Бақылаудың түрлері

828
Бақылау – басқару жүйесі негізгі функцияларының бірі және соңғысының оңтайлы қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен басқарылатын жүйенің жай-күйін қадағалау негізінде жүзеге асырылады

Бақылаудың мәліметтері негізінде жүйенің бейімделуі, яғни
оңтайлы басқарушылық шешімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыру кезінде нормалар мен ережелердің мүмкін болатын барлық бұзушылықтары мен сәйкессіздіктерін есепке алуға, іс-әрекеттер бағдарламасына түзетімдер енгізуге, алдын алумен айналысуға, еңбек дауларын, жанжалдарды, авариялар мен жазатайым оқиғаларды болғызбауға болады.

Бақылау жүйесі

Бақылау ретінде басқарылатын объектінің іс жүзіндегі жай-күйі мен қызмет атқару үдерісін бақылау және тексеру жүйесі түсініледі және өзіне:

- қабылданған шешімдердің негізделгендігі мен тиімділігін бағалауды;

- бұл шешімдерді іске асыру нәтижелерін бағалауды;

- объектінің қызметіндегі қабылданған шешімдерден немесе белгіленген ережелер мен нормалардан ауытқушылықтарды айқындауды;

- айқындалған ауытқушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірлеуді және т.б. қамтиды.

Яғни, бақылау жүйенің алға қойған мақсаттарға жүйенің іс жүзіндегі жайкүйін ниет етілген (талап етілетін) жай-күйімен салыстыра отырып қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс болып табылады.

Элементтері бақылау

Бақылау (басқарудың кез келген сатысы тәрізді) мынадай элементтермен сипатталады:
– бақылау субъектісі – бақылауды жүзеге асырушы,
– бақылау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау субъектісі,
– бақылау объектісі – бақылануға жататын нәрсе,
– бақылау нысаны – оған сәйкес бақылау ұйымдастырылатын мәселелер мен критерийлердің жиыны,
– бақылаудың мақсаты,
– бақылаудың міндеттері,
– бақылау ұстанымдары,
– бақылау әдістері,
– бақылау технологиясы,
– бақылау үдерісі.
Сондай-ақ ұйымдардың қызметіне бақылау жасау көптеген әрқилы бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
– техникалық бақылау,
– энергетикалық бақылау,
– экологиялық бақылау,
– санитарлық бақылау,
– қаржылық бақылау және т.б.
Заңнама бұзушылықтарын және әр түрлі деңгейлердегі нормативтік актілердің талаптарынан басқа да ауытқушылықтарды айқындау кезінде ауытқушылықтардың себептеріне (оның ішінде кадрлық) талдау жасау, айқындалған бұзушылықтарды жою және мұндай бұзушылықтарға болашақта жол бермеу (алдын алу) жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүргізу, жазалау шараларын қабылдау, яғни бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажет.

Бақылау мынадай ұстанымдарға негізделеді:

1) заңдылық;
2) заң мен соттың алдындағы теңдік;
3) жеке және заңды тұлғаның жосықтылық презумпциясы;
4) жариялылық;
5) бақылаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
6) мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларының кәсіпқойлығы мен құзіреттілігі;
7) бақылау органдары лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны және олардың өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілігі;
8) құқық бұзушылықтан сақтандырудың жазалаудың алдындағы басымдығы;
9) қажеттілік және жеткіліктілік;
10) мемлекеттік органдардың арасында бақылау өкілеттіліктерінің ара жігін ажырату;
11) тексерілетін жосықты субъектілерді көтермелеу, бұзушыларға бақылау жасауды арттыру;
12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғау қабілеттіліктерін арттыру;
13) мемлекеттік бақылау жүйесінің есеп берушілігі мен мөлдірлігі;
14) тәуелсіздік;
15) объективтілік және турашылдық;
16) растық.

Міндеттері бақылау

Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi,
алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ре-
сурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн артты-
руды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда,
тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық
процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн,
олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады
(ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 4 бабы).
Бақылау ішкі және сыртқы бақылау болып бөлінеді.
Ішкі бақылау – оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын орындауына мемлекеттік орган жүзеге аыратын бақылау.
Ішкі бақылау:
құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілермен көзделген шаралар) орындалуын бақылауға, бұл жағдайда орындалуға жататын шараларды қамтитын барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
– Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды тұлғаларының, қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан шығатын тапсырмаларының орындалуын бақылауға бөлінеді.
Ішкі бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизиялар және құжаттық тексерудің өзге де формалары;
4) жергілікті жерге шығып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүргізіледі.
Ішкі бақылау мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымдық тұлғалар қызметінің
олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
2) орындалудың өз уақытында және толық болуы;
3) орындалу кезінде заңнама талаптарының сақталуы.
Ішкі бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қосымша мәселелерін
мемлекеттік органның өзі немесе одан жоғары тұрған мемлекеттік орган белгілеуі мүмкін.
Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін объектілер
қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мен қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылушылықтары айқындалған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзіреттілігі шектерінде әкімшілік, тәртіптік іс қозғайды немесе өз құзіреттілігі шектерінде тиісті талап арыздар береді және (немесе) Қазақстан Республшикасы заңдарымен көзделген өзге де шаралар қабылдайды.

Бақылауды жүргізу тәртібі

Ішкі және сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін ҚР-ның «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы белгілейді.
ҚР еңбек заңнамасына сәйкес еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
және халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасау мемлекеттік, ішкі, қоғамдық бақылау болып, сондай-ақ бірлескен формада еңбекті қорғау жөніндегі комитетке (комиссияға) бөлінеді.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына:
– халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына;
– өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің Қазақстан
Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен өз уақытында және
объективті өткізілуіне (ҚР Еңбек кодексінің 16 бабы, 12 тармақшасы);
– жұмыс берушілердің еңбекті нормалауды әзірлеуді, енгізу мен қайта
қарастыруды қамтамасыз етуіне (ҚР Еңбек кодексінің 115 бабы);
– жалақының толық және өз уақытында төленуіне және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуына (ҚР Еңбек
кодексінің 120 бабы);
– жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі
бақылауды жүргізуінің растығы мен толықтығына (ҚР Еңбек кодексінің
330 бабының 13 тармақшасы);
– өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген
аттестаттаудың растығы мен өз уақытында болғандығына және т.б.
жүзеге асырылуы мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях