Мәліметтер туралы жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал

833
Материалдар өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеу актісімен қатар тергеп-тексеру туралы мәліметтерді қамтуы тиіс жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергептексеру актісімен қатар жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер мен жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы болуға тиіс (ҚР ЕК 326-бабы, 12-тармағының 8), 9) тармақшалары).

Залалды өтеу

ҚР ЕК 165-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені
үшін материалдық жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады.
Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті.
Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондайақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі жойылады (ҚР ЕК 165-бабының 1, 2, 3-тармақшалары).
«Аса қажеттілік» және «қажетті қорғаныс» түсініктері қылмыстық заңна-
мада келтірілген. Аса қажеттілік тұлға қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге қауіптілікті жою үшін, тікелей осы тұлғаның немесе өзге тұлғалардың құқықтарына, жеке басына, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін, бірақ бұл қауіптілік өзге құралдармен жойылуы мүмкін болмайтын жайкүй ретінде анықталады.

Қажетті қорғаныс

Қажетті қорғаныс ретінде құқықпен қорғалатын мүдделерге
қауіпті қол сұғушылық жасаған тұлғаға қатысты бұл қол сұғушылықтың жолын кесу үшін қабылданған күш қолдану әрекеттері танылады.
«Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2007.11.05 № 2 нормативтік қаулысында шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана емес, зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу қаупі төнген , не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі аяқтамаған кезде, сондай-ақ негізінен аяқталған, бірақ істің мәнжайларына қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол берілетіні көрсетілген.
ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) 66-бабымен қоғамдық қауiптi
қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн екендігі көзделген.
Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқы-
зылуы мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді (ҚР ЕК
165-бабының 4-тармағы). «Қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел»
түсінігі жұмыс берушіге залал қызметкердің кінәсінен (абайсыздық немесе
қасақана) емес, қандай ба бір технологиялық себептерден, жабдықтың сынуы нан және т.б. келтірілгенгендігін білдіреді.
Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп
тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті (ҚР ЕК 165-бабының 5-тармағы).

Тікелей залал

Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі (ҚР ҚК 165-бабының 6-тармағы).
ҚР ЕК еңбек шарты тараптары біреуінің екінші тарапқа келтірген зала-
лы үшін материалдық жауапкершілікті көздейді. Қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі басталатын жағдайлар, материалдық жауапкершілік шектері; қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілік жағдайлары; жұмыс берушінің қызметкердің өмірі және (немесе) денсаулығына келтірген залалы үшін материалдық жауапкершілігі; қызметкерге оны еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз ай-
ыру үшін жауапкершілік, қызметкер мүлкіне келтірілген залал үшін жауапкершілік, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының залалды өтеу тәртібі белгіленген.

Қызметкер жұмыс берушінің алдында

Қызметкер жұмыс берушінің алдында:
- жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген за-
лал үшін;
- қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін;
- егер қызметкердің материалдық жауапкершілігі ҚР ЕК-мен көзделген
тәртіппен жасалған еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленген
жағдайда материалдық жауаптылықта болады.
Алайда өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тек қызметкерлер ғана материалдық жауаптылықта болмайды, өйткені азаматтық заңнамаға сәйкес залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелерді комиссия белгілеген үшінші тұлғалар да орындауы мүмкін.
Жауапкершіліктің тиісті түрі мен шарасы келтірілген залалдың мазмұны, сипаты және кінә дәрежесіне қарай басталады.
Залал орын алған жағдайда ол анықтама түрінде ресімделеді. Материалдық залал туралы анықтамаға кәсіпорын бухгалтері мен басшысы қол қояды. Бұл мәліметтер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі.
Жазатайым оқиғадан келтірілген материалдық залалды анықтау бухгалтерлік есептілік құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Жазатайым оқиғадан келтірілген материалдық залалға жылжымайтын мүлікке, негізі қорларға, айналым құралдарына, азаматтардың жеке мүлкіне, құнды қағаздарға келтірілген шығындар, сондай-ақ цехтың, технологиялық қондырғының тұрып қалуы нәтижесінде өнімді
жете өндірмеудің, кіріс алмау құнының сомасы және т. б. кіреді.

Материалдық зиян

Материалдық зиян жылжымайтын мүліктің коммерциялық объектісіне (дүкенге, павильонға, дүкеншеге және т. б.) келтірілген жағдайда залал туралы анықтама жасау кезінде объект орналасқан мекенжай, мүліктің зиян келтірілу жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйі, зақымданған мүліктің құны көрсетіледі. Машина, тетік, жабдық бойынша олардың түгендеу, тіркеу нөмірлері көрсетіледі. Егер зиян келтірген тұлғалар белгілі болса, онда олар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша жұмыс беруші зардап шегушіге (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген залалды өтеу және жол берілген оқиға үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрықтың көшірмесі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру матаериалдарына қоса тіркеледі.
Зардап шегушіге (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген залалды өтеу еңбек және азаматтық заңнаманың талаптары шеңберінде жүзеге асырылады.
Жол берілген оқиға үшін кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қатаң түрде ҚР ЕК талаптарының шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. ҚР ЕК және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген тәртіптік жазалар қолдануға жол берілмейді. Жұмыс берушіге залал (зиян) келтірген қызметкер оны сот шешімінің негізінде немесе ерікті түрде заңнамамен белгіленген мөлшерлерде өтейді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль