Техникалық есептеулерді орындау, зертханалық зерттеулер

597
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үдерісінде қосымша зерттеулер немесе сараптамаларды талап ететін мән-жайлар немесе мәселелер ашылуы мүмкін.

Оқиғаның тікелей себебін айқындау үшін машиналардың, агрегаттардың, тетіктердің техникалық жай-күйімен танысу ғана емес, сондай-ақ оларды жұмыс үдерісінде назар сала зерттеу де пайдалы болады. Тек осылайша ғана қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзушылықтарды толық сеніммен анықтауға болады. Мұндай салыстыру жазатайым оқиға себептерін анықтау үшін маңызды.

Толық бағалау оқиғалар

Мұнымен бір уақытта мұндай мұқият салыстыруды жүргізу арнаулы білімді, кейбір жағдайларда зертханалық зерттеулерді, сынақтарды, басқа да сараптамалық жұмыстарды өткізуді, арнаулы жабдықты қолдануды талап етеді. Құрылған комиссияның күшімен бұл оқиғаға толыққанды баға беру әрқашанда мүмкін бола бермейді.

Әдетте, қосымша зерттеулер немесе сараптама белгілі бір материалдық шығындарды талап етеді. Жұмыс беруші (қажет болған кезде) комиссия мүшелерінің пікірінше, жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің объективтілігі мен сапасын арттыруы мүмкін қажетті зертханалық зерттеулер мен сынақтарды, техникалық есептеулер мен басқа жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы, бұл үшін ол қаулы шығарады, онда қойылатын мәселелер көрсетіледі, оларға мамандар жазбаша қорытынды түрінде бірмәнді жауаптар берулері тиіс, оларға тартылған мамандар қол қояды. Сараптамалық комиссияның қорытындысы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарына қосылады.

Тергеп-тексеру материалдарының, сондай-ақ сарапшылар мен мамандардың қорытындылары негізінде комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайды және осы оқиға бойынша шаралар белгілейді. Егер комиссия мүшелерінде сараптамалық комиссия қорытындыларының дұрыстығына күмән туындаса, онда олар осы мамандардың, сондай-ақ басқа ұйымдар мамандарының сараптаманы қайтадан жүргізуін талап етуге құқылы.

Сұрақнама

Қойылатын мәселелерде: жарақаттың, өлімнің себебін, нәтижесінде қызметкер жарақаттанған жабдықтың сыну, ақаулық, авариясы себептерін, жабдықтардың, машиналар, тетіктердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, қорғаныс қоршауларының, бұғаттаулардың, автоматтардың, ажыратып-қосқыштардың ақаусыздығын, өндірістік факторлардың зардап шегушіге әсер ету дәрежесін, ЖҚҚ-ның  қорғаныстық қабілетін және т. б. нақтылауға болады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде олардан сақтандыру жөнінде дұрыс шаралар әзірлеу үшін олардың пайда болуының шынайы себептерін анықтау қажет.

Себептер ұйымдастырушылық және техникалық болуы мүмкін, бір жағдайларда олар бірден табылып, анықталады, басқа жағдайларда бұл үшін бірқатар күш-жігер мен уақыт талап етіледі.

Мысал. Кәсіпорындардың біреуінде қазанның жарылысы болды, алайда себебін анықтау үшін көрген адамдардың айғақтары, оқиға орнын қарап шығу, сұрақ салу жеткіліксіз болды. Бұл жағдайда тек қана техникалық мәселелерді зерделеу қажет, оларды сараптамалардың, техникалық есептеулердің, сынақтардың және басқаларының көмегімен мамандар мен тар бағыттағы сарапшылар ғана шеше алады.

Бұл мамандарды сондай-ақ арнаулы білімді талап ететін жекелеген мәселелер бойынша кеңесшілер мен сарапшылар ретінде де тартуға болады.

Мысал. Байланыс желісіндегі байланысшы жазатайым оқиғаға душар болды, оны электр берілісі желілері арқылы өтетін байланыс кәбілдеріне қызмет көрсету кезінде электр тогы соқты. Келісу рәсімдері мен ажырату жүргізілген болатын. Тергеп-тексеру барысында электр берілісі желілерінің сұлбалары, басқа да техникалық құжаттама зерттелді, алайда, бұл құжаттарды зерттеуге маман ретінде осыған ұқсас желілерді пайдаланатын ұйымның өкілін тартуға болады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге кеңесші немесе сарапшылар ретінде тартылған тұлғалар шешуді талап ететін мәселелер жөніндегі мамандар болулары тиіс, олардың өздері қатысатын тергеп-тексерудің нәтижелеріне мүдделі болмауға тиіс екендігінің де маңызы бар. Әдетте, бұл мақсат үшін ғылыми-зерттеу институттарының, жобалау, құрылымдаушылық ұйымдардың мамандары, арнаулы жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары, бақылауқадағалау органдарының мамандары шақырылады.

ҚР ЕК 323-бабының 3-тармағына сәйкес техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль