Кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы рөлі

573
Кәсіптік одақ – бұл жарғылық міндеттерге орай, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік

Кәсіптік одақтар қоғамдық құбылыс ретінде уақыттың нақты кезеңіндегі міндеттерге орай өзінің қызметі мен құрылымының мазмұны бойынша ғана өзгере отырып, екі жүзжылдықтан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді. Олар бәрінен бұрын, жұмысшылардың өз ұжымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған ұйым ретінде пайда болды.

Кәсіптік одақтардың рөлі

Қазіргі уақытта да кәсіптік одақтар қызметкерлердің тағдырында үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың маңызды кепілдіктерінің бірі болды және солай болып қалады да. Нақ әр түрлі деңгейлердегі кәсіптік одақтар қызметкерлердің мүдделерін қалыптастырады және оларды еңбек және әлеуметтік қатынастарға байланысты әр түрлі салаларда ұсынуды және қорғауды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік одақ – бұл жарғылық міндеттерге орай, қызметкерлердің
құқықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын және қорғайтын қоғамдық
бірлестік.
Халықаралық Еңбек Конфедерациясының 1952 жылғы 26 маусымдағы
ХХХV сессиясының Қарарында: «Кәсіподақтық қозғалыстың тұрақты миссиясы еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады» – делінді.
Қарардың бұл ұсынысы шын мәнінде кәсіптік одақтардың маңызын анықтайды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 2107-ХІІ «Кәсіптік
одақтар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) – (Заңнан) – дербес, тіркелген және мүшілігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады.

Принциптері кәсіптік одағының

Бұл анықтамадан кәсіптік одақтардың мынадай принциптері келіп шығады:
– еріктілік, азаматтардың кәсіптік одақтарға мүшелікке енуге өз еркін білдіруін көздейді;
– дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар субъектісі болу мүмкіндігін көрсетеді;
– азаматтар бірлестігінің коммерциялық емес сипаты;
– кәсіподақ мүшелігінің тіркелетіндігі;
– кәсіптік одақтарға бірігу кезінде азаматтардың кәсіптік және өндірістік
мүдделер жөніндегі ортақтастығы;
– өз мүшелерінің кұқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен өкілдігі.
Қазақстан Республикасының азаматтары кәсіптік одақтарға бірлесуге құқылы.
Кәсіптік одақтар олардың тең құқылығы негізінде құрылады. Бір кәсіптің
(кәсіптер топтарының) шеңберінде құрылатын кәсіптік одақтардың санына шек қойылмайды.
Барлық кәсіптік одақтарға бірдей құқықтық мүмкіндіктер беріледі. Кәсіптік
одақтар өндірістік-салалық принцип бойынша құрылады.
Кәсіптік одақтың ішкі құрылымы оның жарғысымен анықталады.
Кәсіптік одақтар ерікті негізде өндірістік (салалық), аумақтық және өзге де принциптер бойынша одақтар бірлестігін құра, сондай-ақ оған кіре, бір-бірімен уақытша және тұрақты шарттар мен келісімдер жасай, бірлескен акциялар мен шаралар өткізе алады.
Кәсіптік одақты құруға кедергі жасау, онымен теңдей оның қызметіне қарсы әрекет жасау заңмен қудаланады.
Кәсіптік одақтар қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтау мен
білдірудің маңызды кепілдіктерінің бірі болды және солай болып қалады да және кәсіптік одақтың басты мақсаты – бұл қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау.
Өкінішке орай, кәсіптік одақтың көптеген проблемаларды шешуге қол
жеткізуі өз-қөзінен түсінікті жайт ретінде қабылданады. Адамдар мұның артында қандай орасан жұмыс пен күш-жігердің тұрғанын – келіссөздерді, консультацияларды және т.б. түсінбейді. Кәсіптік одақтар бұл ұжымның жалпы жиналысының (конференциясының) шешімімен олардың мүдделерін білдіруге өкілетті болса, өз мүшелерінің, сондай-ақ еңбек ұжымының басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады (ҚР-ның
1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 13 бабы).
Кәсіптік бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыру, белсенділігі мен өзіндік қызметін дамыту; кәсіптік және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру;
ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықты дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметіне қатысу; мәдени-ағартушылық, спорттық-сауықтыру жұмысын өткізу; отаншылдық және адамгершілік тәрбие; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту;
ҚР заңнамасы тыйым салмайтын өзге қызметті жүзеге асыру мақсатымен құрылады және әрекет етеді (ҚР-ның 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабы).
Республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктер тиісті келісімдер мен ұжымдық шарттарға қол қойған кәсіпорындар мен ұйымдарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіптік одақ жоқ ұйымдарда қоғамдық бақылау ХЕҰ-ЕҚБЖ-2001-ге сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіптік одақтар:

– өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік және шаруашылық органдармен, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен және олардың бірлестіктерімен (одақтармен, қауымдастықтармен) өзара қатынастарында білдіруге және қорғауға, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап арыздар ұсынуға, оладың мүдделерін сотта, арбитраждық сотта, басқа органдарда қорғауға, заң консультациялары мен құқықтық  көмектің басқа да қызметтерін құруға,заңнамаға сәйкес жеке еңбек дауларын қарастыруға және ұжымдық еңбек дауларын (қақтығыстарды) шешуге
қатысуға, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасуға;
– ақша қорларын қалыптастыруға;
– мемлекеттік басқару органдарының кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұсқан келтіретін актілері жөнінде сотқа шағымдануға;
– мемлекеттік билік пен басқару органдарына кәсіподақ мүшелерінің
құқықтары мен заңды мүдделеріне нұсқан келтіретін олар қабылдаған
құқықтық актілердің толықтай немесе ішінара күшін жою не өзгерту туралы жүгінуге;
– прокуратураның алдына кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды
мүдделеріне нұсқан келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы
құқықтық актілерге наразылық білдіру туралы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзушы тұлғаларға қарсы іс қозғау туралы мәселе қоюға;
– еңбек, тұрғын үй және зейнетақы заңнамасының, өз мүшелеріне қатысты кәсіподақтар туралы заңнаманың сақталуына өздеріне заңнамамен берілген құқықтар шектерінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және айқындалған бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
– табиғи-заттық құрылым мен ең төменгі тұтынушылық бюджет пен оың жекелеген тұтынушылық себеттерін қайта қарауға, бағалардың өсуіне байланысты еңбекке ақы төлеуді, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қайта қарауға қатысуға;
– өз өкілдері атынан кәсіпорындар мен өз кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарында болуға;
– олардың тапсырмаларына сәйкес еңбек ұжымдарының әлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасуға;
– заң белгілеген тәртіппен жиналыстар, митингілер, көше шерулерін, бой
көрсетулерді, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге;
– баспалық қызметпен айналысуға, өз қызметін баспасөзде және бұқаралық ақпараттың басқа құралдарында, кәсіпорындарда жариялауға;
– меншікке;
– өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекет кәсіподақтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметіне кепілдіктер белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жұмыс берушілермен келісімдермен және шарттармен кәсіптік одақтардың өзге де құқықтары белгіленуі мүмкін.
Кәсіподақтардың өкілеттіліктерін іске асыру тәртібі тиісті заңнамамен және кәсіподақ жарғысымен белгіленеді.
Кәсіподақтардың еңбек жағдайлары мен еңбекке ақы төлеу, еңбекті
қорғау мен өндірістегі кауіпсіздік, жұмыспен қамту, тұрғын үй жағдайлары, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасымен реттеледі.

Кәсіптік одақ қорғайды:

Кәсіптік одақ өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін мынадай жолмен қорғайды:
– кәсіподақ мүшесі жұмыс берушімен келісімшарт (шарт, келісім) жасаған кезде құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
– өз мүшелерінің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғауда
сотқа өтінішпен жүгіну;
– істерді қарастырған кезде сотқа қатысу;
– жұмыс берушімен кәсіподақ мүшелерін, сондай-ақ бұл шартқа қатысуға
қарсылық білдірмеген еңбек ұжымының басқа да мүшелерін қамтыған өз
мүшелерінің атынан шарт, келісім жасау.
Кәсіптік одақтар өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін барлық басқа тәсілдерді пайдалана алады.
Сондай-ақ кәсіподақ өз мүшелерінің отбасыларына да көмек көрсетеді.
Еңбек ұжымының тапсырмасы бойынша кәсіподақ өз органы атынан
жұмыс берушімен ұжымдық шарт жасасу кезінде өкілдік етеді, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады, еңбек ұжымы мен оның жекелеген мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған талап арыздарды сотқа береді, еңбек ұжымының құқықтарын іске асыру мен оларды қорғауға байланысты басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.
Әкімшіліктің, меншік иесінің бастамасы бойынша жұмыс орындарының
қысқаруына немесе еңбек жағдайларының нашарлауына әкеп соғатын кәсіпорынды, оның құрылымдық бөлімшелерін тарату, немесе меншік формасы мен пайдаланудың өзгеруі, өндірістің толықтай немесе ішінара тоқтатыла тұруы тиісті кәсіподақтарға алдын ала хабарлама жасалып және олармен қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтау жөнінде келіссөздер жүргізілген жағдайда ғана, екі айдан кем
емес уақыт ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Кәсіптік одақтар егер бұл ұжымның жалпы жиналысының (конфе-
ренцияның) шешімімен олардың мүдделерін білдіруге өкілетті болса, онда өз мүшелерінің, сондай-ақ еңбек ұжымының басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Тексерулерді жүзеге асыру барысында кәсіподақтардың өкілдері өз
мүшеле-рінің жұмыс орындарында болуға және әкімшіліктен тиісті ақпарат алуға құқылы.
Кәсіптік одақ еңбек ұжымының тапсырмасы бойынша заңмен белгіленген
тәртіппен жиналыстар, митингілер, көше шерулерін, бой көрсетулерді, ереуілдерді және басқа да акцияларды ұйымдастырады және өткізеді, олар еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны арттыру, жұмыссыздықты қысқарту жолындағы күрес құралы ретінде, қызметкерлерді өз еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделері үшін күресте топтастыру, жұмыс берушілердің жүгенсіздігінен қорғану,
кәсіподақ мүшелерінің мұқтаждықтарына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу мақсатымен мемлекеттік органдарға ықпал ету үшін пайдаланылады.
Кәсіподақтар өздерінің күш-жігерлерін бірлескен наразылық акцияларын өткізу үшін біріктіре және мұндай акцияларды басқа кәсіподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтыстық белгісі ретінде өткізе алады.
Жүргізілетін тексерулерге жұмыс берушінің және оның әкімшілігі тарапынан қарсы әрекет және кедергі жасау заң бойынша қудаланады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль