Тергеп-тексеру тәртібі. Өндірістегі жазатайым оқиғалар

1226
Өте маңызды ескерту өндірістегі жазатайым оқиға, егер ол өрт, қажет келгеннің мұндай оқиға қайталанбаса екен.

Өндірістік жарақаттанушылық біздің қоғамдағы өткір әлеуметтік
проблемалардың бірі болып қалып отыр. Өндірістегі жазатайым оқиғадан сақтандыру өте маңызды, алайда, егер ол болып өтсе, онда мұндай оқиға қайталанбас үшін мүмкін болатын нәрсенің бәрін істеу қажет. 
Сондықтан өндірістік жарақаттануларды тергеп-тексерудің дұрыстығы мен объективтілігі, олардың себептерін талдау, өндірістік  жарақаттанушылықтан сақтандыру үшін алдын алу сипатындағы шаралар белгілеу үлкен профилактикалық маңызға ие болады.

Тергеп-тексерудің міндеттері

Өндірістегі әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында шешілуі тиіс негізгі міндеттер:

– болып өткен жазатайым оқиғаның шынайы себептерін анықтау және осы негізде бұған ұқсас оқиғалардан сақтандыру бойынша жан-жақты шаралар әзірлеу;
– қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту
мақсатында іс жүзінде жазатайым оқиғаға алып келген бұзушылықтар
үшін жауапты лауазымдық және өзге де тұлғаларды анықтау;
– жазатайым оқиға нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлердің және
олардың отбасы мүшелерінің қолданыстағы заңнамамен белгіленген
кепілдіктері мен құқықтарын толықтай іске асыруды қамтамасыз ету бой-
ынша жан-жақты шаралар қабылдау үшін тиісті құжаттық негіз жасау бо-
лып табылады.
Осыған байланысты ұйымда өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру үшін жазатайым оқиғаны біліктілікпен тергеп-тексерудің бірінші дәрежелі маңызға ие болатыны күмән келтірмейді: егер ол үстіртін өткізілсе және жазатайым оқиғаның себептері дұрыс анықталмаса, онда қызметкерлердің алдағы уақытта да жарақаттануының әлеуетті қауіптілігі қалып қояды, бұл осыған ұқсас, неғұрлым елеулі салдарлары бо-
латын жазатайым оқиғалардың қайталануына әкеп соғуы мүмкін.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі ҚР ЕК 324-бабымен регламенттеледі.

Арнайы тергеп-тексеруге жатпайтын, яғни бір қызметкер душар болған, ауыр және өліммен аяқталған салдарлары жоқ жазатайым оқиға кезінде жұмыс беруші бірқатар міндеттерін орындауы тиіс, оларды орындамау еңбек заңнамасын бұзушылық болып табылады, бұл үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Егер жазатайым оқиғада ауыр, өліммен аяқталған салдар болса немесе
топтық жазатайым оқиға болса, онда жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы дереу мемлекеттік және өзге де органдарға хабарлауы тиіс.
Ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғаға жатпайтын жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін жұмыс беруші комиссия құрады, оның құрамына үштен кем емес адам кіреді, олардың ішінде жұмыс беруші немесе оның өкілі, ЕҚжЕҚ қызметінің басшысы немесе маманы, қызметкер өкілі немесе кәсіподақтың не өзге де уәкілетті органның қызметкерлері болуы тиіс. Зардап шегуші немесе оның отба-
сы мүшелері тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрықпен таныса алады, келіспеген жағдайда олар бұл бұйрыққа еңбек инспекциясының жергілікті органына немесе сотқа шағым жасай алады.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, онда тергеп-тексеруге міндетті түрде оның өзі немесе оның өкілетті өкілі қатысады. Ол ЕҚжЕҚ қызметінің маманы ретінде шарттық негізде бөгде ұйымның маманын тарта алады. Бұл ретте ол да заңнамамен жұмыс беруші үшін көзделген барлық талаптарды сақтауға міндетті.

Комиссия мүшелері

Комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге және ол құрылған күннен бастап 10
күн ішінде оқиғаның мән-жайлары мен себептері туралы шешім шығаруға тиіс. Бұл мерзімді ерекше жағдайларда комиссия бұл туралы еңбек инспекциясының жергілікті органына хабарлама жасай отырып, ұзартуы мүмкін.
Екі және одан көп қызметкер душар болған, сондай-ақ қызметкерге ауыр
дене жарақатын келтірген немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы енгізіледі, ол комиссияның төрағасы болып табылады, осы комиссияны басқарады. Комиссия мүшелері болып – жұмыс беруші (оның өкілетті өкілі) және қызметкерлердің өкілі тағайындалады. Арнайы тергеп-тексеру жөнінде комиссия құру туралы бұйрықты еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган шығарады. Заңнамада комиссияның құру туралы бұйрықпен таныстыру талабы
жоқ, алайда іс-тәжірибеде комиссия құрамына кінә қою салдарларын болғызбау үшін онымен барлық мүдделі тұлғаларды таныстырған жөн.
Зардап шеккен қызметкер, зардап шегуші қайтыс болған жағдайда оның
асырауындағы адамдар жазатайым оқиғаны немесе кәсіптік ауруды тергеп-тексеруге өз өкілдерін қатыстыруды талап етуге құқылы.
Комиссия мүшелері зардап шегушіні, оның өкілетті өкілдерін тергеп-тексерудің барлық материалдарымен таныстыруға міндетті. Аталған тұлғаларды тергеп-тексеру материалдарымен таныстырудан бас тартуға сотқа және (немесе) еңбек инспекциясының жергілікті органына шағым түсірілуі мүмкін.

Комиссия төрағасы

Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар немесе кәсіптік ауру кезiнде тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамы төтенше жағдайлардан сақтандыру және жою жөніндегі жергілікті орган өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады.
Өрт, тұтану нәтижесінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия
құрамына төтенше жағдайлардан сақтандыру және жою жөніндегі жергілікті органның мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі кіреді.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия мүшесi болып табылады.
Топтық улану немесе кәсіптік ауру жағдайында комиссия құрамына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органның өкілі енгізіледі.

Тергеп-тексеру мерзімдері

Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссиясы жүргізеді.
Қайтыс болған адамдар саны 3 адамнан 5 адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда – ҚР Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi.
Комиссия жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өзі құрылған күн-
нен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді. Ерекше жағдайларда комиссия бұл мерзімді ұзартуы мүмкін.
Жұмыс берушiге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесiнде еңбекке
қабiлетсiздiгi бiрден туындамаған (талап ету мерзiмiне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша немесе мемлекеттiк еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн iшiнде тергеп-тексерiледi.Бұл мерзімге жұмыс берушінің жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауруды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құратын уақыт та кіреді.
Комиссия оқиғаны көрген адамдарды анықтауға және олардан жауап алуға, алынған түсініктемелерді жазбаша формада ресімдеуге, еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғалардан, жұмыс берушінің өкілдерінен және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан жазбаша түсініктеме алуға міндетті.
Бұл міндетті орындамау соттың және (немесе) еңбек инспекциясы органының комиссия шешімін заңсыз деп тану үшін негіз қызметін атқаруы мүмкін.

Комиссия өндірістегі кез келген жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру бары-
сында:

- оқға орнын (жұмыс орны, өндірістік учаске, цех) зерттеуі;
- зардап шегушіден (мүмкін болған кезде) және жазатайым оқиғаны
көргендерден (ондайлар бар болған кезде) жауап алуы;
- кәсіпорында қолданылатын еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді
шешу тәртібін, лауазымды тұлғалардың функциялық міндеттері мен
еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етпегені
үшін жауапкершілігін регламенттейтін нормативтік, ұйымдық-өкімдік
құжаттарды зерттеуі;
- көрсетулері қажет болатын лауазымды және өзге де тұлғалардың
түсініктемелерін қарауы (тыңдауы);
- оқиға себептері мен еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық не-
месе өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылыққа жол берген
тұлғаларды анықтауы;
- осыған ұқсас жазатайым оқиғалардан сақтандыру бюойынша қажетті
шаралар әзірлеуі тиіс.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің аса маңызды элементі комиссия мүшелерінің оқиға орнын мұқият қарап шығуы (оның ішінде оқиғаның мән-жайын тіркеу бойынша жоғарыда еске алынған іс-әрекеттер кезінде алынған хаттамалар, сұлбалар, фото, бейне және өзге де материалдар бар) болып табылады, өйткені оқиға орнын қарап шығу барысында алынған ақпарат, әдетте, жазатайым оқиғаның
шынайы мән-жайлары мен себептерін анықтау кезінде мәнді рөл атқарады.

Тексеруге жатады

Жалпы ереже бойынша мұқият қарап шығуға:
1) жазатайым оқиға болған жердегі жұмыс орны, агрегаттар, машиналар,
тетіктер, көлік құралдары;
2) олармен жарақат түсірілген құрылыс, имарат, жабдық, машиналар мен
тетіктердің бөліктері, сондай-ақ материал, аспап, айлабұйымдар және
басқа да заттар;
3) олардың жарамдылығы мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін
айқындау мақсатында зардап шегуші пайдаланған ЖҚҚ;
4) қорғаныс қоршаулары, бұғаттаулар, сигналдандыру және қауіпсіздіктің
басқа да құралдары жатады.
Ұсынылған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия мынадай заңдық мәні бар мән-жайларды:
1) жазатайым оқиғаның себептері және оның мән-жайларын;
2) жазатайым оқиға сәтінде зардап шегуші орындаған жұмыс пен ұйымның өндірістік қызметі арасында байланыстың барлығын;
3) зардап шегушінің жазатайым оқиға сәтінде еңбек функциясын орындау-
ын;
4) жазатайым оқиғаны немесе кәсіптік ауруды өндіріспен байланысты не-
месе байланыссыз ретінде саралауды;
5) еңбекті қорғау ережелерін бұзушылықтың орын алғандығын;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру және себептерін жою
жөніндегі шараларды тексеруге міндетті.
Комиссияның шешімі уәжделген болуы тиіс, уәждеменің мәні комиссияның жоғарыда санамаланған тармақтардың әрқайсысы бойынша бұл мән-жайларды растайтын да, сондай-ақ жоққа шығаратын да салыстырмалы, жол берілетін және айқын дәлелдемелер келтіруге міндетті екендігінде. Санамаланған заңдық мәні бар мән-жайлардың кез келгені бойынша уәжделмеген шешімнің жоқтығы жазатайым оқиғаны немесе кәсіптік ауруды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның шешімін
еңбек инспекциясы жөніндегі органның және (немесе) соттың заңсыз деп тануына мүмкіндік береді.
Комиссия тексеретін заңдық мәнді жағдайлардың бірі қызметкердің өрескел абайсыздығы, ол қызметкер денсаулығына келтірілген зиянның туындауына немесе артуына жәрдемдеседі. Өрескел абайсыздық оның болып өткен жазатайым оқиғадағы кінәсінің дәрежесін проценттермен анықтау үшін негіз қызметін атқаруы мүмкін. Бұл процент залалдың орнын толтыру сомасына әсер етуі мүмкін және қызметкер қайтыс болған жағдайда есепке алынбайды.
Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі
комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп
соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді. Топтық жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру кезінде өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт әрбір зардап шегушіге жеке-жеке жасалады.
Жұмыс берушінің өкілдері, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия қызметкерге немесе оның өкілдеріне тергеп-тексерудің нәтижелері көрсетілген және өндірістегі жазатайым оқиғаны растайтын фактісі бар тиісті актіні тапсыруға міндетті.
Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль