Қызметкерлер құқықтарын қорғаудың әдістері мен формалары

818
Әркімнің жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін және гигиена еңбегі үшін ақы алмай, қандай да бір кемсітушілік

Қоғамдық қатынастарды (оның ішінде еңбек саласында да) реттеуде жетекші рөл құқыққа тиісті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды басқарудың республикалық формасы бар құқықтық мемлекет ретінде анықтайды. Бүкіл қазақстандық заңнаманың дамуы және жетілдірілуі үшін негіз болып табыла отырып, Конституция адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кең спектрін бекітеді.

Еңбек етуге құқығы

Онда дәстүрлі еңбек ету құқығы жаңа мазмұнға ие болды. Адамның еңбек ету құқығы ең принципті құқықтардың бірі болып табылады, ал оны іске асыру тәсілдері белгілі бір дәрежеде қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің бұл конституциялық құқығын ең саналуан формаларда іске асыра алады. 

Бұл ретте оның мазмұны айтарлықтай өзгерді:
еңбек азат, және әркім өзінің еңбекке деген қабілеттілігін еркін пайдалану, қызмет  түрі мен кәсіпті таңдап алу мүмкіндігіне ие. Мұнымен бір мезгілде мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады.
Әркім қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітушіліксіз сыйақы алуға және еңбекке ақы төлеудің заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерінен төмен болмайтын жалақыға, сондай-ақ жұмыссыздықтан қорғалу құқығына ие.
Алайда бұл ретте жұмыс беруші мен ол жалдаған қызметкердің мүдделері
әрқашанда сәйкес келе бермейді, сондықтан да бұл мүдделердің еңбек
қатынастарының кез келген сатысында қақтығысуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, қақтығыстардың туындауына әкеп соғады.
Қазіргі уақытта еңбек қатынастары саласында екі жағымсыз үрдіс пайда болды: қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылуының (жұмыстан заңсыз босатулар, жалақы төлемеу және т.б.) өсуі және оларды сотпен қорғаудың әлсіреуі. Соттарда еңбек мәселелері бойынша азаматтық істердің саны елеулі өсті.
Жаңа өте күрделі істер пайда болды: жұмыстан заңсыз босатумен, басқа
жұмысқа ауыстырумен,заңнамамен кепілдік берілген төлемдер мен жеңілдіктерді төлемеумен, еңбек шартын жасасудан бас тартумен және басқаларымен қызметкерлерге келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру туралы. Және де мұндай жағдаятта қызметкер өзінің еңбек құқықтарының қорғалуына мұқтаж болады.
ҚР Конституциясына сәйкес адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылады. Адам құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті. Әркімде өзінің құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау құқығы бар. Әркімде білікті заң көмегін алу құқығы бар. Заңмен көзделген
жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Сондай-ақ адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық өнегелілікке қол сұғуға тиіс емес.
Адам және азамат Қазақстан Республикасында құқықтар мен
бостандықтардың үлкен көлеміне ие болып отыр, олардың ішінде маңызды орынды еңбек құқықтары иеленеді. ҚР Еңбек кодексінің 22 бабы қызметкер құқықтарының кең шеңберін бекітеді, олардың қатарында өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, сондай-ақ еңбек дауын шешу үшін келістіруші комиссияға, таңдауы бойынша сотқа жүгіну құқығы да бар.

Еңбек құқықтарын қорғау

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау түсінігін оның кең және
тар мағынасында бөлу қажет. Тар мағынасындағы қызметкерлердің еңбек
құқықтарын қорғау – бұл еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету,
оларды бұзушылықтардан қорғау, оның ішінде алдын алу, заңсыз бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және еңбек заңнамасымен және тиісті органдардың іс-әрекетімен белгілеу, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің (әкімшіліктің) еңбек заңнамасының бұзылуы, оның орындалмауы, яғни қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы үшін нақты жауапкершілігі.
Кең мағынасында еңбек құқықтарын қорғауды еңбек құқығының қорғау функциясын іске асыруды түсіну қажет, ол өз кезегінде мемлекеттің қорғау функциясын бейнелейді. Сондықтан қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау кең мағынасында тар мағынасындағы қорғауды да және бұл құқықтарды қорғаудың мынадай аса маңызды тәсілдерін қамтиды:
1) еңбек заңнамасымен еңбек жағдайларының деңгейін, негізгі еңбек
құқықтарының кепілдіктерін белгілеу, олар еңбек заңнамасымен және
жергілікті деңгейде ұжымдық шарттармен, келісімдермен, еңбек шарттарымен толықтырылады, арттырылады, дамиды;
2) өндірістік демократияның тікелей, сондай-ақ өкілдік (кәсіподақтар және
қызметкерлердің басқа өкілдері арқылы) дамуы, бұл кезде қызметкерлер
өздері мұның бәрін жұмыс берушінің ғана шешуіне бермей, ішкі еңбек
тәртіптемесі ережелерін белгілеуге, ұйымда ұжымдық шарттарды жасаудың міндеттілігін белгілеуге де қатысады;
3) қызметкерлердің арасында еңбек заңнамасын барлық тәсілдермен (БАҚ арқылы, лекциялар және т.б.) кең насихаттау, сондай-ақ оның негіздеріне еңбек құқықтарын бұзушылықтан қорғанудың, қызметкерлерді, ұжымдарды оқытудың тиімді тәсілдерін көрсету іс-тәжірибесін пайдаланумен жұмыс берушілер мен олардың өкілдерін (әкімшілікті оқыту) оқыту.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын кәсіпорынның келістіру комис-
сиясы мен соттарды қосқанда еңбек дауларын қарастыратын органдар
мен мемлекеттік органдар қорғайды. Бұған қоса қызметкерлердің еңбек
құқықтарын қорғауда кәсіподақтар, оның ішінде қызметкерлердің өкілдері,
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар және т.б. де елеулі рөл
атқарады.
Еңбек құқықтарын қорғау – бұл еңбек құқығы бұзылуының алдын алу бойынша мемлекеттік және кәсіподақ органдарының әр түрлі әрекеттері, ал олар пайда болғанда – осы органдардың қызметкерлерге мұндай құқық бұзушылықтарды (жеке немесе ұжымдық) жоюға, бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіруге және бұзушыларды жауапкершілікке тартуға көмек көрсету.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың өзі өзіне:

а) еңбек құқықтарын бұзушылықтың алдын алуды;
б) еңбек дауларын шешу кезінде еңбек құқығының бұзылуын қарастыруды;
в) бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіруді;
г) құқықты бұзушылық қылығы үшін жауапкершілікке тартуды қамтуы
мүмкін.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жаңа нормативтік актілер мен жұмыс беруші актісін жасау сатысының өзінде, сондай-ақ еңбек заңнамасының қолданыстағы нормаларын тиісті орындаған кезде де орын алады.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бұл бір мезгілде еңбектегі құқық тәртібін қорғау, бұзылған заңдылықты қалпына келтіру болып табылады. Ал еңбек саласындағы заңдылық – еңбек құқығының барлық субъектілерінің еңбек заңнамасы ұйғарымдарын қатаң және толықтай жүзеге асыруы.
Еңбек саласындағы құқықтық тәртіп – бұл еңбектегі қоғамдық қатынастар жүйесі, ол еңбек құқығының барлық субъектілерінің еңбек заңнамасы нормаларын дәл және толық жүзеге асыруымен орнығады.

Құқықтық тәртіп саласында еңбек

Оған еңбекті құқықтық реттеу тетігінің барлық элементтері қатысатын еңбек құқықтық тәртібінің тұрақтылығы жағдайларында субъектілердің еңбек құқықтары мен міндеттері, еңбек және олармен тікелей байланысты құқықтық қатынастар тиімдірек іске асырылады, ал еңбек құқықтарын бұзушылық жағдайларында қызметкерлердің еңбек құқықтары тезірек және толықтай қорғалады және қалпына келтіріледі.
Еңбек құқықтық тәртібінің мазмұны еңбек құқығының барлық субъектілерінің заңды іс-әрекеттері болып табылады. Ол еңбек құқығы нормаларының негізінде қалыптасатындықтан мемлекетпен қорғалады.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәсілдері бір мезгілде еңбек пен еңбек құқықтық тәртібі саласындағы заңдылықтың кепілдіктері де болып табылады.

Еңбек құқықтарын қорғау тәсілдері

Жұмыс беруші, оның өкілдерінің қызметкерлерге еңбек құқықтарын өздігінен қорғаудың барлық формаларын жүзеге асыруына бөгет жасауға құқығы жоқ. Ал қызметкерлерді заңнама жол беретін тәсілдерін өз еңбек құқықтары мен кепілдіктерін өздігінен қорғануда пайдаланғаны үшін қудалауға жол берілмейді. Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға қол сұғатын бұзушылықтар үшін жұмыс
беруші мен лауазымды тұлғалар Еңбек кодексімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен, тіпті Қылмыстық кодекспен белгіленген еңбек заңнамасын бұзушылық ретінде жауапкершілікте болады.
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшіліктің кінәлі лауазымды
тұлғалары, жұмыс беруші тәртіптік, сондай-ақ әкімшілік (айыппұл) және
материалдық, тиісті жағдайларда – қылмыстық жауапкершілікке тартыла-
ды. Бұған кінәлі өндіріс, оның бөлімшелерінің басшылары мен орынбасар-
лары кәсіподақ ұйымының талабы бойынша жұмыстан босатылуға дейін
жазалануы мүмкін. Қызметкерлер еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды бұзғаны үшін тәртіптік, тиісті жағдайларда – материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қызметкер құқығы бар

ҚР Еңбек кодексінің 314 бабы қызметкердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шар-
тында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық
бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) Жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар екендігін белгілеген.
Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор-
ларды қосқанда, еңбек жағдайларының шынайы сипаттамасы, мұндай
жағдайлардағы жұмысы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен және ұжымдық шартпен көзделген кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер көрсетілуі тиіс.
Ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен, сондай-ақ жерасты жұмыстарымен қамтылған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын-ала медициналық тексеруден өткеннен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгілеген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайында қарама-қайщылықтардың жоқтығы анықталғаннан кейін жасалуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стан-
дарттардың талаптарына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Қызметкердің еңбек құқықтарын қорғау формаларының бірі өзін-өзі қорғау болып табылады, бұл зардап шегушінің (құқықтары бұзылған немесе бұзылу қатері қарсаңында тұрған тұлғалардың) сот және өзге де органдардың көмегіне жүгінбестен, бұзушының іс-әрекеттерінен сақтандыруға (алдын алуға) бағытталған заңды әрекетін білдіреді.
ҚР Еңбек кодексінде қызметкердің өз құқықтарын өздігінше қорғау мүмкіндігі көзделген және еңбек құқықтарын өздігінен қорғауға қатысты ережелер бекітілген.

Заңмен көзделген өзін-өзі қорғау тәсілдері:

1) қызметкердің еңбек шартымен көзделмеген жұмысты орындаудан бас тартуы;
2) қызметкердің заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда, өз өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жұмысты мұндай қауіптілік жойылғанға дейін орындаудан бас тартуы;
3) қызметкердің оны белгіленген нормаларға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеудің салдарынан жұмысты орындаудан бас тартуы.
Бұл ретте жұмыс берушінің қызметкерден еңбек міндеттерін орындауды талап етуге құқығы жоқ және осы себептен туындаған тұрып қалуға төлем жасауы тиіс;
4) қызметкердің жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы алдын ала жазбаша хабарлама жасай отырып, жұмысты тоқтата тұруы (егер жазбаша хабарлама жасалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамауын жалғастыра берсе, онда қызметкер үш жұмыс
күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша хабарлама жасап, еңбек шартын бұзуға құқылы) болып табылады.
Осылайша, қызметкерлердің еңбек құқықтарын өздігінше қорғауы қызметкердің жұмыстан бас тартуы болып табылады және бәрінен бұрын, қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін жұмысты жалғастырған жағдайда басталуы мүмкін қолайсыз салдарларды болғызбауға бағытталған.
Бұл ретте жұмыс берушіде, оның өкілдерінде қызметкерлерге өз еңбек
құқықтарын өздігінен қорғауды жүзеге асыруына бөгет жасау құқығы жоқ.
Қызметкердің жұмыстарды орындаудан заңмен көзделген негіздер бойынша бас тартуы оны тәртіптік жауапкершілікке тартуға себеп бола алмайды. Бұған қоса, қызметкерлерді еңбек құқықтарын өздігінен қорғауда заңнамамен жол берілген тәсілдерді пайдаланғаны үшін қудалауға тыйым салынады.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуының салдарынан жұмыстар тоқтатыла тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қызметкердің жұмыстарды орындаудан бас тартқаны үшін ол тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себептен туындаған тұрып қалуға қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төлем жасауға міндетті.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда оған келтірілген зиянды өтеу Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен көзделген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
Қауіпсіздік, еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік
құқықтық актілердің сақталуына қоғамдық бақылауды кәсіподақ комитеттері ұйымның кәсіподақ комитеті сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақтық) инспекторлар арқылы жүзеге асырады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях