Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

734
Ол объективнее тергеу жүргізіліп, мән-жайлар кезінде жазатайым оқиға болған, аз ықтималдығы жорамалдар кезінде қателер себептерін анықтау

Бұл тарауда мыналар көрсетіледі: жазатайым оқиғаның алдында не болды, еңбек үдерісі қалай өтті, бұл үдеріске кім басшылық етті, зардап шегушінің (лердің) және жазатайым оқиғамен байланысты басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерін сипаттау, оқиғалардың кезектілігін баяндау қажет.

Оқиғаның

Оқиғалардың кезектілігін баяндай отырып, жарақаттың немен келтірілгенін (жабдықтың, аспап, айлабұйымның бөлігі, материалдарың құлауы, құрылымдардың, топырақтың құлап түсуі, қатталып жиналған заттың аударылуы және т.б. нәтижесінде) және дененің зақымдалған бөлігін көрсету керек.
Қауіпті (зиянды) өндірістік фактордың, машина, аспап немесе жабдықтың
қалайша жарақаттағаны көрсетіледі.
Мән-жайлар қысқаша, қисынды кезектілікпен, жазатайым оқиғаға қатысы
жоқ белгілі болған мәліметтер мен егжей-тегжейлермен көбейтілмей баяндалады, оның үстіне тергеп-тексеру кезінде комиссия анықтаған жәйттерді ғана баяндау қажет. Актіде болжамдар, жалған ойлар мен күмәнді қорытындыларға жол берілмейді. «Барлығы көрініп тұрғандай», «шамамен сағат 12-де», «мүмкін», «жуықтап алғанда», «болжамдауға болады», «көрген адамдардың сөздеріне
қарағанда» және т.б. сөз тіркестерін пайдаланбаған жөн. Бұл көрсетілген
мәліметтердің дұрыс еместігін дәлелдейді.
Мән-жайларды баяндауға неғұрлым тән кемшілік – жазатайым оқиғаға тікелей қатысы жоқ қандай да бір фактілерді кеңінен сипаттау, ал болып өткен оқиғаның мәнін анықтайтын маңызды тұстар назардан тыс қалдырылады.
Көп жағдайларда мән-жайлар жазатайым оқиғаның себебін анықтамайтын алдында және одан кейінгі керек емес операциялармен көбейтіледі.

Бірнеше мысалдар

Мысал. «Қызметкер таңертең басшыдан тапсырма алып, жұмысқа кірісті. Бірінші іс ретінде электр қондырғысын қарап шығуға кірісті, түрлендіргіштердегі май деңгейін, қорғаныстық жерлендірулердің, жабындық құрылғылардың бар екендігін, белгілеулердің
сәйкестігін тексерді. Түске дейін журнал бойынша мәліметтерді салыстырды, нәтижесінде бірқатар бұзушылықтарды айқындады, ол туралы жұмыстардың жетекшісіне баяндады.
Жұмыстар жетекшісін жұмыс орнынан таппағандықтан, ол қоймаға беттеді. Басшыға айқындалған кемшіліктер мен орындалған жұмыс туралы баяндап, қызметкер зауыт асханасына түстік ас ішуге кетті. Түскі астан кейін, асханадан қайтып келе жатқан кезде кәсіпорын аумағында оған тақташа құлап, басын жарақаттады. Көрген адамдар жедел
жәрдем шақырды, жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізді».
Бұл жағдайда мән-жайларда себепті анықтау үшін зардап шеккен қызметкердің қажет емес алдыңғы іс-әрекеттері орын алған, ал мән-жайлар тақташаның құлау мәселесін назардан тыс қалдырған.
Басқа бір кемшілік шамадан тыс қысқашалық, сондай-ақ мән-жайларды
сипаттаудағы өзін-өзі ақтамайтын көпсөзділік болып табылады.
Мән-жайларды жалпы сөйлемдерден тұратын қысқаша, үстіртін сипаттау жазатайым оқиғаның себептерін анықтауды қиындатады.
Жұмыс берушілер көбінде өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыра отырып, тек акт бланкісін ғана пайдаланады, мәліметтер жазбаша енгізіледі. Әдетте мұндай толтыруда мән-жайларға арналған орын шектеулі екендігін есепке ала отырып, мән-жайларды қысқартады.
Мысал. «Ыстық супы бар кәстрөлді алып келе жатқан аспаз аяғы тайып, құлады»;
«Дене шынықтыру мұғалімі сабақта волейбол ойнап жүріп, аяғын сындырып алды»;
«Жинастырушы терезені жуып тұрып, үстелден құлап түсті».
Бұл мән-жайларда: жазатайым оқиғаның алдында не болғаны, еңбек үдерісі қалай өткені, бұл үдеріске кім басшылық еткені көрсетілмейді; жазатайым оқиғаға қатысы бар басқа тұлғалардың іс-әрекеттері сипатталады, оқытудан, нұсқамадан өткізілгені туралы
және т. б. мәліметтер жоқ.
Нақ осы мән-жайлардан жазатайым оқиғаның себептері анықталатындығын, яғни комиссиямен мән-жайларда еске алынбаған себептердің анықталмайтындығын есте ұстау маңызды. Кейде тұжырымдалған себептер мен шаралардан ғана жазатайым оқиғаның қандай жағдайларда болып өткенін тұспалдауға болады.
Мысал. «Комбайншы ілмелі жабдық тіркемесі – «сепкішті» комбайнға тіркемек болғанда сепкіш пен комбайн тұрқының арасына қысылып қалып, нәтижесінде жарақат алды. Себептері: 1) сепкіштің тіректік домкраттарының жоқтығы; 2) сепкішті көтеру және
тіркеу үшін бөгде трактор мен резеңке құрсама белдікті пайдалану». Мән-жайлардан комбайншының сепкіш пен комбайн тұрқының арасында қысылып қалып, жарақат алғанын түсінуге болады, ал бұның неден болғандығы себептерімен танысқаннан кейін ғана түсінікті болады. Қолда бар материалдарда тұрған сепкіш комбайнның арнаулы ойығына кірмегендіктен, сепкіш бөлігін көтеру мен тіркеуді трактор мен резеңке құрсама белдіктің көмегімен тарту жолымен жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Белдік үзіліп кеткен кезде, тіреуінен алынған сепкіш комбайн жаққа қарай ойысып, сепкіш пен комбайн тұрқының арасында тұрған комбайншыны қысып қалды. Тіректік домкраттар арнаулы ойыққа кіру үшін сепкішті биіктігі бойынша реттеуге мүмкіндік беретін еді. Комбайн
да, трактор да басқа домкраттармен жарақталмаған.
Мән-жайларды сипаттау кезінде жазатайым оқиғаның да, жарақаттың да себебін көрсету қажет. Жарақаттану фактісінің өзін ғана сипаттау жеткіліксіз.

Себептерін

Мән-жайларда олардың зардап шегушінің немесе куәгердің көрсетулері негізінде баяндалғанын көрсеткен жөн, әйтпесе бұл белгілі бір күмән туындатуы мүмкін. Көрген адамдар саны жеткіліксіз болған жағдайларда: комиссиямен анықталды деп көрсетуге болады.
Мән-жайларды сипаттау кезінде қажет:
1) жалпы талап. Барлық назар мән-жайларды сипаттау кезінде жазатай-
ым оқиғаның себептерін толық ашып көрсетуге аударылуы тиіс. Мән-жайларды қысқаша, қисынды кезектілікпен, белгілі мәліметтерді немесе іске қатысы жоқ егжей-тегжейлерді үйіп-төкпей баяндаған жөн. Актіге комиссия тергеп-тексеру кезінде анықтаған жәйттерді ғана енгізу қажет, бірақ ешқандай жағдайда болжамдар мен тұспал ойларды жазбау керек;
2) оқиға орны. Егер оқиға орнын қажетті дәлдікпен көрсету мүмкін болма
са, онда машинаның, агрегаттың, құрылыстың зардап шегуші жазатайым оқиға сәтінде болған бөлігін атаған дұрыс;
3) жазатайым оқиға сәтінде зардап шегуші жүргізген жұмысты си-
паттау. Мұнда жүргізілген операцияның тек жалпы анықтамасы ғана емес, сондай-ақ жарақат туындатқан жұмыс элементі де нақты көрсетілуі тиіс. Мысалы, тұтастай үдеріс болып табылатын «автомашинаны жөндеу кезінде», «жұмысты орындау кезінде» деп жазу керек емес, жазатайым оқиға сәтінде орындалған нақты операцияны (дөңгелекті алу, тығыздаманы нығыздау және т.б.) көрсету;
4) зардап шегуші жұмыс кезінде қолданған тәсілдер. Егер жаза-
тайым оқиға қатар тұрып жұмыс істеген тұлғалардың жұмыстың дұрыс емес тәсілдерінің нәтижесінде болып өтсе, онда бұзушылықтың мәнін көрсету керек;
5) жазатайым оқиға болған сәтте зардап шегуші операцияны
орындаған кездегі, сондай-ақ осыдан кейінгі жағдайы (кейпі);
6) зардап шегуші жазатайым оқиға сәтінде жұмыс істеген
жабдықтың, аспаптың, айлабұйымдардың жай-күйі (ақаусыздығы, осы
операцияға сәйкестігі және т. б.). Егер жазатайым оқиға жабдықты, аспап пен айлабұйымдарды қолданумен байланысты болмаса, онда мұны сипаттаудың қажеті жоқ;
7) үстінде тұрып жұмыс істелген алаңшаның жай-күйі (зардап шегуші
еденде, тұғырықта тұрды, алаңша жазықтығының жай-күйі және т. б.);
8) жазатайым оқиға сәтіндегі жұмыс орнындағы еңбек жағдайла-
рының сипаттамасы (температура, газ, бу, шуыл, жарықтандырылуы
және т. б.). Егер оқиға осы өндірістік факторлармен байланысты болмаса, онда оларды сипаттаудың керегі жоқ;
9) зардап шегуші жарақатты неден алды (жабдық, ғимарат, аспап,
айлабұйымдар бөлігі, отқабыршақ, шаң, газ, қызған денелер, жылумен
сәулелену және т. б.);
10) зардап шегуші алған жарақаттың сипаты (жаншылу, сынық, созылу,
күю, қатты улану және т. б.), және дененің зақымдалған бөлігі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль