Өзара іс-қимыл кәсіподақтар мемлекеттік еңбек инспекциясымен

536
Негізгі буыны қоғамдық бақылау еңбекті қорғауды тікелей ұжымдарында болып табылады еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар

Республикалық, өңірлік салалық кәсіптік одақтар, кәсіподақтардың салалық және аумақтық (облыстық, Астана және Алматы қалалары) бірлестіктері өздерінің іс-тәжірибелік қызметінде тығыз өзара әрекеттестікте болады.

Сала өзара іс-қимыл

– тиісті аумақтағы кәсіподақтардағы құрылымдық қайта құру мәселелерін
өзара келіседі;
– кәсіподақ кадрларын іріктеу мен оқыту, олардың резервін қалыптастыру
бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді; кәсіподақтар Федерациясының
съездеріне, конференцияларына делегаттар сайлау үшін, кәсіподақ орган-
дарына басшы лауазымдарға үміткерлерді өзара келіседі;
– бастауыш кәсіподақ ұйымдарына, жергілікті кәсіподақ органдарына ұжымдық келіссөздер өткізуде, ұжымдық шарттар келісімдер жасасуда, туындаған еңбек жанжалдарын шешуде жәрдем көрсетеді;
– бірлескен түрде кәсіподақ ұйымдарына іс-тәжірибелік, ұйымдастырушылық,
әдістемелік, құқықтық көмек көрсетеді;
– тиісті аумақта бірыңғай заң консультацияларын, кәсіподақ инспекцияларын құру шараларын қабылдайды, ынтымақтастық және жұмыссыздарға көмек қорларын құруға жағдай жасайды;
– өңірлік проблемаларды бірлесіп және келісе отырып шешу, жергілікті
атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті жолға қою, кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау мен өзара қолдру үшін күш-жігерлерді біріктіру мақсатымен қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіподақтардың өкілдерінен үйлестіру кеңестерін, кәсіптік одақтардың филиалдары мен өкілдіктерін құруға жағдай жасайды;
– кәсіподақ ықпалын нығайтуға және сала мен өңірді дамытудың әлеуметтікэкономикалық бағдарламаларын іске асыруға, Федерация органдарының шешімдерін, басқа да жалпыфедеративтік шараларды орындауға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
– кәсіптік одақтар мен кәсіподақтар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда бірлескен акциялар өткізеді.

Заңнамалық база

Мысалы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2010 жылғы 3 маусымдағы ХХІІ съезінде өзгерістерімен және толықтыруларымен бекітілген «Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы» Одағының Жарғысына сәйкес Федерация қызметінің негізгі бағыттары Үкіметпен және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен келісімдер жасасу жөніндегі жұмыс және олардың іске асырылуына
бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мүше ұйымдардың жалақы, баға қалыптастыру, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, экология, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу саласындағы саясатты жүргізу мәселелері бойынша іс-әрекеттерін үйлестіру болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінде (23 бап, 2 тармақ, 22 тармақша) жұмыс берушінің қоғамдық бақылау өкілдерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге міндетті екендігі көрсетілген.
ҚР Еңбек кодексінің 339-1 бабына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) құрамына кәсіподақ ұйымының өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері кіреді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына да қызметкерлердің өкілі енгізіледі.Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен форма бойынша дереу қызметкерлер өкілдеріне хабарлайды.
ҚР-ның 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы кәсіподақтарға кәсіподақ мүшелерінің жеке еңбек және еңбек қатынастарымен байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ егер кәсіподақтарға белгіленген тәртіпте ондай өкілеттіліктер берілсе, онда олардың кәсіподақтарға мүшелігіне қарамастан барлық қызметкерлердің ұжымдық құқықтары
мен мүдделерін қорғау өкілеттіліктерін береді.
ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес кәсіподақтарға ұжымдық
еңбек дауларын реттеуге қатысу құқығы берілген. Олар еңбек жағдайларының өзгеруімен,Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының бұзылуымен, ұжымдық шарттармен және келісімдермен, сондайақ еңбек шарттарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелердің орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарастыруға
қатыса алады.

Еңбек қорғау саласы

Еңбекті қорғау саласына еңбек жағдайлары, еңбектің зиянды және ауыр
жағдайларындағы жұмыс үшін жеңілдіктер мен өтемақылар беру, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және ұжымдық шартқа енгізілген басқа да мәселелер бойынша еңбек даулары жатады. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде кәсіподақтар қызметкерлердің өкілдері ретінде әрекет етеді және олардың құқықтарын қорғайды,
қызметкерлердің талаптарын әзірлейді, оларды жұмыс берушіге ұсынады және талаптарды қарастыруға қатыса алады.
Кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшесінің, басқа да қызметкерлердің өтініші
бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін жеке еңбек дауларын қарастыратын (қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбекті қорғау және еңбек шарты ның талаптары туралы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелері жөніндегі келіспеушіліктер) органдарға жүгінуге құқылы. Бұл жерде өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруға байланысты зиянды өтеу, еңбек жағдайларының өзгеруі, жұмыс орнында еңбекті қорғау талаптарын сақтамау және т.б. сияқты мәселелер қарастырылады.
Жеке еңбек дауларын шешу кезіндегі кәсіподақтың құқықтары ҚР Еңбек
кодексінде баяндалған. Мысалы, бітімгерлік комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс тәртібі мен бітімгерлік комиссиясы өкілеттіліктерінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) белгіленеді.
Тікелей ұжымдарда еңбекті қорғауға қоғамдық бақылаудың негізгі буыны
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар болып табылады.

Қоғамдық бақылау

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіптік одақ жоқ болған кезде – қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Еңбек үдерісіне қатыса және өзінің өндірістік бөлімшесіндегі қызметкерлердің арасында бола жүріп, уәкілеттілер жұмыс берушілердің еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауына, еңбекті қорғаудың жай-күйіне тұрақты бақылауды,
сондай-ақ қызметкерлердің бұл саладағы міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асыра алады.
Еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыра отырып, еңбекті қор-
ғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар өз жұмысын өндірістік учаскелердің басшыларымен, сайланатын кәсіподақ ұйымдарымен немесе өкілдік органдардың өзге де қызметкерлерімен, кәсіпорынның еңбекті қорғау және басқа да қызметтерімен, еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен және кәсіподақтар инспекциясымен өзара әрекеттестікте ұйымдастырады.
Жұмыс беруші олардың жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оларға
жұмыс күні ішінде қажетті уақыт беруге, ұжымдық шартпен немесе жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдік органдарының бірлескен шешімімен белгіленген талаптармен қосымша әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге міндетті.
Жұмыс беруші мен лауазымды тұлғалар еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың құқықтарын бұзғаны немесе оның заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін заңнамамен белгіленген тәртіпен жауаптылықта болады.
Тікелей кәсіпорындарда еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы, оған қызметкерлердің, олардың өкілетті өкілдерінің және өкілдік ұйымдарының белсенді қатысуын қамтамасыз етудегі негізгі буындардың бірі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен комитеттер (комиссиялар) болып табылады.
Еңбек заңнамасына сәйкес құрамына тең құқылы негізде жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері кіретін еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен комитеттер (комиссиялар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс берушілердің, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында құрылады.
Тараптардың кез келгені комитетті құрудың бастамашысы болуы
мүмкін. Комитет құрамына ұсынылатын қызметкерлердің өкілдері әдетте
кәсіптік одақтың немесе еңбек ұжымының еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларының арасынан ұсынылады.
Алда тұрған кезеңде мемлекеттің экономикалық саясаты экономиканы
жаңғырту және қарқынды индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру негізінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге,тарифтік саясатты жетілдіруге, бәсекелестікті қорғау мен елдегі бизнес-ахуалды жақсартуға бағдарланған болуы тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктерінің арасында 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды, мұнда Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері Тараптардың 2012-2014 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша келісілген позициялары мен оны іске асырудағы бірлес-
кен іс-әрекеттер белгіленді.

Басшылық қағидаттары

Тараптар мынадай ұстанымдарды басшылыққа алды:
– Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
– мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік
жауапкершілігі, өзара құрмет және олардың мүдделері ымыраласуының
мүмкін болатын ең жоғары жетістіктеріне қол жеткізу;
– елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру үшін
ынтымақтас жауапкершілік және жергілікті жерлерде оның іс жүзінде жүзеге асуына іс-тәжірибелік көмек көрсету;
– әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;
– лайықты еңбек пен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-
экономикалық мүдделері үшін жағдайлар қамтамасыз ету ісінде сындарлы
өзара әрекеттестік, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау.

Тараптардың міндеттемелері

Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:
а) Экономика дамуының мүмкін болатын нұсқалары кезінде қатерлерді барынша азайтуға бағытталған макроэкономикалық саясат жүргізу негізінде 2012–2014 жылдары теңгермеленген экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
б) Мыналарды іске асыруға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыру: – Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары;
– Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама;
– Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011–2015
жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданылуының 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011–2020 жылдарға арналған Бағдарламасы;
– 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» Бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2010–2014 жылдарға арналған Бағдарламасы.
в) Өндірісті жаңғырту мен дамытуға инвестицияларды жүзеге асыратын
ұйымдарды ынталандыру жүйелері мен тетіктерін жетілдіру.
г) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірге қаржылық жүйенінің
тұрақтылығын арттыруға бағытталған қаржы секторын дамыту жөнінде шаралар қабылдау.
д) Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз ету және экономикалық өсуін ынталандыруға бағытталған бюджеттік параметрлерді қалыптастыруға жағдай жасау, бюджеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттыру.
е) Қызметтер көрсетуді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау қажеттігінен шыға отырып, тарифтік саясат шараларын жүзеге асыру.
ж) Табиғи монополиялар субъектілерін тарифтер деңгейлерінің тұрақтылығы және болжамданбайтынын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
з) Өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, менеджмент жүйесін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу есебінен еңбек сапасы мен өнімділігін арттыру, жалақыны көтеру.
и) Ведомствоаралық комиссиялардың, сондай-ақ Үкімет пен орталық
мемлекеттік органдардың жұмысшы топтарының еңбек қатынастарына және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты заң актілерінің жобаларын дайындау және қарастыру жөніндегі жұмысына қатысу.
Тараптар оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру түпмәтінінде адам әлеуетін дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер жасауға жағдай жасауды, жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруда күш-жігерді біріктіруді, жоғары сапалы еңбек ресурстарына деген сұранысты қалыптастыру жөніндегі міндеттерді шешуді, лайықты еңбек пен еңбекке лайықты ақы төлеу үшін жағдайлар жасауды қажет деп есептейді.

Әлеуметтік әріптестік

Бұл үдерістерге халықты жұмыспен қамту мен еңбек ресурстарын дамыту
саласындағы әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара әрекеттестігі қолдау көрсетуі тиіс.Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:
Мынадай шараларды іске асыруды қамтамасыз ету:
– ағымдағы вакансиялар мен болжамдалатын жұмыс орындарының
жалпыұлттық деректер базасын қалыптастыру;
– персоналды фирма ішінде дайындау мен қайта дайындауды ынталандыру;
– жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық
ресурстардың, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің ақпараттық порталы шеңберінде қолжетімділігін қамтамасыз ету;
– әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін (ӘЭСБАЖ)
ендіру;
– әйелдерді жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету (жұмыс күшіндегі әйелдер үлесін арттыру) жөнінде шаралар қабылдау;
Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасы мен халықты жұмыспен қамтудың
өңірлік бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмысқа, жастар практикасына жіберілген тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық дамудың төменгі әлеуетті елді мекендерінен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары әлеуетті елді мекендері мен экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде өтуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Одан әрі шаралар

Мыналар жөнінде шараларды жүзеге асыру:
– біліктіліктердің ұлттық жүйесін дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу,
жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы мен басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңғырту;
– кәсіптік оқыту жүйесін экономиканың инновациялық даму қажеттіліктеріне қарай бейімдеу;
– халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін, оның ішінде мектеп оқушыларын
кәсіптік бағдарлауды дамыту;
– жұмыс берушілерді өз оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беру оқу орындарының білім беру үдерістері мен материалдық базасын басқару мен жаңғыртуға қатысуға, қызметкерлердің қажетті дағдылар мен шеберліктерді алуы үшін жағдайлар жасауға тарту.
Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы Ұлттық еңбек нарқын қорғау бөлігінде сақтауды қамтамасыз ету, біліктілігі жоғары жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар жасау.
Бұл ретте Тараптар қажет деп есептейді:
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қиын жағдаяттар туындаған кезде еңбек нарығындағы шиеленісуді төмендетуге бағытталған шаралар қабылдауын;
– экономиканың қайта құрылымдалуын, қалалар мен елді мекендердегі
жұмыспен қамту құрылымын түрлендіруді жүргізген кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіруді;
– жұмыстан айырылған немесе жұмыспен толықтай қамтылмаған жағдайда азаматтарды қолдау мен материалдық кепілдіктер құралдарын жетілдіруді;
– халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын
тұрақты бағалауды (мониторинг) жүзеге асыруды.
Халықаралық еңбек ұйымының № 143 «Миграция саласындағы асы-
ра пайдаланушылықтар және еңбекші-мигранттарды мүмкіндіктер мен жүгініс теңдігімен қамтамасыз ету туралы», № 97 «Еңбекші-мигранттар туралы» Конвецияларын ратификациялау жөніндегі техникалық консультациялар өткізу бойынша жұмысты жалғастыру.
Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, нақты
жалақы деңгейін арттыруды, табыстар мен халықтың тұрмыс деңгейін арттыру саясатын жетілдіруді қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды қажет деп есептейді. Осы мақсаттарда тараптар еңбекті ұйымдастыру мен жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканың тұрақты дамуы мақсатымен еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайтын болады.

Уағдаластық

Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:
– ең төменгі күн көріс шегі шамасын белгілеу әдістемесін жетілдіру мәселелері
бойынша техникалық консультацияларды жалғастыру;
– азаматтық қызметшілердің, мемлекет бюджеті есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіруді жалғастыру;
– халықаралық еңбек ұйымының № 95 «Жалақыны қорғау туралы», № 26 «Ең төменгі жалақы белгілеу рәсімін құру туралы» және № 131 «Дамушы елдерді ерекше есепке ала отырып, ең төменгі жалақы белгілеу туралы» Конвенцияларын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар өткізу бойынша жұмысты жағастыру;
– тиісті саланың ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыстарымен қамтылған қызметкерлері үшін жоғары салалық коэффициенттер мөлшерлерін нормативтік бекіту және салалық келісімдерге енгізу;
– ұқсас жұмыстарды орындаған және тиісті бірдей біліктілігі болғанда
шетелдік және отандық қызметкерлер арасында еңбекке ақы төлеу сала-
сында кемсітушілікке жол бермеуге жағдай жасау;
– еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мониторинг өткізу;
– тиісті саланың ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыстарымен қамтылған қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің ең аз стандартын қолданудың қолданыстағы жүйесіне талдау жасауды жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.

Әлеуметтік салада

Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді және тұрақты дамуы, жұмыс істеуші азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатымен Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:
– оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестендіру
мақсатында әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік стандарттар
жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
– халықаралық еңбек ұйымының № 102 «Әлеуметтік қамсыздандырудың
ең төменгі нормалары туралы» Конвенциясын ратификациялау жөнінде
техникалық консультациялар өткізу бойынша жұмысты жалғастыру;
– сақтандыру ұстанымдарының негізінде қызметкерлерді әлеуметтік
қатерлерден барабар қорғауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты
жалғастыру және осы мақсаттарда: әлеуметтік қатерлерді міндетті
сақтандыру жүйесінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге және міндетті әлеуметтік сақтандыруды әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
– зейнетақылық жүйені жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу мен іске асыру;
– халықтың осал санаттарына әлеуметтік қолдау жасаудың тиімді жүйесін
қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау;
– тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар белгілеу және іске асыру;
– әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын қосқанда жұмыс орнында денсаулыққа қолдау көрсетуге бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру тәжірибесін таратуға жәрдемдесу;
– ана мен баланы қорғауды, әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсетуді,
әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды
шешуді; балаларды тең құқықпен күтумен және тәрбиелеумен айналыса-
тын әйелдер мен еркектерді қолдауды; шешімдер қабылдау деңгейінде
әйелдердің өкілдігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстан
Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
– мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, жастардың еңбек, білім
мен денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз
ету жөніндегі міндеттерді шешуге, жастардың әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктерінің өздігінен іске асуы үшін жағдайлар жасауға, оңды қоғамдық жастар бастамасын қолдау мен ынталандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысу;
– халықаралық еңбек ұйымының № 183 «Ананы қорғау туралы», № 156 «Еркек және әйел еңбекшілер үшін теңдей жүгініс пен теңдей мүмкіндіктер туралы» Конвенцияларын ратификациялау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
– ұйымдарда салалық, өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау
кезінде әйелдердің, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың негізгі
құқықтары мен кепілдіктерді көздеу.

Жақсарта отырып, еңбек

Келісім Тараптары адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі ретінде есептей отырып, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын, өнеркәсәптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарастыра отырып, міндеттенеді:
– кәсіптік қатерлерді басқару жүйесі мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін енгізуді, еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында еңбек жағдайларына сараптама жүргізудің рөлін арттыруды қамтамасыз ететін заңнаманы жетілдіру;
– еңбекті қорғау жөнінде оқытуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға ұшырауды төмендетуге бағытталған алдын алу шараларын қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдау;
– өндірістік жарақаттанудан қайтыс болушылықты төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауын болғызбауға бағытталған еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар дайындау және іске асырылуын қамтамасыз ету;
– балалар еңбегінің ең нашар формаларын тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтау және іске асырылуына жәрдемдесу;
– статистикалық есептілікті жетілдіруді қосқанда еңбекті қорғау және еңбек жағдайларының жай-күйіне мониторинг жүйесін дамыту;
– ХЕҰ-ның АИТВ/ИИЖС және еңбек саласы бойынша Ұсынымдарын (№ 200) алға жылжыту жөнінде шаралар қабылдау;
– заманауи технологияларды пайдаланумен персоналды еңбекті қорғау бойынша кешенді дайындауды жетілдіру;
– өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру;
– халықаралық еңбек ұйымының № 187 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы» Конвенциясын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар өткізу бойынша жұмысты жалғастыру.

Тараптар міндеттенеді:

Тараптар әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін
әлеуметтік және экономикалық дамудың, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді қажет деп есептейді және өздеріне міндеттемелер қабылдайды:
– әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия)
рөлін Тараптардың мүдделерін келісуде арттыруға бағытталған шаралар-
ды іске асыру және: әлеуметтік-әкономикалық саясаттың негізгі бағыттары
мен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларының орындалуы бойынша консультацияларды тұрақты өткізуді, Комиссияның әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық қатынастар мәселелер жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға қатысуын, ол бойынша Комиссия пікірін есепке алуды қамтамасыз ету;
– әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің құқықтық базасын жетілдіруге және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін
арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындау жөніндегі бірлескен
жұмысты жалғастыру;
– консультациялар, мониторинг өткізуді және салалық, өңірлік деңгейлерде
келісімдер жасау тәжірибесіне, сондай-ақ әлеуметтік әріптесті корганда-
рының жұмыс тәжірибесіне талдау жасауды және талдаудың нәтижелерін
Комиссия отырыстарында қарастыруды жүзеге асыру; үшжақты
комиссиялардың әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік
әріптестік жүйесі мен оның институттарының салалық және өңірлік
деңгейлерде дамытуға жәрдемдесудегі халықаралық тәжірибесін зерделеу
және тарату;
– халықаралық Еңбек Ұйымының № 87 «Ассоциациялар бостандығы және ұйымдасу құқығын қорғау туралы», № 135 «Кәсіпорындарда еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
Тараптар міндеттенеді:
– ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет жасау жөнінде өзіне байланысты болатын барлық шараларды қабылдауға;
– жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қалыптасқан іс-тәжірибесін зерделеу және еңбек жанжалдарын болғызбау рәсімдерін жетілдіру, оларды шешудің қолданыстағы тетіктері мен формаларының қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру және жаңаларын дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауға;
– келіссөздер жүргізе білу мен еңбек жанжалдарында келісімге келуге қол
жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде бірлескен оқытушы тренингтер өткізуге;
– жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілік саласындағы бастамаларын одон әрі дамытуға,
ұйымдардың әлеуметтік (қаржылық емес) есептер дайындау іс-
тәжірибесін, стандарттаудың Халықаралық ұйымы қабылдаған әлеуметтік
жауапкершіліктің Халықаралық стандартын тарату қажеттігін қолдауға;
– БАҚ-мен бірге бизнестің әлеуметтік инвестициялары мен табысты әлеуметтік әріптестік мысалдарына қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
– қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар қабылдауға;
– бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге қатысты материалдарды қарастыру, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарастыру нәтижелері жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ оның лауреаттарын анықтау мен марапаттауға қатысуды қамтамасыз ету;
– бір-бірінің тарапынан кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер
бірлестіктерінің қызметіне араласпау туралы заңнамалық және көпшілік
мойындаған халықаралық нормалар мен ережелерді сақтау, кәсіподақтар
мен жұмыс берушілер ұйымдарының құрылуы мен жұмыс істеуіне бөгет жасамау;
– халықаралық еңбек ұйымымен қатынастарды дамытуға жәрдемдесу,
Қазақстан Республикасындағы Лайықты еңбек Ұлттық бағдарламасын іске асыру жөнінде бірлескен жұмысты қамтамасыз ету;
– халықаралық еңбек ұйымының Конвенциялары мен басқа да халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы ұсыныстар дайындау жөнінде консультациялар өткізу, сондай-ақ
ратификацияланған Конвенцияларды іске асырудың құқық қолдану практикасына талдау жасау.
Тараптардың осы Келісім ережелерін орындауын үйлестіру мақсатымен Тараптар төмендегілерге келісті:
– тараптар Келісімді басымдыққа ие бағыттарды және Қазақстан Республикасында 2012–2014 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу бойынша қажетті іс-әрекеттерді белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты деп таниды;
– тараптардың біреуінің ұсынысы, Тараптардың өзара келісуі бойынша
Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен
толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді;
– келісім келіссөздер және салалық (салааралық) келісімдер, облыстық,
аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер мен ұйымдарда ұжымдық шарт-
тар жасасу үшін негіз қызтетін атқарады;
– келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері мен Комиссияның
ұсынымдары (шешімдері) өңірлік (облыстық,қалалық, аудандық), салалық
келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу кезінде есепке алынуы тиіс;
– келісімнің ережелерін мақұлдайтын және қабылдайтын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері оған қосылу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға өзіне оны орындау жөнінде міндеттемелер қабылдағаны туралы жазбаша формада хабарлама ұсынулары тиіс;
– келесі жылдарға Бас келісім 2014 жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей,
салалық және өңірлік келісімдер – 2015 жылдың ақпанынан кешіктірілмей
жасалады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурызынан кешіктірмей қабылдайтын болады.
Осы Келісім қолданылатын кезеңде және міндеттемелер орындалған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің республикалық бірлестіктері Тараптардың арасында тиісті деңгейлерде және Комиссияда жанжалдық жағдаяттарды шешу мен алдын ала қарауынсыз наразылық акциясын өткізбейтін болады.
Тараптар нақты мерзімдері мен Комиссияның орындалуы үшін жауапты
мүшелерін көрсетумен қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөнінде шаралар жоспарын әзірлейді, ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Комиссия ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру формасы болып табылады.
Бас келісімнің орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия туралы Ережеге және Бас келісімді әзірлеу және жасау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Комиссияның жұмысшы тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарастырып отырады.
Республикалық үшжақты комиссияның қызметі мен Келісімді іске асыру барысынан хабардар етіп отыру мақсатында Тараптар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестіктің дамуы мен әлеуметтік-еңбек қатынастарының проблемаларына арналған материалдардың тұрақты жарияланып тұруын қамтамасыз етеді.
Бас келісім меншік формасына қарамастан барлық жұмыс берушілерге
қолданылады.
Тараптар Келісіммен көзделген, өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 
 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях