Справочник кадровика

Жұмыскердің өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуы

  • 25 декабря 2018
  • 397
Жұмыскердің өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуы

Жұмыскердің өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуы – немесе жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартының бұзылуы жұмыстан кетудің жиі себебі болып табылады. Мұндай босатылуды қалай ресімдеу керек? Оның тәртібі қандай?

Өз қалауы бойынша жұмыстан босатылудың мерзімі

2015 жылғы 23 қараша  № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (2018.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 56-бабының 3-тармағында (ары қарай - ҚР ЕК) көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.

Заң шығарушы жұмыскердің жұмыс берушіні хабардар етудің өзге мерзімдерін көздейді:

Бұл жағдайда еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Жұмыс берушінің келісімі жұмыскердің өтінішінде қарар түрінде жазылуы немесе жұмыскерге еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жобасын ұсыну арқылы көрсетіледі.

Жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде, жазбаша өтінішінің негізінде, оны жұмыстан босатқан жұмыс берушінің іс-әрекеті заңды ма?

Жұмыскердің өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуы

Надежда Маликова

«ACTUALIS: Кадрлық іс» ЭЖ сарапшысы, «ХҚЭДО-Қазақстан» сандық баспасының бірқатар басылымдарындағы мақалалар авторы, «FactorOfTime» ЖШС заң департаментінің директоры, Алматы қ.
Жұмыскердің заңнамамен көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға құқығы бар (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы(бұдан әрі – ҚР ЕК)).

Егер жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаса

Жұмыскер жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге құқығы бар (ҚР ЕК 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы), ал жұмыс беруші ҚР еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті (ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы).

 Жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын бұзған және орны орындамаған жағдайда, жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы туралы жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етуге құқығы бар.

Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда, ҚР ЕК 131-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделмесе, бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Жұмыскердің өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуы

Жұмыстан босатылу хабарламасының кері қайтарылуы

ҚР ЕК 56-бабының 4-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша хабарлама кері қайтарылып алынуы мүмкін.

Осы тармақта еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны (жұмыстан босату туралы өтінішін) кері қайтарып алу туралы жұмыскердің құқығы көзделеді. Бірақ, хабарламаны кері қайтарып алу туралы шешім тараптардың келісімімен ғана қабылданады.

 

Еңбек шарты қашан бұзылды деп есептелінеді?

ҚР ЕК 56-бабында көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы.

 

 

Сондай-ақ осы тармақта ерешеліктер бар: материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайларда, жұмыскер жұмысты тоқтата алмайды.

Ұйымда материалдық жауапты адамдарды ҚР ЕК 123-бабының 7-тармағына сәйкес, жұмыс беруші белгілейді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться