Өндірістік жарақаттанушылыққа талдау жасау

1329
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт оның алдын алу бойынша бұдан кейінгі шараларды қабылдау үшін өндірістік жарақаттанушылыққа жанақты талдау жүргізуге мүмкіндік береді

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіде зардап шегуші, жазатайым оқиға болған жер, зардап шегушінің жұмыс стажы, ЕҚжЕҚ бойынша өткізілген оқыту мен нұсқамалар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда мән-жайлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі, және жазатайым оқиғаның себептері анықталады, алдағы уақытта жазатайым оқиғаларды жою мен жол бермеу бойынша қажетті шаралар тізбесі беріледі.

Материалдар актісі

Актідегі мәліметтер осы жазатайым оқиғаның жарақаттық және материалдық салдарларына толық талдау жасауға мүмкіндік береді. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні ресімдеу кезіндегі қателіктер өндірістік жарақаттанушылық себептеріне статистикалық талдау жасауды өткізуді қиындатады.
ҚР ЕК 17-бабына сәйкес еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган
өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Сондай-ақ жұмыс беруші, оның ішінде ЕҚжЕҚҚ немесе осы қызметтің маманы ай сайын ұйымдағы өндірстік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жасауға және олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге міндетті.
Талдау жасау кезінде салалар, кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер бойынша бір жыл ішіндегі белгілі бір уақыт кезеңіндегі статистикалық мәліметтері мен серпіндік салыстыруын есепке алу қажет. Бұл неғұрлым қолайсыз салаларды, кәсіпорындарды, учаскелер, үдерістерді, жабдықтарды айқындауға мүмкіндік
береді. Мысалы, ҚР-нда құрылыстың қарыштауымен құрылыс саласында өндірістік жарақаттанушылық деңгейі елеулі өсе түсті. Талдау жасаудың топографиялық әдісін пайдалану маңызды, ол жазатайым оқиғалар неғұрлым жиірек болатын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талдау жасау жұмысы өзіне өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігін
бағалауды да қамтуы тиіс. Егер мемлекеттік еңбек инспекциясы немесе кәсіпорын ЕҚжЕҚҚ белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік жарақаттанушылыққа терең талдау жасау жүргізсе, және оның нәтижелері өндірістегі орындаушыларға дейін жеткізілмесе, жарақаттанушылықтың алдын алу жөнінде қабылданған шараларға объективті баға берілмесе, онда тиісінше мұндай талдау жасаудың тиімділігі жоққа тән болады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға талдау жасау – жалпы үрдістерді айқындау және сақтандыру шараларын қабылдау мақсатында өндірістегі жазатайым оқиғаларды өндірістердің түрлері, жарақаттаушы факторлар мен себептер бойынша зерттеу және бөлу.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды талдау

Ұйымда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық ұйымдастырутехникалық шаралардың негізі өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың әлеуетті тәуекел мен қауіптілігін сандық (жиілігі мен ауырлық көрсеткіштері тұрғысынан), сондай-ақ сапалық (осы ұйым үшін өндірістегі жазатайым оқиғалар мен мен кәсіптік аурулардың нақты себептерінің сипаты, оқиғалардың әлеуетті мүмкіндіктері бойынша жіктеумен) жағынан жан-жақты, кешенді талдау жасау болып табылады.

Үшін алдын алу шараларын

Оңтайлы профилактикалық шаралар әзірлеу үшін жұмыс беруші оны басқа ұйымдармен салыстыру (оның ішінде туыстас ұйымдар топтары, салалар мен тұтастай алғанда мемлекет бойынша орташа мәліметтерді есепке ала отырып) мақсатында өз ұйымындағы өндірістік тәуекел дәрежесі туралы сандық ақпаратқа ие болуы, яғни сандық (статистикалық) зерттеулерді (талдау жасауды) жүзеге асы-
руы тиіс, оларды жүргізу кезінде:
- өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі мен ауырлығы және
орындалған жұмыстың жалпы көлемі, оны орындайтын қызметкерлер
саны және жұмыс істелген адам-сағаттардың арасындағы өзара байла-
нысты анықтау;
- өндірістік тәуекелдің нақты дәрежесін анықтау, оны бағалаудың
дұрыстығына өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілік және ауырлық
көрсеткіштері жұмыс істелген адам-сағаттың жеткілікті көп саны және
орындалған жұмыстың басқа да бағалаушылық көрсеткіштері негізінде
алынса қол жеткізіледі;
- әдетте, бір кәсіп (немесе біртекті кәсіптер) шеңберінде салыстырыла-
тын шамалар мен фактілерді ғана салыстыру қажет.
Жазатайым оқиғалардың тікелей себептерін зерттеуді немесе сапалы талдау жасауды өткізу неғұрлым маңызды болып табылады. Дүниежүзілік іс-тәжірибеде өндірістегі жазатайым оқиғаларды сапалы талдаудың негізгі бес түрі белгілі және пайдаланылады.

Мониторинг нәтижелері

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың түрлерін сәйкестендіру (бөлу)
және талдау жасау. Бұл талдау жасаудың мақсаты олар үшін осы үлгідегі
өндірістегі жазатайым оқиғалар тән экономика салалары, ұйымдар (олардың құрылымдық бөлімшелері) шеңберін анықтау болып табылады.
Өндірістік жарақаттанушылық құрылымы өзгерістерінің мониторингі
негізінде талдау жасау. Бұл талдаудың мақсаты талданатын кезең ішінде
өндірістегі жазатайым оқиғалар үлгілеріндегі сандық өзгерістер (оңды, сондай-ақ жағымсыз да) және олардың негізгі себептері туралы ақпарат алу болып табылады.
Бұл талдаудың нәтижесі қабылданған алдын алу шараларының тиімділігін бағалау, сондай-ақ өндірістік тәуекелдің жаңа факторларының көріністерінен сақтандыру жөніндегі шаралар болуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басымдыққа ие
ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жоспарлауға арналған тал-
дау. Бұл талдаудың мақсаты – бірінші кезекті алдын алу шараларының қандайын және қай жерде өткізу қажет екендігін анықтау.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін анықтау
мақсатымен өткізілетін талдау. Алдағы уақытта бұл ақпарат өндірістік
жарақаттанушылықтан сақтандыру жөніндегі нақты шараларды таңдау, әзірлеу мен іске асыру үшін пайдаланылады.
Өндірістегі болған жазатайым оқиғаларға байланысты арнаулы
мәселелерге тереңдетілген талдау жасау. Бұл талдау өндірістегі жазатайым
оқиғалардың себептерін егжей-тегжейлі зерттеу және оларды кешенді бағалау немесе өндірістік тәуекелдердің жаңа түрлерін (үлгілерін) айқындау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға талдау жасаудың санамаланған түрлері
әр түрлі – нақты ұйым, сала немесе өңірден бастап тұтастай алғанда мемлекетке дейінгі деңгейлерде өткізілуі мүмкін. Бұл ретте өндірістік жарақаттанушылық құрылымындағы өзгерістер мониторингін есепке алғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар жиілігіне жалпы талдау, сондай-ақ алдын алу шараларының басым бағыттарын орнықтыру мақсатындағы талдау,әдетте жоғарғы деңгейлерде өткізіледі, ал өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін айқындау мақсатын көздейтін зерттеулер тікелей ұйымдарда орындалады.

Статистикалық деректер

Еңбекке уақытша қабілетсіздік және жарақаттану туралы бастапқы
статистикалық мәліметтер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынылады. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жарақаттанушылық пен еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қояды және
белгіленген тәртіппен статистика органдарына ұсынылады.
Өндірістік жарақаттану деңгейін бағалау үшін жазатайым оқиғалар жиілігінің Кч және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиілігінің Кчс көрсеткіштері пайдаланылады.
Кч жиілігінің көрсеткіші белгілі бір уақыт кезеңі ішінде 1000 жұмыс істеушіге келетін жазатайым оқиғалар санымен есептеледі:
Кч = (Жазатайым оқиғалардың жалпы саны х 1000) / жұмыс істеушілердің жалпы саны.
Кчс = (Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жалпы саны х 1000) / жұмыс істеушілердің жалпы саны.
Мысалы: есептік кезеңде 100000 жұмыс істеушіге 20 жазатайым оқиға келді, олардың бесеуі өліммен аяқталды.
Кч = (20 х 1000) / 100000 = 0,2
Кчс = (5 х 1000) / 100000 = 0,05
Бұл көрсеткіштерді кәсіпорын ішіндегі өндірістік жарақаттанушылықты талдау үшін 100 қызметкер есебімен қолдануға болады.
Бұл көрсеткіштердің өсуі – жағымсыз құбылыс және керісінше, төмендеуі
қызметтің оңды нәтижесі ретінде бағаланады.
Сондай-ақ, Кт ауырлық коэффициентін де қолдануға болады, ол бір жазатайым оқиғаға келетін еңбекке қабілетсіздік күндерінің орташа санын анықтайды.
Кт = Еңбекке қабілетсіздік күндерінің жалпы саны / Жазатайым оқиғалардың жалпы саны.
Мысалы: кәсіпорында еңбекке қабілетсіздік күндерінің жалпы саны 500 жұмыс күнін құраған 20 жазатайым оқиға болды. Бұл жағдайда Кт: 500 / 20 = 25-ке тең.
Ауырлық коэффициенті бойынша бір қызметкердің орташа қанша күн ауырғанын анықтауға болады. Алайда, бұл көрсеткіш еңбек қабілеттілігінен толық айырылу және өлім жағдайлары кезінде тиімді емес. Бірақ оны өндірістік жарақаттанушылыққа байланысты экономикалық жоғалтуларды есептеу үшін қолдануға болады.
Егер бұл көрсеткіш 30 күннен асып кетсе, онда әдетте кәсіпорында негізінде ауыр зардаптары бар жазатайым оқиғалар болады және тиісінше еңбек қауіпсіздігінің жағдайы өте қанағаттанғысыз және дереу араласуды талап етеді.
Өндірістік жарақаттанушылыққа терең талдау жасауды, жарақаттанушылық себептерін зерттеуді, жарақаттарды әсер ету сипатына, зақымдану сипатына қарай, зардап шегушілердің кәсіптері, жазатайым оқиғалардың уақыты, жынысы, жасы мен жұмыс стажы бойынша бөлуді өз уақытында жүргізу кемшіліктерді тез түзету және
еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль