Справочник кадровика

Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтату туралы жазба енгізу

  • 6 августа 2018
  • 623
Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтату туралы жазба енгізу

Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидалары 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау тәртібін айқындайды.

Еңбек кітапшасын (ол болған кезде) жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді және "Жұмысы туралы мәліметтер" мен "Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер" деген екі бөлімнен тұрады.

Жұмыс кітабында қандай жазбалар енгізілген

Еңбек кітапшасына:

      1) қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, білімі, біліктілігі, мамандығы;

      2) жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартының тоқтатылуы;

      3) марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер енгізіледі.

      Қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді.

Еңбек кітапшасындағы еңбек шартын жасау не оны тоқтату, басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар араб сандарымен жазылады (күні мен айы екі таңбалы санмен, жылы толық көрсетіледі) және оларды бірінші басшы не ол уәкілеттік берген лауазымды адам жұмыс берушінің тиісті актісі жарияланғаннан кейін енгізеді және жазбалар оның мәтініне сәйкес келуге тиіс. Еңбек шарты тоқтатылған кезде, еңбек кітапшасына жазба еңбек шарты тоқтатылған күннен кешіктірмей енгізіледі.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтату туралы жазба енгізу

Отвечает Надежда Маликова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», директор юридического департамента ТОО «FactorOfTime», г. Алматы
Еңбек кітапшасы түгел толтырылды. Ал қосымша парақтарды қазіргі уақытта шығармайды. Аталған жағдайда еңбек кітапшасына қосымша парақты ерікті түрде ресімдеуі заңды ма? 

Еңбек шартын бұзу туралы жазба

Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіде жұмыс істеген уақытында еңбек кітапшасына енгізілген жұмысы, марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар бірінші басшының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолымен, ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталады.

Еңбек кітапшасындағы бөлімдердің біреуінің барлық беттері толтырылған жағдайда, еңбек кітапшасының соңғы парағы мен мұқаба арасына оған қосымша парақ қосылады.

      Қосымша парақтағы жазбалардың нөмірленуі еңбек кітапшасындағы жазбалардың нөмірленуін жалғастырады.

      Еңбек кітапшасы болмаса, қосымша парақ жарамсыз.

Қызметкердің қалауы бойынша еңбек қатынастарының қолданылу кезеңінде еңбек кітапшасы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіде сақталады. Еңбек кітапшаларын сақтау тіртібін жұмыс беруші өз бетінше айқындайды.


Еңбек кітапшасын жұмыскерге қайтару

Кадр қызметі не жұмыс беруші уәкілеттік берген лауазымды адам еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабын жүргізеді, онда қызметкерлерден қабылдап алынған, сондай-ақ қызметкерлерге берілген барлық еңбек кітапшалары тіркеледі.

      Еңбек шартының тоқтатылуына байланысты еңбек кітапшасын алған кезде қызметкер еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабына қолын қояды.

Қызметкер қайтыс болған жағдайда еңбек кітапшасы оның туыстарына қол қойғыза отырып беріледі немесе олардың талаптары бойынша пошта арқылы жіберіледі.

      Еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерлер не қызметкер қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстары алмаған еңбек кітапшалары ұйымның кадр қызметінде қалған еңбек кітапшаларынан бөлек екі жыл бойы сақталады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться