Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижесінде, апаттар, көлік

516
Жол полициясы бес күн мерзімде жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша жазатайым оқиғаларды тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті тексеру

ҚР ЕК 324-бабы, 10-тармағына сәйкес көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергептексеру материалдары негізінде жүргізіледі.

Қарап тексеру хаттамасы

Жол полициясы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
Жол полициясы органдары комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде қажетті құжаттардың көшірмелерін, атап айтқанда, ЖКО болған жерді қарап шығу хаттамасын, көлік құралдарын қарап шығу хаттамасын, тараптар кінәсінің дәрежесі туралы қорытындыны беруге міндетті.
Қажетті құжаттардың көшірмелерін берілмеген немесе бас тартылған жағдайда комиссия төрағасы бұл туралы ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін жоғары тұрған құқық қорғау органдарына (ІІБ, прокуратураға) хабарлайды.
1996.15.07 № 29 «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 13-бабы,
1-тармағына сәйкес көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi
жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
- жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес
жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға;
- жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық
жерүстi рельстік көлiк жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң
біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға;
- жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың
себептерiне талдау жасап, оларды жоюға (ҚР Үкіметінің 1997.25.11
№ 1650 «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін,
Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен
жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазым-
ды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін
және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік
және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын
жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту тура-
лы» қаулысын қараңыз);
- көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық
байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер
келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөніндегі шара-
ларды ұйымдастыруға мiндеттi.
ҚР АК 931-бабына сәйкес қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т. б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе,
жоғары қауiптілік көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенімхат, көздердi беру туралы құзыреттi органның өкімі арқылы және т. б.) жоғары қауiптілік көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях