметінің басшысы
және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
Жұмыс берушінің – жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
Жұмыс беруші кәсіпорын әкімшілігі арқылы өндірістік жарақатқа әкелген әрбір жазатайым оқиғаның мән-жайларын тергеп-тексеруді кідіріссіз өткізуге жағдай жасауы тиіс. Тергеп-тексеру тәртібі жазатайым оқиғаның сипаты мен ауырлығына байланысты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы немесе басқа құзіретті мемлекеттік органдар жүргізетін арнайы тергеп-тексеруден айырмашылығы - кәсіпорын деңгейіндегі тергеп-тексеру болып өткенге ұқсас жазатайым оқиғаларды болдырмау жөнінде іс-тәжірибелік шаралар қабылдауға бағытталады. Тергеп-тексеру сондай-ақ қабылданған сақтық  араларының қолданыстағы заңнамалық ережелерге сәйкес келетінін айқындау мақсатын көздейді, егер олай болмаса, онда оларды қалай өзгертуге немесе толықтыруға болатыны көрсетілуі тиіс. Заң бұзылған жағдайларда
жұмыс беруші ЕҚжЕҚ жөніндегі инженердің ұсынуы бойынша, егер бұл талап етілсе, онда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Егер оның үдерісінде жиналған ақпарат бұдан кейін осыған ұқсас мәліметтермен салыстырылса, онда жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелерінің құндылығы өсе түседі, бұл статистикалық талдау үшін база жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ еңбектің осыған ұқсас жағдайларымен айналысатын тұлғалар әдеттен тыс жазатайым оқиғалар туралы мол мәліметтер алады. Тергеп-тексеруге қатысатын ЕҚжЕҚ жөніндегі инженердің жазатайым оқиғаға әкелген барлық фактілер
мен мән-жайларды объективті талдаудың маңыздылығын сезінуі және болып өткен оқиғаны эмоциялық қабылдауға берілмегені қажет.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын зерттеу оқиғалардың одан әрі өрбуін алдын ала болжамдауға, өндірістік жарақаттанудан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін жалпы заңдылықтарды айқындау мүмкіндігін береді. Сондықтан өндірістегі жазатайым оқиғалардың бәрін заңнаманың жазатайым оқиғалар мен қызметкерлердің еңбек қызметімен байланысты денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке
алу бөлігіндегі талаптарына қатаң сәйкестікте тергеп-тексеру өте маңызды. Бұл сәйкестікті ЕҚжЕҚҚ қамтамасыз етеді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль