text
Справочник кадровика

Өндірістік үй-жайдың өрт қауіптілігін қалай анықтау керек

  • 16 августа 2018
  • 640
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», главный технический руководитель по охране труда и экологии Южного филиала АО "KazTransCom"
Өндірістік үй-жайдың өрт қауіптілігін қалай анықтау керек

Ғимаратқа нақ осы санат тағайындау ғимараттарды қауіпсіз пайдалануды, материалдық құндылықтардың сақталуын, және де бастысы - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт-алдын алушылық іс-шаралар кешеніне әкеледі.


Өрт және жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша қандай санаттар бар?


Өндірістік мақсаттағы объектілердің өрт қауіпсіздігіне қолдау жасау үшін қауіптіліктен сақтандырудың дәрежесін, әдістері мен құралдарын белгілеу қажет.
Үй-жайлардың санаттарын анықтау үй-жайдың неғұрлым қауіпті – А санатынан қауіптілігі төмендеу – Д санатына дейінгі қатыстылығын дәйекті тексеру жолымен жүзеге асырылады.
А санатындағы үй-жайлардың жарылыс-өрт қауіптілігіне оларда авариялық жағдаяттар кезінде жарылыс қаупі бар газ, бу немесе шаң-ауа қоспаларының пайда болу мүмкіндігі жағдай жасайды, олардың жарылысы ғимараттың қирауына әкелуі мүмкін (тұтану кезінде үй-жайда
5 кПа-дан асатын, жарылыстың есептік артық қысымы дамиды). Оларды жанғыш газдар, ұшқындану температурасы 28 °С-тан аспайтын оңай тұтанатын сұйықтықтар, сондай-ақ сумен, ауадағы оттекпен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар жасайды.

Үй-жайдың Б санаты (жарылыс-өрт қауіптілігі) үй-жайда олар тұтанған кезде үй-жайда жарылыстың 5 кПа-дан асатын есептік артық қысымы дамитын, жарылыс қауіпті шаң-ауа немесе бу-ауа қоспаларын түзе алатын мөлшердегі жанғыш щаңның немесе талшықтың, ұшқындану температурасы 28 °С-тан асатын оңай тұтанатын сұйықтықтардың болуымен сипатталады.
В1– В4 санаттарындағы өрт қауіптілігі сумен, ауадағы оттекпен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде тек жануға қабілетті (олар қолданылатын үй-жайлар А немесе Б санаттарына жатпайтын жағдайда) жанғыш және жануы қиын сұйықтықтарға қатысты заттармен және материалдармен (оның ішінде шаң мен талшықтар) анықталады.
В1 – В4 санатын анықтау учаскелердің кез келгеніндегі меншікті уақытша өрт жүктемесінің ең жоғарғы мәнін кестеде келтірілген меншікті өрт жүктемесінің шамасымен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
 

Үй-жай санаты

Учаскедегі меншікті өрт жүктемесі (g) , МДж/м2

Орналастыру тәсілі

В1

2200-ден көп

Нормаланбайды

В2

1401-ден   2200-ге дейін

Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың және сыртқы қондырғылардың санаттарын анықтау Әдістемесі 22 тармағының талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне 3 Қосымша) (бұдан әрі  – Әдістеме)

В3

 181-ден  1400-ге дейін

Әдістеменің 22 тармағының талаптарына сәйкес

В4

 1-ден  180-ге дейін

Ауданы 10 м2 үй-жай еденінің кез келген учаскесінде.


 


Қалыпты өрт қауіптілігінің Г санатын оларды өңдеу процесі сәулелік жылу, ұшқындар мен алау бөлінумен қатар жүретін; өртелетін немесе отын ретінде кәдеге жаратылатын жанғыш газдар, сұйықтықтар және қатты заттар, ыстық, қатты ысыған немесе балқыған күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар жасайды.
Д санаты (өрттің төмен қауіптілігі) суық күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар бар болған кезде анықталады.
Осыған сәйкес, жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлар санаты олардың функциялық тағайындалуына байланысты емес, мыналарға орай:

  • аппараттар мен ғимараттарда орналасқан жанғыш заттар мен материалдардың түрімен;
  • олардың мөлшерімен және өрт қауіпті қасиеттерімен;
  • үй-жайлардың көлемдік-жоспарлану шешімдерімен;
  • технологиялық процестердің сипаттамаларымен;
  • бұл ғимараттағы, құрылыстағы қандай да бір қауіптілік санатындағы үй-жайлардың үлесімен және қосынды ауданымен анықталады.

Өндірістік және қоймалық мақсаттағы үй-жайлардан, ғимараттардан (құрылыстардан) барлық эвакуациялық шығатын жерлерде, сыртқы технологиялық қондырғыларда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Электр қондырғыларын құру қағидаларының» (31.05.2016 ж.берілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес олардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ аймақтар сыныптары туралы ақпарат орналастырылуы тиіс. 
Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлар санатын ғимарат немесе құрылыс соған сәйкес салынған жобаға жүгіне отырып, өздігінен анықтауға болады, олар ғимараттар/құрылыстар Жоспарларындағы жобаның технологиялық бөлігінде тиісті әріптік индекстермен көрсетілуі тиіс. Егер оны қандай да бір себептермен табу, мысалы, оны жалға берушіден алу мүмкіндігі және т. б. болмаған кезде үй-жайлардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатын Әдістеме бойынша анықтауға болады.

Сыртқы қондырғыларға арналған


Сыртқы қондырғыларға арналған санаттар кестеге сәйкес анықталады.
 

Сыртқы қондырғының санаты

Сыртқы қондырғыны өрт қауіптілігі бойынша қандай да бір санатқа жатқызудың өлшемшарттары

Ан (жоғары жарылыс-өрт қауіптілігі)

Қондырғы егер онда жанғыш газдар; ұшқындану температурасы 28 °С-тан аспайтын оңай тұтанатын сұйықтықтар;сумен, ауадағы оттекпен және (немесе) бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жануға қабілетті заттар және (немесе) материалдар бар болса (сақталса, қайта өңделсе, тасымалданса); көрсетілген заттардың мүмкін болатын жануы кезінде жеке тәуекел шамасы сыртқы қондырғыдан 30 м қашықтықта қысым толқындарының жылына 10-6  есе артық түзілуі жағдайында   Ан санатына жатады

Бн (жарылыс-өрт қауіптілігі)

Қондырғы егер онда жанғыш шаңдар және/немесе талшықтар; ұшқындану температурасы 28 °С-тан асатын оңай тұтанатын сұйықтықтар; жанғыш сұйықтықтар бар болса (сақталса, қайта өңделсе, тасымалданса); шаң және (немесе) бу-ауа қоспаларының мүмкін болатын жануы кезінде жеке тәуекел шамасы  сыртқы қондырғыдан 30 м қашықтықта қысым толқындарының жылына 10-6  есе артық түзілуі жағдайында   Бн санатына жатады

Вн (өрт қауіптілігі)

Қондырғы егер онда жанғыш және (немесе) жануы қиын сұйықтықтар; қатты жанғыш  және (немесе) жануы қиын заттар және (немесе)  материалдар (оның ішінде шаң және (немесе) талшықтар); сумен, ауадағы оттекпен және (немесе) бір-бірімен өзара әрекеттесуі кезінде жануға қабілетті заттар және (немесе) материалдар бар болса (сақталса, қайта өңделсе, тасымалданса); қондырғыны Ан және Бн санаттарына жатқызуға мүмкіндік беретін өлшемшарттар іске асырылмаса; көрсетілген заттардың және (немесе) материалдардың мүмкін болатын жануы кезінде жеке тәуекел шамасы сыртқы қондырғыдан 30 м қашықтықта жылына 10-6 есе артып кеткен жағдайда Вн санатына жатады

Гн (қалыпты өрт қауіптілігі)

Қондырғы егер онда оларды өңдеу процесі сәулелі жылудың, ұшқындар және (немесе) алаудың бөлінуімен қатар жүретін, ыстық, қатты ыстық және (немесе) балқыған күйдегі жанбайтын заттар және (немесе) материалдар, сондай-ақ өртелетін немесе отын ретінде кәдеге жаратылатын жанғыш газдар, сұйықтықтар және (немесе) қатты заттар бар болса (сақталса, қайта өңделсе, тасымалданса) Гн санатына жатады

Дн (өрттің төмен қауіптілігі)

Қондырғы егер онда негізінен суық күйіндегі жанбайтын заттар және (немесе) материалдар бар болса (сақталса, қайта өңделсе, тасымалданса) және ол жоғарыда санамаланған өлшемшарттар бойынша  Ан, Бн, Вн немесе Гн санаттарына жатпаса, Дн санатына жатады



Өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті аймақтардың сыныбын анықтау Қағидалардың талаптарына сәйкес анықталады.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Темекі шегуге арналған арнайы орынды қайда және қалай жабдықтау керек?
Rikov

Александр Рыков 

эксперт электронной системы "ACTUALIS: Кадровое дело", главный специалист по пожарной безопасности энергетической компании, ветеран противопожарной службы, полковник в отставке

Өрт зоналары қалай жіктеледі


Өрт қауіпті аймақтар мынадай сыныптарға бөлінеді:


1) П - I – ұшқындану температурасы 61 о С-тан жоғары жанғыш сұйықтықтар қолданылатын үй-жайларда орналасқан аймақтар;
2) П - II – ауа көлеміне қарай тұтанудың төменгі мөлшерлік шегі 65 г/м 3-тан жоғары жанғыш шаң немесе талшық бөлінетін үй-жайларда орналасқан аймақтар;
3) П - IIа – қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайларда орналасқан аймақтар;
4) П - III – ұшқындану температурасы 61 о С-тан жоғары жанғыш сұйықтықтар немесе қатты жанғыш заттар қолданылатын, үй-жайдан тыс орналасқан аймақтар.
Жарылыс қауіпті аймақтар мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) В - I – жұмыстың қалыпты режимдері кезінде ауамен жарылыс қауіпті қоспаларды сондай мөлшерде және сондай қасиеттерімен түзуі мүмкін, жанғыш газдар немесе оңай тұтанатын сұйықтықтардың булары бөлінетін үй-жайларда орналасқан аймақтар;
2) В - Ia – қалыпты пайдалану кезінде жанғыш газдардың (тұтанудың төменгі мөлшерлік шегіне қарамастан) немесе оңай тұтанатын сұйықтықтар буларының ауамен жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, тек авариялардың немесе ақаулықтардың нәтижесінде ғана болуы мүмкін үй-жайларда орналасқан аймақтар;
3) B - Iб – қалыпты пайдалану кезінде жанғыш газдардың немесе оңай тұтанатын сұйықтықтар буларының ауамен жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, тек авариялардың немесе ақаулықтардың нәтижесінде ғана болуы мүмкін және мынадай ерекшеліктерінің біреуімен ерекшеленетін үй-жайларда орналасқан аймақтар:

  •  бұл аймақтардағы жанғыш газдар тұтанудың жоғары төменгі мөлшерлік шегіне (15 % және одан көп) және шекті жол берілетін мөлшерлер кезінде өткір иіске ие болады;
  •  газ тәріздес сутекпен жұмыс істеуге байланысты өндірістік үй-жайлар, оларда технологиялық процестің талаптары бойынша үй-жайдың бос көлемінің 5 %-дан асатын көлемінде жарылыс қауіпті қоспаның түзілуі болмайды, үй-жайдың жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ болады.

Жарылыс қауіпті аймақ шартты түрде еден деңгейінен есептегенде, егер ондай бар болса, кран жолынан биік емес, үй-жайдың жалпы биіктігінің 0,75 белгісінен бастап қабылданады. Бұл ерекшелік қалыпты ортасы, табиғи қозуымен сорып шығару желдетуі бар электрмашиналық үй-жайды қамтамасыз ету жағдайы кезінде сутектік салқындатуымен турбогенераторлары бар электрмашиналық үй-жайларға қолданылмайды. Бұл аймаққа сондай-ақ, оларда жанғыш газдармен және оңай тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс ашық алауды қолданусыз жүргізілетін, жанушы газдар мен оңай тұтанатын сұйықтықтар үй-жайдың бос көлемінің 5 %-дан асатын көлемінде жарылыс қауіпті қоспа жасау үшін жеткіліксіз, болмашы мөлшерлерде болатын зертханалық және басқа үй-жайлардың аймақтары да жатады. Бұл аймақтар егер жанғыш газдармен және оңай тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс сорып шығару шкафтарында немесе сорып шығару шатыршаларының астында жүргізілсе, жарылыс қауіпті аймақтарға жатпайды.
4) В - Iг – сыртқы қондырғылардағы кеңістіктер: құрамында жанғыш газдар немесе оңай тұтанатын сұйықтықтары бар (сыртқы аммиактік компрессорлық қондырғыларды қоспағанда) технологиялық қондырғылар, оңай тұтанатын сұйықтықтары немесе жанғыш газдары бар жерүстілік және жерастылық сұйыққоймалар (газгольдерлер), оңай тұтанатын сұйықтықтарды ағызу мен құюға арналған эстакадалар, ашық мұнай ұстағыштар, жүзуші мұнай үлдірі бар тоған-жинақтағыштар.



Үй-жай санаты неге әсер етеді


Өрт және жарылыс қауіптілігі санатына мыналар байланысты болады:

  • үй-жайдың немесе ғимараттың немен – өрт дабылдамасымен немесе өрт сөндіру жүйесімен жабдықталатынына;
  • үй-жайдың қоршаушы құрылымдарында отқа төзімділіктің қандай шегі болуы тиіс екендігіне (отқа төзімділіктің талап етілетін шегімен өртке қарсы есіктердің бар болу қажеттігі);
  • адамдарды толықтай эвакуациялау үшін қажетті уақытқа;
  • эвакуация жолдарының бір-бірінен қашықтығы мен ұзындығына;
  • эвакуациялық шығатын жерлердің санына;
  • ғимараттар мен сыртқы қондырғылардың арасындағы өртке қарсы арақашықтықтардың шамасына.

Жаңа құрылыс кезінде үй-жайлардың өрт және жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша санатын есептеуді технологтар орындайды. Ғимарат пайдаланыла бастаған кезде жұмыс беруші өрт және жарылыс-өрт қауіптілігі санатын өздігінен анықтай алады немесе тиісті қызметтер көрсететін ұйымға жүгінеді.
 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 10, 2017  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты