Азаматтық қорғаныстың мақсаттары мен міндеттері

1213
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары мен міндеттері
Енсебаев Б. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", старший офицер управления гражданской обороны Департамента по ЧС города Алматы Комитета по ЧС МВД РК, полковник, г. Алматы
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және тату көршілік қатынастар

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Үндеуінде: «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық» деп атап өтті.

Қауіпсіздігін қамтамасыз ету

     Қазақстан өзін ядролық қарусыз мемлекет деп жариялады, өз аумағында ядролық қаруды, жаппай қырып-жоюдың басқа да түрлерін шығарудан және сақтаудан бас тартты; оның әскери доктринасында қорғаныстық сипат бар және бұған қоса – соғысқа қарсы, аймақ пен дүние жүзінде қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Қорғаныстың тиімді жүйесін және мемлекеттік шекараларға қол сұғылмайтындықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында заманауи Қарулы Күштер, азаматтық қорғаныстың сенімді жүйесі мен оларды тұрақты жетілдіру мүмкіндіктері бар.

Тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы дамуының басты шарты ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету  болып табылады.

Бұл міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы қызмет етеді. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі  «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Заңы (10.01. 2015) берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Заң) халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің сенімді қорғанысын қамтамасыз етудің заңнамалық базасы болып табылады. Заңда азаматтық қорғаныстың мынадай анықтамасы беріледі: «...азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі» (1-баптың 6) тармақшасы).

Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындауға ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, медициналық, радиацияға қарсы, химияға қарсы, өртке қарсы және басқа іс-шаралардың көпқырлы кешенін өткізумен, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайлар аймақтарында авариялық-құтқару және кейінге қалдырылмайтын жұмыстарды жүргізу кезіндегі әрекеттерімен қол жеткізіледі.

Қазақстанның көптеген аудандары әртүрлі табиғи зілзалалар мен апаттардың әсер етуіне ұшырайды, олардың көлемдері айтарлықтай болуы және халықтың арасындағы үлкен шығындарға әкелуі, республика экономикасына елеулі залал келтіруі мүмкін. Өнеркәсіптің, көлік пен коммуникациялардың жай-күйі өзінде радиациялық, химиялық, жарылыс және өрт қаупі бар объектілерде, көлікте, тіршілік қарекетін қамтамасыз етудің басқа да әлеуетті қауіпті және ерекше маңызды объектілерінде ірі авариялар мен апаттардың туындау ықтималдылығы әлеуетін сақтайды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (бұдан әрі – Департамент) азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Департамент қызметі азаматтық қорғаныс саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, халықтың қауіпсіздігін, қорғаныс әлеуетін нығайту, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсаттарында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын азайту мен тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ халықты бейбіт және соғыс уақытында қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Азаматтық қорғаныс міндеттері

Азаматтық қорғаныс құралымдары орындайтын міндеттер кешені мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

- табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әртүрлі қарқындылықтағы әскери қақтығыстарда қару-жарақтың заманауи құралдарын қолдану;

төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарындағы құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

Азаматтық қорғаныстың барлық міндеттері өзара байланысты және халық, аумақтар мен ұйымдар үшін болжамдалған және нақты жағдайларды есепке алумен шешіледі.

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылуы жалпымемлекеттік құрылыс жүйесімен, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының құрылымымен анықталады.

Азаматтық қорғаныс адамдарды күнделікті өндірістік қызметтерінен мейлінше аз қол үздіруді және адам және материалдық ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететіндей етіп құрылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық алдын ала сол аумақтағы, сала немесе ұйымдағы неғұрлым ықтимал төтенше жағдайларды, қару-жарақ құралдарының даму және оларды қолдану ықтималдылығы деңгейін есепке алумен жүргізіледі.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатері мен туындауы кезінде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін Заңның 6 бөліміне сәйкес қалада азаматтық қорғау күштерінің тобы құрылған, ол жеке құрамының саны 108 мың адам болатын 14 873 құралымнан  құралады.

Құралымдардың құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығы мерзім-мерзім жоспарлы сабақтар, командалық-штабтық, тактикалық-арнаулы үйренулер мен жаттығулардың барысында тексеріледі.

Азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды кешенді және саралаушылықпен жүргізу, оларды іске асыруға  мемлекеттік қаражатты халықты қорғау деңгейін төмендетпей, оңтайлы жұмсау мақсаттарында аумақтар мен ұйымдардың маңыздылық дәрежесіне қарай қалаларды Азаматтық қорғаныстың топтарына, ал ұйымдарды – санаттарына  жатқызу жүзеге асырылады. Алматы қаласы азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топқа жатқызылған.

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы:

  • азаматтық қорғанысты басқару органдарын;
  • азаматтық қорғау күштерін;
  • азаматтық қорғау қызметін;
  • азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдарын;
  • азаматтық қорғаныстың жұмылдырушылық резервін қамтиды.

Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы болып табылады (Заңның 19-бабының  1-тармағы).

 Орталық, жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар (лауазымы бойынша) азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының бастығы  мен Қазақстан Республикасы жергілікті атқару органының азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі шешімдері республиканың бүкіл халқы мен барлық ұйымдарына орындалу үшін міндетті болып табылады.

Бейбіт уақытта азаматтық қорғанысты басқару органдары төтенше жағдайлардан сақтандыру мен жою бойынша өз қызметін төтенше жағдайлар жөніндегі ведомстволық және аумақтық комиссиялармен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру, оның саладағы, ведомствоға бағынышты аумақтағы, ұйымдағы жай-күйі үшін тиісінше орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдарының бірінші басшылары жауапкершілікте болады.

Басқару пункттерінің дайындығы, азаматтық қорғаныс күштерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің, азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдарының дайындығы  үшін  бұлар олардың базасында құрылған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары жауапкершілікте болады.

Заманауи кезеңде Алматы қаласының азаматтық қорғаныс жүйесі негізгі міндеттерді орындауға – халық пен аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар мен қару-жарақтың заманауи құралдарының әсерінен қорғауға дайын.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях