Құқықтық негіздері, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

829
Тән ерекшелігі болып табылады рөлінің артуы мемлекеттің процестерінде денсаулығын қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігі, жұмыс істейтін

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін заманауи талаптарға сәйкес келмейтін, көпшілігі өзінің құқықтық мәнін жоғалтқан, бұрынғы КСРО министрліктері мен ведомстволары бекіткен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу көзделді. Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу шаралары жоспарланды.

Жүйелеу стандарттарын

Қазіргі уақытта олардың Достастық елдеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау сапасы жүйелерінің стандарттарымен үйлесімділік бөлігінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында әзірленген стандарттарды жүйлеу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Технологиялық процестерді ұйымдастыру мен халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент талаптарына бағдарланған өндірістік жабдықтарға санитарлық нормалар мен
ережелерді әзірлеу жалғастырылуда.
Қызметкерлер еңбегінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету аса
маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Бұл қағида ҚР Конституциясының нормаларынан шығады:
Қазақстан Республикасының азаматтарында денсаулық сақтау құқығы бар (29 бап, 1 тармақ).
Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ  жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар (24 бап, 2 тармақ).
Құқық өзінен өзі-ақ табиғатта өмір сүреді, және адам туғанынан табиғи құқық деп аталатын қандай да бір құқықты иеленеді. Одан адамның негізгі құқықтары келіп шығады, олардың ішіндегі аса маңыздылары өмір сүру мен денсаулыққа, бостандыққа, меншікке және т.б. құқық болып табылады.

Жүзеге асыру, құқықтары мен бостандықтарын

Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылады. Құқықтар мен бостандықтарды тану, сақтау мен қорғау – мемлекеттің, осыған сәйкес мемлекеттік органдардың міндеті. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жатсындырылмайды және әркімге туғанынан тиісті болады. Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс.
Адамның өмір сүру мен денсаулық құқықтары адамның негізгі құқықтарына жатады және Конституциямен қорғалады. Бұл құқықтарды іске асыру міндеті – мемлекеттік міндет.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері (ҚР Еңбек кодексінің 4 бабы):
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол
бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбекті қорғау

Мақсаты еңбек процесінде адамдардың өмір сүру, денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау құқықтарын іске асыру болып табылатын мемлекеттік қызмет саласы еңбекті қорғау деп аталады.
Басқаша сөздермен айтқанда, еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеупрофилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 35 тармақшасы).
Еңбекті қорғау анықтамасының өзі бізге оның нормативтік-құқықтық негіздерінің қаншалықты кең екендігі туралы түсінік береді.
Мемлекеттің еңбекті қорғауын қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және халықаралық нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыс тұрақты жүргізіледі, басқару мен реттеудің тиісті логандары құрылды, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, бұл жерде жол берілген бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілік көзделеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтар нормаларының жиынтығы болып табылатын нормативтік құқықтық негіздерге құрылады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың нормативтік құқықтық негізін құрайтын құқықтық актілер кестеде келтірілген.

Денсаулықты, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің
нормативтік құқықтық негізін құрайтын нормативтік-құқықтық актілер

Құқықтық негіздері, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

Құқықтық негіздері, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

Құқықтық негіздері, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

Құқықтық негіздері, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях