text
Справочник кадровика

Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі тараптардың міндеттері

  • 12 сентября 2018
  • 832
Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі тараптардың міндеттері

Тараптардың бірінің татуластыру рәсімдеріне қатысудан немесе оның жұмысынан жалтаруы шиеленіске әкеп соқпауға тиіс.

Тараптардың және ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі келісу органдарының міндеттері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 170-бабымен реттеледі.
 
 
 
 

Келісу рәсімдері

 

 
Ереуіл өткізу кезеңінде тараптардың басты міндеті татуластыру рәсімін жалғастыру болып танылады. Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес.
 
Тараптардың бірінің татуластыру рәсімдеріне қатысудан немесе оның жұмысынан жалтаруы шиеленіске әкеп соқпауға тиіс.
 
Жұмыс беруші татуластыру рәсімдерін өткізу үшін қажетті жағдайларды жасауға, яғни, жабдықталған бөлмені (жылу жүйесін, байланыс құралдарын, жарықты), жұмыскерлер қойған талаптарды қарау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге және ҚР ЕК 169-бабында көзделген комиссия мүшелеріне кепілдіктерді қамтамасыз етуге міндетті.
 
Ұжымдық еңбек дауында реттелмеген келiспеушiлiктер тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткiзiлуге тиiс.
 
Егер барлық белгіленген татуластыру рәсімдерін жүзеге асырғаннан кейін реттелмеген келiспеушiлiктер қалса, олар тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткiзiлуге тиiс.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Жұмыс беруші қызметкерлердің ереуіл уақытында қандай құқықтарды пайдаланады және оған қандай міндеттер жүктелген?

Келіспеушіліктерді шешу

 
Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болу себебінен ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, жұмыскерлердің талаптары мүліктің меншік иелеріне, ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар не шетелдік қатысатын ұйымдар болып табылатын ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне қойылады.
 
Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болу себебінен ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, жұмыскерлердің талаптары мүліктің меншік иелеріне, ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар не шетелдік қатысатын ұйымдар болып табылатын ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне қойылады.
 
ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 33-бабына сәйкес, меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

ҚР АК (Жалпы бөлім) 36-бабына сәйкес:
  • заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн;
  • мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлік қоғам мен кооперативтер жатады;
  • мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.
ҚР АК (Жалпы бөлім) 40-бабына сәйкес,  мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. 
 
Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртібі және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру және жою ережелерi белгiленедi(ҚР АК (Жалпы бөлім) 40-бабы).
 
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады (ҚР ЕК 19-бабы).
 
Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар соның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi (ҚР АК (Жалпы бөлім) 43-бабы).
 
Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болып табылмайды. Оларға мүліктi өздерiн құрған заңды тұлға бередi және олар бекiткен ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
 
Филиал басшысының міндеттері мен құзыреті Филиал және (немесе) Сенімхат туралы ережеде айтылады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Жұмыс беруші бір күн бойы дәлелді себеппен жұмысқа келмегені үшін, жүкті қызметкерге (жүктілігі – 25 апта) айыппұл салуға немесе оның жалақысынан айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі тараптардың міндеттері

Анастасия Курасова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы

Егер сіз рәсімдердің нәтижелерімен келіспесеңіз

 
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жұмыскерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы.
 
Рәсімдердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жұмыскерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы. Мысалы, сотқа арыздануға, ереуіл жариялауға, әлеуметтік серіктестік жөніндегі аумақтық үштараптық комиссияға жүгінуге және т.с.с.
 
Жұмыс беруші:
 
1) жұмыскерлердің осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағына сәйкес ресімделген талаптарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұжымдық еңбек дауының туындағаны туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін ахуал туралы кейіннен апта сайын хабардар ете отырып, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды хабардар етуге;
 
2) осы Кодекстің талаптары сақталмай жүргізілетін ереуілдердің басталғаны туралы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды бір күн ішінде хабардар етуге міндетті.
 
Түсіндірме беріліп отырған баптың осы трамғында айқындалған талаптар жұмыскерлердің кепілдіктерін күшейтеді. Ұжымдық еңбек дауының туындағаны туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін ахуал туралы кейіннен апта сайын хабардар ете отырып, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды ақпараттандыружұмыс берушінің талаптарды алудан жалтаруын болдырмауға және татуластыру комиссиясынуақытылы құруға мүмкіндік береді. Ақпараттандыру, тиісті мемлекеттік орган тараптарға татуластыру рәсімдерін жасауа көмектесуге мүмкндік беру үшін қажет. Кеңес алу үшін, тараптар осы тармақта белгіленген мерзімдерде ақпарат берген соң, жүгіне алады.
 
Осылайша, мемлекеттік органдыұжымдық еңбек дауының туындау мүмкіндігі туралы ерте ақпараттандыру қандай да бір алдын ала жасалған іс-әрекет ретінде қарауға болады.
 
Одан басқа бұл ақпарат, талдау жұмыстарын өткізуге және еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
 
Жұмыс беруші бір күн ішінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және еңбек жөніндегі жергілікті инспекцияны, ҚР ЕК талаптарын сақтамай өткізілетін ереуілдің басалуы туралы хабардар етуге міндетті.
 
Бұл жағдайда ақпараттандыру өте маңызды болады, өйткені ол жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және басқа азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға себеп болады. Тараптардың және көрсетілген органдардың келісілген іс-әрекеттері келіссөз процесінің жалғасын (нәтижесінде ұжымдық еңбек дауының шешілуін) және ереуіл өткізу құқықтары басқа адамдардың құқытары мен бостандықтарын бұзбауға байланысты қажетті жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы бұйрықтың үлгісі

Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі тараптардың міндеттері


 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты