text
Справочник кадровика

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

  • 5 октября 2018
  • 1998
Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері мүмкіндік береді жұмыс берушілерге әзірлеу бойынша іс-шаралар еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру, жақсарту технологиясы

Өндірістік объектілерді аттестаттауды кім жүргізеді

 
Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.
Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.

★Мәртебе★

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі

С. Ғ. Бисақаев

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Аттестаттау жүргізу тәртібі қандай

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.
Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелді) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;
8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;
10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау еңбекті қорғау саласындағы маңызды және өзекті проблема болып табылады. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау" дегеніміз не?

Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау

Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:
1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;
2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;
3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;
4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалған жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау келесі көрсеткіштерді бағалауға негізделеді:
1) өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесін;
2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы дәрежесін;
3) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуы дәрежесін;
4) жеке қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын, олардың сапасы мен еңбек жағдайларына сәйкестігін.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшенген параметрлерінің санитариялық қағидаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және жұмыскерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Еңбектің зияндылық әрі  қауіптілік дәрежесі мен гигиенасын бағалау

Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалау зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және технологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері өндірістік және технологиялық процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалады.
Жерасты көмір шахталарындағы жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы ағзаның функционалдық күш түсіру дәрежесімен сипатталады.
Еңбек процесінің ауырлығы осы процеске қатысатын адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан еңбек процесін сиаттайтын эргонометриялық шамаларда көрсетілген көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Еңбек процесінің ауырлығының негізгі көрсеткіштері:
  • физикалық динамикалық жүктеме;
  • қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің массасы;
  • стереотипті жұмыс қозғалысы;
  • статикалық жүктеме;
  • жұмыс қалпы;
  • корпустық еңкеюлері;
  • кеңістікте орын ауыстыру болып табылады.
Жұмыскерлердің кәсіби тобының еңбек процесінің қауырттылығын бағалау еңбек қызметі және оның құрылымын талдауға негізделеді, олар бүкіл жұмыс күні ауқымында хронометраждық бақылау арқылы кем дегенде бір апта кезеңде зерделенеді.
Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
  • орта есеппен 1 сағат жұмыс үшін сигналдар мен хабарламалардың тығыздығы;
  • бір уақытта бақыланатын өндірістік объектілердің саны;
  • оптикалық аспаптармен жұмыс (% ауысым уақыты);
  • дауыстық аппаратқа жүктеме (аптасына айтылатын жиынтық сағат саны);
  • бірқалыпты жүктемелер;
  • жұмыс ауысымдылығы.
Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау хаттамаларымен ресімделеді.
Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлеріне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
1) өндірістік жабдық;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

Нормативтік талаптарға сәйкестікті растау

Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі - сәйкестік актісі) расталады.
Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.
Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.

Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау

Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа ЖҚҚ берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.
Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.
«Қамтамасыз етілді» деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.
Өлшеулер мен бағалаулар хаттамаларының негізінде еңбек жағдайларының нақты жай-күйін жалпы бағалау үшін сәйкес нысан бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жөніндегі қорытынды есеп дайындалады.

Аттестаттау не береді?

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мына мақсаттарда:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау кезде еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау және беру үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;
8) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.

Жұмыс орындары талаптарға сәйкес келмейді деп саналатын жағдайлар

Жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға анықталған көрсеткіштердің сәйкессіздігі кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
Жұмыс орындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, оны жұмыс беруші бекітеді олар зиянды өндірістік факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге, не олардың әсер ету уақытын азайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ жарақатқауіпсіздігі мен ЖҚҚ бойынша талаптарды қамтамасыз ету бойынша талаптар, оның ішінде ескірген техника мен жабдықты ауыстыру және өндірістік процесс технологиясын жетілдіруге бағытталған шараларды көздейді.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты