Справочник кадровика

Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі шаралар

  • 13 декабря 2018
  • 567
Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі шаралар

Жұмыстағы апат қауіпсіздіктің, еңбек қорғаудың, өндірістің әлсіз және жеткіліксіз бақылауының қанағаттанарлықсыз күйін көрсетеді. Апаттың себептерін жою жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде техникалық және ұйымдастыру шаралары қолданылады.

Өндірістегі жазатайым оқиға, әсіресе ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиға жұмыс беруші үшін – төтенше оқиға, ол бүкіл кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының қанағаттанғысыз жай-күйін, жұмыстарды жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыруды, кәсіпорынның жауапты тұлғаларының тарапынан жұмыстарды жүргізу үдерісіне бақылаудың әлсіздігі мен жеткіліксіздігін білдіреді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Біздің қызметкер елді мекен аумағынан тыс жерге өндірістік бөлімшелердің біреуіне іссапарға жіберілді. Іссапардан қайтып оралы үшін компания темір жол көлігіне билет сатып алған. Темір жол көлігіне отыру кезінде вагон тамбурында қайырмалы жағының тіркеуінің жоқтығына байланысты қызметкер тізесін соғып алған, нәтижесінде тізе буынына ауыр жарақат алған. Осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты болып табыла ма?

Іс-шаралар жоспары

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін нақты жазатайым оқиға үшін жазатайым оқиға себептерін жою жөніндегі шаралар әзірлеумен шектелуге болмайды. Міндетті түрде шаралар әзірлеуге бүкіл кәсіпорын шеңберінде, жазатайым оқиға болып өткен жерге ұқсас жерлердегі машиналар мен өндірістік үдерістерге қатысты кешенді қарау қажет.
Мұнсыз жарақаттанушылықтан сақтандыру бойынша әзірленген шаралардың тиімді болатынына сенімді болуға болмайды.
Жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шаралар жазатайым оқиға себептерін жою жөніндегі шаралардан және осыған ұқсас оқиғаның қайтадан туындауынан сақтандырудан құралуы тиіс. Олар ұсынылып отырған форма бойынша кесте түрінде баяндалуы мүмкін:


р/с

Шаралар

Орындалу мерзімі

Орындаушы


Бұл тарауда жазатайым оқиғаның себептері мен салдарларын жоюға бағытталған шаралар баяндалады. Олар тергеп-тексеру барысында анықталған жарақаттану себептеріне талдау жасаудан қисынды түрде туындауы тиіс. Шаралар сақтандыруға және жоюға бағытталған себептерді баяндаудың тиісті кезектілігі тәртібімен санамаланады.
Шаралар нақты, техникалық жағынан сауатты тұжырымдалуы тиіс. Нақты шаралардың орнына тапсырмаларды жазуға болмайды: бұйрық шығару, шаралар әзірлеу, ұйғарымдар, нұсқаулар формасында баяндау және т. б. Шараларда жұмыстағы қауіпті тәсілдерді немесе технологиялық өндірістік үдерістің жарақаттанушылыққа әкелген жекелеген элементтерін бекітуге жол берілмейді.
Әрбір шара бойынша оның орындалу мерзімі мен жауапты орындаушысы көрсетілуі тиіс.
Белгіленген шаралар орындалуының нақты мерзімінің орнына «дереу», «тұрақты» және т.б. сөздерін жазуға болмайды. Комиссия шараларға жоғары тұрған немесе бөгде ұйымдардың шешуін талап ететін ұсыныстарды енгізген жағдайларда кім, қандай мерзімде және бұл ұсыныстардың кімге бағытталғанын нақты көрсету қажет.



Жою бойынша іс-шаралар себептері жарақаттанудың

Жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шараларды анықтау тергеп-тексеруді аяқтайтын кезең және мән-жайлары мен себептері дұрыс тұжырымдалған кезде ғана бұл шаралар тиімді болады.
Шаралар жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерінен
шығуы тиіс. Мән-жайлар, себептер мен шаралардың арасында тығыз байланыс болуы тиіс: мән-жайлардан себеп тұжырымдалады, себептен шаралар келіп шығады. Алайда, іс-тәжірибеде жұмыс беруші өздігінен тергеп-тексерген өндірістегі жазатайым оқиға туралы ұсынған кейбір актілерде жазатайым оқиғалардың себептерін жоятындай шаралар болмайды. Ал кейбір актілерде мән-жайлар жеткілікті дәрежеде толық баяндалады, себептер дұрыс ашылады, ал шаралар өз-өзінен белгіленгендей болады.


Мысал. «Электркар басқаруға құқығы және рұқсаты жоқ қызметкер электркардың бос тұрғандығын пайдаланып, онымен өз жұмыс орнына жетіп алуға шешім қабылдады. Электркар іске қосу құрылғысын (кілт-жетон) бұғаттаумен жарақталмаған болатын, сондықтан оны еш кедергісіз оталдырып, жолға шықты.
Алайда бұрылыста дұрыс бұрыла алмай, қолын арқалықтың шығып тұрған құрылымымен жарақаттап алды».

Негізгі себеп дұрыс анықталған: «Іске қосу құрылғысында (кілт-жетон) бұғаттаудың жоқтығы». Ал шараларда бірден-бір шара белгіленді: «Кәсіпорын персоналымен ЕҚжЕҚ жөнінде жоспардан тыс нұсқама өткізу». Бұл шараны да қолдануға болады, алайда негізгі жәйт туралы да ұмытуға болмайды – кәсіпорын электркарының іске қосу құрылғысын (кілт-жетон) бұғаттаумен қамтамасыз ету.
Комиссия ұсынған кейбір шаралар белгілі бір қаржылық шығындарды талап етеді. ЕҚжЕҚ бойынша шараларды қаржыландыру заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жазатайым оқиға себептерін жою жөніндегі шаралардың орындалғаны туралы жұмыс беруші арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасын – мемлекеттік еңбек инспекторын комиссия белгілеген мерзімде жазбаша хабардар етеді.
Жазатайым оқиғалар туындатқан себептерді жою жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жасауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзіреті шектерінде тексерулер, азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, жүгіністерін қарастыру және ұйымдарды тексеріп-зерттеу арқылы жүзеге асырады.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

ІІ топтағы мүгедекті жұмысқа орналастырған кезде одан ұйымда жұмыс істеу үшін қарсы көрсетім жоқ екені туралы медициналық мекеменің қорытындысын талап ету керек пе?
Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі шаралар

Лариса Степуро

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться