Жазатайым оқиғаның себептері

1151
Жазатайым оқиғаның себептері жазылады жіктеуішіне сәйкес себептерін бұйрығымен бекітілген, қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Бұл тарауда жазатайым оқиғаның негізгі техникалық және ұйымдастырушылық себептерін көрсеткен, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтардың, ережелердің, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нормалар мен нұсқаулықтардың қандай нақты талаптарының бұзылғандығын баяндаған дұрыс (тиісті баптарға, параграфтарға, тармақтарға сілтеме жасау).

Негізгі себептері

Жазатайым оқиғаның себептері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03 № 74-ө бұйрығымен белгіленген себептер жіктеуішінің өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыруға түсіндірмелеріне сәйкес енгізіледі:

- жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы мен газдануы;

- шудың жоғары деңгейі; тербелістің жоғары деңгейі;

- иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі; жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі);

- шамадан артық жүктің адам организміне әсері;

- машиналар, тетіктер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер; - ақаулы машиналарды, тетіктерді және жабдықтарды пайдалану;

- технологиялық процестердің бұзылуы;

- көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының
бұзылуы;

- автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

- теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

- әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

- сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

- авариялар;

- жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы;

- ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер; еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер;

- ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы;

- ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі;

- еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу;

- ЕҚжЕҚ ережелерін бұзу;

- белгіленген еңбек режимін бұзу;

- зардап шегушінің өрескел абайсыздығы.

Жарақаттану себептерін талдау

Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік уланулар және аурулар
ұйымдастырушылық немесе техникалық кемшіліктер себебінен орын ала-
ды. Өндірістік жарақаттанушылықпен күрестің аса маңызды шарттарының бірі оның туындау себептеріне жүйелі талдау жасау болып табылады, ол себептер: техникалық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді.
Техникалық себептер көпшілік жағдайларда жарықтандырылудың
жеткіліксіздігі, қорғану құралдарының ақаулығы, машиналар, білдектер, тетіктердің, жабдықтар, көліктік жүйелердің құрылымдық кемшіліктерінің, технологиялық үдерістің жетілдірілмегендігі; қауіпсіздік құралдарының (қоршаулардың, сақтандырушы құрылғылардың және басқаларының) акаулығы немесе жоқтығының нәтижесі ретінде орын алады.
Ұйымдастырушылық себептерге: жұмыстарды жүргізуді қанағаттанғысыз
ұйымдастыру, технологиялық үдерісті бұзушылық, жауапты тұлғалардың тарарынан жұмысты қадағалау мен басшылық жасаудың жоқтығы, еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер, ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілмегендік немесе қолданбау, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмеу, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу, ЕҚжЕҚ ережелерін бұзу, белгіленген еңбек режімін бұзу, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы жатады.
Өндірістегі жазатайым оқиға тек ұйымдастырушылық және техникалық себептерден ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеушілердің абайсыздығынан да болуы мүмкін.

Абайсызда жұмыс істейтін

Мұндай жазатайым оқиғалардың себептері зардап шегушінің тыйым салынуы мен мүмкін болатын салдарлары туралы білсе де, жұмыстың қауіпсіздік техникасы талаптарына қарама-қарсы, тыйым салынған, бұрыс тәсілдерін пайдалануы; 

- зардап шегушінің сақтау тәртібі және оны бұзудың мүмкін болатын салдарлары туралы білсе де, жұмыс орнында дайындамаларды, бөлшектерді (бұйымдарды), аспапты, айлабұйымдарды және т. б. дұрыс сақтамауы; салдары білдектің (машинаның, аспаптардың) кездейсоқ іске қосылуы, заттардың өткір жиектеріне, қыздырылған денелерге, жемір сұйықтықтарға және т. б. байқаусызда жанасу болуы мүмкін ұмысшының абайсыздығы мен ұқыпсыздығы;

- жұмысшының тегіс жерде, саты баспалдақтарымен жылдам қарқынмен қозғалу кезінде немесе таяныштардан алыс жерде құлауы;

- білдекте (құралдармен немесе аспаптармен және т. б.) мастердің,
бригадирдің немесе жұмыстардың басқа жетекшісінің рұқсатынсыз жұмыс істеу;
- жұмысшының берілген арнаулы киім мен ЖҚҚ-н (қоршаулық, сақтандырушылық және т. б.) пайдаланбауы болып табылады.

Әдетте, бұл нормалар жұмыс берушінің актілерінде, ЕҚжЕҚ бойынша
нұсқаулықтарда баяндалуы тиіс, қызметкер олармен қолын қоя отырып, таныстырылуы тиіс.
Егер қызметкер өзі жол беретін бұзушылықтар мен мүмкін болатын салдарлары туралы білсе немсе білуге тиіс болса; жұмыс берушінің ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтық, пайдаланушылық және басқа актілерімен қол қоя отырып, танысса; еңбек қауіпсіздігі және ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқыту мен нұсқамадан, білімін тексеруден өткізілсе, осыдан кейін дербес жұмыс істеуге жіберілсе, онда комиссия жазатайым оқиғаның негізгі себебін зардап шегушінің өз өрескел абайсыздығы болып табылады деп белгілеуі мүмкін.

Тұлғалық себептері

Оларға шартты түрде жұмыс істеушінің дене және жүйкелік-психофизиологиялық асқын жүктемесіне жатқызуға болатын жеке тұлғалық (психологиялық және психофизиологиялық) себептер адамның қате іс-әрекеттеріне алып келеді. Адам қате іс-әрекеттерді үлкен дене (статикалық және динамикалық) асқын жүктемесінен, ақыл-ой, талдауыштардың (көру, есту, тактильді) асқын ширығуынан, еңбектің
бірсарындылығынан, ширығушылық жағдаяттарынан, аурулы жай-күйден туындайтын шаршап-шалдығудан жасауы мүмкін. Адам ағзасының анатомиялықфизиологиялық және психикалық ерекшеліктерінің орындалатын жұмыс сипатына сәйкес келмеуі жарақатқа әкеп соғуы мүмкін. Көптеген техникалық жүйелерде, машиналар, аспаптар мен басқару жүйелерінің құрылымдарында әлі де адамның
мүмкіндігі мен физиологиялық, психофизиологиялық, психологиялық және антропометриялық ерекшеліктері жеткіліксіз есепке алынуда.
Жазатайым оқиғаның себебін екі құрамдаспен қарастыруға болады: жағдаят және осы жағдаяттағы адамның мінез-құлқы. Жағдаят өзгермейтін болуы мүмкін, адам жазатайым оқиғаға жол бере отырып, бұл өзгермейтін жағдаятта әлдебір нәрсені өзгерте алады.
Мысал. Сақтандырушы белбеу тақпаған қызметкер биіктікте жұмыс істеп жүріп, кенет шалынып қалып, биіктіктен құлады. Өзгермейтін жағдаят кенеттен өзгеретін жағдаят, және де «жағдаятқа қатысты» ештеңе істемеген адам жарақат алады. Мысалы, жүк ілуші шанақта тұрып, автомашинадан жүк түсіреді, кенеттен автомашина сақтандыру
сигналынсыз және пәрмендерсіз жүріп кетеді де, жүк ілуші құлап, жарақат алады.
Қалай болғанда да жағдаятты өзгертудің себебін және адамның мінез-құлқын өзгерту себебін анықтау қажет. Қызметкер неліктен белбеу тақпаған, автомашина неліктен кенет жүріп кетті? Комиссия әрбір жеке тергеп-тексеру кезінде әртүрлі себептерді анықтайды, өйткені бұл жазатайым оқиғалар ұқсас емес жағдаяттар мен әртүрлі адамдарға байланысты өзара бірдей емес.

Қауіпсіздік ережелері

Іс жүзінде барлық жазатайым оқиғалар көптеген себептерден және оқиғалардың «кездейсоқ» үйлесуінен, алайда бірінші кезекте еңбекті қорғау талаптарының жол берілген бұзушылықтарынан туындайды. Дайындалған қызметкер қауіпсіздіктің «белгісіз» талаптарымен күтпеген жағдаятқа сирек тап болады, алайда, бұл қаншалықты кереғар және жабырқаулы болса да, көпшілігі қауіпсіздік ережелерін жиірек немесе
ашық бұзады, не өздерінің ақылға сыйымсыз мінез-құлқымен қауіпті жағдаят жасайды.
Заманауи өндірісте жеке-жеке алғандағы қауіпсіз факторлар үйлесімі біріге отырып, белгілі бір жағдайларда қауіптіліктің туындауына әкелуі мүмкін, ал мұндай үйлесімдегі байланыстырушы буын әдетте, жағдаят пен еңбек жағдайларына қарай мінез-құлқы өзгеретін қызметкер болып табылады.
«Адам факторы» (тікелей орындаушының іс-әрекеттерімен) деп ата-
латын, жұмыстарды ұйымдастырумен (жиынтық орындаушының – жұмыс берушінің қызметкерлерінің іс-әрекеттерімен) және техникалық проблемалармен (орнықсыз технологиялық үдеріспен, жұмыс ортасындағы төтенше өзгерістермен, жабдықтардың істен шығуы мен ақауларымен) байланысты факторларды ажырата білу маңызды.
Айтсақ та, кез келген жағдайда оқиғаға негізгі кінәлі адам болып шығады, өйткені нақ сол адам «әлденені істемеді» немесе «басқаша істеді». Қатаңырақ айтсақ, жазатайым оқиғаның таза техникалық себептері жоқ, немесе олар қате іс-әрекеттер мен олардың салдарлары арасындағы аралық кезеңдер ғана болады. Мұнымен бірге, себептерді формальды түрде техникалық, ұйымдастырушылық және жеке тұлғалық себептерге бөлу болып өткен жазатайым оқиғаның себептерін айқындауға және жағдаятты түзеу бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Жазатайым оқиғаның себебін анықтау жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Себеп дұрыс анықталған жағдайда ғана сақтандыру шараларының тиімділігі мен жол берілген оқиға үшін кінәлі тұлғаларды анықтаудың дәлдігіне сенімді болуға болады. Алайда, іс-тәжірибеде себептер көбінде жазатайым оқиғаның мән-жайлары және салдарларымен алмастырылады, ретсіз, қате және дәстүрлі тұжырымдалады.
Жазатайым оқиғаның себептерін анықтау кезінде жіберілетін неғұрлым кең тараған қателіктерді қарастырайық.

Жиі кездесетін қателіктер

Себебі анықталмады. Кейде нақты себептің орнына жалпы анықтама
беріледі: «Жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкессіздігі», «Ақаулы машина», «Жауапсыз көзқарас» және т. б. Кейде тіпті себептер жазылмайды да.
Мысал. Токарь дайындаманы токарлық білдекте түйіршікті қажауқағаздың көмегімен өңдеп жатқанында қажауқағазды екі қолымен ұстап тұрған еді. Бір мезетте бір қолы тайып кетіп, айналып тұрған дайындамамен жарақаттанды. Жазатайым оқиғаның себебі: Зардап шегушінің жұмыстарды қате орындауы деп көрсетілді. Бұл себеп емес, себеп осындай жұмыстарды орындау үшін жарақатқа жол бермейтін арнаулы айлабұйымның, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтық құжаттардың жоқтығында.
Жазатайым оқиғаның мән-жайларын үстіртін тергеп-тексеру себептерді
анықтауды қиындатады және көбінесе олардың қате анықталатынына, кейде белгілі бір үрдіске – жарақат үшін зардап шегушінің өзін айыптауға әкеп соғады.

Жазатайым оқиғаның себептерін зардап шегушінің өз абайсыздығынан, жете көңіл бөлмеуінен және басқа кінәсінен әдейі іздестіруге жол беруге болмайды.

Мысал. Нәжісті сорып алу кезінде тракторшы бұл үшін тракторға тіркелетін сорғылық қондырғыны пайдаланды. Кенет құбыршектің батып қалғанын байқап, оны тартып қалды. Күтпеген шақта айналып тұрған айқартопсалық қосылыс оны шалбарынан тартып кетіп, аяғын жарақаттады. Себебі: зардап шегушінің абайсыздығы деп
деп көрсетілді. Алайда техникалық себебі де бар еді, ол айқаратопсалық қосылыста қорғаныс қоршауының жоқтығы болатын.
Көбінде ойлап табылған себептер жазылады. Мысалы, мектеп мұғалімі
үзіліс кезінде ылғал баспалдақпен жүріп келе жатқанда тайып кетіп, құлап түсті.
Сабақтар өтіп жатқан кезде едендерді жуу жүргізіледі де, олар көбінесе ылғал күйінде қалып қояды. Себебі: жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытудағы кемшіліктер деп көрсетілді. Бірқатар уақыт өткеннен кейін ылғал еденде осыған ұқсас тағы да бір құлау болып өтті, алайда себебі –зардап шегушінің абайсыздығы деп көрсетілді.
Себептер мән-жайлардан келіп шықпайды. Бұл текті қателіктерге жа-
затайым оқиға мән-жайларының оқиға көрінісін жеткілікті толық ашатындығы тән,
бірақ себебі мән-жайлардан тыс тұжырымдалады.
Мысал. Жұмысшы қосымша баспалдақпен түсіп келе жатып, 2 метр биіктіктен еденге секіруге мәжбүр болды, аяғын зақымдап алды, өйткені баспалдақ негізі тіреулердің жоқтығынан сырғи бастаған еді. Себебі: қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаманың жеткіліксіздігі. Іс жүзінде мән-жайларда себеп көрсетілген. Себептерді анықтау кезіндегі
мұндай қателіктер жазатайым оқиғаға әкелген басты бұзушылықтарды жасырып қалады.
Себеп мән-жайлармен ауыстырылады. Нәтижесінде жазатайым оқиға бо-
лып өткен себепті айқын анықтаудың орнына мән-жайларды сипаттау қайталанады немесе оған қосымша мәліметтер беріледі.
Мысал. Мектепте қызметкер әйел партаның үстінде тұрып қабырғаны әктеп жатқан кезде парта шайқалақтағандықтан, тепе-теңдігін жоғалтып, құлап түсті де, қолын жарақаттап алды. Себебінде: қабырғаларды әктеуді өте орнықты емес партада тұрып орындады деп көрсетілді. Бұл мән-жайларды толықтыру, бірақ себеп емес. Себебі – биіктіктегі жұмысқа арналған арнаулы мінбесатылардың жоқтығы еді.
Негізгі және екінші дәрежелі себептер. Негізгі себеп – нәтижесінде жаза-
тайым оқиға туындаған себеп. Екінші дәрежелі себептер жазатайым оқиғаға жағдай жасай немесе тіпті оның сәтін жақындата алады, бірақ оны туындата алмайды.
Мысал. Түскі үзіліске келе жатқан қызметкер нұсқаулық бойынша аспаптарды апарып тастауға тиіс еді. Бірақ екінші қабатқа көтерілмес үшін оларды 1-қабаттағы асхананың жанындағы ашық электр қалқанына қоюға шешті. Кейін қайтып келе жатып, ол аспаптарды алып жатқанда ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасып кетіп, электр жарақатын
алды. Қызметкер өндірістік тәртіпті бұзды, бірақ бұл негізгі себеп болмайды, өйткені жазатайым оқиғаның негізгі себебі электр қалқанының жабылмаған есігі болады. Ашық электр қалқанына кім де болса арандауы мүмкін еді. Ал қызметкердің нұсқаулық талабын бұза отырып, аспаптарды апармағаны оқиғаның туындау себебі болып табылмайды, оған жағдай жасады, яғни бұл жазатайым оқиғаның екінші дәрежелі себебі болады.

Себептері негізгі және қосалқы

Негізгі себептерді бөліп көрсету негізгілердің дамуына жағдай жасайтын және оқиғаның болуын жеделдететін екінші дәрежелі себептерді ашу қажеттігін жоққа шығармайды. Себептер неғұрлым тереңірек ашылса, сақтандыру шаралары солғұрлым тиімдірек болып шығады. Негізгі себептерге әсер еткен барлық екінші дәрежелі себептер актілерден көрініс табуы тиіс. Бірақ екінші дәрежелі себеппен негізгі себепке көлеңке түсіруге және алмастыруға болмайды. Сондықтан, актіде оқиға себептерін баяндаған кезде қатаң кезектілікті сақтау керек: алдымен негізгі
себепті, одан кейін- мәнділігіне қарай екінші дәрежелі себептерді көрсету керек.
Себептің орнына оқиға түрін жазу. Жазатайым оқиғаның себебін анықтауға әрқашанда әрекет жасала бермейді, оны оқиға түрімен алмастырады: құлау, әсер ету, оқиға және т. б.
Мысал. Сырлаушы мінбесатыда тұрып, қабырғаны сырлады және биігірек жерді сырлау үшін мінбесатының үстіне қосымша орындық қойды. Кенет басы айнала бастап, сырлаушы орындықтан құлап түсті. Себебінде: зардап шегушінің биіктіктен құлауы деп көрсетілді. Іс жүзіндегі себебі тиісті мінбесатылар мен қорғану құралының жоқтығы болатын.
Осылайша, жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау кезінде қателіктерді болдырмау үшін ұстану қажет негізгі талаптар мынаған келеді: жарақаттану себебі көрсетілмеген акт толыққанды акт болып танылмауы мүмкін; себеп жазатайым оқиғаның мән-жайларынан келіп шығуы тиіс; актіде ЕҚжЕҚ жөніндегі нормалар мен ережелердің нақты бұзылушылықтарын көрсету керек. Себептің тұжырымы айқын, қысқаша, техникалық жағынан сауатты болуы және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес келуі тиіс. Себептің тұжырымын еңбекті қорғау
жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелерге, нормалар мен ережелердің баптарына, тармақтарына, параграфтарына сілтеме жасаумен алмастыруға болмайды.
Бәрінен бұрын, негізгі себепті анықтау, ал екінші дәрежелі (серіктес) себептерді олардың мәнділігіне қарай кезектестіре баяндау қажет.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль