Справочник кадровика

Өрт қауіпсіздігі талаптары

  • 4 декабря 2018
  • 1574
Өрт қауіпсіздігі талаптары

Егер белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде міндетті негізде құрылыс нормалары және ерікті негізде ережелер жинақтары, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады

Объектілерді пайдалану кезінде Техникалық регламенттің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы, Өрт қауіпсіздігі қағидаларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы және белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталуы тиіс.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Объектілердің өрт қауіпсіздігіне кім жауап береді

Объектіде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету меншік нысандарына қарамастан, объектілердің иелеріне, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - ұйым басшысы) жүктеледі. Ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдардың басшылары белгіленген тәртіпте жекелеген жұмыстардың учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптыларды тағайындауы қажет.

Әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерден басқа) ұйым басшысы сәйкес өрт қауіптілігіне сәйкес өртке қарсы режим белгіленетін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.

Түтінді кетіру және автоматты өрт сөндіру қондырғылармен байқау және сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану үшін жауапты ұйым (оның ішінде тұрғын үй-пайдалану) басшылары аталған жүйелерді дұрыс күйінде күтіп ұстауы тиіс.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Өртке қарсы нұсқаманың әрбір түрі үшін өз бағдарламасы мен тиісті нұсқаулықты дайындау қажет пе?
Өрт қауіпсіздігі талаптары

Абылкасым Аширов

независимый эксперт по вопросам охраны труда и трудовых отношений, г. Алматы

Өрттен қорғау жүйесіне қызмет көрсету

Ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының (өрт дабылының және өрт сөндірудің автоматты қондырғылары, түтінге қарсы қорғау жүйелері, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және басқа жерге эвакуациялау және қолмен өрт сөндіргіштерді басқару) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, басшының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін пайдалану, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алу, жөндеу, сақтау және дайындау, техникалық қызмет көрсетудің (қолмен өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау) және жоспарлы-сақтандыру жөндеуінің уақтылы және сапалы өткізілуіне жауапты адамды ұйым басшыларының қатарынан лауазымды адам тағайындалады.

Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарды пайдаланушы-ұйым осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандар болған кезде, өздері жүргізуі тиіс.

Арнайы оқытылған қызмет көрсетуші қызметкерлер болмаған жағдайда, өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша реттеу жұмыстарын дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасы және реттеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері ескеріліп жасалған жылдық жоспар-кестеге сәйкес, ұйымдармен келісім-шарт бойынша іске асыруы тиіс.

Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарының есебі, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және жағдайын тексерулер арнайы журналда көрсетілуі керек.

Кезекші персоналдың үй-жайларында, эвакуациялау жоспарларын және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды орналастыру орындарында өртке қарсы қызметтің телефон нөмірі көрсетілген кестелер ілінуі тиіс.

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) кез келген қабатта 10 немесе одан көп адам бір мезгілде болған жағдайда, ғимараттың әр қабатында, қабаттардан көшіріп шығаруларда және дәліздің ұзындығы бойынша 20 м артық болмайтын жерлерде адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің әрекет ету тәртібі болатын, өрт туындаған кезде адамдарды эвакуациялау жоспары әзірленуі және ілінуі тиіс.



Адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар (мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері балалар үйлері, ауруханалар) үшін әзірленген нұсқаулықтарда адамдардың өзіндік эвакуациялану, сондай-ақ өздігінен эвакуациялануға қабілетсіз адамдарды ұйымның қызметкерлер құрамының тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқаулары болуы тиіс.

Объектілер (мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері балалар үйлері, ауруханалар) басшылары:

1) орналасқан объектіден шығатын ауданда өрт сөндіру бөліміне өртке қарсы қызмет белгілеген уақытта күн сайын әр объектіде болатын адамдар саны туралы ақпаратты хабарлауы;
2) ғимаратты өртке қарсы қорғау жүйесінің барлық элементтерінің өрт кезіндегі жұмыс қабілеттілігін бір уақытта тексерумен, олардың әрекеттері бойынша қызметкерлер құрамын жаттықтыруды кемінде жарты жылда бір рет өткізуді қамтамасыз етуі.
Өрт кезінде ғимаратта болатын адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру үшін жеткілікті қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруы керек. Кезекші персоналда оған жүктелген функцияларға сәйкес ғимарат есіктерінің барлық құлыптарынан кілттер жиынтығы болуы қажет. Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персонал (күзет) үй-жайында сақталуы тиіс.

Әрбір кілтте оның қай құлыпқа тиісті екендігі жазылған жазу болуы керек.

Кезекшілер телефон орнатылған үй-жайларда орналасуға, түнде ғимаратта қалған ересектер мен балалардың нақты санын және олардың орналасуын білуі тиіс.

Ғимараттар мен құрылыстарда көпшілік қатысатын іс-шараларды (демалу кештері, дискотекалар, жаңа жылдық және басқа қойылымдар) өткізуге олардың өрт туындаған кезде, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

Тексеріс нәтижелері тексерістер журналына енгізілуі және іс-шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам немесе объект жетекшісі қол қоюы тиіс. Тексеріс журналының нысанын ұйым басшысы дербес айқындайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Өрт қауіпсіздігі талаптары
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Өрт қауіпсіздігі талаптары

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажеттігі

Адамдар тұруға арналған ғимараттарда, сондай-ақ адамдар көп болатын ғимараттарда (құрылыстарда) өрт кезінде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, кезекші персоналда жұмыс істейтін жағдайдағы электрлік фонарьлар болуы тиіс. Фонарьлар санын объектінің ерекшеліктеріне және кезекші қызметкерлер құрамының санына байланысты, бірақ әрбір кезекшіге кемінде 1 фонарьдан ұйым басшысы анықтайды.

Ауылдық жерлердің елді мекендерінде, адамдардың коммерциялық емес бау-бақшалық және саяжайлық бірлестіктерінің (серіктестіктер, тұтынушы кооперативтері, коммерциялық емес серіктестіктер) өртке қарсы қызмет бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар немесе азаматтардың жоғарыда аталған коммерциялық емес бірлестіктерінің басқармалары орналаспаған аймағында осы үшін арнайы қашықтатылған жерде немесе жеке тұрғын үйлерде (аула ішіндегі құрылыстар) өрт сөндіру мотопомпаларының ерікті өрт сөндіру құрамалары мүшелерінің өрт сөндіру кезінде пайдаланатын түтік құбырлар мен ұңғылардың, бастапқы өрт сөндіру құралдарының, механикаландырылмаған құрал-сайманның және өрт сөндіру керек-жарақтарының қажетті жиынтығын сатып алу және сақтау ұйымдастырылуы тиіс.

Өрт болған жерге түтік құбырлар мен ұңғылардың қажетті жиынтығы болатын өрт сөндіру мотопомпаларын жеткізуге жауапты тұлғалар тағайындалуға тиіс.

Аталған елді мекендер үй-жайлар (участкелер) санымен есептеліп, өрт сөндіру мотопомпаларымен қамтамасыз етілген болуы керек:

1) 300-ден артық емес - тасымалданатын бір өрт сөндіру мотопомпасы;
2) 300-ден бастап 1 мыңға дейінгі - тіркемелі бір өрт сөндіру мотопомпасы;
3) 1 мыңнан артық - екеуден кем болмайтын өрт сөндіру мотопомпасы.

Ауылдық елді мекендердің, бау-бақша серіктестіктерінің және саяжай кооперативтерінің аумақтарында және кәсіпорындарда ғимараттарда жергілікті атқарушы органдар және бау-бақша серіктестіктері және саяжай кооперативтері тиісінше, өрт туралы адамдарды хабарландыруға арналған дыбыстық сигнал беру құралдарын орнатуға, өрт сөндіру мақсаттары үшін су қоры сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру тәртібі белгіленуі тиіс.

Жаз мезгілдерінде ауылдық елді мекендер аумақтарында, азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерінде және кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдар, азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерінің басқармалары, кәсіпорын басшылары, тиісінше, өртке қарсы ерекше режимді белгілеп, өрттің туындау қауіптерін азайту бойынша қосымша шаралар қабылдап, өрт қауіпсіз жұмыстарды жүргізу, от жағу, автомотокөліктің орман алқаптарына шығуы бойынша шектеулер енгізуге, елді мекендер аумақтарындағы және онымен шектес жатқан орман (дала) алқаптарындағы тұрғындардың және бастапқы өрт сөндіру құралдары болатын ерікті өрт сөндіру құрамалары мүшелерінің күшімен шолу, сондай-ақ өрт сөндіру мақсаттары үшін бейімделген техниканы пайдалану мүмкіндігіне дайындық ұйымдастыруы тиіс.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Биік ғимараттардан адамдарды эвакуациялау

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа қойылатын талаптар

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар осы Техникалық регламент талаптары, өрт қауіпсіздігі ережелері, ғимарат, құрылыстардың өрт қауіптілігі айрықшалауларынан, технологиялық процестер, технологиялық және өндірістік жабдықтардан шығып өрт қауіпсіздігі талаптарынан тұратын нормативтік және техникалық құжаттар талаптары негізінде әзірленуі керек.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта мына мәселелерді қамту керек:

1) аумақтар, ғимараттар мен құрылыстарды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп ұстау тәртібі;

2) технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды эвакуациялау, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін зерттеу бойынша іс-шаралар;

3) жарылыс - өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау тәртібі мен нормалары;

4) темекі шегу, ашық от пайдалану және от жұмыстарын жүргізу орындары;

5) жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киімдерді ұстау және сақтау тәртібі;

6) олардан ауытқу өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін бақылау - өлшеу құралдарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер).

Өрт кезінде қызметкерлердің міндеттері мен іс-әрекеттері, оның ішінде:

1) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру жүйесі;
2) технологиялық жабдықты апаттық тоқтату тәртібі;
3) желдеткіш пен электр жабдықтарын ажырату тәртібі;
4) өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасы қондырғыларын қолдану ережесі;
5) адамдарды, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау тәртібі;
6) кәсіпорынның барлық құрылыстарын қарап шығу тәртібі мен жарылыс - өрт қауіпсіз қалыпқа келтіру.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Өрт қауіпсіздігі бойынша алдағы тексеруге қалай дайындалу керек?
Өрт қауіпсіздігі талаптары

Александр Рыков

эксперт электронной системы "ACTUALIS: Кадровое дело", главный специалист по пожарной безопасности энергетической компании, ветеран противопожарной службы, полковник в отставке

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться