Справочник кадровика

Мемлекеттік еңбек инспекциясының тексерулер өткізуінің жаңа тәртібі

  • 6 сентября 2018
  • 799
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Мемлекеттік еңбек инспекциясының тексерулер өткізуінің жаңа тәртібі

МЕИ – мемлекеттік еңбек инспекциясының тексеру өткізудің жаңа тәртібі мен қағидалары

Мемлекеттік бақылау органдарының тексеруі әртүрлі мән-жайлар бойынша қалыптасуы мүмкін., бірақ осындай тексерулерді өткізуге қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бірыңғай болады. Тексеру нәтижесі көбінесе жұмыс берушінің осындай тексерудің мәселелерін қаншалықты жақсы меңгергені,  уәкілетті инспекциялық орган сақтауға міндетті қағидалар туралы ақпаратты қаншалықты жақсы білетінінде.

 
 

Мақалада еңбек заңнамасына енгізген өзгерістер тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік еңбек инспекциясының  лауазымды тұлғалары өткізетін тексерулер тәртібін қарастырайық, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторына қандай міндеттер жүктелетініне жауап береміз.  

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VI Заңы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне  (бұдан әрі – ҚР ЕК) енгізген өзгерістер де мемлекеттік еңбек инспекциясының  қызметін (бұдан әрі – МЕИ) қозғады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің қағидаттары мен негізгі міндеттері

ҚР ЕК 192-бабында Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері айқындалған:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.


★ҰСЫНАМЫЗ★

Мемлекеттік еңбек инспекторлары, жұмыстан шеттетуге уәкілетті орган ретінде

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК) 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетудің себептері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабында тура айтылмайды, бапта осы рәсімдерге бастама жасауға уәкілетті тұлғалар мен органдардың тізімі де көрсетілмеген. Шеттету туралы бастамамен кім және қашан шығу құқығына ие екендігіне нұсқамалар Еңбек кодексінің өзге баптарында және нормативтік құқықтық актілерде бар.


 Мемлекеттік еңбек инспекторларына келесі міндеттер жүктеледі:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу;

8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

 Профилактикалық бақылау мен қадағалаудың және тексерудің нысаны

Заңнаманың талаптарына сәйкес, МЕИ төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы тексеру мен профилактикалық бақылау өткізеді: 

Бақылау және қадағалау органдары мынадай:     

 1) жұмыс берушіге бару;    

  2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, жұмыс берушіден тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;      

3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында жұмыс берушіні шақырту.  



Бақылау және қадағалау:

• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтау арқылы;

• мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асырылады.

ҚР КК енгізілген өзгертулерде жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру саласындағы бақылау алып тасталды. Бұл ретте тексеру парақтарында «жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартының болуы» тармағы қалады.

 Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен,  жұмыскерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесіп жүзеге асыруға құқылы.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын  бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындауда МЕИ-ге жәрдемдесуге міндетті.

Мемлекет кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есеп берушілігіне және ашықтығына кепілдік береді.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысының үлгісі

Мемлекеттік еңбек инспекциясының тексерулер өткізуінің жаңа тәртібі

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.

Толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы №9  оқыңыздар

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться