Бақылаудың құқықтық негіздері

783
Еңбек қатынастары мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар көптеген нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі, олар жиынтығында еңбек заңнамасын құрайды

Бұл нормативтік құқықтық актілердің иерархиясында құқықтың басты көзі және барлық заңдар мен заңға бағынышты актілердің алдындағы басымдықтың иесі ретінде ҚР Конституциясы жоғары заңдық күшті иеленеді.

Құқықтары, бостандықтары және міндеттері

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, барлығының заң мен соттың алдындағы теңдігі бекітілген. Мысалы, ешкім әлеуметтік шығу тегі, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатыстылығы, сенімдері, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратылмайды. 

Конституцияда еңбек бостандығына,

- қызмет тегі мен кәсіпті ерікті таңдап алу;

- еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына;

- еңбегі үшін қандай да бір кемсітушіліксіз сыйлықақылар алу;

- заңмен белгіленген тәсілдерді, ереуіл жасау құқығын қосқанда пайдаланумен жеке және ұжымдық еңбек дауларына; демалу құқығы бекітілген.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге заңмен белгіленген жұмыс
уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі (ҚР Конституциясының 24 бабының 4 тармағы). Негізгі заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжетімділіктің теңдей құқығын (ҚР Конституциясының 33 бабының 4 тармағы), бірлестіктерге, оның ішінде кәсіптік одақтарға бірігу бостандығы құқығын, кәсіптік оқытуға (ҚР Конституциясының 30 бабы), денсаулығын сақтауға (ҚР Конституциясының 29 бабы) және басқаларға құқығын бекітеді. Заң актілерінің ішінде ҚР еңбек кодексі ерекше орын алады.

Еңбек кодексі

Оның ерекшелігі оның еңбек қатынастарын реттейтін жүйеленген бірыңғай заң актісі болып табылатындығында. Құрылымдық жағынан ҚР Еңбек кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерді қамтиды. Еңбек заңнамасының негізгі түсініктерін, мақсатын, міндеттері мен принциптерін қамтитын нормалар,еңбек қатынастарының
субъектілері, еңбек қатынастарының пайда болу негіздері, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, еңбек заңнамасының бұзылуы үшін жауаптылығы және басқа да жалпы ережелер ҚР Еңбек кодексінің Жалпы бөлімінен көрініс тапқан, ал еңбек шартын, еңбек тәртібін, жұмыс уақытын, демалыс уақытын, еңбекті нормалауды, еңбекке ақы төлеуді, қызметкерлердің кәсіптік дайындығын, қайта дайындығы мен біліктілігін арттыруды, жұмысқа орналастыруды, тараптардың материалдық жауапкершілігін, жеке және ұжымдық
еңбек дауларын қарастыруды, қызметкерлердің жекелеген санаттары еңбегін реттеудің ерекшеліктерін, еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік пен ұжымдық қатынастарды, еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасауды және басқа да арнаулы мәселелерді реттейтін құқықтық нормалар ҚР Еңбек кодексінің Ерекше бөлімін құрады. Сондай-ақ еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің жалпы жүйесіне еңбек туралы заңнамалық нормативтік құқықтық және заңға тәуелді құқықтық актілер кіреді.

Мемлекеттік бақылау

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
тікелей мемлекеттік бақылау жасауды мемлекеттік еңбек инспекторлары
жүзеге асырады (ҚР Еңбек кодексінің 328 бабының 1 тармағы).
Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен құралады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады (ҚР « ҚР-дағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 2 бабы).

Жүйесін институционалдық дамыту

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына
мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту шеңберінде:
– жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша
халықаралық ұйымдармен байланысын қамтамасыз ету;
– еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік
еңбек инспекторларын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;
– мемлекеттік еңбек инспекторларын бақылау-өлшеу приборларымен және тіркеуші жабдықтармен қамтамасыз ету;
– қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға қоғамдық бақылау жасауды
жүзеге асыруға жәрдемдесу көзделедi.
Өңірлік деңгейде еңбек заңнамасының сақталуына, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жақсарту ісі күтір тұр.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях