Танысу үшін қажетті құжаттар тергеу

702
Еңбек етуге өндірістік үдерісті қауіпсіз жүргізу бойынша жасауға санитарлық-гигиеналық шарттары

Өндірісте еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын ұйымдастыру бірқатар құжаттармен: еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитариясы жөніндегі ережелер мен нормалармен, еңбек қауіпсіздігі стандарттарымен, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі актілерімен, кәсіптер мен жұмыстардың жекелеген түрлеріне (жабдықтарға) арналған ЕҚжЕҚ бойынша нұсқаулықтар, технологиялық нұсқаулықтармен, кәсіпорындардың жауапты тұлғаларының қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін жауапкершілігі мен міндеттері туралы ережелер және бұйрықтармен регламенттеледі.

Арнайы журналдар

Еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне оқыту мен нұсқамалар беруді өткізу, қауіптілігі жоғары технологиялық үдерістер жабдықтарына қызмет ету кезінде ауысымдарды тапсыру арнаулы журналдар-
да ресімделеді. ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша білімді тексерудің нәтижелері хаттамалармен ресімделеді, қауіпсіздік техникасы нормаларының талабы бойынша бірқатар кәсіптердің қызметкерлерінде біліктілік куәліктері, рұқсатнамалар, машиналар мен тетіктерді басқаруға, жұмыстардың арнаулы түрлерін жүргізу құқығына рұқсаттары мен лицензиялары болуы тиіс. Машиналарда, тетіктер мен жабдықтарда техникалық және технологиялық құжаттама (төлқұжаттар), сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар болуы тиіс.
Жұмыстардың кейбір түрлеріне нарядтар, рұқсатнамалар, актілер ресімделеді:
көліктік жұмыстарға жол қағаздары беріледі, бағдарғылық карталар; жүк көтеруші крандарға сынақтар туралы мәліметтер әзірленеді. Осылардың бәрі және басқа да құжаттар тергеп-тексеру барысында егжей-тегжейлі зерттеу нысандарына айналуы тиіс. Көбінде нақ осылар жазатайым оқиғаның себебі туралы сұраққа толық және объективті жауап береді. Кәсіпорында оқиға орнын қарап шығу кезінде бірінші кезекте осы құжаттарды талап ету қажет. Өйткені жол берілген оқиғаға жа-
уапты тұлғалар жауапкершіліктен жалтару мақсатында бұл құжаттарды түзетуі және оларға өзгерістер енгізуі мүмкін, сөйтіп, олар жазатайым оқиғаның шынайы мән-жайларын бұрмалайтын болады.
Бұл құжаттар шеңбері тағы да оның өндірістік ерекшелігіне қарай жазатайым оқиға болып өткен кәсіпорынның өзіне байланысты болады.
Егер оқиға машиналар мен тетіктерді (электр крандары, білдектер, жылу
пештері, автокөлік және т. б.), қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды (қазандар, газы бар баллондар және басқалар) пайдалану кезінде болса, онда көрсетілген құжаттардан бөлек олардың техникалық құжаттамасымен (жобалық құжаттама, техникалық төлқұжат, сызбалар, пайдалануға қосу туралы, өткізілген сынақтар туралы акт), қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі мен олардың қауіпсіздік техникасы бойынша кәсіптік дайындығын растайтын құжаттармен танысу қажет.

Құжаттар тізбесі

Оқиға жабдықтың кездейсоқ немесе өздігінен қосылып кетуінің нәтижесінде болған кезде электрлік және кинематикалық сұлбаны, жабдықты басқару (іске қосу, тоқтату, сигналдандыру, бұғаттау, авриялық ажыратқыш) сұлбасын мұқият зерттеу қажет.
Мысал. Шұжық өндірістерінің бірінде туралған етті ауыстыру үшін жабдық сыйымдылығын қақпағы ашық болған кезде тазалау жүргізілді. Алайда жетектің иінтірегі кездейсоқ басылып кетіп, жұмысшы орган іске қосылды да, оператордың саусағын жарақаттады. Тергеп-тексерудің барысында жабдықтың техникалық құжаттамасы, оның электрлік сұлбасы зерттелді, оған сәйкес қақпағы ашық болған кезде жұмысшы органның қозғалуы тиіс емес екендігі анықталды, алайда авариялық
бұғаттаудың электрлік сұлбасына ұзақ уақыт бойы пайдаланылған майлардың, сұйықтықтардың түсуі нәтижесінде ол істен шыққан және оқиға кезінде бұғаттау жұмыс істемей қалған.

Тергеу барысы

Егер оқиға электр тогының соғуы нәтижесінде болса, онда электр жабдығын қосу сұлбасын және қорғаныс жүйесін, жабдықты жерлендіру мен тартылым оқшауламасын, қорғаныстың диэлектрлік құралдарын сынауды тексеру актілерін қарап шығу, ауысымдарды тапсыру мен қабылдап алу, наряд-рұқсатнама, оперативтік және жөндеу журнал-
дарын, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамаларды тіркеу журналын зерттеу, электрқондырғыларымен жұмыстар жүргізуге құқық беретін куәліктері мен рұқсатнамаларының бар екендігіне көз жеткізу қажет.
Кәсіпорындардың бірінде желіден ажыратылған кернеу кәбілін кесу қажет болды, алайда бұл тапсырманы орындау кезінде қызметкерді электр тогы соқты. Сұлбаларды, техникалық құжаттарды мұқият зерделеу кезінде белгі жазбаның шатастырылғаны, кернеуден басқа кәбілдің ажыратылғаны анықталды. Бұған қоса, жұмыстарды орын-
дау кезінде зардап шегуші арнаулы өлшегіштермен кернеудің бар-жоқтығына көз жеткізбеген.
Комиссия зерделеу үшін қажетті құжаттардың бәрін санамалап шығу мүмкін емес, сондықтан әрбір нақты жағдайда комиссия нені және қандай кезектілікте зерделеу қажеттігін өзі анықтайды.
Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелері кәсіпорында зардап шегушіге, оның жұмыс орнына және осы жазатайым оқиғаға тікелей қатысы бар ЕҚжЕҚ бойынша нұсқаулықтардың, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық материалдардың бар екендігіне көз жеткізулері тиіс. Іс-тәжірибе бұл құжаттар жоқ болған және оларды жүргізуге атүсті қаралатын жерлерде еңбекті қорғау талапта-
рын елеулі бұзушылықтардың орын алатынын көрсетеді.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жан-жақты танысуы тиіс құжаттарға:

– ЕҚжЕҚ бойынша нұсқаулықтарды есепке алу және беру журналы;
– қызметкерлердің еңбекті қорғау жөнінде оқыту мен нұсқамалардан
өткізілуін тіркеу журналы;
– қызметкерлері мерзімді медициналық тексеруден өтуге міндетті кәсіптер
тізімі;
– кәсіптер бойынша ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар;
– жазатайым оқиға орындау кезінде болып өткен жұмыстарды орындауға
наряд;
– нақты машиналар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі басшылықтар
мен техникалық төлқұжаттар;
– зардап шегушіге немесе басқа тұлғаға пайдалану кезінде жазатайым
оқиға болған жабдықта жұмыс істеуге құқық беретін құжаттар;
– жабдықтарға сынақтар өткізу актілері;
– жұмыстарды жүргізу жобалары мен технологиялық карталар;
– сол кезде жазатайым оқиға болып өткен технологиялық үдерістің сипат-
тамасы жатады.
Жоғарыда келтірілген құжаттарды зерделеу комиссияға еңбек жағдайлары
мен еңбек қауіпсіздігінің еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтауға, нақты тұлғалардың жазатайым оқиғадағы жауапкершілік дәрежесін анықтауға, техникалық және нормативтік-құқықтық құжаттаманы жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтарды айқындауға, сондайақ осыған ұқсас жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде шаралар әзірлеуге
мүмкіндік береді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях